180
ертеңгілік гимнастикада, кӛп қозғалысты ойындарда, қол ұстасып әндетіп
билейтін ойындарда, мереке салтанатында, қыдыру, экскурсия кезінде)
пайдаланылады. Кішкентайлар мен ортаңғы топ балалары кеңістік
терминологиясын затқа қарай бағдарлау арқылы қабылдайды: «Tерезеге қарай
оңға бұрылыңдар!» Ересектер тобында бағдарлаусыз: «Диагонал бойлап-
марш!», «Қарама-қарсы жаққа тізіліңдер!», «Бірінші звено-оңға, екінші-солға
марш» және с.с. 5-6 жасар балалардың кеңістік терминологиясын меңгеруінің
қолайлылығы және ӛз бетінше пайдалануын
эксперимент арқылы
(Э.Я.Степаненкова) анықтаған. Осы жаттығуларды орындау барысында
балалардың кеңістікте бағдар ұстауы, ұжымда әрекет ету үйлесімділігі
(әртүрлі тапсырмаларды жалпыға ортақ қарқында және ӛзара байланыста
орындау) қалыптасады. Сапта орындалатын жаттығулар балалардың дене
бітімінің дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды. Олар әртүрлі
заттармен
орындалуы, әнмен, музыкамен, ұрып ойнайтын аспаптармен (даңғыра,
барабан) сүйемелденуі мүмкін. Негізгі қозғалыстар, денені жалпы дамытатын
және сапта жүріп жасайтын жаттығулар дене шынықтыру және музыка
сабақтарында, сондай-ақ ертеңгілік гимнастикада жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасындағы гимнастика жӛніндегі
барлық материал әрбір жастағы кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әр
жастағы топтың ӛз ішіндегі, сондай-ақ олардың
арасындағы қиындықты
біртіндеп ӛсіру арқылы орналастырылған. Бұл жаттығулар арқылы әрбір бала
балабақшада болған кезеңі ішінде бағдарламалық материалды дер кезінде
меңгеру, ӛзінің жасына лайық қимыл-қозғалыс техникасын игеру және
мектептегі оқуға дайын болу мүмкіндігі қатамасыз етіледі. Бұл
жаттығулардың бәрі балалардың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға, зейінділігін
дамытуға, кеңістікте бағдарлай білуге, келісімді әрекет жасауға, тәртіптілікке
кӛмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: