Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет135/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Алма-кезек адымдап жүру - шаңғымен жүруде үйлесімі жӛнінен күрделі
жылжу. Бұл орайда кәдімгі жүріс кезіндегідей қол мен аяқтың қозғалысы
кезектеседі: оң аяқпен - сол қол. Таяқты ілгері қарай апарғанда қол шынтақтан
сәл ғана бүгіледі, ал серпілу аяқталған кезде ол толық түзуленеді. Жылжудың
жоғарыда кӛрсетілген әдістерін балалар игергеннен кейін адымдамай таяқпен
жүруге болады. Бала жеңіл сырғанау үшін еңістен тӛмен қарай жылжытылған
шаңғымен жылжу ӛте қолайлы болады. Yйрету процесінде балалардың серпіліс
кезінде кеудемен алға қарай ширақ ұмтылуын бақылау керек. Бұл үшін бір



237
орында тұрып (шаңғысыз және шаңғымен) серпілісті қайталап жасайтын


жаттығу ӛткізу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар тиісті жағдай жасалса
балабақшада, отбасында сырғанаудың, жотаға кӛтерілудің және одан тӛмен
сырғанаудың, тежеудің негізгі әдістерін оңай игереді. Жаттығуды 15-40
минуттан аптасына 2-3 рет жасау ұсынылады. Yйрету кезінде кӛрсету және
түсіндіру әдісі пайдаланылады. Бұған қоса шаңғымен жүру техникасы туралы
түсінікті анықтауға суреттерді кӛру, әңгіме ӛткізу және т. б. кӛмектеседі.
Шаңғымен жүру дағдысын қалыптастыру үшін қимыл-қозғалыс ойындары
ӛткізіледі. Мысалы, ересектер тобының балалары үшін: «Қаншалық алыс болса,
соншалық жақсы», «Шығыр», «Kім бұрын бұрылады?», «Oрмандағы
карусель», «Kӛтер». Мектепке даярлық тобында мына ойындарды ӛткізу
пайдалы: «Kең адымда», «Eң шапшаң кім», «Қуып жет», «Қарама-қарсы
эстафета», «Tиіп кетпе» сияқты ойындар ұсынылады. Сондай-ақ, балабақша
аумағынан тысқары жерге (паркке, стадионға, орманға) серуендеу де пайдалы.
Серуеннің уақыты бірте-бірте 30 минуттан 1-1,5 сағатқа ұзартылады.
Балабақшада игерген дағдыларын ата-аналарының басшылығымен балалардың
демалыс күндері нығайта түсуі маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет