Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Сабақ ӛткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары



бет178/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Сабақ ӛткізетін орынның, киімдердің, құралдардың сақталу жағдайлары. 
Дәрігер, меңгеруші медициналық орынның, киімдердің, дене жаттығулары
сабағы жүргізілетін бӛлмелердің санитарлық жағдайын, бӛлмелердегі, сондай-



308
ақ дене тәрбиесі алаңдарындағы дене тәрбиесі құралдары мен жабдықтарының


гигиеналық жайын бақылауды жүзеге асырады. Дене жаттығуларының сабағы
ӛткізілетін бӛлмелердің температурасы 18-17
0
-тан тӛмен болмауы керек,
сабақты ӛткізер алдында бӛлменің ауасы тазартылып, шаң-тозаңдары сулы
шүберекпен сүртіледі. Балалар 2 жастан бастап спорт формасымен (труси, май-
ка, футболка), спорт тәпішкесімен (чешки) ойнауы қажет. Қыстың күні
шаңғымен жүргенде, коньки тепкенде спорт костюмдері мен аяқ киімін
пайдаланған дұрыс. Жылдың әр мезгіліндегі серуен кезінде балалар киетін киім
гигиеналық талаптарға қатаң түрде сай болуы керек. Балалармен сабақ ӛткізу
кезінде тәрбиешілердің де спорт формасында болуы қажет. Дәрігер, мейірбике
(сестра) тәрбиешілер, ата-аналардың гигиена, дене тәрбиесі мәселелері
бойынша және оның балаларды дамытудағы рӛлі жӛніндегі білімдерін кӛтеруді
жүзеге асырады. Дене шынықтыру құралдарын қолданғанда қауіпсіздік
шаралары қатаң сақталуы керек. Құралдардың бала қолдануына жарамдылығы
тексерілуі
тиіс.
Балалардың отбасында дене тәрбиесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 
Мектеп жасына дейінгі баланың отбасындағы және мемлекеттік мекемелердегі
дене тәрбиесінің міндеттері біртұтас, сондықтан ол ата-аналар мен балабақша
қызметкерлерінің бірлескен күш-жігерімен шешіледі. Жұмыс аптасының
қысқаруына орай ата-аналар балалар тәрбиесіне кӛп кӛңіл бӛлуге мүмкіндік
алды. Қозғалыстың күрделі түрлеріне (шаңғы, коньки, велосипед, жүзу, т.б.)
шеберлік пен дағдыны балаға жастайынан отбасында қалыптастыруға болады.
Дене жаттығудың бұл түрлері тікелей әрбір балаға жекелеген кӛмек пен
қамсыздандыруды қамтамасыз етуді талап етеді. Міне, сондықтан қозғалыстың
бұл түрлерін оқытуды балабақшада ұйымдастыру, жоғары кӛрсеткіштерге жету
отбасындағыдан әлдеқайда қиын. Дене тәрбиесін ойдағыдай жүзеге асыру үшін
ата-аналар балаларының балабақшада, сондай-ақ спорт мектебінде дене
жаттығуының қай түрімен айналысқандығын және бір күнде немесе бір аптада
оған қандай физикалық күш түсетіндігін білуі қажет. Денеге түсетін күшті
есептей отырып, баланың балабақшадан келгеннен кейін, сондай-ақ демалыс,
мереке күндері жасайтын дене жаттығуларының жоспары жасалынады. Мектеп
жасына дейінгі мекемелер ата-аналарға, балаларға дене тәрбиесін жүргізу
туралы білім беруде үлкен кӛмек кӛрсете алады: ата-аналарға арналған
бұрыштар ұйымдастырылады, кеңес берулер, әңгімелер, дәрістер, ашық
сабақтар ӛткізіледі. Ата-аналар дене тәрбиесін ұйымдастырудың әртүрлі
формаларын мектепке дейінгі мекемелердің тәжірибесінен алып пайдалануы
мүмкін. Осыған орай оларды дене тәрбиесі жӛніндегі арнаулы әдебиеттермен
таныстыру, сонымен қатар ата-аналарға арналған әдебиеттерді ұсынған жӛн.
Балалары мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын ата-аналар оларды дене
тәрбиесімен ӛздері толық қамтамасыз етуге міндетті. Дене тәрбиесінің барлық
құралдарын отбасында, сондай-ақ балабақшада кешенді түрде пайдаланған
маңызды. Ата-аналар анағұрлым гигиеналық жағдайларды жасауға, табиғаттың
табиғи факторларын (күн, ауа, су), әртүрлі дене тәрбиесі жаттығуларын
пайдалануға тырысуы қажет; балалардың қол еңбегінің жеңіл түрлерімен
шұғылдануын, күнделікті ӛмірге және еңбектің әртүріне кіретін (сурет салу,



309
мүсін жасау, музыкалық аспапта ойнау,т.б.) қозғалыстардың дұрыс орындалуын


қадағалайды. Балалардың тұлғасы ерекше кӛңіл бӛлуді талап етеді. Дене
жаттығулары отбасында әртүрлі формаларда ӛткізіледі: дене шынықтыру,
сабақтар (жекелеген, ұжымдық), қимыл-қозғалыс ойындары, шынықтырғыш
процедуралар, сергіту минуттары, орманға серуендеу, демалыс кештері,
мерекелер. Баланың дене тәрбиесін отбасында дұрыс ұйымдастыру үшін
балалардың денсаулығын, бала денесінің дамуы мен дене тәрбиесі дайындығын
ескере отырып, нақты міндеттерді белгілеп, дене жаттығуларын іріктеп, оларды
бүкіл жыл бойына бӛлген маңызды. Сабаққа қажетті киімді, аяқ киімді, дене
тәрбиесі құралдарын (велосипед, шаңғы, шана, самокат, спортроллер,
шығыршықты коньки, бадминтон, стол теннисі, городки, доп, секіргіш жіп т.б.)
ерте әзірлеп, бұған балаларды үйрету керек. Мектепке дейінгі балаларға ата-
аналары олармен бірге шаңғымен жүргенде, коньки, шана тепкенде, теннис,
бадминтон, городки ойнағанда, жүзгенде зор ықпал жасап, үлгі кӛрсетеді. Ата-
аналар жаттығуды қалай жасау қажеттігін түсіндіріп кӛрсетеді, қозғалыс
шеберлігі мен дағдыны меңгеруде кӛмектесіп жеңілдетеді, балалардың кӛңіл
күйін бақылайды. Денсаулық жағдайын, дененің дамуын, дене дайындығын
жылына 2-3 рет есепке алып отыру ұсынылады. Бұл мәліметтер дене тәрбиесі
бойыша жүргізілген жұмыстарға талдау жасауға және алдағы кезеңнің
жоспарын белгілеуге кӛмектеседі. Сӛйтіп, мемлекеттік мекемелер отбасымен
бірге мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге
асыра отырып, балалардың денсаулығын, денесінің ӛсуін, дене дайындығын
дамытуда неғұрлым жоғары нәтижелерге жете бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет