Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты



бет6/7
Дата09.02.2023
өлшемі202,63 Kb.
#66549
1   2   3   4   5   6   7
Репост (Repost) - бір ресурстағы кез келген хабардың қайта жариялау посты.
Респект (Respect)біреудің қабілеттеріне, қасиеттеріне немесе жетістіктеріне байланысты бірдеңеге терең таңдану сезімі.
Сегмент (Segment) –1. бөлінуі мүмкін бір нарсенің бөліктері.1.1 Радиода немесе теледидарда нақты хабар тарататын элементке бөлінген уақыт бөлігі.
Сетевиктер (Networkers) – 1. үйден немесе сыртқы кеңседен компьютерлік желі арқылы жұмыс жасайтын тұлға. 2. Кәсіби немесе әлеуметтік байланыстар желісін пайдаланып, өз мансабын жалғастыратын адам.
Скроллинг (Scrolling) – әр түрлі бөліктерді көру үшін компьютер экранының жоғары, төмен немесе көлденеңінен көрсетілетін мәтінді немесе графиканы жылжыту әрекеті.
Смарт-сағат (Smart watch) – білекке киюге арналған cенсорлы дисплейі бар мобильді құрылғы.
Спикер (Speaker) – 1. сөйлейтін адам1.1 сөз немесе дәріс оқитын адам; 1.2 әдетте модификаторлар немесе комбинациясы бар, белгілі бір тілде сөйлейтін адам.
Срач (Shitstorm) – (вульгарлы сленг) Зорлық дау туындаған жағдай.
Стартап (Start-up) – әрекет немесе бір нәрсені қозғалысқа келтіру процесі.
Стикер (Sticker) – жабысқақ жапсырма немесе хабарлама, әдетте басып шығарылады немесе суреттеледі.
Супер қаһарман (Super hero) – супермен сияқты аса күшті күштермен лайықты фантастикалық сипат.
Таргет жарнама (A targeted ad) – интернеттегі маркетингтегі мақсатты жарнама, нақты демографиялық, топ немесе жеке адам болуы мүмкін нақты аудиторияға қызмет етеді.
Телеөнім (TV product) – телевизиялық станция және оның бағдарламалары
Тренд (Trend) – бір нәрсе дамитын немесе өзгеретін жалпы бағыт.
Троллер (Troll) – әдейі қорлайтын немесе арандатушы пост онлайн жасайтын адам.
Факт чекинг (Fact-check) – фактілерді тексеру мақсатында тексеру.
Фейк ньюс (Fake news) – жаңалық болып көрінетін жалған оқиғалар интернетте немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып таратылады, әдетте саяси көзқарасқа әсер ету үшін әзіл ретінде құрылады.
Фоллоуер (Follower) – белгілі бір тұлғаны немесе идеялар жиынтығын қолдайтын және мақтан ететін тұлға.
Фрилансер (Freelancer) – бірнеше жерде жұмыс істейтін адам.
Фронт – офис (Front office) – кәсіпорынның немесе басқа ұйымның бас әкімшілік кеңсесі.
Хайп (Hype) – агрессивті және интрузивтік жарнама, оның мақсаты тұтынушылық преференцияларды қалыптастыру болып табылады.
Чатбот (Chatbot) – адамдармен, әсіресе интернеттегі адамдармен әңгімелесуді модельдеуге арналған компьютерлік бағдарлама.
Челлендж (Challenge) – блогер бейне камерада тапсырманы орындайтын және желіге орналастыратын онлайн бейнелердің жанры, содан кейін бұл тапсырманы өзінің таныстығына немесе шектеусіз қолданушылар тобына қайталауды ұсынады.
Келтірілген мысалдар қазақтілді виртуалды ортада белсенді қолданылатын сөздер тізіміне еніп отыр.
Қазіргі таңда виртуалды коммуникацияда жаңа сөздердің легі ағылшын тілінен еніп отыр. Ағылшын тілінен енген сөздердің белсенділігі артып келеді. Ағылшын тілінен жаңа сөздердің көбі аударылмай сол қалпында қазақтілді виртуалды ортаға еніп жатыр. Себебі қазақ тілінің лексикалық қорына ағылшын сөздерінің енуі жаһандану үдерісі жылдам жүру нәтижесі ретінде түсіндіріледі. Қазақтілді виртуалды ортаға еніп жатқан жаңа сөздердің басым бөлігі жоғары технологияға байланысты пайда болып жатқан атау, ұғымдар екені байқалады. Виртуалды коммуникцияның бір ерекшелігі ауыл және қала лексикасы деген ұғымдар арасындағы шегараны «бұзып», әлеуметтік аспектіде екі әлеуметтік топтың (ауыл және қала) лексикасын ұйыстырушы (консолидацирующий) қызметін атқаруда, яғни ауыл және қала тұрғындарына интернет лексикасы ортақ, түсінікті болып табылады. Бұл қазіргі таңда тілде орын алып жатқан құбылыстың біріне айналып отыр.

3 Неография және неологиялық сөздік мәселелері


Дамыған тілдерде, зерттеулер мәліметі бойынша, бір жылдың өзінде газет-журналдардан жазып алынған неологизмдер саны ондаған мың бірліктерді, жаңа атауларды құрайды екен. Олардың қолданысын қадағалап отыру, жіті бақылау, мағынасын түсіну, стилистикалық мәніне байланысты ерекшеліктерін білу және т.б. қарапайым тіл қолданушы үшін лексикалық қорымызда болып жатқан жаңалықтарды толық тану мүмкін емес. Мұндай жағдайда жол табудың бір амалы – белгілі бір дәуірде, кезеңде пайда болған жаңа сөздерді жинақтап бірізге түсіру, мағынасын түсіндіру, яғни лексикалық инновациялар үдерісінің даму сипатын айқындайтын арнайы неологизмдердің сөздігін жасау әрекеті болмақ.


Жаңа сөздер мен мағыналар сөздіктері лексикографиялық тәжірибеде ерекше орын алады, өйткені белгілі уақыт ішінде қандай да бір тілде пайда болған жаңа сөздерге, жасалуы мен қолданысына тіл мамандарының айрықша назар аударуына мұндай сөздіктердің ықпалы зор және тіл қолданушылар арасында жаңа сөздер мен оның мағыналарын жете тануға және оларды тілдік тәжірибеде дұрыс қолдану қағидаларын игеруге бағдар болатыны даусыз. Неологизмдердің дәлме-дәл ұғымдық көрінісін, олардың мағыналарын, қолдану ерекшеліктерін түсіндіру міндеті жүктелген жаңа сөздердің арнайы сөздігін жасау қажеттілігі әлеуметтік-экономикалық және лингвистикалық факторлардан келіп шығады. Қазіргі қазақстандық қоғамда жүріп жатқан «лексикалық дүмпу» жағдайларында қазақ тілі жаңа сөздері мен мағыналары сөздігінің маңыздылығы олардың мемлекеттік тілде сөйлесуге ұмтылған адамдардың әлеуметтік қажеттілігіне айналып отырғандығынан деп түсіну қажет. Тілде пайда болған жаңа сөз тілдің сөздік құрамын одан ары толықтыру көзі болғандықтан, жаңа лексикалық қолданыстарды тіркеу, олардың тілге немесе сөзге қатысты дәрежесін бағалау – неологиялық сөздіктердің міндеті болып табылады. Олар белгілі бір тіл құралдары арқылы берілетін шағын мәнмәтінді, олардың лексикалық маңызын грамматикалық және стилистикалық ерекшеліктерін ескере отырып, лексикалық жаңа сөздерді қолдану шарттарын көрсету сияқты практикалық міндеттерді шешуге арналған және тілдік инновация маркерлері қызметін атқарады. Жаңа сөздердің пайда болу механизмін теориялық тұрғыдан түсіну, тілде олардың туындау себептері мен заңдылықтарын анықтау, тілдің әрбір даму кезеңіндегі олардың мәртебесін белгілеу және т.б. жаңа сөздердің арнайы сөздіктерінде қазіргі қазақ тілінің лексикалық инновация үдерісін толық көрсету мүмкіндігін береді. Лексикография саласында сөздіктердің тәжірибедегі жіктелуін ескере отырып, қазіргі қазақ тілінің жаңа сөздерінің қолданыстағы сөздіктерін тілі бойынша – бір тілді; лексикалық ауқымы бойынша – арнаулы; көлемі бойынша – толық: безендірілуі және ақпаратты нақтылау бойынша – баспалық, сөздік корпусында материал беру тәртібі бойынша – жиілікті деп бөлінетіндігін ескеріп отырған жөн.
Лексикография тәжірибесінде сыртқы өлшемдерді (кіріспе бөлімнің болуын, қысқартулар тізімін, сөздіктің өзін, қосымшаларды), сөздік құрастырудың негізгі өлшемдерін (қолданушының болашағы тұрғысынан сөздіктің міндетін), тілдік тұлғаларға (жазушыларға, журналистерге, филологтарға, аудармашыларға), студенттерге, қарым-қатынас саласы қызметкерлеріне және т.б. арналған сөздік көздерінің саны мен сапасын, сөздіктің макро және микроқұрылымын (материалдың орналасуының дәстүрлі әліппелік ұстанымын, сөздік мақаласының кем дегенде төрт бөліктен: бас сөзден, грамматикалық белгіден, дефинициядан, дәйексөзден (цитатадан құралу міндеттілігін) анықтайтын белгілі ұстанымдар бар. Мәселен, неологизмдер сөздігінде:
- сөздермен бірге басқа да лексикалық жаңалықтарды да, мәселен, сөздердің жаңа мағыналарын, жаңа морфемаларды, тұрақты сөз тіркестерін (дәстүрлі түсіндірме сөздікте сөз сөзтізбенің негізгі элементі болып табылады) белгілеп қою мақсатқа лайық болуы керек;
- авторлық сөз тіркестері болмауы тиіс: жаңа сөз шынайы және қатаң құжаттық мәнмәтіндер күйінде (авторлық сөз тіркестері ерекшелігі болып табылатын кейбір түсіндірме сөздіктерден өзгеше) берілуі керек.
- көркемдеу материалы міндетті (түсіндірме сөздікте көркемдеу материалы факультативті);
- сөздің этимологиясын барынша толық және дәл келтіру қажет, бұл оның семантикалық-деривациялық «уәжін» айқындайды және жаңа сөздік бірлігінің мағынасы мен қолданысына демеу болады:
- сонымен қатар, белгіленген тілдік бірліктер қолданылатын мәнмәтіннің құжаттық және жағдаяттық құрамдас бөліктерін нақтылау үшін ақпараттық категориялар жүйесін үнемі жетілдіріп отыру, белгілердің қосымша әрекет-тәсілдерін енгізу ұсынылады.

    1. Электронды коммуникация немесе ғаламторлық коммуникация

Қазіргі заманның технологиялық мәдениетін компьютерсіз елестету қиын. Компьютер және ғаламтор адам тұрмыс-тіршілігінің барлық салаларын тұтас қамтып, тұрмыс тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Сол себепті, тіл білімінде қазіргі таңда ғаламтор дискурсын бүтіндей бір кешенді құбылыс ретінде лингвистикалық зерттеуге ерекше назар аударылып отыр. Ғаламтордың арқасында жаңа коммуникативті орта - ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы бір-бірімен жақсы үйлесетін электронды орта пайда болды. Аталмыш үйлесім электронды мәтіннің қалыптасуына үлкен әсер етеді. Өз кезегінде ақпараттық технологиялардың дамуы және таралуы тілдік қолданыста өзіндік белгілеуді қажет ететін жаңа реалийлерді енгізеді.


Бірыңғай ортақ компьютерлік лексика «коммуникация қатысушыларының өзін-өзі таныту құралына айналады және корпоративті бірлікті бекіту үшін қызмет етеді».
Коммуникацияның аталмыш түрінің ерекшелігі – ақпарат алмасу үшін электронды белгілерді пайдалану. Қазіргі кезде компьютер арқылы қарым-қатынас жасаудың бірнеше мүмкіндіктері бар. Олар: локальды желі бойынша, немесе едәуір кең желілер – ұлттық және тіпті жаһандық желілер бойынша.
Н. Галичкина ғаламтор коммуникациясын «дискурстардың барлық түрінің белгілерін қамти отырып, олардың ешбіріне толықтай тиісті болмайтын» дискурстардың күрделі үйлесімі ретінде қарастырады.
Электрондық қатынас шетелдік ғалымдармен қатар, орыс ғалымдарының (Ю.Д. Бабаева А.Е. Войскунский, О.В. Смыслова) еңбектерінде де қарастырылды. Біздің пікірімізше, олардың ішінде едәуір назар аудартатын британдық ғалым Дэвид Кристал ғаламтор коммуникациясына талдау жасауы. Ол компьютерлік дискурстың бірнеше түрлеріне егжей-тегжейлі талдау жасады:
- веб-дискурс,
- электронды пошта дискурсы,
- асинхронды қатынас дискурсы (форумдар, қонақ кітапшалары, конференциялар),
- ғаламтор ортасындағы синхронды қатынас дискурсы (чаттар, icq, ойындар).
Ғаламтор байланыстың ерекше каналы ретінде виртуалды кеңістіктегі коммуникация сипатына өз ізін қалдырмай қоймайды. Шетелдік зерттеушілер компьютерлік байланыс каналы арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның осы түрін computer-mediated communication, СМС терминімен белгілеп, оны адам және компьютер және адамның әрекеттесуін білдіретін human-computer interaction ұғымынан ажыратады. Педагогика ғылымдарының докторы И.Н.Розина ұсынған computer-mediated communication терминінің орысша баламасы компьютерлі-жанамалы коммуникация деп аталады және ол екі мағынаға ие. Бір жағынан, бұл – екі не одан көп тараптар арасындағы түрлі ойлармен, деректермен, идеялармен басым түрде адамдық қатынастар үдерісінде алмасудың мақсатты бағдарланған және контекстті байланысты формасы. Екінші жағынан, мұндай қатынастың түрін мүмкін ететін арнайы бағдарламалық құралдардың болуы. Коммуникацияның бұл түрі байланыстың электронды құралдарының көмегімен және ғаламтордағы сервистің алуан түрлерінің арқасында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда дәл осы ғаламтор коммуникациясы арқылы жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер тілімізге топтап енуде. Мәселен,

Кесте 1 – Электронды коммуникацияда жиілігі жоғары ұшырасатын жаңа сөздер



1

Өңдеу

Edit

Facebook

Жазбаны және өзге ақпаратты редакциялау/түзету

2

ТК (Түстен кейін)

PM (Post meridiem)

Facebook

Ағылшынтілді мемлекеттерде қолданылатын 12 сағаттық жүйе негізінде тәулікті бөлу тәртібі

3

ТД (Түске дейін)

AM (Ante meridiem)

Facebook

Ағылшынтілді мемлекеттерде қолданылатын 12 сағаттық жүйе негізінде тәулікті бөлу тәртібі

4

Парақ соңы

Page down

Facebook

Пернетақта пернесі

5

Бір реттік құпиясөз

One-Time Password

Facebook

Аккаунтпен жұмыс барысында бір рет пайдалана алатын құпиясөз

6

Аттап өту

Skip

Mozilla

Жарнама, өнімнің мүмкіндіктерін, көрнекіліктерді көрмеу үшін басылатын түйме

7

Шарм, бойтұмар (зергерлік)

Charm

Pandora

Білезікке немесе алқаға тағылатын әшекейленген салпыншақ

8

Моншақ (зергерлік)

Клипса

Pandora




9

Тест драйв

Test drive

Филипп Морис

https://kz.iqos.com/kk/

Кесте 1 – Жалғасы

10

Тест драйвқа жазылу

Book test drive

Facebook






11

Өтімді

Ликвидный







12

Жекелендіру

Personalization

Google

https://myaccount.google.com/intro/data-and-personalization

13

Дараландыру

Personalization

Microsoft

https://account.microsoft.com/account?lang=kk-KZ

14

Мазмұн

Content

Microsoft,

Қызметтер арқылы жүктеген, сақтаған, таратқан немесе бөліскен файлдар, фотосуреттер, құжаттар, аудио, сандық жұмыстар, тікелей хабарлар мен бейнелер

15

Әлемдік және тегін зияткерлік меншік линцезиясы

Creative Commons

Microsoft




16

Спам

Spam

Microsoft

Қалаусыз немесе сұраусыз жаппай жіберілетін электрондық хабар, жариялымдар, байланыс сұраулары, SMS (мәтіндік хабарлар) немесе жылдам хабарлар

17

Тіркелгі

Account

Microsoft, IBM,

Өнімдерге, веб-сайттарға және қызметтерге кіруге мүмкіндік беретін жазба

18

Сақтық көшірме

Backup copy

Microsoft

Деректердің жойылу, зақымдану, өшірілуі және т.б. жағдайларда деректерді жылдам қалпына келтіру мақсатында жасалатын көшірме жасау әрекеті

19

Құлақаспап

Наушники

Microsoft, Philips




20

Бот

Bot

Microsoft, Google, Telegram

Белгіленген бір тәртіп бойынша нақты бір автоматтандырылған қызмет атқаратын арнайы бағдарлама

21

Цифрлық құқықтарды басқару (ЦҚБ)

Digital rights management (DRM)

Microsoft

Авторлық құқықарды қорғау құралдары немесе технологиялық қорғау құралдары

22

Автоматтандырылған есеп айырысу палатасы

Automated clearing house (ACH)

Microsoft

Қаржылай транзакцияларға арналған электронды желі (АҚШ)

Кесте 1 – Жалғасы



23

Бірыңғай еуротөлемдер аймағы

Single Euro Payments Area (SEPA)

Microsoft

Еуро Одақт аймағындағы бірыңғай төлем жүйесі

24

Сингапур Халықаралық Төрелік Орталығы

Singapore International Arbitration Centre (SIAC)

Microsoft

Сингапурда орналасқан коммерциялық емес төрелік ұйымы, төрелігін өзінің төрелік ережелері және ЮНСИТРАЛ (Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық сауда құқығы жөніндегі комиссиясы) ережелері негізінде жүргізеді

25

Ойын валютасы

Game currency

Microsoft

Кез келген виртуалды ойынның өнімі немесе қызметі айырбасына пайдаланатын виртуалды ақшасы

26

Виртуалды өнім

Virtual goods

Microsoft




27

Ағын

Steram

Microsoft

Аудио-бейне мазмұнды интернет арқылы интернет арқылы ағындық цифрлық табыстау

28

Эмограмма

Emogram

Microsoft

Екі немесе одан да көп перненің басылуымен жасалатын, адамның көңіл-күйін білдіретін таңба

29

Стандартты бағдарламаның лицензия шарттары ("СБЛШ")

Standard Application License Terms ("SALT")

Microsoft

Лицензиялау стандарты

30

Бағдарлама (қосымша, қолданба) жариялаушысы

Application publisher

Microsoft

Microsoft дүкендерінде өз қолданбаларын жариялаушы, сатушы

31

Сандық тауар

Digital Good

Microsoft

Цифрлық күйде таралатын тауар

32

Бағыт жоғалту, бағытынан қателесу

Disorientation, потеря ориентации

Microsoft




33

Жеке көмекші

Personal assistant

Microsoft

Пайдаланушымен ауызша байланысатын, жасанды ақылға негізделген бағдарлама

Кесте 1 – Жалғасы



34

Құлақтандыру

Notification

Microsoft

Бағдарламаның жұмысы жайында хабар беретін қысқа ескертпелер

35

Тіркелгі

Credential

Microsoft




36

Синхрондау

Syncing

Microsoft

Мазмұнды, бағдарламаны не деректерді бірнеше құрылғыда ортақтастыру

37

Адал ниет

Good faith

Microsoft




38

ЖҚС – Жиі қойылатын сұрақтар

FAQ - Frequently Asked Questions

Microsoft

Сайттың не қолданбаның жиі қойылатын сұрақтарға жауаптары тұратын бөлім

39

«Бірінші келген адамға бірден қызмет көрсетіледі» қағидасы

A first-come, first-served basis

Microsoft

Тұтынушыларға қызмет көрсету қағидасы

40

Алаяқтықтан қорғау коды

Fraud-prevention code

Microsoft

Тіркелгіні заңсыз иеленуден қорғайтын код

41

Дауыстық хабар

VOIP - Voice over Internet Protocol

Microsoft

Интернет арқылы жүргізілетін аудиобайланыс

42

Америка Құрама Штаттарының федералдық акциялар туралы заңы

United States federal securities law

Microsoft




43

Пішім

Format

Microsoft




44

Деректер қысу

Data compression

Microsoft

Деректерді жүйелеу, реттеу және біртұтас ету үрдісі

45

Бағдарлама жариялаушысы/ Қолданба жариялаушысы

Application publisher

Microsoft

Белгілі платформаларда бағдарлама немесе қолданбаны жариялайтын, техниқалық бақылайтын, бағдарламасы немесе қолданбасы үшін жауапкершілікке ие жеке немесе заңды тұлға

46

Онлайн садақа

Donate

zeket.kz
muftyat.kz
jw.org

Қайырымдылық немесе қолдау көрсету мақсатында виртуалды түрде жеке немесе заңды тұлға шотына аударылатын қаражат немесе материалдық құны бар цифрлық тауар

Ғаламтор коммуникациясындағы ауызша және жазбаша тілдің өзара әсер етулері ерекше лингвистикалық құбылыстың – ауызша және жазбаша тілдердің бірігуі нәтижесінде компьютерлік жазбаша сөйлеу тілінің пайда болуына септігін тигізеді.



    1. Хайп, фидбэк, фандом. Жаңа сөздер енген сөздік қашан шығады

Әлеуметтік желілерде хайп, фидбэк, фандом, коллаборация, месседж сияқты сөздер сәнді болып тұр. Алайда бұл жаңа сөздер мен олардың мән-мағынасын қазақ тілінің қайсыбір сөздігінен таба алмайсыз. Ғылыми түсінік берілмеген бұл іспетті сөздердің проблемасы қашан шешіледі және оның мағынасын қашан дұрыс түсініп, дұрыс жазатынымыз белгісіз. Тілге сөз өздігінен енбейді, өмірімізге келіп жатқан жаңа құбылысқа байланысты айналымға енеді. Мәселен, «ұялы телефон» деген сөздің өзі қазір ескілік болғанымен, сол құрылғы біздің өмірге алғаш кірген дәуірде жаңа сөз болып саналған. Оның «қалта телефоны», «қолтелефон» деген түрлі атаулары да болған. Тағы осындай сөздер ағылшын тілінен өзгеріссіз алынса, «селфилету», «банға жіберу», «лайк басу» сияқты сөздер қазақ тілінің емлесіне, жүйесіне, дыбысталуына икемделіп жатыр. қазіргі уақытта мұндай жаңа сөздер ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болып, жаңа сөздердің мән-мағынасын, дұрыс жазылуы мен айтылуын бекіту үшін көп зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – Тіл білімі институтының докторанты Айжан Серікбаеваның қазір жазып жатқан еңбегі. Оның зерттеу тақырыбы – «Виртуалды коммуникациядағы қазақ тілі». Ғалым еңбегінде қарастырып, таптастырады, сөздікке қайсысын алу керек, қайсысын әзірше алмай тұра тұру керек деген мәселелерді анықтайды. Сонымен бірге, биыл Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары қазақ тілінің латын графикасы негізіндегі жаңа орфографиялық және орфоэпиялық параллель сөздігін жасайды. Бұл сөздікте қазіргі қолданыстағы сөздер кирилл әліпбиімен беріледі, оның жанына жаңа емлемен жазылған латын әліпбиіндегі нұсқасы, сондай-ақ қалай оқылатыны транскрипция арқылы беріледі.


Жаңа сөздер соңғы рет 2013 жылы шыққан «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» енген. Онда сол алты жыл бұрынғы жаңа сөздердің барлығы болмаса да, біршамасы берілген еді. Ендігі міндет – бүгінге дейін енген жаңа сөздерді тіркеп, жаңа сөздік шығару. Онда мысалымен бірге беріледі.
Жаңа кірме сөздер мен олардың мағынасына шолу жасасақ:
Фидбэк. Бұл сәнді сөз англо-саксонның «feedback» сөзінен алынған, қазақ тіліне аударғанда «кері байланыс», «қайтарым» деген ұғымды білдіреді. Feedback - тікелей аудармасы «кері тамақтандыру». Негізгі мағынасы – пікір, кері реакция немесе қайтара әрекет. Мәселен, көп сайтта фидбэк деп оқырмандармен кері байланысты айтады, олардың қандай да бір контентіне я тауарына баға мен пікірін білу барысында қолданылады. Бұл сөзді әсіресе музыканттар жиі қолданады. Сала мамандары зорайтылған дыбыстың микрофон немесе аспап динамигіне әсерін фидбэк дейді. Қазақ тілінің сөздігінде жоқ болғандықтан, бұл сөздің жазылу нұсқасында «фидбэк» десек қателеспейміз.
Профит. Әсіресе бизнесте жиі қолданып жүрген бұл сөз ағылшын тілінен аударғанда «пайда», «табыс» деген мағынаны білдіреді. Интернетте бұл сөз көбіне мынадай әзіл мемдермен беріледі: 1) әлдене жасау 2) тағы әлдене қосу 3) ... 4) Профит! Бұл мем South Park сериалынан шыққан, мұнда Profit кальсон гномдарының бизнес-жоспарының қорытынды пункті болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет