Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 4(40) шығарылым



Pdf көрінісі
бет13/25
Дата09.03.2017
өлшемі2,92 Mb.
#8614
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
частью  существовали  отдельные  мужские  и  женские  училища,  в 
селениях  же  почти  во  всех  приходских  школах  разрешалось   
совместное  обучение.  Обучение  в  учебных  заведениях  зависело  и 
от  социального  положения.  Так,  в  приходские  училища 
допускались  все  дети,  независимо  от  социального  положения  и 
вероисповедания. Мальчики принимались не моложе 8 лет, девочки 
не  старше  11-12  лет,  от  поступающих  не  требовали  платы  за 
обучение.  Приходские  училища  руководствовались  изданными  в 
1897  г.  Министерством  народного  просвещения  программами, 
согласно  которым  предметами  обучения  являлись  закон  божий, 
русский  язык,  чистописание,  четыре  действия  арифметики,  пение. 
Также,  в  зависимости  от количества  ремесленников, в приходских 
школах  учреждался  второй  класс,  где  преподавались  некоторые 
предметы  из  программ  младших  классов  уездных  училищ,  или 
организовывались  ремесленные  классы  для  мальчиков.  В  женских 
училищах  и  в  училищах  по  совместному  обучению,  где  имелись 
опытные  учительницы,  девочек  обучали  шитью,  вязанию  и 
вышиванию.  Одним  из  привилегий  сельских  училищ  края  было  в 
том,  что  они  имели  посевные  земли  и  приусадебные  участки,  на 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
153 
которых  разводились  фруктовые  сады.  Наряду  с  приходскими 
училищами  широкое  распространение  получили  и  церковно-
приходские 
школы, 
которые 
были 
подведомственными 
Туркестанскому епархиальному училищному совету. Они получили 
в  Семиреченской  и  Сыр-Дарьинской  областях  довольно  большое 
распространение. 
Однако, 
сложное 
положение 
родителей 
вынуждали  учащихся  оставлять  школы,  вследствие  чего  в 
приходских  и  церковно-приходских  училищах  была  большая 
текучесть учащихся.  
Итак,  русские  начальные  школы  в  Казахстане  получили 
широкое  распространение.  Не  было  почти  ни  одного  русского 
поселения,  в  котором  не  имелось  бы  школы.  При  этом  обучение 
охватывало почти большинство русских детей школьного возраста 
и незначительное число «инородцев». Несмотря на ряд недостатков 
этих  школ,  начальные  училища  играли  положительную  роль  в 
распространении  элементарных  знаний  среди  основной  массы 
населения.  Таким  образом,  деятельность  русско-туземных  школ 
позволяло готовить в неначительном количестве переводчиков или 
писарей  для  местной  царской  администрации;  некоторые 
выпускники  могли  поступить  в  городские  училища,  так  как  после 
его  окончания  могли  бы  свободно  получить  какую-нибудь 
должность  и  приличное  жалование.  Но  в  городском  училище 
вакансия для детей коренного населения была очень ограниченной. 
 
Список использованной литературы: 
1.
 
Обзор Семипалатинской области за 1896 год. СПб., 1897. 
2.
 
Журнал Министерства Народного Просвещения, № 2, 1908, стр. 183 
3.
 
Васильев  А.  Исторический  очерк  русского  образования  в  Тургайской 
области.  Оренбург,  1896.  стр.  171914  г.  в  Павлодаре  по  ходатайству 
местного  купечества,  казачьих  офицеров  и  Павлодарской  городской  управы 
открылась  Павлодарская  мужская  гимназия.  В  первый  год  существования 
гимназия имела два 
4.
 
Образования среди киргизов. Журн. МНП, 1905 г., декабрь, стр. 141  
5.
 
Граменицкий  С.  Очерк  развития  народного  образования  в 
Туркестанском крае. – Ташкент, 1896. 
6.
 
Граменицкий  С.М.  Положение  инородческого  образования  в  Сыр-
Дарьинской области. Ташкент, 1916, с.113 
7.
 
там же тр. 47-50 
*** 
Автор осы мақалада Түркiстан өлкесiндегi бiлiм жүйесiнiң қалыптасу 
және  даму  бағытын  қарастырады.  Өлкедегi  мектеп  бiлiмiнiң  ерекшелiгi, 
автормен көрсетiлген мектептердiң өлкесiндегi негiзгi түрлерi ашылады. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
154 
*** 
          In  this  article  the  author  considers  the  formation  and  development  of  the 
education  system  in  Turkestanskrom  province.  The  features  of  schooling  in  the 
province, the author rasskryvayutsya main types of schools in the region. 
 
 
ӘОЖ  94(574) 
Исенов Ө.  
т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық 
 институтының аға оқытушысы 
 
ТАБЫН БӨКЕНБАЙ БАТЫР ЖӘНЕ  
ОДАН ТАРАҒАН  ТАРХАНДАР ӘУЛЕТІ 
 
 «Өткенсіз  ертең  жоқ»,  -  дейді  дана  халқымыз.  Осы  қағиданы 
ескерген  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  «Мәдени  мұра» 
бағдарламасын  қабылдады.  Бұл  бағдарлама  халқымыздың  тарихи 
деректік,  рухани  байлығына  тікелей  қатысы  бар  құнды 
жәдігерлеріміздің  халық  игілігіне  айналуына  мүмкіндік  әкелді. 
Оның  аясында  қазақ  тарихының  тамырының  тереңде  жатқандығы 
дәлелденді.  
Қазақ  тарихындағы  мемлекеттік  идеология  мен  мемлекеттілік, 
оны  басқару  жүйелері  дала  демократиясына  негізделгені  белгілі. 
Хандық  жүйедегі  дала  демократиясы  билеуші  жанындағы  билер, 
батырлар,  тархандар  сынды  әлеуметтік  институттардың  ел  билеу 
ісіне  жол  ашты.  Қазақ  мемлекеттігі  сынға  түскен  жаугершілік 
заманның  жағдайында  белгілі  тұлғалар  Табын  Бөкенбай,  Шақшақ 
Бөкенбай,  Қанжығалы  Бөгенбай  батырлар,  Тама  Есет,  Шақшақ 
Жәнібек  тархандар  ішкі  тұтастықты,  бірлікті,  сақтауға  күш-
қайраттарын  жұмсап,  ел  бірлігін  жүзеге  асырды.  Үш  жүздің 
ынтымағы қалыптасты. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-
бір  дәуірді  дұрыстап  тану  мүмкін  емес.  Адам  тарихының 
айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның 
рухын,  тынысын  сезінеміз.  Сондықтан  да  халқы  мен  елінің 
алдындағы  өздерінің  перзенттік  парызын  айқын  да  анық  түсінген, 
қандай  қиын-қыстау  жағдайда  оны  адал  орындаудан  жалтармаған 
адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының нағыз азаматы 
болып  қала  бермек.  Тарихтың  қай  кезеңінде  болсын  олар  өз 
ұлтының  бетке  ұстар  мақтанышы  болып  келген»  [1]  дегені  ұлт 
қайраткерлерінің 
еліне 
қорған 
бола 
білген 
азаматтық 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
155 
жауапкершілігінің  үлгісін  атадан  балаға  жалғастырған  ұрпақтар 
сабақтастығының озық өнегесін сақтауды сезіндіргені. Қай заманда 
да ұлы тарих көшінде халқын басқарған, артына дүйім жұрт ерткен 
тұлғалар  шешуші  рөл  атқарды.  Олардың  қатарында  біз 
мақаламызға  арқау  еткелі  отырған  халық  батыры  Табын  Бөкенбай 
Қарабатырмен одан тараған тархандар ұрпақтарының ұлт азаттығы 
жолындағы күрескерлік тарихы. 
Шежірені  сөйлетсек:  Бөкенбай  Қарабатырұлы  (кейбір 
деректерде Қараұлы – деп жазылған) – Кіші жүздің табын руынан 
оның  ішінде  тарақты  бөлімінің  Жиенбет  атасынан  тараған  қазақ 
батыры.  
Шежірешілердің айтуынша, Бөкенбайдың әкесінің шын есімі -
Алдасүгір. Қарабатыр лақап аты [2]. Жазбаша деректерде Бөкенбай 
Қараұлы деп беріледі [3 с.515;516 ]. 
Шежіреде  Бөкенбай  Қарабатырұлы  деп  [4,108б.]  жазылған. 
Қазақ  шежірелеріндегі  Табын  Бөкенбайдың  әкесінің  есімі 
Қарабатыр дегені дұрыс. Ата-бабадан жалғасып келе жатқан рулық 
шежіре  нұсқасында  ата-бабалар  есімінің  дұрыс  айтылып  жетуі 
күмән  туғызбайды.  Ал,  орыс  жазба  деректеріне  түскен  есімінің 
мұрағатқа  қате  түсуі  де  және  мұрағаттық  жазбаның  жыртылуы 
немесе әбден ескіріп тозуына байланысты Қараұлы болып жетуі де 
мүмкін.  
Жазбаша  деректерден  1748  жылы  Кіші  жүз  руларының 
құрамы  туралы  орыс  жазбасына  түскен  деректерді  М.Тевкелевтен 
кездестіреміз  [5,с.406].    М.Тынышбаевтың  шежіресі  бойынша 
табын  руы:  жаман  –  керей,  бозым,  бегім,  қайыр  –  қожа  болып  өз 
ішінен төрт руға бөлінеді [6,с.28-29]. 
 Табындардың  таңбалық  белгілері  әртүрлі  болған.  Жалпы 
рулық  таңбасы  О  –  тостаған,  сонымен  бірге  шөмішті  руының 
таңбасы  да  – , тостаған,  ал  тарақты  табын  руының  таңбасы  –   
тарақ. 
Н.И.Гродековтың  жинаған  мәліметі  бойынша,  сырдариялық 
табындардың  ұраны  –  Серке,  Тостаған,  ал  табылған  дала 
материалдарына  қарағанда  батыс  табындарының  ұраны  –  Алаш 
болған [7.с.97 ]. 
Бөкенбай  Қарабатырұлы –  Алаш  ұранды,  тарақты  табын  оның 
ішінде  Жиенбет  аталығынан  тарайды.  Жиенбет  аталығынан 
тарайтындығы туралы дерек мұрағат жазбасына да түскен [8,13п. ].  
Бөкенбай  батыр  Қарабатырұлының  туған  жылына  келсек, 
шежіреде  1681  жылы  туылған  [9,29  б.],  –  деп  көрсетеді.  Ал  енді, 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
156 
белгілі зерттеуші профессор Ә.Мұқтар Бөкенбай Қараұлының туған 
жылына  қатысты  зерттеулер  бойынша  Тама  Есеттің  1667  жылы 
туғандығы  анықталғандығын  ескеріп,  Бөкенбай  Қараұлының  Есет 
Көкіұлына ағалығын және қайын ағалығын есепке алсақ, батырдың 
1667 жылға дейін дүниеге келгендігін анғаруға болады, - дейді [10]. 
Логикалық  қисынға  келетін  Ә.Мұқтардың  пікірімен  келісуге 
болады.  
Орыс  жазба  деректері  Бөкенбай  батырдың  туған  жылын 
шамамен ХVІІІ ғасырдың үшінші ширегі деп [3 с. 515], топшылап 
көрсетеді.  Олай  болса,  Табын  Бөкенбай  батырдың  туған  жылы 
туралы пікір алуандығы нақтылауды қажет етеді. 
Айтыстан  ақиқат  туады  демекші,  зерттеушілердің  Бөкенбай 
батырдың 
тарихына 
қызығушылық 
танытып, 
назар 
аударғандықтарын  ескерсек  [11],  батырдың  ғұмырнамасының 
тарихына  қатысты  пікірлер  бір  жүйеге  келтіріліп,  өмірі  мен 
қоғамдық қызметіне арналған тарихи монографиялық зерттеу еңбек 
жарық көреді деген ойдамыз. 
Бөкенбай  Қарабатырұлынан  тараған  ұрпақтарынан  батырлық 
дәстүрді  атадан  балаға  жалғаған  батырлық  даңқымен  қатар, 
тархандық  атақты  ұрпақтарына  мұраға  жалғаған  атақты  батыр 
Тіленші  тархан  балалары  –  Жоламан  Тіленшіұлы  мен  Бостыбай 
Тіленшіұлдарының есімдері мұрағат құжаттарына да түскен [8 ]. 
Сырым батыр Датұлының замандасы әрі азаттық үшін күрестегі 
жорықтас жолдасы Тіленші батыр Бөкенбайұлының да туған жылы 
белгісіз. 
Белгілі  зерттеуші  профессор  Н.Бекмаханованың:«Патша 
үкіметінің  шенеуніктері  Нұралы  ханды  биліктен  алып  тастауға 
қорықты,  тәуекел  ете  алмады,  сондықтан  XVIII  ғасырдың  80 
жылдарына  дейін  хандықты  қолдады.  Сырым  батыр  бастаған 
қозғалыстан  кейін  ғана  хандықты  жоюға  шешім  қабылдады.  Кіші 
жүзде 
1783 
жылы 
губернатор 
О.Игельстром 
ұсынған 
дистаночнойлық  реформасы  Қазақстандағы  патша  үкіметінің 
заңдарын  қазақ  қоғамына  енгізу  шараларының  ең  алғашқы 
бастамасы болды» [12, с.185] деген пікірі патша үкіметінің дәстүрлі 
хандық  билікті  жоюдағы  әрекеттерін  жүзеге  асыра  алмауларына 
басты  кедергі  халық  рухы  дәстүрлі  батырлар  институты 
болғандығын көрсетеді.  
Мұнан  біз  Сырым,  Тіленші,  т.б.  қазақ  батырларының  патша 
үкіметінің  отаршылдық  саясатын  жүзеге  асыруда  тегеурінді  күш 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
157 
болып,  отаршылдардың  қазақ  даласына  ішкерілеп    енулеріне 
мықты кедергі күш болғандығын көреміз. 
Батырлар  институтының  қазақ қоғамындағы    әлеуметтік  саяси 
құрылым  жүйесіндегі  бұқара  халықтың  өкілін  білдіретін  күш 
екендіктерін  таныған  патша  үкіметі  батырлар  институтының 
өкілдерінің  күшін  дәстүрлі  мемлекеттік  билік  хандық  институтты 
жоюға пайдаланудың түрлі жолдарын өздерінше іздестіре бастаған.  
Орал  әскери  кеңесінің  есебі  бойынша,  1785  жылдың  басында 
Барақ  батыр  2000  сарбазымен,  Тіленші  батыр  1500  адамымен 
Сырым  батыр  жасағына  қосылып,  патша  үкіметінің  отаршылдық 
саясатына қарсы қарулы күресте күш біріктіреді [13, с.28]. 
Мұрағаттанушы 
Р.Сариева 
еңбегінде: 
«1786 
жылы 
О.А.Игельстром  Кіші  жүзге  қараған  Кіші  орда  көлемінде  билер 
шешімін жойып, ресейлік жазалау органын құрады. Бұл зұлымдық 
саясаттың  бетін  бүркеу  үшін  Байұлы,  Әлімұлы  мен  Жетірудың 
әрқайсысынан  бір-бір  өкіл  енгізді.  Бірақ,  бұл  саясат  үлкен 
қарсылыққа 
ұшырады. 
Соған 
қарамастан, 
1789 
жылы 
О.А.Игельстром  Кіші  орданы  6  бөлікке  бөлді.  Ондағы  ойын 
губернатор  ІІ  Екатеринаға  27  қараша  1785  жылы:  «Кіші  орданы 
бұлай  бөлшектеу,  әрине,  Сіздің  императорлық  мәртебеңізге  өте 
пайдалы», – деп мәлімдегендігі айтылады [14, 206 б.]. Бұл деректер 
патша  әкімшіліктерінің  «бөліп  ал  да,  билей  бер»  саясатына  қол 
жеткізуге жоспарлы кіріскендерін дәлелдейді. Бұл – бір. Екіншіден, 
дәстүрлі қазақ мемлекеттігін жоюдың түрлі жолдарын қарастырып 
әкімшілік реформалар енгізді.  
Ізденістер  нәтижесінде  патша  үкіметі  хандықты  жоюдың 
өздеріне  сөз  келмейтін  құйтырқы  саяси  амалдарына  көшкен. 
Мәселен,  1786  жылдың  3  маусымында  патшайым  II  Екатеринаға 
хат  жолдап,  Нұралы  ханды  биліктен  алыстату  үшін,  Ресейге 
шақыртып  алып,  сонда  оны  мәңгіге  жібермей  ұстап  қалу 
жоспарларын  іске  асыруларына  рұқсат  сұрайды.  Патшайым 
келісімін  алған  олар,  Нұралы  ханға  Орынборға  нөкерлерімен 
келуіне  арнайы  шақырту  жібереді.  Орынборға  келген  Нұралы  хан 
Әбілқайырұлын нөкерлерімен Уфаға аттандырады. Нұралы ханның 
Уфада қалдырылуының себебін, патша үкіметінің шенеуніктері хан 
өмірінің  қауіпсіздігі  үшін  жасалып  жатқандығын  тілге  тиек  еткен. 
Мұнан  кейін  О.А.Игельстром  халықтың  еркін  білдіретін  Сырым 
батырмен  ғана  байланыс  жасап,  сұлтандарды  биліктен  ығыстыру 
арқылы  сұлтандар  мен  ру  басылары  би-батырларды  бір-біріне 
наразы етіп айдап салу саясатын ұстанады. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
158 
Патша  үкіметі  отаршылдық  мақсаттарын  жүзеге  асыру  үшін, 
Кіші  жүзде  1787  жылдың  19  қарашасында  бас  старшындық 
қызметке жеті  адамды  бекітеді.  Олар  –  Әлімұлы  руынан:  Сарытай 
би, Қаракөбек би Құшайбиұлы (Қосбайұлы), Мұратбек Айбашұлы. 
Байұлы руынан: Сырым Датұлы, Қаратау би Ғұмырыұзақұлы. Жеті 
рудан:  батырлар  –  Тіленші  Бөкенбайұлы,  Жанболат  Қарабанұлы 
[15, с.100].   
Бас старшындыққа тағайындалғандардың әрқайсысына жылына 
100 рубль күміс ақша мен жалақы және үш шертпек нандық астық 
беруге  және  Кіші  жүздің  старшындары  мен  сұлтандарын  бас 
старшындарға бағынуы туралы жоғарыдан үкімет бұйрығын түсірді 
[15, с. 100].  
Патша  үкіметі  1787  жылдың  19  қарашасында  Сырым  Датұлы 
мен  Бөкенбай  Тіленшіұлына  бас  старшындық  атағымен  бірге 
ұрпақтарына  мұраға  кететін  тархан  атағын  беріп,  Ресей 
патшайымының  қолы  қойылып  патша  сарайының  мөрі  соғылған 
тархандық грамотаны қоса тапсырады [16, с.230].  
Патша үкіметі біріншіден, қара халықтың өкілінен шыққан бас 
старшындар  арқылы  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  билігіне  патша 
әкімшілігінің  тікелей  араласуын  көздеді.  Екіншіден,  билікті  бас 
старшындар қолына беру арқылы «ақсүйек» хан-сұлтандар билігін 
шектеу болатын. 
Бас  старшындар  міндеті  біріншіден,  Ордада  тәртіп  пен 
тыныштықтың  сақталуына  жауапты  болды.  Екіншіден,  бас 
старшындар  генерал-губернатордың,  шекаралық  экспедицияның 
және  расправаның  жіберген  барлық  жарлық-нұсқауларын  орындап 
отыру.  Үшіншіден,  қарапайым  старшындардың  қызметтеріне 
бақылау  жасау  мен  расправалардың  жұмысын  қадағалап,  бақылау 
[16, 
с.230].  Бас  старшындар  міндетінен  байқайтынымыз: 
біріншіден,  рубасы  билері  мен  белгілі  батырларына  бас  старшын 
атағын  беру  арқылы  қазақ  қоғамының  дәстүрлі  билік  өкілдерін 
патша  үкіметіне  қызмет  етуге  тартуды,  жергілікті  жердегі  патша 
үкіметінің  сенімді  шенеуніктеріне  айналдыруды  көздеген. 
Екіншіден,  Кіші  жүздегі  тыныштықты  бас  старшындардың 
бақылауы  арқылы  жүзеге  асыру  болатын.  Үшіншіден,  патша 
үкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  наразылық  білдіретін 
белгілі батыр-билерге бас старшын атағын беру арқылы оларды өз 
жақтарына  тарту  үшін  мансап,  атақ-дәреже  беріп,  олардың 
қарсылығын  болдырмаудың  алдын  алумен  отарлық  сананы  сіңіру 
болатын.  

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
159 
Осы кезде патша үкіметінің бас старшындық лауазымнан басқа 
Сырым  Датұлы  мен  Тіленші  Бөкенбайұлына  ұрпағына  кететін 
тархандық 
атағын 
берулерінің 
саясатына 
келсек: 
қазақ 
қоғамындағы  сұлтандар  институтының  дағдарысын  қолдан  жасау 
мақсатында,  өздері  ХVІІІ  ғ.  40  жылдарынан  бастап  дәстүрлі  қазақ 
қоғамына енгізген тархандар институтын одан әрі дамыта түсті. Бұл 
– бір. Екінші, тархандардың әлеуметтік статусын көтеру арқылы ақ 
сүйек  өкілдері  сұлтандардың  дәрежесін  қара  сүйек  өкілдері 
тархандармен  теңестіру  еді.  Үшінші,  қазақ  қоғамындағы  дәстүрлі 
хандық биліктің мұрагерлерінің өкілдері сұлтандарға тархандардың 
дәрежесін теңестіруді қолдан жасап, сұлтандар дәуренінің тағдыры 
патша  үкіметінің  қолында  екендігін  сездіру  болатын.  Белгілі  би-
батырларға бас старшындық мансап және тархандық грамота беріп, 
жалақы  тағайындап  патша  үкіметіне  қызметке  тарта  бастады. 
Патша  үкіметінің  қазақ  қоғамының  дәстүрлі  әлеуметтік 
институттар  жүйесіне  енгізген  старшындық  және  тархандық 
институттар 
дәстүрлі 
қазақ 
қоғамының 
саяси-әлеуметтік 
институттарының  құрылым  жүйесіне  Ресей  патша  үкіметі 
тарапынан  енгізілген  әлеуметтік  институттарының  бірінші  үзбе 
жүйесі болды. 
 
 
       Қазақ 
қоғамында 
старшындар 
институты 
өкілдерінің 
қолдарында  рулық  ішкі  билік  басшылығы  болды.  Олар  ауылдың 
көшпелі  ұжымына  басшылық  жасады.  Себебі,  ауыл  адамдарына 
старшындар  жақын  болды.  Патша  үкіметі  тархан  старшындар 
қолдауына  хан-сұлтандардың  да  сүйенуіне  мәжбүр  болатын  саяси 
билік құрылымын жоспарлы түрде қолдан жасады. 
Мәселен,  О.А.Игельстром  өзінің  ІІ  Екатеринаға  берген 
хабарламасында:  Ордада  бодандық  міндеттерін  адал  атқаратын 
күшті  адамдарды  өз  жақтарына  тарту  үшін,  қаражат  беру 
қажеттігін, сондай-ақ, бұл қойылған бас старшындар өздері күткен 
қызметтерін  көрсетіп  болғанша,  жалования  берілетінін,  ал  бас 
старшындардың  қызметі  қажет  болмай  қалған  күнде  олардың  
қызметінен  бас  тартып,  қаржыландыруды  тоқтататын  жоспарын 
күні бұрын жеткізді [15, с.98-99].  
Губернатор Игельстромның бұл жоспарында тархандар туралы 
ештеңе  айтылмайды.  Осыған  қарағанда,  патша  үкіметі  Тіленші 
Бөкенбайұлы  мен  Сырым  Датұлына  тархандық  атақты  бас 
сатаршындық атақпен қоса берулерінің өзіндік саяси себебі барын 
аңғарамыз.  Сырым  тархан  мен  Тіленші  тарханның  тұлғалық 
қабілеті мен халық арасындағы беделдерімен патша үкіметінің ұзақ 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
160 
уақытқа  дейін  санасуларына  тура  келетіндіктерін  білгендіктен 
тархан атағын қоса бергендігі күмән туғызбайды. 
Патша  үкіметі  тархандық  грамотаны  елдің  ең  танымал 
тұлғаларына  беру  арқылы  ел  ішіндегі  олардың  беделдерін 
пайдалануды көздеген. 
Тархандар  тек  өздеріне  қарасты  ауылдарға  ғана  жауапты 
болмады. Мысалы, 1788 жылы Сегізбай тархан Көлбекұлы, Сыпыра 
Қарабатырұлы,  Көккөз,  Тұрымбет  билер  бастаған  ақсақалдар 
ордадағы барлық мәселеде кеңес беріп отыратын ақсақалдар билігі 
кеңесінің алқасын құраған [15, с.117].  
Көзге түскен тұлғаларды патша үкіметі өздеріне тарта білумен 
қатар,  бұқара  халықты  да  алдарқатуды  назарларында  ұстады. 
Мәселен,  1789  жылы  наурыз  айында  Кіші  жүздегі  жетірулықтарға 
арнайы  патшайым  II  Екатерина  атынан  Петербордан  алғыс 
грамотасын жіберген. Грамотада:  «...Жетірулықтар, бодандық адал 
қызметтеріңіз  және  тыныштықты  сақтап  отырғандарыңыз  біздің 
көңіл  бөліп  алғысымызды  білдіруімізге  лайықты»,  –  делінген 
[5,с.132].  Мұнда  патша  үкіметі  біріншіден,  алғыс  грамоталары 
арқылы 
халықты 
алдарқатып, 
отаршылдық 
саясаттарына 
қарсылықтарын  білдіріп,  бас  көтермеулер  бодырмаудың  алдын 
алудағы жұмсақ саясат айласы болатын. Екіншіден, Нұралы ханның 
елге  қайтпауының  себебін,  халыққа  елде  түпкілікті  тыныштық 
орнағанша  ұстап  отырғандай  сыңай  танытудағы  астарлы 
отаршылдық  саясаттарын  сездірмеудің  қулығын  да  байқауға 
болады.  Үшіншіден,  Табын  Тіленші  тарханның  патша  үкіметінің 
саясатына  наразылығы  туған  жағдайда  жетірудың  жұртына  деген 
«ақ патшаның» алғыс сеніміне лайықты болуға тыныштық сақтауға 
шақырған үндеуі деп білуге болады. Өйткені патша үкіметі Тіленші 
тархан  Бөкенбайұлының  басшылығымен  1500  адамнан  тұратын 
халық  жасағының  патша  үкіметі  отаршылдық  саясатына  қарсы 
көтерілгенін ұмытпаған болатын. 
Үкімет  орындарының  тіркеп  отырған  мәліметтік  жазба 
деректерінде,  Тіленші  тарханның  медреседе  оқып  жатқан  екінші 
ұлын  қыс  мезгілінде  үйінен  оқытуға  келіскен  молда  екеуін 
Орынбордан  келе  жатқан  беттерінде  Орал  атаманы  полковник 
Д.Донсков  себепсіз,  үш  ай  ұстап  барып  жіберген.  Ауыр 
науқастанған Тіленшінің ұлы үйіне жетіп қайтыс болған. Мұнымен 
қоймай, атаман Д.Донсков жіберген әскерлер диқаншы қазақтардың 
ауылын  тонап,  ерлері  мен  әйелдері  аралас  18  адамды  өлтіріп,  екі 
адамды  өздерімен  бірге  алып  кеткен.  Мүліктері  мен  малдарын 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
161 
тартып  әкеткен.  Екі  қазақ  тұтқыны  Уральской  защитеде  қаза 
болады  [15,  с.150-151].  Осындай  келеңсіз  оқиғалардың  арты  кісі 
өліміне  апарып  соқтырған.  Ашынған  Тіленші  тархан  Шерғазы 
сұлтанға  патшайым  атына  ашық  хат  жаздырып,  1794  жылдың           
4  қаңтарында  шағым  түсіреді.  Онда  орыс-казактар  мен  башқұрт 
старшындары  тарапынан  жасалған  жүгенсіздік  пен  озбыр 
барымталарын  баяндай  отырып,  ұрлық  пен  шекара  барымтасын 
тоқтатуда  патша  әкімшілігі  өзіне  бағынышты  халыққа  тәртіп 
берулерін  сұрап,  184  адам  қол  қойған  талаптарын  тапсырады  [15, 
с.168].  
Қазақ тархандары мен би-батырлары елде тыныштық сақтауда 
бейбіт  тұрмысты  қалайтындарын  баяндап  жеткізіп,  үкіметтен 
әділдік  күтті.  Талаптары  орындалмаған  соң,  қарулы  көтеріліске 
шықты. Ресей патша отаршыларына қарсы соғысқан, Сырым тархан 
Датұлының  жорықтас  жолдасы  Тіленші  Бөкенбайұлы  1800  жылғы 
ұлт-азаттығы үшін күрестегі қарулы қанды қақтығыста қаза болады 
[17, 5б.].  
Жалпы  XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ  қоғамындағы  батырлар 
институтын  тархандар  институтына  ауыстыру  арқылы  батырлар 
институтының 
рухтық 
құндылықтарын 
жойып, 
қазақ 
батырларының  санасына  отарлық  сананы  енгізуді  мақсат  тұтқан 
патша  үкіметінің  үміті  ақталмады.  Батырлық  рух  сақталып, 
ұрпақтан ұрпаққа ұласып сабақтасып отырды.  
Батырлар  ұрпақтарының  ұлт-азаттығы  үшін  күрестерінің 
сабақтастығы  тарихымыздағы  Бөкенбай  батырдың  ұлы  Тіленші 
тарханға  оның  ұлы  Жоламан  тарханның  ұлт-азаттығы  үшін  күрес 
тарихымен жалғасты.  
Жоламан  тархан  туралы  патша  үкіметінің  офицері  әскери 
статистик  И.Ф.Бларанберг  Жоламан  тарханның  туының  астына  3 
мыңдай  адам  жиналып,  өлкені  үрейде  ұстағандығын  мәлімдей 
отырып,  одан  әрі:  «Ценой  крови  купили  казаки  обладание 
плодоносными берегами Илека; старинные владетели его не раз под 
предводительством своих батырей собрались огромными толпами и 
дрались  на  смерть,  желая  лутше  расстаться  с  жизнью,  нежели  с 
кочевьем  предков»  деп  жазды  [18,  с.96  .].  Шындығында,  бүгіндегі 
тарихи  зерттеулермен  құжаттық  деректер  Жоламан  тарханның 
өзінің  жасақтарымен  Орта  жүз  жеріндегі  ұлт-азаттық  қозғалысқа 
қатысып,  Хиуа  мен  Бұхар  хандықтарына  барып,  Ресей 
патшалығына  қарсы  күш  біріктіруге  одақтас  болуға  шақыруы 
патша  үкіметінің  басқыншылық  саясатына  қарсы  көршілес 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
162 
мұсылман 
халықтарының 
басын 
қосуға 
талпынғандығын 
дәлелдейді. 
1841  жылдың  қыркүйек  айының  басында  Бұхармен  келіскен 
хан  Кенесарының  Ташкентке  бет  алған  әскері  құрамында  Табын 
рулары  да  болды.  Жоламан  тархан  бастаған  табындар 
ауылдарының  Хиуа  бағытына  көш  түзеулеріне  түрткі  болған 
себебін  Ә.  Мұқтар:  «Патша  әскерлері  Кенесарының  соңына  түсті. 
Жағдай  оңалмаса  сұлтан  Кенесары  Бұхарға  кетуге  мәжбүр 
болатынын және патша үкіметі 1000 қазақты Кавказға жібермекші 
деген әңгімелердің тарауы түрткі болғанын көрсетеді» [19, 177-178 
бб.].  Біздің  пікірімізше,  патша  үкіметі  мұндай  әңгімелерді  әдейі 
таратып,  Жоламан  тарханның  ауылымен  Хиуаға  қарай  көшуін 
қалады. Мұндағы көздеген мақсаты Жоламан тархан мен Кенесары 
хандардың  патша  үкіметіне  қарсы  ұлт-азаттығы  көтерілісінің 
шынайы  мақсатын  бұрмалау  үшін,  көтеріліс  басшыларын 
қазақтарды  Хиуаға  бағындыру  мақсатында  патша  үкіметімен 
соғысқан  етіп  көрсету  болғандығы  күмәнсіз.  Ойымызды  қазақ 
даласына жіберілген патша үкіметінің әскери жорықтарында болған 
Орынбор,  Орал  казактары  мен  башқұрт,  мишарлардың  Орынбор 
арнайы  әскери  корпусының  құрамында  болған  кезіндегі  жазылған 
қолжазба  деректері  ойымызды  қуаттай  түседі.  Онда:  «...XIX 
ғасырдың  30-40  жылдары  қазақ  даласында  қазақтарды  Қоқан 
хандығына 
бағындырғысы 
келген 
Кенесары 
Қасымов 
жасақтарымен нағыз соғыс болып жатты», – деген кереғар пікірлер 
бүгінге  дейін  айтылуда  [20  с.218  ].  Патша  үкіметінің  сол  кездегі 
арнайы таратқан теріс пікірлерін бауырласа башқұрт тарихшылары 
талдап,  талғамай-ақ  дерек  көзі  ретінде  бүгінгі  күнге  дейін 
пайдалануда.  
Жоламан тарханның 500 жылқысы, 2000 ұсақ жандықтары, 50  
түйесі,  көптеген  ірі  қара  малы  болған.  Ауқатты  адам  санатына 
қосқан. Тархан батырдың 10 ұлы болған. 2 бауыры – Есенаман мен 
Әжібайда 9 ұл,  ал Едіге  бауырынан  қалған  6  ұл  болған.  Бұлардың 
барлығы  Жоламан  тархан  Тіленшіұлымен  бірге  көшіп  қонып 
жүрген  [17,5  б.].  Бұл  деректерге  қарағанда,  Жоламан  тархан 
ауқатты,  бай  қуатты  бола  тұра  байлыққа  алаңдамаған.  Жеке 
меншік, дәулет, байлыққа деген жалтақтық психологиясы болмаған, 
тәуелсіздік  пен  халқының  азаттығын  дәулет  пен  жеке  басының 
мүддесінен  жоғары  қойған  отаншыл  елжандылық  қасиетімен 
танылған тұлға. Жоламан тарханды «Малым – жанымның садағасы, 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
163 
Жаным  –  арымның  садағасы»  деген  принципті  ұстанған  адам 
болған деуімізге толықтай негіз бар. 
Жоламан  тархан  бастаған  көтерілісшілерге  қарсы  500 
орынборлық  казактардан  құралған  жазалаушы  отряд  жорыққа 
жіберілді.  1825  жылы  наурызда  мықты  қаруланған  жазалаушы 
отрядтар Бұлдырты, Шиелі және Талды өзені бойындағы жүздеген 
қазақ  ауылдарын  талқандады.  Қазақтар  қайтпас  қайсарлықпен 
қорғанды.  Қанды  қақтығыстан  қазақтардан  195  адам  өлді,  125 
тұтқынға  алынды,  оның  ішінде  әйелдер  мен  балалар  да  бар.  Олар 
Орал  түрмесіне  әкетілді,  онда  өте  ауыр  жағдайда  ұсталған 
тұтқындардың көбісі түрмеде аурудан қайтыс болды. Ал, Жоламан 
тарханның  сағын  сындырмақшы  болған  патша  үкіметі  оның 
көтеріліске  қатысқан  алты  бірдей  туыс  бауырын  Орал  түрмесіне 
қалдырмай ит жеккенге айдатып жіберді [21. с.158-159].  
Ғалым Ж.Қасымбаев еңбегінде 1846-1847 жылдары Кенесары 
оңтүстік  аудандарға  шегінгенде  патша  әскерлерінің  қуғынынан 
шегінген,  Табын  Байқадам  бидің  соңынан  ерген  Шөмішті 
табындардың  бір  бөлігінің  Қоқан  елінен  пана  тапқандығы 
айтылады [22, 34 б.].  
Жоламан  тархан  Тіленшіұлы  царизмге  қарсы  барлық 
батырлар  мен  қоқан,  хиуа  халықтарының  басын  қосу  қамында 
жүрген кезінде Ташкент құшбегі өлтірген [23, 131 б.].  
Бұл  деректерге  қарағанда,  ұлт-азаттық  көтеріліс  көсемі 
Жоламан  Тіленшіұлы  Қасым  төренің  кебін  киіп,  Ташкент 
құшбегінің  қолынан  қаза  табуы  шындыққа  жанасады.  Ташкент 
құшбегінің  Жоламан  Тіленшіұлын  өлтіруінің  себебіне  келсек: 
бұхарлықтар мен Жоламан тархан одақтасып қоқандықтарға қарсы 
күш  болады,–  деп  қорқуларынан  туындаған  болуы  мүмкін.  Бұл  – 
бір.  Екіншіден,  Жоламан  Тіленшіұлының  жұмбақ  жағдайдағы 
қазасына патша үкіметінің де қатысы болды деген ойға жетелейді. 
Өйткені,  1848  жылғы  23  қазанда  әскери  старшын  Арыстан 
Жантөрин  шекаралық  комиссияға  Жоламан  тарханның  қайтыс 
болғандығы туралы мәлімет береді. [17,5б.]. Осыған қарғанда, ұлт- 
азаттығы  көтерілісінің  ұйымдастырушысы,  әрі  басшысы  Жоламан 
тарханның  ізіне  көп  жылдар  бойы  шам  алып  түскен  патша 
үкіметінің 
батырдың 
қазасына 
қатысы 
болмаса, 
үкімет 
басшыларына  берген  арнайы  рапорттары  міндетті  түрде  жазбаға 
түсіп тіркелген болар еді.  
Ал,  1848  жылғы  23  қазандағы  Жоламан  Тіленшіұлының 
қайтыс  болуының  себебі  баяндалмай  жай  ғана  хабарлама  түрінде 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
164 
берілуінің өзі батырдың қазасына патша үкіметінің пұлға жалдаған 
жансыздарының  тапсырмаларын  нақты  орындағандығы  туралы 
ресми хабарлауы болып көрінетін ой туғызады. 
Кезінде  М.Вяткин  ұлт-азаттық  қозғалыс  туралы  «Жоламан 
тархан  қозғалысы кең  аймақты қамти  алмады,  тек  Жеті  руды  ғана 
қамтыды» деген пікір білдірген болатын [24 с. 229].  
Энциклопедист  –  ғалым  Телжан  Шонанұлы:  «1836-1838 
жылдары  Исатай  Тайманұлы  мен  Жоламан  тархан  Тіленшіұлдары 
бастаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтерілістер – жер үшін болған 
көтеріліс,  «жер  тағдыры  –  ел  тағдыры»  [25,  263  б.],  –  деген  еді. 
Олай  болса,  жер  үшін,  ел  үшін  болған  бұл  көтеріліс  қазақ 
мемлекеттігін  сақтап  қалу  үшін  қан  төгілген  ұлт  азатық  көтеріліс 
дегенге келіп саяды. 
Төрелер  тарихына  ден  қойып  зерттеген  ғалым  Ж.Қасымбаев 
Кенесарының  туының  астында  топтасқан  серіктерінің  арасында 
азаттық  соғыстың  мүддесіне  аяғына  дейін  берілген,  қанды 
шайқастарда  ерлігімен  көзге  түскен  үш  жүздің  батырларынан: 
Ағыбай, Аңғал, Байсейіт, Туғанас, Тобылды, Таймас, Жеке, Табын 
Бұқарбай,  Бұғыбай,  Жауке,  Сұраншы,  Иман,  Төлебай,  Наурызбай 
т.б.  қатар  Жоламан  Тіленшіұлының  да  есімін  атайды  [22,  61  б.]. 
Осыған қарағанда, Жоламан тарханның көтерілісінің географиялық 
аймағы  М.Вяткин  айтқандай,  тек  Жеті  руды  ғана  қамтыды  деген 
пікірдің жаңсақтығын дәлелдей түседі. 
1848  жылы  көтеріліс  ошақтарын  басқан  патша  үкіметі  Орта 
жүзде салық мөлшерін өсіруге қорықты. 1848 жылы берілген үкімет 
бұйрығында:«...Орта жүз қазақтарының мал басына төлейтін жасақ 
салығының мөлшері 1849 жылдан 1855 жылға дейін көтерілмесін» 
деген арнайы үкімет бұйрығын түсірді [26 с.119].  
Мұнан 
біріншіден, 
ұлт-азаттығы 
көтерілісінің 
қайта 
жандануынан  қорыққан  патша  үкіметінің  әрекетін  көреміз. 
Екіншіден,  патша  үкіметінің  қазақ  даласындағы  патша  үкіметінің 
отаршылдық  саясатына  қарсы  көтерілістің  қайта  жандануынан 
қорыққан  патша  үкіметі  салық  саясатын  қайта  қарап  жеңілдіктер 
жасауға мәжбүр болды. 
Қорыта  келе  айтпағымыз,  Жоламан  тархан  бастаған  ұлт-
азаттық  көтерілісі  (1823-1848  жж.)  сәтсіздікпен  аяқталғанымен, 
Ресей  патша  өкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  ХVІІІ 
ғасырдың  50  жылдарындағы  Тама  Есет  тарханның  башқұрт 
бауырлармен  бірге  бастаған  (1755-1756  жж.)  [27]  отаршылдыққа 
қарсы  ұлт-азаттығы  күресінің  және  Сырым  тархан  Датұлы  мен 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
165 
әкесі  Тіленші  тархан  Бөкенбайұлы  бастаған  (1783-1797  жж.)  ұлт- 
азаттық қозғалыстарының жалғасы болды. 
Тәуелсіздікке  қол  жеткізу  жолындағы  Бөкенбай  батырдың 
ұрпақтары  әкелі-балалы  тархандардың  ұлт  азаттығы  жолындағы 
қандары  текке  төгілмеді.  Ғасырлар  бойы  жалғасқан  ұлт-азаттық 
үшін  күрес  нәтижесі  –  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіз  ел 
болуына қол жеткізді.   
ХVIII-ХIX ғғ. батырлық дәстүрді атадан балаға жалғаған батыр 
тархандардың қоғамдық саяси қызметтері бүгінгі ұрпақ үшін, жерін 
халқын 
сүюде 
елжандылық 
пен 
ұлтжандылық 
сананы 
қалыптастыруда  өнеге  боларлық  тағылымы  бар  тарих  екендігі 
дәлелденді [28]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Назарбаев  Н.Ә.  Жасай  бер,  тәуелсіз  Қазақстан!  Тәуелсіздік  күніне 
арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 1998. 
16 желтоқсан.  
2.  Жақсат  Қарылғашов.  Бөкенбай  баһадур:  ескерусіз  ерлігімен  отты 
рухы.  //Ана  тілі,  –  27  қыркүйек,  2007.  (7  б.);  Қалдыбай  Бектібайұлы 
Құттымұрат. Тарақты табын шежіресі. – Ақтөбе, 2009. – 150 б.(30 б.) 
3.  История  Казахстана  в  русских  источниках  ХVІ-ХХ  веков.  Первые 
историко-этнографические описания казахских земель. Первая полавина ХІХ 
века / Сост. И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев – Алматы: Дайк-Пресс, 2007.– Т. 5.– 
620 с. 
4. Маданов Х. Кіші жүз шежіресі, – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 
1993, –          168 б. 
5.Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ веках (Сборник документов и 
материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с. 
6.Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – 
Ташкент, 1925. 
7.  Восторгов  В.В,  Муканов  М.С.  Родоплеменной  состав  и  расселение 
казахов (конец XIX – начало XX в). – Изд-во Наука Казахской ССР Алма-Ата 
1968. – 256 с. 
8. ҚР ОММ. 4 – қор, 1–тізбе, 4901– іс. 
9.  Қалдыбай  Бектібайұлы  Құттымұрат.  Тарақты  табын  шежіресі.  – 
Ақтөбе, 2009. –150 б. 
10.  Мұқтар  Ә.Қ.  Бөкенбай  батыр  туралы  не  білеміз  //Ана  тілі,  –  14 
наурыз, 2008 
11. Қарылғашов. Ж. Бөкенбай баһадур:ескерусіз ерлігімен отты рухы. // 
Ана  тілі,  –  27  қыркүйек,  2007.  Мұқтар  Ә.Қ.  Бөкенбай  батыр  туралы  не 
білеміз  //  Ана  тілі,  –  14  наурыз,  2008;  Соныкі,  Бөкенбай  батыр.  //Алтын 
Орда, – 1-7 мамыр, 2008.  

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
166 
12.  Бекмаханова  Н.  Легенда  о  Невидимке  (Участие  казахов  в 
Крестьянской войне под руководством Пугачева в 1773-1775 годах ). – Алма-
Ата: Казахстан, 1968. – 190 с. 
13. Нусупбеков А.Н. Вопросы истории Казахстана (Избранные труды). –
Алма-Ата: Наука, 1989. – 344 с. 
14.  Сариева  Р.Х.  Мұрағат  және  тарих:  (мақалалар,  баяндамалар).  – 
Алматы: Арыс, 2004. – 292 б. 
15. Материалы по истории Казахской ССР. Т.ІV. (1785-1828 гг.) – М.-Л.
:

Изд-во АН СССР, 1940. – 543 с. 
16. Вяткин М. Батыр Сырым. – Алматы: Санат, 2002. – 344 с.  
17.  Мұқтар  Ә.  Жоламан  батыр:  «Мен  қарақшы  емеспін,  Ресеймен 
соғысып жүрмін» // Егемен Қазақстан – 2008. 19 наурыз.  
18.  Бларамберг  И.Ф.  Военно-статическое  обозрение  земли  киргиз-
кайсаков  Внутренней  (Букеевский)  и  Зауральской  (Малой)  Орды 
Оренбургского  ведомства  //  Военно-статическое  обозрение  Российский 
империи. Т. 16. ч – 1, –СПб., 1848. – 322 с. 
19.Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIII-XIX ғғ.). Ғылыми мақалалар 
жинағы. – Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. – 240 б. 
20. Историко-културный энциклопедическиий атлас Республики 
Башкортостан. – М.: ИПЦ«Дизайн. Информация. Картография», 2007. – 696 
с.:ил.,карт. 
21.Рязанов  А.Ф.  Сорок  лет  борьбы  за  национальную  независимость 
казахского народа (1797-1838 гг.) Очерки по истории. В 2-х частях. – Кзыл-
Орда, – 1926, – 298 с. 
22. Қасымбаев Ж.Кенесары хан. – Алматы:Қазақстан, – 1993, – 112 б. 
23. Әбдікәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін) оқу 
құралы . – Алматы республикалық баспа кабинеті. – 1997. – 403 б. 
24.  Вяткин  М.Очерки  по  истории  Казахской  ССР.  том  первый  с 
древнейших времен по 1870 г. – ОГИЗ Госполитиздат –1941. – 368 с. 
25. Шонанұлы Т. Жер тағдыры-ел тағдыры. 2 басылуы (көмекші оқу 
құралы). –Алматы Санат 1995. – 224 б. 
26.  Отепова  Г.Е.Законодательные  акты  Российской  империи  осистеме 
налого облажения в казахстане в XVIII-XIX веках // Отан тарихы 2008, №2 
(42) –112-125 б.  
27.  Исенов  Ө.И.  Тама  Есет  батыр  (Опат  болған  жылы  мен  жұмбақ 
өлімі хақында) // Қазақ тарихы республикалық ғылыми-әдістемелік журнал – 
№ 5-6.2008. – 27-29 бб. 
28.  Исенов  Ө.И.  Қазақ  қоғамындағы  тархандар  институты  тарихы                        
(ХVІІІ-ХІХ ғғ.) : Тарих ғылым. канд. ... диссер. – Қостанай. 2009, – 161 б. 
 
*** 
Автор, ссылаясь на исторические источники, рассматривает жизнь 
Табын Таукенбай-батыра и его потомков – поколения тарханов. 
*** 
Rebering to historical resourses the author considers the life of Tabyn 
Bukenbay-batyr and his descendents – generations of tarkhans. 

Вестник №4 - 2010г.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 
 
 
167 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет