«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны Мақсаты: Бала денсаулығын нығайту, оның ағза қызметі мен жүйесін дамыту.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған
оқу іс-әрекеті арқылы жүзеге асады:
-дене шынықтыру;
-валеология.
Міндеттер:
- қозғалысты тәжірибелерінің молығуына және негізгі қимылдарды меңгеруге
кӛмектесу;
- балалардың бойында тазалыққа, ұқыптылыққа деген қажеттіліктерін
қалыптастыру.
Мазмұны: Дербес қимыл әрекетінің белсенділігі Балалардың бӛлмеде және таза ауада қарапайым қимыл-қозғалыстарды ӛз
бетінше орындауға тәрбиелеу. Балалардың қимыл әрекеттерін дене шынықтыру
және ойын құралдары арқылы толықтыру. Үлкендермен жұптасып қимыл
жасауға үйрету.
Мәдени-гигиеналық дағдылары Қасықты, шыныаяқты дұрыс ұстап ӛз бетінше тамақтану, бет пен қол
тазалығын сақтау дағдыларына үйрету. Үлкендердің тапсырмаларын түсіну,
орындау дағдыларын қалыптастыру.
Салауатты ӛмір салты дағдылары Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауға үйрету: саусақты ауызға салмау,
еденнен лас заттарды алмау. Қол мен бетті таза ұстау.
Бір жастан бастап 2 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің тақырыптары Бір жастан - бір жас алты айлық балалар үшін: Жүру және тепе-теңдікті сақтай білуге үйрету: жолмен (жолақшамен)
еңкіш тақтаймен жоғары-тӛмен, жіпті таспалар мен еденге қойылған
таяқшалардан аттау арқылы кӛздеген жеріне жету. Жәшіктің үстіне кӛтерілу
(10-15см) және одан қайта түсу.
Еңбектеу, ӛрмелеу: орындықтың, жіптің, доғаның астымен ӛту. Бӛренеден
аттап ӛту.
66
Лақтыру, сырғанау, қағып алу: түрлі ӛлшемдегі шарлар мен доптарды,
ойыншықтарды алып тасымалдау. Допты бір қолмен және екі қолмен алға
қарай, тӛменге лақтыру, себетке салу. Допты ылдиға домалату.