Жалпы дамыту жаттығулары Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Кеуденің алдында
тұрған қолды жан-жаққа созу, желкені ұстап тұрған қолды жоғары кӛтеріп, жан-
жаққа созу. Қолдың «құлып» болып ұстасқан саусақтарын жоғары алға кӛтеру
(алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және
кезектесіп кӛтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою.
Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың
саусақтарын ашып, жұму.
Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден
алмай, ӛкшені жоғары кӛтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-
тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және
басты иіп жүрелеп жүру. Алға және жан-жаққа ұмтылу. Ұсақ заттарды аяқтың
саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың ұшын тірей отырып
ӛкшемен таяқпен арқан үстімен бір жағымен аттап жүру. Таяқ, білікше
бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып бір қырындап
ӛкшені ӛкшеге қойып жылжу. Табанды майыстырып, түзеп, айналдыру.
Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа)
бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық
қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға
еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреп тұрып қолын белінің
тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгіп және тіке кӛтеру. Арқасына
ұстасқан қолдарын кӛтеріп алақанын еденге тигізіп, алға еңкею. Тізерлеп
тұрып, алға еңкейіп отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа
бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып аяқты жоғары кӛтеру, велосипед
айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен
тіреуішке ӛту. Ішпен жатып, аяқты майыстырып, қайта жазу (алдымен бір
аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Арқамен жату, одан кейін ішпен
жатып ауысу және керісінше. Ішпен жатып қолды жан-жаққа созып
майыстыру және иығын аздап жоғары кӛтеру.
82
Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолды орындыққа сүйеп, аяқты
бірге керіп тартылу 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала
бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).
Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол
желкеде, арқамен жату, екінші бала бірінші баланың аяғына отырады (5-10 рет),
гимнастикалық қабырғада қолымен ілініп тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).
Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа «әткеншек» жасап
домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың кӛмегімен ішпен жорғалау.