Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 010500 бастауыш білім беру


ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет4/8
Дата25.11.2022
өлшемі58,42 Kb.
#52647
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-51715

3 ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемалырн күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты-барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қарастырылып, оқушылар ұйымы арқылы ықпал етуқазіргі кезеңнің өзекті мәселесі болып отыр.


Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында да негізгі орын алады. Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында : «Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі процесс. әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере келіп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесі -деп атап іске асыруға көмектесу» -деп атап көрсетіп, мектеп алдындағы бірі етіп қояды.
Оқушылардың жеке бас тұлғалық қасиетін оқушылар ұйымы арқылы тәрбиелеу адам дамуының негізгі қаланатын бастауыш сатыдан басталатын процесс.
Адам еңбекке тікелей араласа отырып, өз елінің байлығын молайтады, оның табандылығы мен қуатын, халықтың тіршілік қабілеті мен мәдениетін арттырады. Жеке бас дегеніміз өзі мүшесі болып саналатын қоғам өміріне өз еңбегімен белсенді түрде араласушы адам.
Жеке бастың анықтамасы жөнінде осы кезге дейін ғалымдардың пікір таласы бір жүйеге түспесе де, 1934 жылы К.Н. Корниловтың айтқан пікірін негізге алуға болады: «Жеке бас дегенде, біз нақтылы тірі адамды, яғни мәнін Маркс қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде айқындаған қоғамдық адамды және адамзат тарихының жасаушысын ұғамыз».
«Жеке бас » ұғымын талдау барысындаәр автор оның негізгі және мәнді қасиеттері ретінде әр түрлі белгілерін бөліп шығарып, оның әр қилы жақтарын нұсқайды. Ең алғаш әрекет жасаған Платон, жеке бастың үш негізгі компонентін бөліп шығарды: ақыл, сезім, ерік. Осының өзінде бұл негізгі компоненттердің әрқайсысында адамдар бір-бірінен ерекшеленетін көптеген реңктер мен қасиеттер бола тұра, кез келген жеке адамға тән ортақ бір нәрсе бар. Бұл жалпылылықты ұлы грек философы жеке адамның өмірі мен қызметіндегі өзі айқындаған жақтардың арақатынасын тапты. өз ойын Платон поэтикалық аллегориялық бейнеде білдірді.
Адам өмірін ол күйме арбамен салыстырады. Күйме арбаға екі асау ат жегілген: сезім /тілек, құштарлық/ пен ерік. Осы күштер алға жұлқынып, күймені тартады және оны аударып кетуі де ықтимал, бірақ, делбеде Ақыл отыр. Ол екі аттың ессіз қарқынын тежеп әрі жөнге салып, божыны қолында берік ұстайды. Әрине, Платонның бұл әдемі салыстыруы жеке бас табиғаты мен оның құрылысының ғылыми анықтамасын бере алмайды. өйткені біртұтас жеке бастың барлық жақтары, қасиеттері, көрінулер өзара байланыста ғой. Бұл байланыстар әр адамда әр қилы, әр түрлі, кейде қарама-қайшы және тұрақсыз келеді. Сондықтан оларды санап шығу жеткіліксіз. тек бала ғана емес, әредік ересек адам да өз қалауына сай әрекет етпейді. Ол Кейде рухани дүниесінің, көзқарастарының жан-жақты кеңдігімен көзге түссе де, өзіне ең жақын жандардың жетістіктеріне селқос қалады. өз жанұясына ол мейірімді әрі қамқор, ал өндірісте, өзімен қызметтес адамдарға қатыгез, тұрпайы. Ол педантшылдық дәрежесіне дейін ұқыпты және есепшіл, алайда ысырапшылдыққа дейін жомарт болуы да ықтимал. Жеке басты бір сызықты өлшемде қарауға болмайды. Ол жай ғана санап шығу арқылы қоса салатын жеке бастың сипаттамасы үшін адамнан тұрмайды. Оған қоса, жеке бастың сипаттамасы үшін адамға тән қайырымдылық, батылдық, жалқаулық, адалдық және басқа қасиеттердің бірі ғана мәнге ие емес. Біріншіден, әр қасиеттің көріну дәрежесі, екіншіден, оның жеке басының өзге қасиеттерімен үйлесуі маңызды.
Маңызды өндірістік мәселені шешуде табандылық пен қайсарлық құптарлық әрі жағымды бағаға лайықты. Ал өз бастығының орнына ие болуға ұмтылудағы дәл сондай табандылық жеке бастың жағымды қасиеті деп бағалана қояр ма екен.
Дос жолдастарымен тығыз қарым-қатынасқа ұмтылу бірге ішкілік ішу немесе басқа да қоғамға жат мінез-құлықтың өзге формаларымен шектелсе, онда мұндай «көпшілдік» жағымсыз сапаға айналады.
Қиял байлығы –аданың творчестволық қызметі үшін бағалы қасиет, алайда, егер адамның соны ойы практикалық іс-әрекетте жүзеге асыра білумен қасиеті болып шығады. Ол Гогольдың Маниловы тәрізді құрғақ қиялшыл болып қала береді.
Тап осы сияқты, айқын көрінген музыкаға қабілеттілік те, дәйекті табандылық пен еңбек сүйгіштік болмаса, дамымай қала бермек және т.б.
Жеке адамның сипаттамасы, әдетте адам өмірде өзінің кейбір олқы жақтарын неғұрлым болымды қасиеттерімен толықтыра алатындығына байланысты да күрделене түседі. Жеткіліксіз шапшаң зейінділік қайсарлықпен, табанды еңбекпен толықтырылады: жылдам ұмытушылық орнын адам өзінің ой еңбегін жақсы ұйымдастыруымен толтырады. Сонымен қатар оның да бір өзімшілдік мақсатты көздей отырып, өзінің пайдақорлық және атаққұмарлық тырысушылығын адам шұғыл және ынталы іс-әрекеті мен кез келген істі орындауға әзірлігі арқылы бүркемелемейді. Оған қоса адам барлық уақытта және бар жерде өзін бірдей ұстамайды. Оның көңіл күйі құбылып тұрады. Кейде ол өте көңілді, ал кей уақытта күйгелек, жабыңқы болады. өз достары арасында ол ашық-жарқын болса, семьяда қабағы қатыңқы, сөзгесараң болуы мүмкін және т.с.с.
Жеке бастың өзіндік ерекшелігі – оның динамикасында, оның қасиеттерінің бір адамды екнші жағынан ерекшелейтін қайталанбас ерекше үйлесімдері мен амал-әрекеттерінде. Оның нақ өзі қайда? Барлық жерде, себебі жеке бас үздіксіз динамикалық қозғалыста.
Бірақ бұл құбылмалылыққа тұрақты бір нәрсе бар. Негізгі қасиеті ретінде ерекшеленуге тиіс бір өзек, элементтер бар. Соңғы он жылда психология, социология мен философияда жеке басты ұғынудың және зерттеудің біртұтас амал-тәсілін ізденулер нақты айқындалды.
Барынша айқын әрі негізгі көзқарасты Б.Г. Ананьев ұстанды, ол адамның жеке басын танымның, еңбек пен қарым-қатынастың субъектісі ретінде қарайды. Бұл тәсілден жеке бастың аса маңызды жақтарын ұғынудың қоғамның адамға жүктейтін талаптарын білдіретін әлеуметтік «заказға» тікелей тәуелді екендігі байқалады. Ғалымдардың «жеке бас» ұғымының маңызды-маңызды белгілерін аша түсуге деген көзқарасында тайға таңба басқандай көрінетін талаптар мыналар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет