237
орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын
жаттығу ӛткізу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар
тиісті жағдай жасалса
балабақшада,
отбасында сырғанаудың, жотаға кӛтерілудің және одан тӛмен
сырғанаудың, тежеудің негізгі әдістерін оңай игереді. Жаттығуды 15-40
минуттан аптасына 2-3 рет жасау ұсынылады. Yйрету кезінде кӛрсету және
түсіндіру әдісі пайдаланылады. Бұған қоса шаңғымен жүру
техникасы туралы
түсінікті анықтауға суреттерді кӛру, әңгіме ӛткізу және т. б. кӛмектеседі.
Шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру үшін
қимыл-қозғалыс ойындары
ӛткізіледі. Мысалы, ересектер тобының балалары үшін: «Қаншалық алыс болса,
соншалық жақсы», «Шығыр», «Kім бұрын бұрылады?», «Oрмандағы
карусель», «Kӛтер». Мектепке даярлық тобында мына ойындарды ӛткізу
пайдалы: «Kең адымда», «Eң шапшаң кім», «Қуып жет», «Қарама-қарсы
эстафета», «Tиіп кетпе» сияқты ойындар ұсынылады.
Сондай-ақ,
балабақша
аумағынан тысқары жерге (паркке, стадионға, орманға) серуендеу де пайдалы.
Серуеннің уақыты бірте-бірте 30 минуттан 1-1,5 сағатқа ұзартылады.
Балабақшада игерген дағдыларын ата-аналарының басшылығымен балалардың
демалыс күндері нығайта түсуі маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: