Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 010500 бастауыш білім беру



бет7/8
Дата25.11.2022
өлшемі58,42 Kb.
#52647
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-51715

3.3 Оқушы тұлғасының үлгісі


Қазіргі қазақ халқының рухани жағынан қайта түлеу кезеңінде ұлттық дәстүрді қастерлеу, ұлтына, еліне, мәдениетіне, шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелеу тәрбие жүйесінің барлық саласының өзегіне айналуы шарт. Оқушылардың азды-көпті көрген, үйренген, көңілге түйген әдет-ғұрыптары мен мінез құлық дағдыларын оқу жылдары ішінде жалғастырып, жаңа біліммен толықтыру мүмкіндіктері мол.


Зерттеу жұмыстарының материалдарына сүйене отырып, мектеп оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер арасында тақырып аясын анықтайтын арнайы сауалнама өткізілді. Сауалнамаға қатысқан респонденттердің пікірлерін қорыту нәтижесінде жеке тұлғаны қалыптастыру үлгісі мен тұжырымының жобасы жасалды.
Бала оқытып, тәрбиелеумен айналысатын барша педагог қауымының басты міндеті - әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлға қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін, біздің ойымызша, әр бір шәкірт төмендегідей психологиялық талаптарға ұмтылуы керек.
«Мен істеймін» деу арқылы өзінің көңілі ауған адамдарға ұқсауға тырысып, еліктену, яғни, өз ортасында жақсы қасиеттермен көрінуге тырысу, осылайша, жіберген қателіктер мен жетістіктеріне талдау жасау, атқаратын жұмысының тетігін табу.
«Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс-әрекетін бағалай білу, ізденсе, оқыса, өзі қойған мақсатына жете алатынына көзін жеткізу, өзіндік түйсігін ояту.
«Мен істей аламын» деу арқылы өз іс-әрекетіне сенімділікпен қарау, қоғам талабына бағыну керектігін сезіну, өзін және өзгені силау қажеттігін ұғыну. Алға қойған мақсатқа жету үшін өзін төзімділікке тәрбиелеу.
Ұсынылып отырған тұжырым үлгісін басшылыққа алған жағдайда, мұғалімнің басты педагогикалық міндеті орындалып, оқушылардың дарындылыққа еліктеу, жіберілген кемшіліктің себебін табу, қоғамдық тәртіпті силау жыне оған бағыну, жан жақты даму мақсатында талпыну және төзімді болу сияқты тұлғалық қасиеттері қалыптасады деп ойлаймыз.
Жоғарыдағы үлгіде көрсетілгендей, әр жеке тұлғаның «Мен» деген көзқарасын тәрбиелей отырып, «Біз» деген көпшілікпен қарым-қатынасын қалыптастыру – басты міндет. Ол үшін мұғалім мәселелік жағдайаттарда әртүрлі педагогикалық тәсіл қолданып, жеке тұлғаның дамуына тікелей әсер етуі керек.
Үлгіні жүзеге асырғанда бір мектептің өзінде әртүрлі педагогикалық тәсіл, көзқарас қалыптасады. Бұл – педагогикалық плюрализмді іске асырудың бір жолы. Бірақ ол үшін оқу-тәрбие үрдісіне қатысты мұғалім, оқушы, ата-аналардың ерікті ұйымы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет