Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері



бет23/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

4-тақырып. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері 
мен құралдары

1. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері (сауықтыру,


білім беру, тәрбиелік)
2. Дене тәрбиесі құралдары (дене жаттығулары, би, массаж)
3. Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері (гигиеналық
факторлар, жаратылыстың табиғи күштері)
4. Дене жаттығуларына сипаттама (дене жаттығуларының мазмұны мен
формасы, дене жаттығуларының техникасы, дене жаттығуларының
фазалары, кеңістіктік сипат, бастапқы жағдай, қозғалыс траекториясы)
5. Дене жаттығуларының жіктелуі. Гимнастика. Қозғалыс ойындары, спорт,
туризм

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері. Дене тәрбиесі
жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - ӛмірге, еңбекке, Отан қорғауға
даярлау жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің
міндеттері жалпы мақсаттық бағытты сақтай отырып, жас ерекшеліктерін
ескере нақтыланады. Мектепке дейінгі жаста дене тәрбиесінің сауықтыру, білім
беру, тәрбиелік міндеттері жүзеге асырылады.
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-ӛмір
қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып
табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің
нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала
организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда
нақты түрде анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа
иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық
аппараттың нығаюына кӛмектесетін, дене бӛліктерінің дұрыс арақатыста
дамуына, сүйектердің ӛсуі мен салмағын реттеуге себепші болып; бұлшық
еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі
органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар
дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша кӛңіл бӛлу; қанның
жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан
ӛзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу; тыныс жолдары
еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың
тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, ӛкпенің
ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету;
ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне кӛмектесу, теріні зақымданудан сақтау
және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің
тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына,
сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне
себепші болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет