Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет52/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Спорттық жаттығулар 
Шанамен сырғанау. Тӛбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен
тӛбешікке кӛтеру, тӛмен түсіп келе жатып тежеу.
Сырғанау. Ӛз еркімен мұз айдынында сырғанау.
Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан бос
жерлермен жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай
шырша (тура және қиғаш) сияқты аттап тӛбешікке шығу.
Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дӛңгелекті
велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.
Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде
отырып аяқты жоғары кӛтеріп, тӛмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде
(аяқты кӛлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, кӛзге дейін
суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып
отыру. Ӛз еркімен жүзуге талпыну.
Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;
Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет;
Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.

«Біз мектепке барамыз» бағдарламасында 5-6 жастағы балалардың
тұлғалық дамуын қамтамасыз етіп және оны мектепте оқуға дайындауға
бағытталған білім берудің базистік мазмұнын анықтайды. Бағдарламада бала
дамуының негізгі заңдылықтары мен оның психикалық, физиологиялық ӛсуіне
жағдай жасау мәселелері қарастырылған.
Бағдарламаның мазмұны мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың
жеке жас ерекшелік қабілетінің ашылуына жағдай жасап, жалпыадамдық және
ұлттық құндылықтарға негізделген баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз
ететін білім жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік ортада жағымды қатынас
жасауға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуге негізделген оқыту мен
тәрбиелеу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған.



76
Бағдарламаның мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты, әрқайсысы ӛзіндік


бӛлімдерден тұратын, белгілі бір мақсат кӛздейтін негізгі білім беру
салаларының жұмысын іске асыру мәселелерін кӛздейді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму
стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бӛлігі
болып табылады. Бала — біздің болашағымыз. Олай болса, мектепке дейінгі
тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының
кепілі. Ол – үздіксіз білім берудің алғашқы деңгейі. Сондықтан, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты – баланың жеке басының
қалыптасуы мен дамуы болып отыр.
Еліміздің 12 жылдық жалпы орта білім беруге кӛшуіне байланысты жаңа
мемлекеттік стандартты енгізу, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық
үдерістерін жаңа бағдарламалармен, оны жүргізудің тиімді әдістерімен
қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ересек
жастағы балаларды (5-6 жас) тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын дайындау
— уақыт сұранысына айналды. «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы мектепке
дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың психологиялық-
педагогикалық
және
мазмұндық
аспектілерін
ашады
және
негізгі
құзіреттіліктерді қалыптастырудың міндеттерін жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды
ұйымдастыру мынадай негізгі педагогикалық ұстанымдарға сүйенеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет