Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 010500 бастауыш білім беру



бет1/8
Дата25.11.2022
өлшемі58,42 Kb.
#52647
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-51715


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
010500 – БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ

Курстық жұмыс
(жұмыстың аталуы)
«ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ»
(пән аты)
«Оқушы тұлғасы-тәрбиенің обьекті және субьекті. Тұтас педагогикалық процессте оқушы тұлғасының базалық мәдениетін қалыптастыру»
(жұмыс тақырыбы)



Орындаған:

Тексерген:

Студент : тобының студенті

___________ ___________________________


(Қолы) (студенттін аты – жөні)

Жетекші: __________________________
(жетекшінің аты-жөні)

___________ ______________________


(Қолы) (Күні)


________
(баға) (күні)




2016


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 3
1 ТҰЛҒА ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІ МЕН ТҮСІНІГІ 4
2 ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫ - ТӘРБИЕНІҢ СУБЪЕКТІСІ ЖӘНЕ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 7
3 ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕ ОҚУШЫ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 10
3.1 Жеке басты біртұтас бүтін тұрғысында ұғыну 12
3.2 Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру 13
3.3 Оқушы тұлғасының үлгісі 18
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21



КІРІСПЕ


Тәрбиелеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы ерекше мәнге ие. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселелері әртүрлі аспектіде қарастырылады. Ерте кездегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық сонымен қатар әлеуметтік факторлар да әсер ететіндігіне мән берген. Жеке тұлға мәселесі көптеген әр саладағы ғалымдардың зерттеулерінен орын алған.


Психология ғылымында “жеке тұлға” деген ұғымға әртүрлі түсініктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Сонымен тұлға дегеніміз, өзіндік сана қалыптастыру барысында қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.
Демек, жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, оның маңызды белгілері ретінде саналылық, жауапкершілік, еркіндік, қадір-қасиет т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид”, деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам, бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни, ол биологиялық мәнге ие болады. Ал, “индивид”- латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелік”. Бұл сөздің ұғым ретіндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерінің ескерілмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда әрбір адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бір тектес ғылыми категориялардың мәні де осында.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет