Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(40) шығарылым



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата09.03.2017
өлшемі2,92 Mb.
#8614
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Цены
 
 
№ 
 
Виды скота 
 
 
1904г. 
 
1906г. 
 
1908г. 
 
1910г. 
 
1911г. 
 
1914г. 





Верблюды 
Лошади 
Крупный 
рогатый скот 
Овца 
Коза 
42 руб. 
35 руб. 
18 руб. 
6 р. 60 к. 
3 руб. 
35 руб. 
45 руб. 
28 руб. 
5 р.60 к. 
3 р. 50 к. 
45 руб. 
40 руб. 
40 руб. 
10 руб. 
5 руб. 
55 руб. 
50 руб. 
40 руб. 
8 руб. 
8 руб. 
60 руб. 
25 руб. 
20 руб. 
6 руб. 
4 руб. 
95 руб. 
65 руб. 
45 руб. 
9 руб. 
9 руб. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
249 
ярмарке  всегда  продавался  хлеб  в  зерне  и  в  мучном  виде.  Так,  в 
1909  году  на  декабрьскую  ярмарку  было  привезено  около                      
3000  пудов  муки  и  продано  по  цене  от  1  руб.  35  коп.  до  1  руб.                   
70 коп., тогда как пшеница в количестве 2000 пудов продавалась от 
1  руб.  25  коп.  до  1  руб.  45  коп.  Торговля  мукой  прошла  успешно. 
Особый  успех  был в 1910 году  на декабрьскую  ярмарке, где  муки 
было  продано  8000  пудов  по  1руб.20коп.  и  выручено  9600  руб; 
пшеницы - 3000 пудов по 1руб.10коп. на сумму 3300 руб. и проса-
2500 пудов по 40 коп. на сумму 350 рублей. В последующие годы 
наблюдался  рост  цен  на  хлебные  продукты,  что  подтверждается 
показателями  1911  года,  когда  2000  пудов  муки  продавалось  по                    
2  рубля,  выручено  было  4000  рублей.  На  ярмарке  было  продано                    
300  пудов  пшеницы  по  1  руб.  85коп.  и  200  пудов  проса  по                   
1 рублю. Выручка первого составила 4000 руб. и второго - 200 руб. 
В основном хлебные продукты на ярмарку в г. Тургай привозились 
из  Кустанайского  уезда,  впоследствии  население  уезда  стало 
покупать хлеб у купцов из Атбасарского уезда [5, Л.168, 210, 287]. 
Тургайцы  занимались  не  только  покупкой  товаров,  но  и 
открытием  торговых  учреждений.  В  1912  году  только  в  городе 
действовали 52 лавки, а в уезде – 16. В г. Тургае было открыто одно 
трактирное заведение. 
В  основном  в  г.  Тургае  торговали  продуктами  животного 
происхождения  и  рыбой.  Различные  овощи,  если  и  бывали  в 
продаже, то цены на них постоянно были высокими. Так, например, 
пуд картофеля стоил 1 руб. Его в продаже было очень мало. Вилок 
капусты  оценивался  в  25  –  30  коп.  Десяток  яиц  стоил  40  коп.  и 
дороже, фунт коровьего масла – 40 коп., фунт хлеба пшеничного – 
4-5 коп., пуд пшеничной муки – от 1 руб. 40 коп. до 1 руб. 80 коп., 
фунт крупчатки – 2 руб. 40 коп., мяса – 6 коп. Несмотря на то, что 
город  был  маленьким,  а  потребности  очень  скромными  –  жизнь  в 
нем была очень дорогая [8]. 
Развитие  торговли  сопровождалось  обогащением  небольшой 
кучки  населения  и  обнищанием  огромной  массы  степного 
населения,  которая  уходила  в  город  или  на  рудники на заработки. 
Положение  же  самих  рабочих  также  было  очень  тяжелым. 
Разбросанные  по  мелким,  полукустарного  типа  предприятиям 
рабочие,  особенно  рабочие-казахи,  подвергались  эксплуатации.  За 
каторжный  труд  рабочим-казахам  платили  самую  низкую  плату  – 
от  10  до  35  коп.  в  день.  Особенно  тяжелым  было  положение 
рабочих в горнодобывающей промышленности. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
250 
Таким  образом,  начало  ХХ  века  в  экономической  жизни 
Тургайского  уезда  характеризовались  структурным  изменением 
скотоводства,  развитием  всех  форм  торговли,  прогрессивным 
развитием  горнодобывающей  промышленности  и  предприятий  по 
первичной переработке сельскохозяйственной продукции. 
 
Список использованной литературы: 
   1. Обзоры  Тургайской  области  за  1914  год.- Оренбург, 1915.  С.31. 
   2.  Общий    хозяйственный    очерк    Тургайского    уезда  //  Известия  
ИРГО- Оренбург, 1911. С.142. 
  3. Тургайские областные ведомости. 13.08.1911. 
  4. Тургайская газета. 27.07.1902. № 172. /4/. 
  5. ЦГА  РК  Ф.25,  Оп.1,  Д.1529,  Лл.5, 68, 99,   Л.178; 
Обзоры  тургайской  области  за  1911 год и  за  1914 год.- Оренбург, 
1912, 1915.  Ведомости. 
 6. Обзоры  Тургайской  области  за  1911  год.- Оренбург, 1912.  С.30. 
 7. Обзоры  Тургайской  области  за  1904 год.- Оренбург.  1905.  С; 
Тургайские  областные  ведомости.  11.08.1907.  №32 /2/. 
8. Корреспонденция  (Из г. Тургая). //  Тургайская газета. 01. 01. 1902. № 
1. /3/. 
*** 
 Мақалада жәрмеңке саудасы және оның арқасында Торғайдың сауда орталығына 
айналуы  сөз  болады.  Қаланың  және  жалпы  Торғай  уезінің  өлкенің  экономикалық 
орталығына айналуының ұтымды жақтарымен қатар келеңсіз көріністері де көрсетілген. 
*** 
 This article deals with the development of trade in Torgay region at the end of  the beginning 
of the XX century. 
The author pays the certainat-tention tu the development of guch a kind of trade as 
“yarmarkas”. Yarmarkas were held in Torgay town and were the basis of the social-economic 
development of that region. 
The features positive and negative type sof that kind of trade were reflected in this article. 
 
 
ӘОЖ 327:127(574) 
Базарова Б. 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
 
МЕМЛЕКЕТ ИМИДЖІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мемлекет  дамуы  дүниежүзілік  кеңістіктің  өзгеруімен  тығыз 
байланыста  болады.  Қазіргі  таңда  мемлекеттің  «тынысы»  үздіксіз 
халықаралық 
үрдістермен 
қолма-қол 
жүргендіктен, 
билік 
басындағылардың шешімдері оларды ескерумен жүзеге асырылады. 
Яғни,  жаһандық  халықаралық  саяси  және  экономикалық 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
251 
қатынастар  жағдайында,  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету, 
суверенитет  пен  территориалдық  тұтастығын  сақтау,  халықаралық 
аренада  экономикалық  және  саяси  позицияларын  нығайту,  тең 
құқылы  және  өзара  пайдалы  ынтамақтастықты  дамыту  міндеттері 
қазіргі  дүниежүзілік  қатынастардың  даму  ерекшелігіне  орай, 
экономикалық, 
саяси, 
әлеуметтік 
және 
т.б 
үрдістердің 
трансформациялануы  нәтижесінде  мемлекеттер  позициясына  әсер 
етуіне  байланысты  көңіл  бөлуді  қажетсінеді.  Инвестициялық 
сенімсіздіктің  пайда  болуы,  мемлекеттің  ішкі  және  сыртқы 
қарыздың  өсуі,  әлемде  алдыңғы  қатардан  қалуы,  жоғары 
даярланған  мамандардың  шетелден  шығуы,  ғылыми  зерттеулерді 
қажет ететін өндірістердің дағдарысы, сыртқы тәуелділіктің өсуі – 
бұның бәрі мемлекет ішіндегі жүйенің дағдарысы мен ұлттық даму 
моделінің  жүзеге  аспауынан  орын  алатын  үрдістер.  Осының  бәрі 
мемлекеттің  имиджіне  әсер  етіп,  ал  ол  өз  алдына  оның  ішкі  және 
сыртқы  дамуына  кері  әсерін  тигізеді  [1,331-332].  Осы  себептен 
мемлекет  имиджін  қалыптастырудың  маңызы  өте  зор.  Мемлекет 
имиджін  қалыптастыруда  ең  маңызды  рөлді  билік  органдары 
атқарады.  Қазақстан  Республикасында    бұл  процесте  аймақтық 
мемлекеттік  органдарынан  бастап,  Сыртқы  Істер  министрлігіне 
дейін  барлық  органдар  қатысады.  Себебі,  мемлекет  имиджін 
Елтаңба, мәдени ерекшеліктер, экономикалық даму, саясат жүргізу 
стилі,  тіпті  біздің  өмір  салтымыз  да  айқындайды.  Сондықтан, 
мемлекет  имиджі  -  ол  бір  ғана  орган  немесе  бөлім  жұмысының 
нәтижесі  емес,  тұтастай  мемлекеттің  «ағза»  ретінде  дамуының 
көрсеткіші.  
Мемлекет имиджі (бейнесі) –  бұл  әлем  құрылысының  жүйесі 
ретінде 
мемлекеттіліктің 
эволюциялық 
даму 
процесінде 
қалыптасқан  мемлекеттік  жүйенің  өзара  байланысқан  объективті 
көрсеткіштерінің 
(экономикалық, 
географиялық, 
ұлттық, 
демографиялық  және  т.б)  ұштасуы  мен  олардың  өзара  байланысу 
тиімділігі  әлеуметтік-экономикалық,  қоғамдық-саяси,  ұлттық-діни 
және басқа процестерді анықтайды делінсе, оның құрылымын мына 
элементтерге бөліп қарастырады [1,333]: 
-
 
демократия имиджі; 
-
 
билік имиджі; 
-
 
экономика имиджі; 
-
 
Қарулы Күштер имиджі; 
-
 
сыртқы саяси имидж; 
-
 
ақпараттық саясат имиджі. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
252 
Демократия имиджі деп мемлекеттегі демократия механизмдерінің 
жұмыс  істеу  принциптері  жөнінде  халықта  қалыптасқан  образды 
айтады.  Халықтың  мемлекет  таңдаған  даму  жолына  сенімсіздік 
білдіруі - мемлекет жөнінде ешбір түсінік қалыптаспағандықтан, не 
болмаса демократияға сенімсіздікпен қараған жағдайда туындайды. 
Ішкі  имидж  имидждің  бір  бөлігі  ретінде  маңызы  өте  зор.  Оны 
азаматтардың тұрғылықты елдің қатынасына да жатқызуға болады. 
Азаматтардың туған жеріне деген қатынасы тікелей елдің имиджін 
анықтайды.  Егер  азаматта  елдегі  насихаттап  жатқан  идеалдарға 
ешбір қызығушылығы болмаса, ол өз елінде белгілі бір әдет ретінде 
өмір  сүріп,  не  болмаса  белгілі  жағдай  себебінен  тұрады  да,  оның 
тарапынан ешқашанда қоғам үшін үлесін қосу ниеті байқалмайды. 
Екіншісі, билік имиджіне келетін болсақ, ол - халықтың билік 
құзыреттілігі жөнінде қалыптасатын бейне.  Бұнда халық пен билік 
арасында қатынастардың қалыптасуы мен билік өкілдерінің кейбір 
тұлғаларының  имиджін  қалай  бағалайтынын  анықтайды.  Биліктің 
имиджі оның беріп отырған уәделері мен жүзеге асыруымен тығыз 
байланыста  болады.  Егер  берілген  уәделерімен  қолма-қол  жүрсе 
имидж оң болады, ал қайшы келсе теріс нәтиже береді.   
Үшіншісі,  басты  аспектілерінің  бірі  ретінде  бұл  экономика 
саласындағы  жүргізілетін  саясат  жөнінде  халық  санасында 
қалыптасатын  имидж.  Халықтың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру 
үшін,  сонымен  қатар  мемлекеттің  дұрыс  функциялаудың  кепілі  - 
экономиканың  тұрақты  дамуы  болып  табылады.  Мысалы, 
Қазақстанда 90 жылдардағы  орын алған дағдарыс және жүргізілген 
экономикалық  саясат  нәтижесінде  дағдарыстан  шығуы  Президент 
пен  үкіметке  деген  сенімі  артып,  оның  дәлелі  ретінде  Елбасын 
президенттік сайлауда қайта таңдауы бола алады. 
Төртіншісі, мемлекеттің ішкі имиджінің тағы бір компоненті – 
халықтың  қауіпсіздік  мәселелеріне  қалыптасатын  пікірі.  Жоғары 
айтып  кеткен  экономикадан  басқа  қауіпсіздік  мәселелері  де  соңғы 
орында  емес.  Халықаралық  қатынастардың  акторы  ретінде 
мемлекет қорғануға қабілетті болуы керек. Бұл тек қана соғыс қаупі 
ғана  емес,  сонымен  қатар  жаңа  заманның  үрейлері  –  терроризм, 
наркотраффик сияқты  феномендер де  жатады. Осы  себептен елдің 
қарулы  потенциалы  жөнінде  имиджін  қалыптастыру  себебі 
туындайды.  1991  ж.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  Қазақстан 
арсеналында  1216  континентаралық  баллистикалық  ракета  мен  
стратегиялық  бомбардирлеуге  арналған  ядерлік  қордан  тұратын 
массалық  жою  қаруының  иесі  болды.  Қазақстанның  ядерлік 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
253 
қарудан бас тартуы алғашқы жылдары түрлі дискуссияларға әкеліп, 
сырттағы  жауға  үрей  туғызу  ретінде  сақтап  қалу  мәселері  де 
талқыланып жатты. Дегенмен, Қазақстан басшылары дұрыс шешім 
қабылдап,  егерде  қазір  мемлекеттің  «ядерлік  держава»  статусын 
қабылдаған  жағдайда  қандай  жауапкершілікті  тартатынымыз 
жөнінде елестету қиын [2,151].  
Бесіншісі,  мемлекеттің  жүзеге  асырып  отырған  сыртқы 
саясаты    имидждің  тағы  бір  компоненті.  Мемлекеттің  сыртқы 
стратегиясы  –  оның  негізгі  басымдылықтары  белгіленген 
бағыттары  деуге  болады.  Қазақстанның  сыртқы  стратегиясы 
көпвекторлы  тұжырымдамасына  сүйене  жүзеге  асырылып  отыр. 
Көпвекторлы  тұжырымдамасын  ҚР  Президенті  Н.Назарбаев 
«мемлекетіміздің  практикалық  қызығушылығын  тудыратын  және 
әлем  үрдістерінде  маңызды  рөл  атқаратын  мемлекеттермен  дос 
және  болжайтын  арақатынастың  дамуы»
18
  деп  түсіндіреді. 
Сонымен  қатар  елде  жыл  сайынғы  Президентіміз  Н.Назарбаевтың 
Президенттік  Жолдауында  сыртқы  саяси  байланысымыз  бен 
маңызды өзгерістер жария түрде халыққа жеткізіледі.  
Соңғысы,  бұл  БАҚ  –  маңызды  байланыс  арналар,  ол  арқылы 
негізгі  саяси  идеяларды  жүзеге  асыруға,  биліктің  бейнесін 
қалыптастыру, яғни ақпараттық саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік 
береді.  Қазақстан  Республикасы  ақпараттық  нарығында  бірқатар 
тұрақты  және  күші  бар  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  ақпараттық 
медиа-холдингтар 
қалыптасқан. 
Имидж 
қалыптастыруында 
маңызды  рөлін  БАҚ  атқарып  отырады.  БАҚ  арқылы  имиджге  оң 
немесе  теріс  баға  беріледі.  Дегенмен,  БАҚ-тың  өзі  имидж 
қалыптастырады,  осы  имиджге  қарап  халық  жариялап  жатқан 
мемлекеттік  оқиғаларға  сенімсіздік,  ия,  керісінше,  сенім  білдіреді. 
Қазақстанда  БАҚ  үлесі  21%  мемлекеттік,  79%  мемлекеттік  емес 
болып  бөлінді.  БАҚ-ң  электронды  саны  63  телекомпания,  40 
компания,  142  кабель  операторға  дейін  жетті.  Сонымен  қатар 
Қазақстанның  интернет-аудиториясы  Орталық  Азияның  ең  үлкен 
аудиториясы  600  мың  адам  құрайды  [2,137].  Осыған  қарап, 
Қазақстанда  БАҚ  нарығы  жоғары  дамыған  деуге  болады.  Батыс 
елдерінде  БАҚ-ты  төртінші  билік  деп  те  атайды.  Жариялылықтың 
арқасында халықта саяси үрдістермен қызығушылығы артып, ол өз 
алдына  саяси  сананың  дамуына,  ал  ол  саяси  өмірге  қатысуға 
даярлығын көрсетеді.  
                                                
18
 Назарбаев Н.А. Укреплять международные позиции Казахстана// www.president.kz 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
254 
Қорытындылай  келе,  мемлекет  бейнесі  –    сыртқы  әлеммен 
арақатынаста,  оның  субъектілерінің  әрекеттері  нәтижесінде  әлем 
қауымдастығында  қалыптасатын,  мемлекет  беделін  анықтайтын 
негіз  деген  шешімге  келсек,  осы  негізді  шынайы  имидж 
қалыптастыру арқасында қол жеткізуге болады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Галумов Э.А. Основы PR. М.: Летопись XXI, 2004. – 360 с. 
2.Казахстан сегодня:монграфия/ под общ.ред.Б.К.Султанова. – Алматы: 
КИСИ при Президенте РК, 2009. – 416с. 
 
 
*
*
*
*
*
*
 
 
 
 
В
В
 
 
с
с
т
т
а
а
т
т
ь
ь
е
е
 
 
р
р
а
а
с
с
с
с
м
м
а
а
т
т
р
р
и
и
в
в
а
а
е
е
т
т
с
с
я
я
 
 
ф
ф
е
е
н
н
о
о
м
м
е
е
н
н
 
 
п
п
о
о
л
л
и
и
т
т
и
и
ч
ч
е
е
с
с
к
к
о
о
г
г
о
о
 
 
и
и
м
м
и
и
д
д
ж
ж
а
а
 
 
с
с
т
т
р
р
а
а
н
н
ы
ы
 
 
и
и
 
 
е
е
г
г
о
о
 
 
о
о
с
с
н
н
о
о
в
в
н
н
ы
ы
е
е
 
 
э
э
л
л
е
е
м
м
е
е
н
н
т
т
ы
ы
.
.
 
 
*
*
*
*
*
*
 
 
 
 
 
 
I
I
n
n
 
 
t
t
h
h
i
i
s
s
 
 
a
a
r
r
t
t
i
i
c
c
l
l
e
e
 
 
a
a
r
r
e
e
 
 
d
d
i
i
s
s
c
c
l
l
o
o
s
s
e
e
d
d
 
 
p
p
h
h
e
e
n
n
o
o
m
m
e
e
n
n
o
o
n
n
 
 
o
o
f
f
 
 
p
p
o
o
l
l
i
i
t
t
i
i
c
c
a
a
l
l
 
 
i
i
m
m
a
a
g
g
e
e
 
 
a
a
n
n
d
d
 
 
i
i
t
t
'
'
s
s
 
 
c
c
o
o
n
n
s
s
t
t
i
i
t
t
u
u
e
e
n
n
t
t
 
 
p
p
a
a
r
r
t
t
s
s
.
.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
255 
Ф
Ф
И
И
Л
Л
О
О
Л
Л
О
О
Г
Г
И
И
Я
Я
 
 
 
 
 
ӘОЖ  821.512.122. 
 
 
 
 
 
Мұхамбетқалиева Р.Қ
ф.ғ.к., доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ. 
 
ЕЛДЕСТІРГЕН ЕЛШІНІҢ ЖАУЛАРЫН ҚИСЫНМЕН 
АЛУЫНЫҢ ӘДЕБИЕТТЕГІ  КӨРІНІСІ 
            
 «...Рухы төмен ел мен қабілетсіз адам ғана басына іс түскенде 
қаруға  бірінші  болып  жармасады...»[1]  -  деп  М.Т.Цицерон 
айтқандай,  белгілі  бір  мемлекеттің  немесе  жекелеген  тұлғалардың 
солқылдақтығы  мен  әлсіздігінен  толассыз  қырғын  соғыстарға  жол 
беріліп  келгендігі  жалпыадамзаттық  тарихтан  белгілі  және  осы 
орайда  талай  қоғамдық  шиеленістерді  құдіретті  сөздің күшімен-ақ 
шешудің  барша  амал-тәсілін  меңгерген  ойшылдың  бұл  пікірінің 
жаны бар. 
Адамзат  баласының  болмыс-бітімінде  алпауыт  күштердің  қай-
қайсысынан  да  басым  тұратын  тегеурінді  қасиеттерінің 
болатындығы  және  сол  мүмкіндіктерді  мейлінше  пайдалана 
білмеуден  көптеген  ұлыстар  мен  қоғамдық  қатынастардың  жер 
бетіндегі тіршілік ету құқынан айырылып отырғандығы да рас. 
Қайсыбір  ұстанымы  жоқ  жеке  адамдардың  түсінісуден  гөрі 
төбелеске бейім тұратыны секілді, белгілі бір қоғам да ел ішіндегі 
ушыға 
бастаған 
келеңсіздіктен 
гөрі 
оның 
дақпыртты 
қорқынышынан-ақ  азып-тозып  бітеді,  яғни  мемлекеттің  өзін-өзі 
қатайтатын потенциалдарын дер шағында іске қоса алмай жатады.  
Әрине,  халық  бар  жерде  рухани-материалдық  жетістіктердің  де, 
ойласуға иек артар саналық өсіп-жетілу үлгілерінің де, әр халықтың 
ғасырлардан  келе  жатқан  бейбітшілік  пен  бірлікті  сақтауының  да 
өзіндік  төл  дәстүрлерінің  баршылығы  ескерусіз  қалады.  Себебі, 
қазіргі  өркениет  заманында  елдің  немесе  жекелеген  адамдардың 
қиын  жағдайлардан  өз  бойындағы  ерекше  қасиеттерімен  шыға 
білген  үлгілеріне  арнайы  мән  беріліп,  кейінгі  ұрпаққа  тереңнен 
жеткізіле  бермейді,  өзін-өзі  қорғай  білудің  қадір-қасиеттері  адам 
үшін  ең  қажетті  мінез-құлық  ретінде  қалыптастырылып,  оған 
психологиялық  салмақ  түсірілмей  жатады.  Сондықтан  ел  тарихы 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
256 
мен  даналығынан  мақұрым  қалған  жеке  адам  мен    қоғамдық 
ортаның  әлсіз  ұйымдастырылған  құрылымы  сырттан  келген 
жаудың  қандай  әрекетіне  де  төтеп  бере  алмай,  қиянаттың  қай 
түріне  де  өз  еріктерімен  кең  жол  ашады,  тіршілік  көзінің 
динамикасын жасанды түрде жансыздандырады. 
Қоғамдағы қауқарсыз, жұтаң мінезділердің, қорқақтар мен қай 
істе  де  нейтралитеттік  бағытты  ұстанатын  жәдігөйлердің  көбеюі – 
жалпы адамзаттың немесе өз ұлтының тарихындағы өзін де, өзгені 
де, одан қалды қалың елін де ешбір қарусыз-ақ қадір-қасиеттерімен 
қорғай  білген  бірегей  жандардың  жарқын  үлгілерін  бойға 
сіңірмеуінен деуге болады. Адамзат кей  уақытта білгіштіктен емес, 
білместіктен,  көзсіз  батырлықтан  емес,  қорқақтықтан  да  түрлі 
асығыс  әрекеттерге  өзі  бірінші  болып  барып  жағдайсыздыққа 
ұшырап,  шарасыздығынан  құйтырқылық  пен  қарудың  ырқына 
көнеді.  Қорқақтықтың  түбіндегі  бұйыққан  сенімсіздіктің  кесірінен 
туындаған алмағайып жайлар туралы өз ұлтымыздың әдебиеті мен 
тарихында  бір  емес,  сан  мәрте  ескертіліп,  тіпті  бұл  мәселе 
халықтың ауызекі тарихнамалары мен халық шығармашылығының 
көптеген  жанрларында  арнайы  көрініс  тауып  отырды.  Мысалы 
қазақтың  өз  басында  болмаса  да,  қарсылас  жауының  ішкі 
қорқынышын  жасыра  алмай,  батырлығы  өз  жайында  қалып,  қазақ 
батыры Қарадөңге Қарамеңденің бір емес, үш рет кезексіз оқ атуы - 
бұл  жалпы  батырлыққа  нұсқан  келетін  өлімнен  де  жазасы  ауыр 
күнә. Қалмақ ханы жасының үлкендігін алға салып, кезекті бірінші 
болып алысымен: 
  Сонда қалмақ оқталды, 
  Қорамсаққа қол салды, 
  Қозы жауырын қу жебе, 
  Суырып оны қолға алды. 
  Садағын керіп тағы алды, 
  Сонда қалмақ оқ атты, 
  Бір атқанда үш атты, 
Үш  оқты  бірден  босатты...  –  және  онысымен  қоймай,  қазақ 
батырының кезегін тағы да бермей жалма-жан: 
  Қарамеңдей қалмағың, 
  Жанына енді қол салды. 
  Суырып алды қылышын, 
  Қарадөңдей баланың, 
Тарылтуға  тынысын...[2]  –  деп  суреттелетін  жерінен 
«Қырымның қырық батырының» бірі – жас Қарадөңнің қарсыласы 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
257 
Қарамеңденің  іс-әрекеті  батырлықтан  гөрі  жан  үшін  жанталасу 
кейпінде қалып, жалпы батырлық ұғымға көлеңке түсіруден әрі аса 
алмай  қалады.  Қалмақ  болса  да    жасы  үлкен  ағаның  дәрменсіз 
қарбаласы жағымсыз әсер тудырады. Ал қалмақтың қай әлегінің де 
ақырын  күте  білген  Қарадөңнің  қоршап  тұрған  сансыз  қалмаққа 
татитын  қайрат-күші  батырлықтың  барлық  дәстүрімен  салтанат 
құратын жерінде: 
  Көптігіне сүйеніп, 
  Қалмақ сонда жапырды. 
  Ақ семсерін қолға алып, 
  Қарадөң батыр ақырды... 
  Қарсы келген қалмақты, 
  Қақ маңдайдан шабады. 
  Қарадөңдей батырдың, 
  Қабағынан қар жауды, 
  Екі көзден от жанды... 
  Батыр туған Қарадөң, 
Ақ семсері жарқылдап, 
  Қара тұлпар үстінде, 
  Найзағай мен бұлттай, 
  Ортада жүріп ойнайды. 
  Сонда қалмақ қашады, 
Қайтерін білмей сасады... – деген жолдардан намысын ерлікпен 
қорғаған  батырдың  бейнесі  кім-кімнің  де  ұлттық  мақтанышын 
оятады. 
Ауызекі  тарихнамадағы    батырлар  жырында  көрініс  тапқан 
халықтың  бір  мысалында:  ауылын  қорғайтын  батыры  жоқ  кезде 
қорғанышсыз  қалған  бейбіт  елді    шауып  кетіп  батырсынған 
қалмақтың  ханы    Тайшықтан  кек  алуға  келе  жатқан  Алпамысты 
қалмақ ханы түсінде көріп-ақ жүрегі жарыла жаздап: 
-
 
Ауызына қарасам, 
Сұлуды таңдап сүйгендей. 
Келбетіне қарасам, 
Қамқапты зерлеп кигендей. 
Қабағы қалың сол бала... 
Атқа мінген бола ма? 
Алдына шығып сол ердің, 
Жылқысын берсем бола ма? 
Қызымды берсем бола ма?...[3] – деп жаны ышқынады.   

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
258 
Алпамыс жас та болса мүдделі батыр болған соң, жан дүниесін 
елінің  намысы өртеп, Тайшықтың ордасын талқандауға бет алады. 
Іс-әрекетінің  салмағы  жоқ,  ішкі  тіні  әлсіз  Тайшықтың  қорғаншақ 
мінез-құлқы төнгелі тұрған қауіпті сезіп құты қашады. Ел басшысы 
бола  тұра  есіктен  төрге  жүгіріп,  болатын  жамандықтың  бетін 
мезгілінен  бұрын  шақырып,  ел-жұртын  әуре-сарсаңға  салады.  Бұл 
да  басшы  болатын  адамдардың  бойына  жат  қылық  болып 
саналғандықтан,  халық  бұл  детальдарды  да  жырға  бекерге 
қоспаған.  Әдетте  тек  жақсылықтан  ғана  емес,  адамзаттың 
жамандықтан  да  үлгі  алып,  кім-кімнің  де  шарасыздықты  бойына 
жуытпау  керектігін  осындай  көріністер  арқылы  там-тұмдап 
жеткізіп отырған. 
Қазақтың  ел  қорғау  тәжірибесінде  қанды  шайқастардың 
алдында  саналық  тайталасы  бірінші  жүрген.  Соғыс  өнерінің  қай 
түрін де жетік меңгерген дала қырандары үшін әр бұта жау болып 
келсе  де,  жауына  да  адам  ретінде  дес  беретін  ел  болғандықтан, 
әрдайым  қарсыластарымен  де  адамша  мәмлеге  келуді  мақсат 
тұтқан. Жау ортасына жалғыз түскен боздақтары да именшектемей, 
«батыр  -  бір  оқтық»  деген  қағиданы  ұстанып,  тал  бойындағы 
қорғаныс  қабілетінің  барлық  түрін  барынша  пайдалана  білген.  Ол 
үшін  жүйрік  ойын  да,  сұқсұр  тілін  де,  өнерін  де  аямай,  қас 
жауларын  тіксінтіп,  тіпті  сүйсінтіп  те,  төскейде  малын,  төсекте 
басын қостырып, елге аман оралып отырған. Оның жарқын мысалы 
халық ауыз әдебиетінде ас та төк. Қазыбектің ұлан кезіндегі қалмақ 
қоршауында  қалған  өзі  құрпылас  жас  өрімдерді  тегеурінді  сөзінің 
күшімен арашалап алып, елге табыстағаны қисын емес, шындық. 
Ал Қырым батырларының бірегейлері – Қарасай мен Қазидың 
қалмақтың  ханы  Батырханға  бірінші  болып  кімнің  аттанатынын 
ойласатын жерінде, бұл жорыққа ағасы Қарасай емес, інісі Қазидың 
барғанын дұрыс көріп, анасы екеуінің жауға айтпақ болған сөздерін 
сынауы  арқылы  шешімін  айтады.  Батырлардың  батырлық  қарымы 
алдыңғы  буын  аға  батырлардың  инициациясынан  өткізілсе, 
батырлықка құлшынтқан болмысындағы саналық деңгейі мен ішкі 
дүниетанымын  бағамдаудың  да  мәнінің  зор  болғандығы  ерекше 
байқалады.  Қазақтың:  «Батырлық  білекте  емес,  жүректе...»  - 
дейтініндей, жауға барар батырдың өзінен бұрын жан-дүниесіндегі 
елжандылық сезімінің де шама-шарқы сыналатыны ғажап. 
Қос  батырдың  анасының  ұйғарымы  бойынша  інісі  Қази 
қалмаққа  бірінші  аттанып,  артында  ағасы  бардай,  оның  да 
жапырылған  қалың  әскермен  артында  келе  жатқанындай  етіп 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
259 
сөйлегені  жау  жағын  шынымен  ойлантып  тастайды.  «Әуелі 
мынадай батыр інісін қаймықпай жіберсе, өзі одан да зор болғаны 
ғой» деген ұғым тудыру арқылы жауының пысын басатын далалық 
дипломатияның  ерекше  көрінісін    жасайды.  Арттағы  ел  ішінде 
жетістіріп айтатын жетелілер де, сақалын сыйлата алатын абыздар 
да, орда бұзар отыздар мен қылшылдаған қырықтардың да артылып 
жығылатынына қарамастан, қозы жасындағы Қазиды жіберулерінің 
мәнін жау ортасына жалғыз түскендегі Казидың айтқан сөздерінен-
ақ  байқауға  болады.  Өзінің  нендей  мақсатпен  келгендігін 
бастырмалататын жерінде : 
  Білейін деп шамаңды, 
  Алайын деп еліңді, 
  Сындырам деп беліңді, 
  Оярмын деп екі көзіңді, 
  Ағамның айтқанын етпесем, 
  Өлтіреді  өзімді...[4]  –  деп,  жау  алдында  өзі  де  батыр 
бейнесімен  танылып  қалса  да,  елінің  ең  күштілері  артында 
қалғандай  етіп,  сол  жерде  қалмақтың  есін  алып,  қаратүнек 
жасайды. Осыған қарап, қыпшақтар найзаның, сөздің  күшімен ғана 
емес,  ақылмен  жасалынатын  дипломатиялық,  одан  қалды 
шындыққа  жанаспай  жататын  тұстарда  қисынмен  алып, 
стратегиялық  жетістіктерге  түрлі  амал-шарғылармен  де  жетіп 
отырғандығын  көрсетеді.  Онысы:  қарсы  беттегі  жауын  жай  алдай 
салу  үшін  емес,  жаудың  бетін  үлкен  қырғындардан  аулақтатып, 
бүгінгіше айтқанда, психологиялық құрықтауға алып, екі жақтың да 
адам  факторын қорғауға барын салған. 
Ал  ХVІІІ  ғасырдың  1797  жылдары  тағдыры  ат  басындай 
алтынға  тігіліп,  Қаратай    бастаған  сұлтандардың  қудалауымен  ел-
жұрттан айырылып, Хиуаға көшіп бара жатқан Сырым бабамыздың 
қолына түскен ІІ Екатеринаның хатына жазған жауабы - нағыз елім 
деп  еңіреген  адал  жанның  ісіне  лайық.  ІІ  Екатеринаның  хаттағы 
сұранысы  қаншалықты  құйтырқы  болса,  оған  берген  Сырым 
батырдың  жауабы  одан  да  асып  түседі.  ІІ  Екатеринаның 
жандайшаптары  арқылы  қазақтарға  үсті-үстіне  жіберген  хатының 
талабы: Әмудария өзенін сатуды сұрайды. Өз қазағының тынымсыз 
қудалауымен  үзеңгілестерінен  айырылып,  туған  жерінен  еріксіз 
кетіп  бара жатқан Сырым ІІ Екатеринаның талабын артында қалып 
бара  жатқан  қорғансыз  халқына  төнгелі  тұрған  зұлматқа  балап, 
жалма-жан  оған  өз  қолымен:  «...  Әмуді  сатсақ  сатамыз,  қауғасын 
жарты  тиыннан  келіп  ала  бер,  ал  егер  қоқаңдауыңды  қоймасаң, 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
260 
айтпады  деме,  қатын  патша,  Москваңды  басып  алам!»  [5]  –  деп, 
жауап жазады. Дәл сол мезетте Сырымның Москваны басып алмақ 
түгілі  соңына  шиырлап  түсіп  алған  сұлтандардан  көрген  азабы 
шыдатпай  жүрген-ді.  Кейде  ел  жағдайы  үшін  еріксіз  айтылатын 
жалған  сөздің  де  саясатта  өзіндік  шешуші  рөлі  болғандығын 
байқаймыз. Сырым сұңғылалықпен ІІ Екатеринаның ішкі ойын өте 
жақсы  түсініп,  оның  Әмударияның  қауғалап  алатын  суын  емес, 
қазақ  жерін  көктей  өтіп,  Сыр  бойына  дейінгі  аймақты  түгелдей 
меншіктеуге  бет  алған  жымысқы  жоспарын  сезеді  де,  Хиуаға 
сапарының  алдында  бұрыннан  торғауыттар  мен  оймауыттардан 
босап  қалған  жерлерді  жедел  қазақ руларына  қалауларынша  бөліп 
береді.  Сырым  халыққа  жердің  жақсы-жаманының  болмайтынын 
жете  түсіндіріп,  рулық  ұжымын  ұйыстырып,  батыс  өлкесінің 
қазақы  географиясын  өз  қолымен  жасап  кетеді.  Кейіннен  ІІ 
Екатерина да қазаққа қарай хат боратуын тоқтатады, себебі Сырым 
секілді  қазақ  арасына  беделді  адамның  сөзі  оны  шынымен 
сескендіреді,  ішінәра  болып  жататын  елдің  өз  ішіндегі  ұсақ  бас 
көтерулерден  басқа  көршілестер  тарапынан  Махамбетке  дейінгі 
елге азын-шоғын дамыл беріледі.  
Жалпы  ру-тайпалардың  қазақтағы  ұғымы  өзара  жер-жерге 
бөлінісіп  жүрген  тобырлар  секілді  болып  көрінгенімен,  рулардың 
белгілі  бір  аймақтарды  қоныс  етуі  –  қазақ  елінің  шекараларын 
тұрақтандыруда  да  үлкен  маңызы  болған.  Тарыдай  шашылған 
рулардың немесе үш жүзге бөлінген қаймана халықтың орналасқан 
аймақтарының 
ғасырлар 
бойы 
сақталуының 
да 
өзіндік 
таптырмайтын  заңдылығы  бар.  Қағаз  бетіне  түсіріліп,  мөрі 
басылмаса да, әрбір ру-тайпаның бүгінгі күнге дейін тіршілік құрып 
отырған  мекендері  –  сол  данышпан  ата-бабамыздың  ру-ру  болып 
бөлінгісі келгенінен  емес, өрісін кеңейтіп, саны аз болса да халқын 
жылы  аймақтарға  ұйлықтыра  бермей,  ауқымына  төрт  климаттың 
шеңбері  бір  мезгілде  айналып  жататын  далиған  далаға  тарыдай 
шашып  орналастыруынан  кең  байтақ  елдің  заңды  атамекені 
ұжымдасқан. Себебі, қай халықтың да пайда болған күнін, топ етіп 
жерге түскен мекенін ешкім әу бастан кесіп-пішіп бермегендігінен, 
ата-бабамыз соңынан еретін ұрпағы үшін жер бетінен ұшы-қиырсыз 
аймақтарды молынан қарпып, жерді де, елді де қорғаудан басқа бұл 
дүниесінде  көрген  рахаты  болмаған.  Сондықтан  бүгінгі  руға 
бөлініп бүлінгендердің де, жүзге бөлініп жүзі күйгендердің де дәл 
осыған қатысты дала заңдылығы мен ата-бабамыздың ешбір жерде 
жазып  қалдырмаған  географиялық  қағидасының  мән-мағынасын 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
261 
дұрыс түсінуі ләзім. Себебі ру, тайпа, жүз категориялары бүгінгінің 
генеологиялық  талас-тартыстары  үшін  емес,  саяси  мәні  құпия 
сақталатын,  тарихи  кеңістіктерді  кеңейткен  сайын  басы  біріге 
түсетін  ұлттық  бірліктің    құндылығы  болып  қалуы  керек.  Осы 
мәселеде  де  аға  ұрпақтың  көптеген  ұлыстарды  орап  өтіп, 
тапқырлылық  танытқаны  данышпандығы  емес  пе?.  Ру-тайпаға 
бөлшектеп  ажыратқаны  емес,  ханнан  да  бұрын  өзін-өзі  басқаруды 
халықтың өз қолына арнайы табыстағаны емес  пе? Өзін туған елде 
енді ұрпақтарын өрбітіп отырған әрбір рудың ертеңгі күніне деген 
сенімін  ұялатып,  тайлы-тұяғымен  жер  бетінде  өмір  сүру  құқын 
сақтаудың  да  тізгінін  өзіне  ұстатып,  бұл  фәнидегі  баға  жетпес 
құндылықтың  қойын-қонышындағы  бар  ырзығын  да  қалауынша 
үйіп-төгіп берді емес  пе? Сондықтан да болар бұдан он бес ғасыр 
бұрынғы  қазақтың  да,  биыл  ғана  шыр  еткен  шақалақтың  да 
іңгәлағаны дәл осы мекеннен шығып, әлемге жар сап  жатқаны?.  
Аға  ұрпақтың  қай  ісінің  де  талғамы  биік,  артық-кемі  жоқ 
қорғасындай салмақты болатыны да, кеше айтқан сөзінен жаңылып, 
бір күндері қайта түзетіп жатпайтыны да – толғанып сөйлеп, талғап 
өмір сүруінің нәтижесі секілді. 
Әсіресе  ел  намысын  қорғаудағы  ерекше  қабілеттері  өзінің  тал 
бойынан  өндіріліп,  өз  ақылы  өзіне жетіп жататын бабалардың  бұл 
үлгілері  сүйектерімен  бірге  кеткен  жоқ,  әр  қоғамдық 
қатынастардың тұсында қайта жаңғырығып, кәдеге жарап отырды. 
Мысалы,  ХVІ  ғасырда  жүзге  дейін  ғұмыр  кешкен  Шалкиіз 
жыраудың юморға толы «Ер Шобан» жырындағы Шобан батырдың 
Кабардыдағы  Биғазы  деген  ауқаттының  екі  жүзден  астам 
жылқысын елге айдап бара жатқан жерінен Биғазының құныкерлері 
қуып  жеткенде,  қазақтардың  оңайлықпен  малды  қайтармайтынын 
білсе  де,  қуып  келіп  тұрып    кері  бұрылып  жүре  беруге  өзі  де 
намыстанып,  Шобан  батырдан  қасындағы  тұрған  адамдардың 
ішінде кімдер бар екендігін жай сұрай салады. Сонда Шобан батыр 
да  іркілместен  жан-жағын  күдірейте  сөйлеп,  ауылдың  жай 
барымташы 
сойқандарын 
батырларша 
бейнелеп, 
далыйта 
таныстырады.  Олардың  кім  екендерін  жыға  танымайтын 
кабардынның есін шығарып,  «толайым хас батырлардың ортасына 
өз  аяғыңмен  келіп  тұрғаның  қалай»  дегендей  басымшылық 
көрсетеді. 
   Ат  ұрлау  түгілі  елдің  ой-қырын  күзетуден  босамай  жүрген: 
Жұмай, Мәмбет, Сұлтан, Қоян, Жылым, Қолай, Жақсымбет, Жақан 
сынды  батырлардың  есімдері  өздері  сол  жерде  болмаса  да  бардай 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
262 
етіліп,  бірінен  соң  бірі  аталып  жатады,  ал  барымташы  қу  жігіттер 
еш сыр білдірмей, есімдері аталып жатқан батырлардың қалыбына 
түсе  қалып,  маңғаздылық  танытады,  «...мұншама  көп  батырға 
қылар  амалымыз  болмас»  -  дегендей,  Биғазы  шарасыздан 
Кабардысына  кері  аттанып  кетеді.  Қазақтың:  «Ер  болсаң  бопсаға 
шыда»  дегені  осындайдан  айтылса  керек.  Күнде  алма-кезек 
барымталанып  жататын  келеңсіздеу  дәстүрдің  ушыққалы  тұрған 
жағдайынан  Шобан  батырдың  ойнақы  әдісі  шығынсыз  құтқарып 
қалады.  Қазақтардың  осындай  бір  қысылған  сәттерде  оқыстан 
қисынын  тауып,  иландыра  білетін  қабілетін  А.Янушкевич, 
А.И.Левшин, Я.П.Гавердовский, Е.И.Ерофеева секілді зерттеушілер 
өз еңбектерінде [6] ескеріп отырған.  
Ал 1740 жылдары жиырма шақты адамымен шолғынға шыққан 
небәрі  жылқы  жасынан  жаңа  асқан  жас  Абылайды  Қалдан  Серен 
қапыда  тұтқындайды.  Қалдан  Серенді  тарихта  осал  жау  етіп 
көрсетпейді,  бірақ  оның  өзі  тақілеттес  ел  басшыларына  жай 
жауынгердей  қарамайтыны  және  қазақ  хандарының  саясаттағы 
біліктілігіне  қарай  санасып  та  сыйласып  та  отырғандығы  көп 
жағдайда  ашық  айтыла  да  бермейді.  Сол  кездің  өзінде  де  жалпы 
халықаралық  тәртіп  бойынша  ел  басқарушылардың  тұтқынға 
түскендегі  жазасы  басқаша  болған.  Өлімнен  қорқуды  білмейтін, 
арыстандай  айбатты  жас  Абылайдың  ішкі  салмағын  байқағысы 
келіп, Қалдан Серен құйтырқы сұрақтар береді. Өзін бірінші айтар 
ма екен деп жер бетіндегі ең тегеурінді ел басшысының кім екенін 
сұрағанында,  Абылай:  «...  дүниедегі  ең  құдіретті  әмірші  –  түрік 
қондыгері,  одан  соң  орыстың  ақ  патшасы,  солардан  кейін 
екеуміз...» – деп жауап береді. Сонда Қалдан Серен басын шайқап 
рахаттана  күліп  алады  да,  шіміркеніп  қорқуды  немесе  жалтақты 
білмейтін жас қазаққа таңдана қарайды. 
Абылай  өзінің  батылдығынан  ұтпаса  ешқашан  ұтылмаған 
саясаткер  болатын,  жас  болса  да  Қалдан  Сереннің    басшы  болуға 
лайықты  ерекшелігін  ол  да  жасырып  қалмай:  «  Кіші  халыққа  бас 
болып  отырсың,  үлкен  халыққа  лайық  басшысың...»  -  дегенінде, 
Қалдан  Серен  де:  «...Осыдан  жүз  жыл  бұрын  туғаныңда  жарты 
әлемді билейтін патша болатын екенсің...»[7]  - деп Абылайға шын 
бағасын  береді  және  сол  жолы  қазақ  пен  қалмақ  арасы  бітімге 
келеді де, екі ел арасында тоғыз жылдай тыныштық орнайды.  
Әдебиеттегі  тарихи  тұлғалардың  бейнесі  осылайша    ақтарыла 
суреттелуінен және олардың өмірлерінің ірілі-ұсақты  штрихтерінің 
қанықтығынан  болмыс-бітімдері  зорайып,  биіктей  түседі.  Соңғы 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
263 
жылдары  тарихшы  ғалымдар  мен  әдебиетшілерден  талап  етіліп 
отырған  мәселенің  бірі  де  -  осы.  Ұлттық  тарих  иісі  қазаққа 
жұғымды  болсын  десек,  ел  тарихын  әдебиетінен  бөлмей  немесе 
әдебиетінің кіндігін ел тарихынан үзбей, бір қолымызбен ту ұстап, 
бір колымызбенен жыр уыстап, ел тағдырын өкше басқан ұрпақтың 
өз тағдырындай бойға дарыта білуіміз керек.  
Әлбетте, тарих бір мезгіл өзінің хронологиясының шеңберінен 
шығып, әдебиет те көркемшіл қиялының бесігінде тербеле бермей, 
М.О.Әуезов  айтқанындай:  «Тарихты  әдебиетпен  образдап, 
әдебиеттің  қабырғасын  баба  тарихпен  қатайту  керек»[8]  дер  едік. 
Себебі әдебиеттегі тарихтың образдалуы – тарихи оқиғаларды жай 
тізбектеумен  шектелмей,  обьективті    тарихи  уақыт  пен  кеңістіктің 
ауқымындағы  белгілі  бір  дәуірдің  төл  уақыты  мен  кеңістігінде 
болған  жайлардың  ірілі-ұсақты  мәселелеріне  аса  зер  салып,  мән-
мағынасын ашу арқылы жүзеге асырылады.  
Образдау  –  рухани-материалдық  ортаның  күнде  көріп  жүрген 
жайларын  жаңа  ғана  алғаш  рет  көргендей  етіп  бейнелеу  немесе 
қызметі  мен  конвенциясы  жоғалып,  тіпті  санадан  да  орын  алудан 
қалып  бара  жатқан  құбылыстардың  да  заманауи  үдерісін  тауып, 
барлық өркениеттің игілігіне жарайтындай тынысын ашу деген сөз.   
Сол  себептен  де  сан  алуан  жекелеген  ілімдердің  басын 
жымдастыратын әдебиет секілді ірі жанрдың өзегінен тыс қалатын 
қазақ тіршілігінің ешбір қалтарысы жоқ және жоғарыда сөз болған 
мәселе  де    қазақ  елшілігінің  ауыл  ішіндегі  жай  ерекшелігі  ғана 
емес,  бұл  -  өзге  ұлыстарда  көп  кездесе    бермеген,  тыныштықты 
жаны  қалайтын  қазаққа  септігі  көбірек  тиген  елдестірудің  қазақы 
амал-шарғысы деуге болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Цицерон М.Т. Три трактата об ораторском искусстве. - М., 1972. 
2,3,4 - мәтіндер Батырлар жырының І,VІ томдарынан. Алматы. 1960,1990. 
5.Тілеужанов М.М. Батыс Қазақстан фольклорлық мұраларынан. ІІІ том. Орал, 1958. 
6.  Янушкевич  А.  Күнделіктер  мен  хаттар.  А.,  1979.;  Гродеков  Н.И.  Киргизы  и 
каракиргизы Сырдарьинской области. Ташкент. 1889. т.І. Юридический быт.; Ерофеева И. 
Хан Абулхайыр: полководец, правитель и политик. А: «Санат», 1999. 
7. Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі. А: «Қазақстан», 1995. 
8. Ауэзов М.О. Мысли разных лет. – Алматы, 1959. 
*** 
В статье рассматриваются исторические личности,  нашедшие  самые актуальные 
решения в сфере дипломатических отношений. 
*** 
The article deal examples of historical people’s life who had found the most relevant decisions 
in diplomatic relations. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
264 
ӘОЖ  82.09:821.512;122 
Мүтиев З. 
ф.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚМУ доценті  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет