Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(40) шығарылым



Pdf көрінісі
бет10/25
Дата09.03.2017
өлшемі2,92 Mb.
#8614
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

 
Білім  мен  ғылымның  ертеңі  –  бүгінгі  студент.  Білім  беру 
мекемелері мен педагогикалық ғылымда білім берудің мақсаты мен 
мазмұнына,  оны  орындаудың  әдіс-тәсілдеріне  деген  жаңа 
көзқарастар  қалыптасуда.  Қазіргі  таңда  қоғам  дамуының, 
әлеуметтік-экономикалық  деңгейдің  артуына  қарай  әрбір  адам 
оның  заңдылықтарына,  талаптарына  сай    бейімделе  түсетіні  анық. 
Әрбір  жас  қоғамның  сұранысына  дайын  болғаны  жөн.  Ол  үшін 
жан-жақты білімді, мәдениетті, өнерлі жастарды тәрбиелеу - бүгінгі 
өмір талабы. Өнерлі жастарды дайындау балабақша, мектеп тәрізді 
білім ошақтарынан бастап, жоғары оқу орындарында оқып жүрген 
студенттерден  ерекше  дайындықты  қажет  етеді.  Әсіресе  оқу 
орындарында білім алып жатқан болашақ мамандарды өнерге, оның 
ішінде    би  өнеріне  тәрбиелеудің  мәні  зор.  М.Өтемісов  атындағы 
Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  университетінде  «Мәдени-тынығу 
жұмысы»  мамандығы  бойынша  би  сабағы    таңдау  компоненті 
ретінде  оқытылады.  Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  оқу 
орындарында  «Мәдени-тынығу  жұмысы»  мамандығында    оқып 
жатқан  студенттерге  би  сабағы  өте  қажет.  Себебі  жастардың 
бойында  мамандықпен  қоса  өнердегі  талантын  ашу,  ұлттық 
құндылық  пен  мәдениетке  тәрбиелеу,  дене  қимылы,  жүріс 
тәсілдерін,  дененің  мүмкіндігін  көрсету,  рухани  көзқарасын 
қалыптастыру,  әлемдік  ұлттық  этика  мен  эстетикаға  тәрбиелеу 
маңызды  міндет  болып  отыр.  Бұл  рухани  байлығы  мол  азамат 
жастарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.  
Би  өнері  өзінің  тақырыптық  мазмұндық  жағынан  түрлі 
этикалық нормалардың жиынтығын қамтиды. Онда ұлттық дәстүр, 
болмыс,  әдет-ғұрыптардың  элементтері  толық  сақталған.  Би 
өнерінің  шежіресі  ежелгі  заманнан  бастау  алады.  Ежелгі  адам 
табиғат  күштерінің  көзге  көрінетін  және  көзге  көрінбейтін 
құбылыстарымен  сабақтас  болып,  өздерінің  дүниені  түйсінуін 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
111 
өзінше  жеткізген.    Қоршаған  әлемді  түсінуге  талпынған  адам 
баласы  құдіретті  күштерден  қорған  табуға,  солардың  көмегімен 
қоршаған ортаға ықпал етуге ұмтылған. Бұл әрекет ежелгі адамның 
діни  салт-жораларынан  көрініс  тапты.  Олар  дуалы  сөздермен, 
музыкалық 
аспаптардың 
үндерімен, 
рәсімдік 
билермен 
сүйемелденіп  отырды.  Сондықтан  би  өнері  арқылы  жастарды 
ұлттық өнерге тәрбиелей отырып, халықтың бай мұрасынан да мол 
ақпарат беруге болады. Би өнерінде ұлттық құндылықтармен қатар 
түрлі  ұлттың  эстетикалық,  рухани  мәдениеті    жатыр.  Кез-келген 
ұлттың биінен сол ұлтқа тән болмысты, мәдениетті айқын аңғаруға 
болады.  Би өнері тек өнер түрінде ғана емес, идеологиялық қызмет 
те  атқарады.  Жоғары  оқу  орындарындағы  студент  жастарды  би 
өнеріне  тәрбиелей  отырып,  олардың  ұлтқа,  қоғамға  деген 
сүйіспеншілігін  дамытуға  болады.  Болашақ    мамандарды  би 
өнеріне  баулу  арқылы  бүгінгі  қоғамның  талабына  сай  бәсекеге 
қабілетті, дарынды азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік бар. 
Би  өнерінің  өзінде  адамның  пластикалық  жарасымының 
дамуына  әрі  үйлесімді  жәрдемдесетін  қасиеттер  бар.  Жоғары  оқу 
орнындағы би сабағында  денсаулығын нығайту, жеңіл қимылдауға, 
шапшаңдыққа,  қажырлыққа,    кеңістікте  бағыт  ұстай  білуге  жол 
ашады,  қимылдың  формасы  мен  бағытының  дұрыстығын  сезіне 
білуге тәрбиелейді.  
Би  дененің  сымбатты  болуына,  денені  тік  ұстауға,  әдемі 
қозғалуға,  жүріс  тәсілдерін  дұрыстауда      мүмкіндік  жасайды.  Би 
арқылы  өз  денесін  билеу  кезінде  ғана  емес,  өмірде,  күнделікті 
тұрмыстық  әрекеттерде  де  жеңіл  еркін  әрі  табиғылықпен  меңгере 
білуге үйренеді.  
Би  сабағы классикалық  экзерсиспен  басталуы  керек.  Адамның 
көркемдік шығармашылығы қай салада болсын белгілі бір ептілікті, 
шеберлікті,  қалыптасқан  машықты  талап  етеді.  Осы  ептілікке, 
шеберлікке, машыққа ие болу үшін оған би шығармашылығындағы 
классикалық экзерсис үлкен көмегін тигізеді.  
Би  экзерсисі  (француз  тілінен  -  exserise  –  жаттығу)  деген 
түсінік дүниежүзілік тұрмыс-тәжірибеге енген. Сондықтан да қазақ 
экзерсисі  атауында  қолдану  әбден  орынды  әрі  заңды,  былайша 
айтқанда,  өзіміздің  халық  биінің  қайталанбайтын  дәстүрлері  мен 
мүмкіндіктерін тәрбиелейтін қазақы жаттығулар.   
Билеу  экзерсисі  –  тек  жаттығу  бабының  жиынтығы ғана  емес, 
ол – биге үйретудің көркемдік жүйесі және осы өнердің мәнін жете 
меңгеру.  Экзерсистерде  осы  өнердің  басты  ерекшелігі  –  саз  бен 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
112 
қимылдың  ажырамас  бірлігі  сезіледі.  Экзерсистің  саздық 
сүймелдеуі 
өзінің 
әуендік-ырғақтық 
көркемдігі 
мен 
би 
жаттығулары  әсерлілігінің  мол  болуына  жағдай  жасайды. 
Сондықтан  да  әртүрлі  экзерсистерді  меңгеру  кезінде  музыкалық  
материалдарды таңдап алуға және орындауға ерекше көңіл бөлінуі 
тиіс.  
Классикалық  экзерсис,  тіпті  оның  ең  қарапайым  элементтері 
мен  ең  шағын  көлемінің  өзі  де  дене  бітімінің  дамуында  болатын 
кемістіктер мен тұрпайы дағдыларды (аяқтың қисықтығы, еңкіштік, 
дененің  икемсіздігі)  түзеуге  айрықша  көмегін  тигізеді.  Аяқ  пен 
бұлшық  еттерінің  күшін  барынша  жетілдіреді.  Кез  келген 
күнделікті  қимылдың  табиғи  жарасымдылығы  мен  сұлулығы  үшін 
аса  маңызды,  әрі  би  қимылдарының  бәріне  де  қатысатын  дене 
мүшелерінің –  басты  еркін  әрі  түзу  ұстау  дағдысын қалыптастыра 
отырып,  қолдың,  иықтың,  мойынның  еркін  және  дұрыс  бұрылуын 
жетілдіреді.  
Аяқтың  «бұрылғыштығын»  дамыту  ісінде  классикалық 
экзерсистің  ерекше  маңызы  бар.  «Бұратылғыш»  аяқтың  қызмет 
аясын  кеңейте  түседі...  Бұл  эстетикалық  ұғым  емес,  кәсіптік 
қажеттілік...»  -  деп  жазды  А.Я.Ваганова.  Туа  пайда  болған  немесе 
классикалық  экзерсиспен  қалыптасқан  аяқтың  созыла  бұратылуы 
арқылы ғана оның икемділігі артады. Созыла бұратылудың жетілуі 
-  кез  келген  қозғалысты  еркін  орындауға  мүмкіндік  берудің, 
классикалық  экзерсистің  негізгі  элементтерін  меңгерудің  басты 
мақсаттарының бірі.  
Қазақ  экзерсисі  –  халық  биінің  өзіндік  қимыл  ерекшелігі  мен 
ұлттық  бояуын  сақтап  қалу  үшін,  оны  қате  үйретуден  сақандыру 
мақсатында  жасалған  жаттығулар  жиынтығы.  Ол  аяқтың,  қолдың, 
дененің  халықта  қалыптасқан  қимылдарының  негізінде  құралады. 
Аяқ  үшін  ұзақ  және  тиянақты  тәрбиені  қажет  ететін  бірқатар 
жаттығулардың  негізі  қазақтың  пластикалық  эстетикасының 
кейібір принциптері жинақталған қимылдар болып саналады.    
Осыған  байланысты  оларды  тиісті  бастықтырғыштармен 
(станоктармен)  еден  ортасында  жасау  бұл  қимылдарды  орындау 
үшін қажетті дағдылар мен қабілетке ие болу үшін керекті бұлшық 
еттердің  күшін  дамытатын  жаттығулар  қызметін  атқарады. 
Экзерсиске арналған бұл қимылдар билеу технологиясының басты, 
қажетті  дағдылары  мен  шеберлігін  тәрбиелеп  қана  қоймайды, 
дәлірек  айтқанда,  қазақтың  би  мәдениетінің  ежелден  орныққан 
өзіндік сипаты мен эстетикасындағы дәстүрлер мен мүмкіндіктерді 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
113 
меңгеруге  тәрбиелейді.  Дәстүр  халықтың  сан  ғасырлық, 
көркемдікке тән даналығы мен дүниеге келіп толыққан баға жетпес 
байлығын және бидің ұлттық бояуын танытады.  
Зал  ортасындағы  сабаққа  қазақтың  ірі-ірі  билерін  пайдалануға 
болады.  Халқымыздың ойын-сауықтары, әдет-ғұрыптары көптеген 
балетмейстерлеріміздің қиялын  ұштап, қызықты ойларға жетеледі. 
Соның  ішінде  халық  арасында  көп  тараған  аса  бір  қызық  ойын 
«Қыз  қуу».  Бұл  ойын  –  ұлттық  спорттық  дене  шынықтыру  ойыны 
ретінде  дамыған.  Үлкен  жазықта  жиналған  топтың  арасынан 
асқақтаған  арғымақ  мініп  шыққан  қыз  олай  орғытып,  былай 
орғытып, қыз қууға дайындалып тұрған жігіттердің өзіне ұнағанын 
қамшымен  тартып  жіберіп,  тура  тартады,  есі  кеткен  жігіт  атына 
мініп  шауып,  әлгі  сылқымды  қуа  жөнеледі.  Ал  қуып  жетсе  есесін 
қайтаруға тырысып, бетінен сүйіп алады. 
Қыздары бозбалаларға қосылып, ай астында алтыбақан тепкен, 
дөңгелене  ән  айтқан,  оттан  секіріп  «Айгөлек»,  «Қара  құлақ» 
ойындарын  ойнаған.  Дәстүрлі  би  үлгілерінің  бәрінен  осы 
ойындардың әсері анық байқалады.  
Ұлттық  ойындарды  қазақ  операларында  да  би  түрінде  енгізіп 
отырған. Мысалы, «Шұға» музыкалық спектаклінде «Соқыр теке», 
«Ақ сүйек» ойындары көрсетілген.  
«Біржан  мен  Сара»  операсында  «Белбеу  тастау»  ойыны 
енгізілсе,  осы  аталған  операда  жарыс  ойыны  «Ұтыс  биі» 
суреттелген.  
«Алқа-қотан»  биінде  «Арқан  тарту»,  «Аударыспақ»,  «Сайыс», 
«Қазақша күрес», «Соқыр теке» ойындары өте тамаша көрсетілген. 
Ежелгі  би  ойындарының  бірқатарынан  сол  билермен  қоршаған 
ортаға  –  аңға,  құсқа  әсер  ету  сияқты  ескі  наным-түсініктердің  ізі 
байқалады.  Мысалға  «Аю  би»,  «Қаз-қатар»,  «Қоян  би»  тәрізді 
дәстүрлі  би  ойындарының  мазмұны    осындай  ниеттен  шыққан. 
Қазақ  тұрмысында  күні  кешеге  дейін  кең  таралған  «Құсбегі-
дауылпаз»,  «Қоян-бүркіт»  іспетті  би  ойындарының  да  алғашқы 
негізінде  осындай  балаң  түсінік  болғанымен,  кейін  бұл  билердің 
салт-саналық  мазмұны  өзгере  келе  аңшылық  қызығына  берілген 
адам  бейнесін  бейнелейтін,  бүркіт баулу  дағдыларын қайталайтын 
оқиғалы ойынға айналған. Көшпелі халық арасында кең таралған би 
ойыны  «Ор  текені»  алсақ.  Бұл  бидің  де  алғашқы  пайда  болу 
негізінде  ескі  наным-түсінік  жатыр.    Ол  уақыт  өте  келе  алғашқы 
мазмұнынан 
айырылып, 
тау 
ешкісінің 
қимыл-қозғалысын 
бейнелетін  күлкілі  би  түріне  ауысады.  Ал,  кейін  балалар  ойыны 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
114 
қатарына  қосылады.  Шығу  тегі  халықтың  балаң  наным-сеніміне  
барып  тірелетін,  бірақ  бірте-бірте  өзгеріп,  әр  түрлі  жан-
жануарлардың  қимыл  қозғалысын  бейнелейтін  балалар  ойыны 
болып  қалған  мұндай  ежелгі  би  нышандары    көп.  Өкінішке  орай, 
олардың  кейбіреулері  кейінгі  жылдарда  ұмытылған.  Мысалы, 
«Қоян-пышақ», «Қара сиыр», «Көк сиыр», «Түйе, түйе».  
Қазақтар  тұрмысында    «ер  қанаты  -  аттың»  ерекше  орын 
алғаны белгілі. Бұл халықтың әдет-ғұрпында, ұлттық ойындарында, 
эпосы  мен  күйінде,  өлең-жырларында  айрықша  қастерленетін 
жылқы  туралы  түсінік  жігіттің  қайратын,  жылқының  жүрісін 
бейнелейтін  көптеген  билерге  де  алтын  арқау  болып  енген. 
Мысалы,  «Қара  жорға»,  «Тепең  көк»,  «Жорғалау»,  «Жорғаға 
еліктеу»  сияқты  халық  билері  ғасырлар  бойғы  өзгерістерді  бастан 
кешіріп  бізге  жетті.  Олар  алғашқыда  көпшіліктің  бәрінің 
қатысуымен  орындалатын  салт-саналық  мазмұннан  бірте-бірте  би 
ойынына  айналған,  ал  кейін  ырғақ  жеке  адамның  сезім  иірімдерін 
бейнелейтін,  қайратты,  батыл,  оңтайлы  жігіттер  бейнесін 
сомдайтын  дәстүрлі  би  үлгілері  болып  қалыптасады.  Бұл 
бейнелерден  сол  замандардағы  халықтың  арман-мұраты  көрініс 
береді.  
Билеушілердің қимылын ашатын құралдарда да өзінше мағына 
бар.  Жігіттер  биінде  көбінесе,  қамшы,  шоқпар  тәрізді  заттар 
қолданылса, қыздар биінде олардың бұрымынан өзге де тұрмыстық 
бұйымдар,  мысалға  «Шалқыма»  биінде  торсық,  «Айда  былпымда» 
жаулық көп рөл атқарады.  
Қыздардың садақ, жеңіл қылыш ұстауы да жиі кездеседі. Бұл – 
жаугершілік  заманнан  қалған  белгі.  Қазақ  халқының  батырлық 
жырларымен аздап таныстығы бар адам, әйелдер мен қыздардың да 
ерлермен бірдей қолына қару ұстап, өз жұртын сыртқы жаулардан 
қорғағанын  білетін  болар.  Халық  жырлары  мен  аңыздарында  тек 
қыздардың  сұлулығы,  ақылдылығы,  жарға  адалдығы  ғана 
қастерленіп қоймай, олардың батырлығы мен батылдығы да жоғары 
бағаланған. Жүздеген жылдар көгін сыналып өтіп, бізге жеткен сол 
билердің  бір  үлгісі  –  «Қылышпен  би»  деп  аталады.  Онда  жаумен 
ымырасыз  күреске  шыққан  жас  арудың  өз  халқының  тағдыры 
туралы, соғыс салған қасірет хақындағы ащы ойлары бейнеленген.  
Еңбек  процесіне  қойылған  билер  «Кесте»,  «Өрмек  би», 
«Ұршық»,  «Киіз  басу»  -  бұлар  адам  еңбегімен  тығыз  байланыста 
дамыған билер. Мысалға, кейбір өзгерістермен біздің заманымызға 
жеткен  халықтың  би  ойыны  «Өрнек  бидің»  негізінде әйелдер  ғана 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
115 
айналысатын тоқыма өнері жатса, «Өрмек өру» биінде өз ісіне риза 
болған шебердің бейнесі барша сезім иірімдерімен жақсы ашылады.  
Сонымен,    би  пәні  студенттің  мәнерлі,  қабілетті  еркін 
қозғалуын  дамытады.  Тарихи-тұрмыстық  би  және  бал  биін  білу, 
сымбатты  дамуына,  ой-өрісінің  шығармашылық  көрінісіне    ықпал 
етеді.  Халық  биі  студентті  мақсатқа  жетелейді.  Оның  әлемдік 
көзқарасын  ашады,  яғни  би  арқылы  әр  халықтың  тарихын,  салт-
дәстүрін,  мінез-құлқын  біле  алады,  дене  мүшесінің  сымбатты  да 
әдемі болуын дағдыландырады.   
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Абиров Д. Т. История казахского танца. – Алматы: Санат, 1997.  
1.
 
Аюханов Б.Г. Мой балет. -Алма-Ата: Өнер, 1988.  
2.
 
Бейсенова  Ғ.  Қазақ  биі.  Хореография  мамандарын  оқытуға  арналған 
бағдарлама. – Алматы, 1993.  
3.
 
Ваганова А.Я. Основы классического танца. Л., 1943.   
4.
 
Всеволодская-Голушкевич О. Пять казахских танцев. -Алма-Ата: Өнер, 
1988.  
5.
 
 Всеволодская-Голушкевич О. Бақсы ойыны. –Алматы: Рауан, 1996.  
6.
 
Всеволодская-Голушкевия  О.  Халық  билерінің  табиғаты  туралы.  // 
Қазақстан әйелдері. – 1988. - № 2.     
7.
 
Жиенқұлова Ш. Сымбат. – Алматы: Өнер, 1987.  
8.
 
Жиенкулова Ш. Тайна танца. - Алма-Ата: Өнер, 1980.  
 
*** 
В  статье  рассматриваются  особенности  преподавания  хореографии  в 
высшем  учебном  заведении  у  студентов  специальности  «культурно-
досуговая  работа».  Описываются  основные  этапы  урока  хореографии  и 
методические приемы.  
 
*** 
      In the article are considered features of teaching of the choreography in higher 
educational  institution  at  students  of  speciality  "cultural-leisure  work".  And  also 
described  the  basic  stages  of  the  lesson  of  choreography  and  methodical 
receptions. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
116 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Т
Т
А
А
Р
Р
И
И
Х
Х
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
И
И
С
С
Т
Т
О
О
Р
Р
И
И
Я
Я
 
 
 
ӘОЖ 316.347:323.1 
Шынтемірова Б.Ғ. 
т.ғ.д., профессор, Батыс Қазақстан  
инженерлік-гуманитарлық университеті  
 
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭТНИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚТАР ЖӘНЕ  
ҰЛТ САЯСАТЫ 
 
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында американ саяси ғылымында 
адамдардың  этникалық  жағы  мен  саяси  көзқарастары  арасындағы 
байланысты  анықтау  мақсатында  «этносаясат»  ұғымы  енгізілген 
болатын.  Кейін  осы  ұғым  арқылы ұлттық  процестердің  әлеуметтік 
негізін  зерттейтін  арнаулы  ғылым  саласы  деген  түсінік  орнай  
бастады. 
Мемлекет шеңберінде адамдардың этноұлттық, социомәдени, 
мүліктік  және  азаматтық  мүдделері  мен  ортақ  мақсаттары 
тоғысады.  Сондықтан  да  бұл  жерде  «мемлекет»,  «ұлт»  және 
«қоғам»  түсініктерінің  айырмашылығына  назар  аудару  қажет. 
Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, қоғам - өз отбасы, әлеуметтік 
және  мәдени  топтастары  құрамымен  бірге  қоғам  құрайтын 
адамдардың еркін бірлестігі. Қоғам рулық түсінікті берсе, мемлекет  
адамдардың  өздері  құрған  ұйымдарының  бастысы  болып 
есептеледі.   
Сол сияқты «халық» және «ұлт» ұғымдары арасында да үлкен 
айырмашылық бар. Әдетте «халық» деген ұғым арқылы белгілі бір 
өмір  құрылымының    тұрақты  тәртібіне  біркелкі  және  дербес 
құқықтық жүйемен  біріккен адамдардың үлкен тобын атайды.     
Этникалық топ дегеніміз - мүшелері өздерін бірыңғай мәдени 
құрылымға  жатқызатын  адамдар  ұжымы.  Олардың  әлеуметтік 
өмірі,  іс-әрекет  аймағы  тегі  мен  мәдениетінің  бірлігінен 
айқындалады. 
Этникалық 
топ 
түсінігін 
жан-жақты 
зерттеген 
социологтардың  бірі  -  М.  Уингер.  Оның  зерттеулері  негізінен  үш 
бағытта  дамиды:  1)  бір  этникалық  топ  басқалардан  төмендегі 
параметрлер  бойынша  ерекшеленеді:  тілі,  діни  сенімі,  нәсілдік 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
117 
белгісі және шыққан елі; 2) этникалық топ мүшелері өз қауымы мен 
жалпы қоғам не адамзат арасында айырмашылық бар екенін сезініп, 
өз іс-әрекеттерін осы сезімге сәйкес ұйымдастырады; 3) этникалық 
топ  мүшелері  өзі  текті  дәстүрлері  негізінде  бірігеді,  мысалы, 
дәстүрлі  мейрамдарын  атап  өтеді,  қонаққа  «өзінікіне»  барғанды 
ұнатады және т.б. 
Әдетте, қоғамның әлеуметтік өміріндегі билік, байлық, бедел 
және  т.б.  әлеуметтік  артықшылықтар  көптеген  жағдайларда 
этникалық  текке  тәуелді.  Мысалы,  американдық  социолог               
Н.  Смелзер  пікірінше,  демократия  үлгісі  болып  табылатын 
Американың 
өзінде 
негрлер, 
азиялықтар 
мен 
латын 
американдықтар  (латинос)  еуропалықтарға  (ақ  нәсіл)  қарағанда  аз 
табыс табады, ең төменгі беделді қызметтерді иеленеді және ең аз 
жеке бас құрметіне ие. 
Қазір  кейбір  қоғамдарда  бір  этникалық  топ  басқалар  үстінен 
үстемдікке  ие  болады.  Американдық  социолог  А.  Вирт  ғылыми 
айналымда  «аз  этникалық  топ»  түсінігін  енгізді.  «Ұлттық 
азшылық»  (национальное  меньшинство)  –  бұл  оларға  тән 
биологиялық  және  мәдени  ерекшеліктерге  байланысты  қоғамдағы 
басқа  этникалық  топтармен  салыстырғанда  төмен  жағдайда  ие 
болған  этникалық  топ.  Көптеген  жағдайларда  ұлттық  азшылық 
жалқы пікір объектісіне айналады. Жалқы пікір – қоғам санасында 
ұлттық  азшылық  туралы  қалыптасқан  негізсіз,  жалған  (стереотип) 
көзқарастар.  Осы  жалқы  пікір  кесірінен  ұлттық  азшылық 
дискриминацияға  ұшырауы  мүмкін.  Дискриминация  –  бұл  ұлттық 
азшылықты    қуғын-сүргінге  салу.  Дискриминацияның  ең  сорақы 
көрінісі нәсілшілдік (расизм)  болып  табылады.  Бұл  адамдарды  тек 
тән    өзгешелігі  үшін  аяусыз  қырып-жою.  Американдық  социолог           
Н.  Смелзердің  пікірінше,  адамзат  тарихындағы  нәсілшілдіктің  ең 
айқын  көріністері  мыналар:  Еуропа  мемлекеттерінің  ХІХ–ХХ  ғғ. 
үшінші  дүние  елдерін  аяусыз  қанауы  (Африка,  Азия  елдерінде 
аштықтан миллиондаған адамдар қаза тапты); Америка құрлығында 
үндістерді  жою; қара  американдықтарды құлдыққа  салу;  фашистік 
Германияның алты миллион еврейді жоюы. 
1970 
ж.  орта  шамасында  американдық  социологтар                  
Т.  Симпсон  мен  М.  Уингер  үстемдік  етуші  этникалық  топ  пен 
ұлттық  азшылық  арасындағы  қарым-қатынастардың  төмендегі 
формаларын көрсетті: 
1.  Ассимиляция  –  ұлттық  азшылықты  толық  сіңдіріп  алу.  Ол 
сегрегация,  яғни  ашықтан-ашық  қысым  көрсету  немесе  бейбіт 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
118 
жолмен,  яғни  азшылықтың  үгіт-насихат,  қолдау  арқылы  үстемдік 
етуші  мәдениетке  сіңуі  жолымен  іске  асырылады.  1960  ж. 
американдық 
социолог 
Гордон 
ғылыми 
айналымға 
англоконформизм  терминін  енгізді.  Бұл  ұғым  англосаксон 
мәдениетін қабылдағандарды мадақтау шараларын ұйымдастыруды 
білдіреді. 
2.  Плюрализм  –  ұлттық  азшылықтың  өз  дәстүрі  еркіндігіне 
құқығын  және  үстемдік  етуші  этникалық  топтың  бұл  құқықты 
сақтауға әзірлігін білдіреді. 
Ұлттық плюрализм ең айқын, мысалы, Швейцария мемлекеті 
болып  саналады.  Оның  халқының  төрттен  үші  немістер    болса  да, 
француз және итальян тілдері мемлекеттік тіл болып саналады. 
3.  Ұлттық  азшылықты  құқықтық  қорғау.  Мұндай  жағдайда 
мемлекет заңы ұлттық азшылыққа аумақтық автономиялық басқару 
құқығын  береді.  Осы  ұлттық  автономия  аумағында  аз  этникалық 
топ  өз  ұлтының  дамуы  үшін  қажетті  барлық  шараларды  іске 
асырады.  Оның  айқын  мысалы  -  Ресей  Федерациясындағы 
автономиялы облыстар  мен округтар. 
4.  Тұрғындар  алмастыру.  Бұл  ұлттық  азшылықты  ерекше 
мәдени  топ  ретінде  қорғап,  сақтау  мақсатында,  оларды  жалпы 
қоғаммен араластырмай, бөлек аумақта күшпен ұстаудың мысалын 
АҚШ-ғы  үндіс  резервацияларынан  көруімізге  болады.  Н.  Смелзер 
пікірінше,  бұл  резервациялар  адамдар  зоопаркі  болып  табылады 
және АҚШ-тың ең үлкен ұяты. 
5. Этникалық апартеид. Бұл дегеніміз - ұлттық азшылықты заң 
жүзінде  құлдықты  ұстау.  ХХ  ғ.  аяқ  кезінде  этникалық  апартеид 
Оңтүстік Африка Республикасында орын алды. 
Этникалық  теңсіздіктің  ең  негізгі  себептерінің  бірі  - 
психологиялық  кемсітушілік.  Әдетте  үстем  этникалық  таптың 
мүшесі  ұлттық  азшылық  мүшесін  барлық  мәдени-әлеуметтік 
көрсеткіштер бойынша өзінен кем көреді. 
Екінші бір себебі, экономикалық бәсекелестік. Әдетте ұлттық 
азшылық  (мысалы,  диаспоралар,  маргиналдар,  иммигранттар,  т.т.) 
бір-бірін  қолдаудың  арқасында  материалдық  жақсы  жағдайға  ие 
болды.  Ал  үстемдік  етуші  этникалық  топтың  экономикалық 
мүмкіндіктері  мен  қорлары  бүкіл  қоғам  көлемінде  шашыраңқы 
болады. Сол себепті үстемдік етуші этникалық топ мүшесі бойында 
ұлттық  азшылық  мүшелері  бізді  алдап,  пайдаланып  жүр  деген 
сияқты пікірлер қалыптасады. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
119 
1972  жылы  Роберт  Блаунер  нәсілдік  қанау  теориясын 
жариялады. Р. Блаунер өз теориясында отарлық қатынастардың бес 
компонентін көрсетті: 
1)  Колония  тұрғындарына  үстемдік  етуші  метрополия 
мәдениетін күшпен таңу. 
2)  Күшпен  таңу  мүмкін  болмаған  жағдайда,  колония 
тұрғындары  мәдениетін  бақылау  және  өздеріне байқатпай  өзгерту. 
Мұндай 
жағдайда 
колония 
тұрғындары 
өз 
мәдени 
құндылықтарының өзгеруін объективті заңдылық деп санайды. 
3)  Саяси  үстемдік.  Колония  тұрғындарын  ең  төменгі  басқару 
органдарына дейінгі саяси өмірге араласу құқықтарынан айыру. 
4)  Экономикалық  қанау  арқылы  колония  экономикасын, 
экологиясын өмір сүруге жарамсыз, қауіпті жағдайға келтіру. 
5)  Үстемдік  етуші  метрополия  билігін  ақтайтын  идеология 
жүргізу.  Осы  мақсатта  сол  елдің сатылған  зиялы қауым  өкілдерін, 
өнер қайраткерлерін пайдаланады. 
Қазіргі 
этносаясаттанушылар 
этникалық 
азшылық 
проблемаларын  шешуде  бірнеше  байламдарды  бөліп  көрсетеді. 
Бұлар  ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  ұлтаралық  келісімге  келуге, 
этностардың  тұтыныстары  мен  мүдделерін қанағаттандыруға  және 
құқықтық реттеуге бағытталған саяси, тіл, мәдени, білім, діни,  т.б. 
байламдар. 
Бұл  жағдайда  серпін  алатын  позициялар  рухани  байлық  пен 
тағдыр  біртұтастығы  және  ұлт  мүддесін  идеялық  мұра  мен  оның 
қайнар көздеріне, этникалық тамырын, тілі мен мәдениетін, ұлттық 
салт-дәстүрлерін құрметтеуге бағыттау. 
Сонымен  қатар,  тәуелсіз  мемлекет  құрылысы  мен  өркендеуі 
үшін ең қажеттісі елдің ұлттық сана-сезімінің оянуы мен гүлденуге 
ұмтылысы,  тек  мемлекет  құраушы  ұлтқа  ғана  тән  емес, 
Қазақстанды  мекендейтін  барлық  этникалық  топтарға  ортақ  елдік 
сана-сезімнің  қалыптасуы,  елді  мекендейтін  барлық  ұлттардың 
бейбітшілік  пен  өзара  келісімде  өмір  сүруге  ұмтылысы. 
Республиканың  табысты,  әрі  серпінді  дамуының  негізінде 
ұлтаралық  төзімділік,  ұлттардың  бір-біріне  қатысты  өзара 
түсіністігі  мен  өзара  құрметі,  қазақстандық  біртұтастық  пен 
патриотизм жатыр. 
Республикадағы  ұлтаралық  татулық  сақталуының  нақты 
кепілдіктері: 
Қазақстан халқы Ассамблеясының баға жетпес тәжірибесі, өте 
зор  интеллектуалдық  күш-қуаты,  ұлтаралық  қатынастарда 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
120 
үйлесімді дамудың жинақталған тәжірибесі мен тетіктері, мемлекет 
құраушы қазақ ұлтының өз болашағына сенімді нық позициясы, т.т.
 
Республиканың  саяси,  әлеуметтік-экономикалық  дамуы 
барысында  шешіліп  отырған  нақты  міндеттер  уақыттан  қалыспай 
жұмыс  атқаруды  талап  етеді.  Сол  себепті  де,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  рөлін  күшейту  дәл  өз  мезгілінде  қолға  алынған 
саяси-құқықтық шара болды. 
Ұлтаралық төзімділік. 
М.  Уолцердің  пікірінше,  қоғамдағы  ұлтаралық  төзімділік 
саяси құрылым сипатына тәуелді болып табылады. 
М. Уолцер осы негізде, ұлтаралық төзімділік тәсілі бойынша, 
саяси құрылымның 5 моделін бөліп көрсетті: 
1. көпұлтты империя; 
2. халықаралық қауымдастық немесе конфедерация; 
3. консоциативтік құрылым; 
4. ұлттық мемлекет; 
5. иммигранттық қоғам. 
Бұл  саяси  құрылымдар  бір-бірінен  субъективті-объективтілік 
қатынастар  сипатымен  және  қоғам  мүшелерінің  азаматтығының 
маңыздылығы    деңгейімен  ерекшеленеді.  Барлық  бес  моделде  де 
ұлттық төзімділіктің белгілі бір деңгейі басымдылыққа ие болады. 
Империялық,  халықаралық  және  иммигранттық  қоғамдарда 
ұлттық  төзімділік  үкіметтік  деңгейге  тәуелді,  яғни  ұлттық 
төзімділік  субъектісі  үкімет  болып  табылады.  Бұл  мемлекеттерде 
ұлттардың  бейбітшілік  пен  татулықта  өмір  сүруі  билік 
құрылымдарының позициясына тәуелді. 
Ұлттық  қоғамда  ұлттық  төзімділік  субъектісі  үстемдік  етуші 
ұлт  болып  табылады.  Үстемдік  етуші  ұлт  мемлекет  құрамдаушы 
және өз жанына басқа ұлттарды біріктіруші күш болып табылады, 
яғни  елдегі  ұлтаралық  татулық  мемлекет  құрамдаушы  ұлт 
мүдделеріне тәуелді. 
Консоциативті  саяси  құрылымды  қоғамдарда  ұлттық 
төзімділікті, қамтамасыз етуші рөлін шағын діни-этникалық топтар 
атқарады.  Елдегі  ұлттық  төзімділік пен  татулықтың    шын  мәнінде 
сақталуы,  осы  елде  көп  болып,  шашырап  кеткен  шағын  діни- 
этникалық топтардың қалай өзара келісімге келулеріне тәуелді. 
Қазақстан бүкіл әлемге жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың, 
әр  алуан  діни  конфессиялардың    түсіністікте,  сыйластықта,  өмір 
сүріп 
келе 
жатқан 
қоғам 
ретінде 
белгілі. 
Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында «Біз 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
121 
өзіміздің 
жатсынбас 
тұрпатымызбен, 
этностараралық, 
конфессиялараралық  татулығымызбен  және  өзара  үндесуімізбен 
күллі әлемге танымалмыз» - деген айрықша жолдар бар. 
Қазақстан  өзінің  көпұлтты  мемлекеттілігін  мақтаныш  тұтып, 
Республиканың  басты  байлығы  санайды.  Әлем  елдерінің  ішінде, 
тек  біздің  елімізде  ғана,  Елбасының  тікелей  бастамасымен 
құрылған  Қазақстан  Халқы  Ассамблеясының  болуы  да  -  осының 
айғағы.  Елбасы  Жолдауындағы  басты  бағыттардың  бірі  – 
«қоғамдық  келісім  мен  тұрақтылықты  одан  әрі  нығайту  үшін 
Қазақстан  халықтары  Ассамблеясының  рөлін  көтеру»  болып 
көрсетілген.  Қазақстан  Президентінің  Ассамблеяның  алдына 
қойған  міндеттердің  бірі  -  «қоғамдағы  этносаралық  және 
конфессияаралық  келісім  мен  ықыластылықты  одан  әрі  нығайтуға 
қажетті  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз  ету».  Біздің  ұлтаралық 
келісіміміздің  басты  қағидасы  -  бір  ұлттың  есебінен  басқа  ұлт 
мәселесін  шешпеу,  яғни  ұлттардың  тең  құқылығы.  Бұл  қағиданың 
қазақ ұлтының мүддесіне де қатысы бар. 
Мемлекеттік билік институттарының негізгі міндеттерінің бірі 
- әлеуметтік тартыстың ұлтаралық егеске айналып кетуін жібермеу. 
Әлеуметтанулық  сауал  нәтижелері  бойынша,  әртүрлі  ұлт 
өкілдері  арасындағы  қарым-қатынастардағы  айқындалған  тартыс 
негізі, ең алдымен, әлеуметтік теңсіздік болып отыр, соның ішінде: 
-
 
аумақтардың 
әлеуметтік-экономикалық 
саласындағы 
проблемалар (жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.); 
-
 
тұрғындардың  байлар  мен  кедейлерге  жіктелісі,  еңбекпен 
қамтудың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер; 
-
 
көші-қон  ағымдары  (ауыл-қала),  қала  тұрғындары  арасында 
тартыс пен мазасыздықтың өсуі; 
- шекаралас мемлекеттер Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанда 
экстремизм мен лаңкестіктің әртүрлі формаларда бой көтеруі және 
оның  ҚР  аумағына  ену  қаупі  қазақстандықтар  қорқынышын 
ұлғайтуда. 
Қазіргі  кезде  идеология,  тәлім-тәрбие  саласында  Қазақстан 
Республикасының  жалпыұлттық  мүдделерін,  соның  ішінде,  жалпы 
қазақстандық  патриотизмді  қалыптастыру  міндеттері  алдымызда 
тұр. 
Жалпықазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика 
халқының  ажырамас  бөлігі,  ортақ  Отан  ретінде  Қазақстан 
Республикасына  сүйіспеншілік  сезімі  мен  берілгендік,  азамат 
ретінде  халық  пен  елдің  мүддесін,  қажет  болса,  қару  алып 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
122 
қорғайтын  борышты  сезіну  болып  табылады.  Жалпықазақстандық 
патриотизм,  сонымен  бірге  басқа  халықтарға  деген  сыйластық, 
бүкіл  адамзатты,  жалпыадамзаттық  құндылықтарды  құрметтеу 
тұрғысында көрінеді. Бірімен-бірі сыйласып, түсінісіп, Қазақстанды 
ортақ  Отаным  деп  білетін  әр  алуан  ұлттар  басқа  ұлттарға 
немқұрайлы теріс ниетте қарай алмайды. Қазақстандық патриотизм 
- сөз жоқ, интернационалистік көзқарас. 
Жалпықазақстандық патриотизмнің қалыптасуы және нығаюы 
еліміздегі  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениетінің  даму  деңгейін 
сипаттайды. 
Қазақстан  Республикасының  демократиялық  дамуының 
маңызды  жетістіктерінің  бірі  діни  төзімділік  пен  ұлттық  келісім 
негізінде  саяси  тұрақтылықты  сақтау  болып  отыр.  Елбасының                
2007  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Жолдауында 
«Халықаралық  қоғамдастықта  біздің  елімізде  тұрып  жатқан  және 
Қазақстанның  біртұтас  халқы  болып  табылатын  барлық  ұлттар 
өкілдерінің ұстамдылығын, конфессияаралық және мәдениетаралық  
татулығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  сара  саясатымыз 
барынша танылып отыр» - деп баса көрсетілген. 
Біз  діни  төзімділік  пен  ұлтаралық  келісім  мәселелерін  бір-
бірінен  ажыратпай  бірге  қарастырамыз.  Себебі,  бұл  мәселеде 
жаһандану  үрдісі  біршама  өзгерістер  әкелгенімен,  әлі  күнге  дейін 
адамның  діни  сенімі,  оның  ұлттық  шыққан  тегімен  қатал 
байланысты болып отыр. 
Әлем елдерінің арасында тұңғыш рет, біздің елімізде әлемдік 
және  дәстүрлі  діндер  көшбасшыларының  екі  съезі  өткізілді.  Бұл 
еліміздің  сыртқы  саясаттағы  аса зор  табысы  болуымен  қатар,  ішкі 
келісім  мен  татулықты  бекітуде  де  орасан  зор  рөл  атқарып 
отырғандағы сөзсіз. 
2006  жылы  өткен  II  съезд  қабылдаған  Декларацияда,  діни 
келісім  мен  төзімділікті  насихаттауға  қатысты,  төмендегідей 
шешімдер бар: 

жастар 
арасында 
діни 
келісім 
мен 
төзімділік 
ұстанымдарының  таралуына  және  олардың  жалпыадамзаттық 
құндылықтарды қабылдауларына қолғабыс жасау; 
-  жастар  мәдени  және  діни  айырмашылықтарды  жаулық 
сезімсіз қабылдау үшін, өркениеттер мен діндер арасындағы келісім 
тәжірибесін  білім  берудің  барлық    деңгейлеріндегі  оқу 
жоспарларына енгізу. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
123 
Осы  міндеттерді  іске  асыру  мақсатында  басшылыққа 
алынатын діни келісім ұстанымдары да бекітілді. 
-
 
Діни  келісім  төзімділік,  адалдық,  құрмет  ұстанымдарына 
негізделуі тиіс. 
-
 
Діни келісім барлық әріптестердің тең құқылығын білдіреді. 
-
 
Діни  келісімге  әркімнің  өз  дініне  итермелеу  көрінісі  жат 
болып табылады. 
-
 
Діни  келісім  ұлттардың  бейбіт  өмір  сүруі  мен  тиімді 
ынтымақтастығына жол салады. 
-
 
Діни келісім өмірдің қасиеттілігі мен адам ар-намысына қол 
сұғылмастыққа негізделеді. 
-
 
Діни  келісім  діннің  қоғамдағы  конструктивті  рөлін 
нығайтуға бағытталған. 
-  Діни  келісім  болашақ  ұрпақтарға  қалдыратын  өмірлік 
құндылық болып табылады. 
Дінді  қоғамдық  сана  жүйесінен  бөліп  қарауға  болмайды. 
Өйткені,  діннің  қоғам  дамуына  ықпал  етуші  күш  екенін 
мойындаумен  бірге,  ол  ықпал  қоғамның  даму  деңгейіне  тікелей 
байланысты  екенін  ескеру  қажет.  Ғылымы  мен  білімі  дамымаған 
қоғамның діні де мешеу болатыны сондықтан. 
Неміс әлеуметтанушысы Макс Вебердің пікірінше, «дін - күрт 
әлеуметтік  өзгерістер  негізін  қалауға  қабілетті».  Ол  өз  ойын, 
«Протестанттық  этика  және  капитализм  рухы»  атты  еңбегінде 
Батыс  Еуропадағы  өнеркәсіптік  төңкеріс  негізін  қалаған 
кальвинизм  діни  доктринасы  мысалында  дәлелдеді.  Сондықтан, 
діни  мәселелерде  саяси  популизмге  ұрынбай,  салмақты  саясат 
ұстанған абзал. 
Ешқандай ғылым  діни  доктриналарды  не  дәлелдеп,  не  жоққа 
шығара алмайды. Ғылымда сакралды, яғни қасиетті деген ұғым бар. 
Дін  –  қасиетті  ұғымдармен  қамтылған  құбылыстарды  таратуға 
арналған  әлеуметтік  институт  болып  табылады.  Ғылым  діни 
доктриналарды  не  «жақсы»,  не  «жаман»  демей,  оның  әлеуметтік 
түбірін ашуға тырысады. 
Француз  әлеуметтанушысы  Эмиль  Дюркгейм  діннің  қоғамда 
атқаратын үш қызметін көрсетті. 
1.
 
Әлеуметтік ынтымақтастықты қамтамасыз ету. 
2.
 
Әлеуметтік бақылауды қамтамасыз ету. 
3.
 
Адам өміріне мән-мағына мен сенім беру. 
Біздің  қоғамдағы  дәстүрлі  діндер,  осы  фундаменталды 
қызметтерін  атқара  алып  отыр  ма?  Жеткіліксіз,  себебі,  300 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
124 
миллионның үстінде азаматы бар АҚШ-та 453 діни бірлестік ресми 
қызмет атқаратын болса, 15 миллионның үстінде ғана азаматы бар 
Қазақстанда  3500-ден  астам  діни  бірлестіктің    ресми  тіркеуден          
өтуі  -  әлеуметтік  ынтымақтастықтың  бұзылуы  мен  әлеумет 
бақылаудың әлсіздігін көрсететін факт. 
1960  жылдары  Латын  Америкасы  елдерінде  «бостандық 
теологиясын»  насихаттайтын  қозғалыстар  пайда  болды.  Оның 
негізі  қарапайым:  «әлеуметтік  қанау  христиан  моралына  қайшы, 
сондықтан  кез  келген  христианин  әлеуметтік  қанаудан  бас  тартуы 
тиіс».  Біздің  еліміздегі  өтпелі  нарықтық  экономика  кезінде,  дінді 
осы  мақсатта  пайдаланып,  байлардың  моралдық  ұстанымдарына 
әсер ете аламыз ба? Діни жетекшілердің ойланатын мәселесі. 
Қазақстанның  геосаяси  жағдайы  өте  күрделі.  Біздің  еліміз 
әлемдік  үш  діни-мәдени  өркениеттің  қиылысында  тұр.  Бұлар  - 
мұсылман,  христиан  және  буддистік-конфуциандық    діни-мәдени 
өркениеттер.  Қазақстанның  өзі  де  көпконфессиялы  мемлекет 
болғандықтан,  бұл  діни-мәдени  өркениеттердің  игі  әсерлерін  де, 
және теріс ықпалдарын да жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан, 
ұлтаралық  татулық  пен  діни  келісім  аймағындағы  саясатымыз  игі 
әсерлерді  марапаттап,  теріс  ықпалдарды  қатал  жойып  отыруға 
бағытталуы тиіс. Осы істерде шешуші рөл, еліміздегі дәстүрлі діни 
ұйымдармен  қатар,  мемлекеттік  органдарға  да  жүктелетіндігі 
сөзсіз.  Елбасы  Жолдауында  «Қоғамдағы  экстремизм  мен 
радикализмнің 
кез 
келген 
көріністеріне 
және 
біздің 
азаматтарымыздың  конституциялық  құқықтарына  қысым  жасауды 
көздейтін  әрекеттерге  қатаң  әрі  дәйекті  қарсы  тұру»  міндеттелген. 
Қазіргі  таңда  экстремизм  мен  радикализмнің  саяси-идеологиялық 
мазмұннан  гөрі,    көбіне  діни  немесе  ұлттық  сипат  алып  бара 
жатқаны  шындық.  Сол  себепті,  біздің  баршамызға,  ең  алдымен 
мемлекеттік  қызметкерлерге  діни  және  ұлтаралық  қарым-
қатынастарда білімдарлық пен қырағылық қажет. 
Лаңкестік  мен  экстремизмнің  пайда  болуының  себептері 
әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бұл  қоғамның  ширек  топтарының 
кедейшілік  пен  қайыршылыққа  ұшырауы.  Сол  сияқты,  лаңкестік 
пен  экстремизм,  қоғамның  саяси  жүйесіндегі  қайшылықтарды 
шешудің  басқа  әдістері  пайдасыз  болған  кезде,  билікке  қарсылық 
ретінде  пайда  болады.  Лаңкестік  пен  экстремизмнің  рухани 
себептері,  адамдардың  әлеуметтік  психологиясында  жатыр,  бұл 
тарихи  қалыптасқан  ұлттық  немесе  діни  кемсіту  болуы  мүмкін. 
Лаңкестік пен экстремизмнің экономикалық түбірі біреулерді қанау 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
125 
арқылы  баюға  жағдай  жасайтын  нарықтық  экономиканың  өз 
табиғатында жатыр. 
Қоғамда  жүріп  жатқан  рухани-адамгершілік  жаңару  үрдісі 
белгілі  бір  деңгейде  діни  өсиеттерге  негізделген.  Егемендік  алған 
соң, дін Қазақстан қоғамының әлеуметтік-рухани өмірінде белсенді 
рөл  атқара  бастады.  Сонымен  қатар,  кез  келген  діни  мәселені 
қоғамның  шындығынан  үзіп  қарастыруға  болмайды.  Діни 
ұйымдардың  ішкі  бекітілімдерін  құрметтей  отырып  және  олардың 
өз  діни  сенімдеріне  сәйкес  іс-әрекеттер  атқаруына  мүмкіндіктер 
бере отырып, олардың ҚР заңдарына сәйкес ұйымдастырылуы мен 
қызмет  атқару  құқықтарын  тани  отырып,  мемлекет  қоғамдық 
тыныштықты  сақтау  мақсатында  елімізде  өтіп  жатқан  діни 
үрдістерге тұрақты түрде мониторинг жасап отыруға міндетті. 
«Қазақстан Республикасындағы  діни  сенім  еркіндігі  мен  діни 
бірлестіктер  туралы»  заңның  16  бабына  сәйкес,  «қаржы  және 
қоғамдық жылу, сол сияқты діни салт-дәстүрлерді атқарудан түскен 
қаржыға  салық  салынбайды».  2006  жылдың  тамыз  айында  БҚО 
ішкі  саясат  департаменті  облыс  тұрғындары  арасында  “Батыс 
Қазақстан облысындағы діни экстремизммен күрес мәселелері және 
тұрғындар 
толеранттығы 
деңгейін 
бағалау” 
тақырыбында 
әлеуметтанулық  сауал  өткізді.  Осы  әлеуметтанулық  сауалда 
қойылған  сұрақтардың  бірі  –  «Сіздің  пікіріңізше,  ресми  тіркелген 
діни  ұйымдар  мен  қауымдардағы  ақша  айналымын  толық 
қаржылық  бақылау  қажет  пе?»  -  деген  сұрақ  болатын.  Облыс 
тұрғындарының  жартысынан  көбі  (54,8%)  мақұлдап  жауап  берді, 
яғни діни құрылымдарды толық қаржылық бақылау міндетті түрде 
болуы  тиіс  деп  санайды.  Сұралғандардың  18,5%-ы  ғана  толық 
қаржылық  бақылауды  дін  саласына  басы  артық  араласу  ретінде 
бағалайды. 
Діни салада көп миллиондаған қаржының айналыста жүргені, 
бүгінде  ешкімге құпия  емес.  Ондай  қаржы үстінен  толық  бақылау 
орнату,  әсіресе  бүкіл  әлемде  діни  лаңкестермен  күрес  мәселесі 
өткір қойылып отырған жағдайда, бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігі 
мәселесіне  айналып  отыр.  Сондықтан,  діни  саладағы  қаржы 
айналымы  үстінен  толық  бақылау  орнатудың  қандай  да  болмасын 
өте қажет және бұл идеяны облыс тұрғындарының көпшілігі қолдап 
отырғанын да ескеруіміз керек. 
 
*** 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
126 
В  данной  статье  рассматриваются  основные  направления 
взаимодействия 
социально-экономических 
сообществ 
в 
РК 
на 
современном этапе. 
 
 
 
УДК 355(574) 
Муханбеткалиев Х.С. 
полковник запаса, д.и.н., 
 доцент, декан педагогического факультета 
 ЗКГУ им. М. Утемисова 
 
ИСТОРИОГРАФИЯ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ И БАУЫРЖАН 
МОМЫШУЛЫ 
 
Народ - главный герой войны. Ныне эта формула является тем 
ключом,  который  ведет к  пониманию  сущности  и значения  нашей 
победы  во  всем  ее  объеме.  Известно,  что  исход  гигантских 
сражений  решен  не  только  героизмом  наших  воинов,  но  и 
монолитным 
единством 
и 
дружбой 
всех 
народов 
многонациональной страны. Во время войны человеческие подвиги 
измерялись  не  только  масштабами  сражений  и  объемом 
выпущенной продукции, но и самоотверженностью ее участников, 
их  необоримой  любовью  к  Родине  [1].  В  памяти  народной 
крылатые  слова  о  том,  что  «никогда  не  победят  того  народа,  в 
котором  рабочие  и  крестьяне  в  большинстве  своем  узнали, 
почувствовали  и  увидели,  что  они  отстаивают…  то  дело,  победа 
которого им и их детям обеспечит возможность пользоваться всеми 
благами культуры, всеми созданиями человеческого труда». 
Историография Великой Отечественной войны стала одним из 
важнейших  направлений  исторической  науки.  Как  составная  ее 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет