Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты



бет3/7
Дата09.02.2023
өлшемі202,63 Kb.
#66549
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
kz 54178 273843 1572337261

Экономикалық дискурстағы кейбір семантикалық жаңартпалар. Кез келген тілдің сөйлеу мәдениетіне тілдің және бейтілдік факторлар, соның ішінде өзге тіл де әсер етеді. Экономикалық дискурстағы қазақ тіліне: қазақстандық қоғамның демократия жағынан дамуы, қала мен ауылдағы адамдардың әлеуметтік өмір салтының өзгеруі, жаңа дәстүрлердің туындауы қоғамдық өмірдің басқа да салаларына қатысты тілдік жаңалықтардың пайда болуына ықпал етеді. Экономикалық дискурстың тілі тілдік бірліктер мен грамматикалық формалардың әртүрлілігімен, әртүрлі жанрдағы лексиканы, терминдерді, жаңа сөздерді қолданумен ерекшеленеді. Бүгінгі экономикалық мәтіндерде жаңа сөздер, оның ішінде семантикалық жаңа сөздер көптеп кездесетіні белгілі. Қазіргі экономикалық дискурс мәтіндерінде жиі қолданылып жүрген кейбір жаңартпаларды біз, үш тұрғыдан қарастыруды жөн санадық.

  1. Экономикалық дискурста бұрыннан бар кең қолданыстағы сөздер.

  2. Қазақ және орыс тілдерінде экономика саласында ортақ қолданыстағы жаңа сөздер.

  3. Қазақ тілінде баламасы жоқ жаңа қолданыстар.

Мәселен, Барлауға жұмсаған шығындарға мыналар енгізіледі: геологиялық барлау топтары тікелей пайдаланатын негізгі құрал-жабдық (жылжымалы құрал, нәубетшілік телімдердің жабдығы, құрал-саймандар т.б.) өтелімі; топографиялық, геологиялық, геофизикалық зерттеулерге жұмсалған шығындар [Егемен Қазақстан, 06.03.2018]. Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Біріншісі, макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайлармен де байланысты [Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтынан алынды]. Экономика саласындағы және басқа өндірісті-шаруашылық қызметіндегі кез келген кәсіпорынның, материалды және материалды емес активтерді құру үшін олар инвестициялау керек. Осы жұмыстың басты мақсаты бағалы қағаздардың оптималды қоржынын статистикалық мәліметтер көмегімен, материалдық модельдерді қолданып шығаруы [ҚР Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алынды]. Сауда — экономиканың үлкен бір саласы. Қазақстанда сауда аясында экономикадағы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 14,4 % жұмыс істейді (1,06 млн адам). Жұмыспен қамтылғандардың іс жүзіндегі саны 2 млн дейінгі адамды, немесе 28 %, құрайды [ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қоғау министрлігінің ресми интернет-ресурстарынан алынды].
Осындағы, жоғарыда экономикалық дискурс мәтінінен келтірілген үзінді мысалдардағы барлау, дағдарыс, қоржын, сауда сияқты семантикалық жаңартпалар заман талабына сай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруі нәтижесінде тілімізде ескі мағыналары көмескіленіп, жаңа мағына үстеліп, өріс аясы кеңіп, кең қолданысқа шыққан жаңалықтар (инновациялар). Енді, аталмыш сөздерді жеке-жеке алып мағыналық өзгерістерін талдап көрелік.
«Барлау» сөзіне ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында шығарылған 15-томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»: 1. Төңіректі, айналаны бағдарлау, бақылау. 2. Бақылау, іздену, зерттеу. 3. Пайымдау, ойлау. 4. Сынау, байқап көру. 5. ә с к. Жау күштері мен олардың орналасуы туралы мәліметтер жинайтын жауынгерлік қимылдардың бір түрі. 6. г е о л. Кен байлығын бағдарлап зерттеу [6] сияқты бірнеше ұғымдары көрсетілген. 1999 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің сөздігінде»: 1. Жау күштері мен олардың орналасуы туралы мәліметтер жинайтын жауынгерлік қимылдардың бір түрі. 2. Кен байлығын зерттеу. Ол геологиялық та болады деген анықтама берілген. Ал, қазіргі экономикалық дискурстағы қолданыста бұл сөздің – мердігердің босалқы қорларға құқықты сатып алғанға дейін де, оны сатып алғаннан кейін де орындалған жұмыстары мен жұмсаған шығындары деген жаңа мағынасы пайда болып, көпшілікке таныс, қолданылып жүр және қазіргі қазақ тілінде аталмыш сөздің семантикалық өрісі кеңіп «барлау авиациясы», «барлау алқабы», «барлау жасағы», «барлау және нысана көрсету стансасы», «барлау мәліметтері», «барлау схемасы» т.б. тіркестері әртүрлі салада қолданыс тапқан.
«Дағдарыс» сөзінің о бастағы мағынасы – аңырасып қалу/тұру, бір шешімге келе алмау болатын. Бүгінгі күнгі заман талабына сай бұл сөздің мағынасы өзгеріске ұшырап, дамып белгілі бір елдің немесе жеке кәсіпорынның экономикалық, қаржылық дамуындағы тоқыраушылық; қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең деген ұғымға ауысты. Ал, 15-томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде»: з а т. 1. Аңыраушылық, не істерін білмей сасушылық, әрі-сәрі күй. 2. Күйзеліс. 3. э к о н. <грек. krisis>.Белгілі бір елдің немесе жеке кәсіпорынның экономикалық, қаржылық дамуындағы тоқыраушылық; қоғамдағы өзгерістер алдындағы өтпелі кезең. 4. с а я с и. Белгілі бір мемлекет, ел ішіндегі әлеуметтік-саяси ахуалдың шиеленісіп, қауіпті, тұрақсыздық сипатқа ие болуы деген ұғымдары берілген. 1999 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің сөздігінде»: 1. Дағдарушылық, не істерін білмей абыржушылық, сасушылық. 2. Тығырыққа тірелушілік, қиыншылық. 3.экон. Тауарды артық өндіріпшығынға бату салдарынан экономикалық өмірдің құлдырап, жұмыссыздық пайда болып, күйзеліске ұшыраушылық деген мағыналары берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет