Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет134/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Адымдап жүру - шаңғымен жүрудің ең қарапайым әдісі. Бұл әдіс тегіс жердегі
борпылдақ қарда және тӛбеге кӛтерілу кезінде қолданылады. Балаларға үйрету
процесінде дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа кезек ауыстыру, біртіндеп
адымды ұзарту қажет екенін ескерту керек. Тәрбиеші жаттығуды қалай орындау
керектігін кӛрсетеді және түсіндіреді, содан кейін тапсырма береді: белгіленген
жерге дейін тиісті мӛлшерде бірнеше адым (8-10) жасап жету. Адымдап жүру
кезінде дағдыны қалыптастыру үшін («Mаған келіңдер», «Mені қуып жетіңдер»
және басқа) қимыл-қозғалыс ойындары жүргізіледі. Сырғанай адымдау-
шаңғымен жүрудің неғұрлым күрделі әдісі. Сырғанай адымдауды қалай
орындау қажеттігін кӛрсете және түсіндіре отырып, тәрбиеші аяқты тізеден
бүгу және дене салмағын ілгері қарай жылжыған аяққа салу керек екендігін
атап айтады. Балаларды аяқтарын бүгуге үйрету үшін оларға тізені бүгіп отыру
және шаңғының екі таяғынан жасалған «қақпашыдан» ӛту ұсынылады, ал
адымды неғұрлым кең аттау үшін қолдарын артына салып, тірек еткен аяққа
қарай иіліп жылжуға тапсырма беріледі. Бұған қоса жолдың белгілі бір
бӛлімінде жасалатын адым санының аз болуы, адымды ұзарта түсіп, бір затқа
дейін сырғанау, дене ауырлығын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыруды үдете
отырып, баяу қарқынмен сырғанау ұсынылады. Күшті серпілісті қалыптастыру
үшін балаларды қозғалыс бағытына қарай біршама (15-20
о
) бұрыш жасап
серпіліп, шағын еңістен шаңғымен жылжуға жаттықтыру керек, мұндай
жағдайда шаңғы ішкі қабырғаны тірек етіп, серпіліс күшейеді. Шапшаңдықты
дамыту үшін 25-30 м аралықты мүмкіндігінше тезірек жүріп ӛтуге тапсырма
беріледі. Бала сырғанай адымдауды меңгерген соң оны екі аяқпен бірдей
сырғанаумен, сондай-ақ адымдап жүрумен ауыстыра алады. Балалар шаңғымен
сенімді түрде жүруді үйренген кезде (шамамен 6 жастан бастап) оларға таяқ
беріледі. Таяқты тіреп серпілу жүріп келе жатқанда үлкен жылдамдыққа жетуге
кӛмектеседі, ал бұл ӛз кезегінде балаларға жағымды эмоциялық ықпал жасайды.
Әуелі балаларға таяқты орта белден ұстап жүру ұсынылады. Одан кейін таяқты
алға қарай кӛп оздырмай және оларды кең ашпай адымдап жүруге үйретіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет