Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі



бет163/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі 
Ертеңгілік гимнастиканың жоспар-конспектісі дене шынықтыру сабағы үшін
жоғарыда кӛрсетілген формада құрылғанымен, міндеттері кӛрсетілмейді және
сабақ бӛлімдері белгіленбейді.
Ертеңгілік гимнастиканыц жоспар-конспектісі 
Ӛткізілетін тобы
Ӛткізілетін күні
Ӛткізілетін уақыты
Ӛткізілетін орны
Балалардың саны (ұлдар мен қыздар)
Балалардың киімі мен аяқкиімі
Құралдар



287


Мазмұны
(жаттығулар)
Мӛлшерлеу Қарқын Тыныс
алу
Ұйымдастыру
(әдістемелік
нұсқау)
Ескертулар

Кешен жасай отырып, тәрбиеші ең бірінші денені жалпы дамытатын


жаттығуларды іріктеп алады да сосын ертеңгілік гимнастиканың басында және
соңында қандай қозғалыстарды қосу керектігін анықтайды.

Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі 
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісін алдын ала жасаудың
маңызы аз емес, ӛйткені ойында тәрбиешінің қандай мақсатты кӛздегеніне
қарамай әр ойын түрліше жүргізіледі.
Қимыл-қозғалыс ойындарының жоспар-конспектісі
Ойын атауы
Ӛткізілетін топ
Ӛткізілетін күні
Ӛткізілетін уақыты
Ӛткізілетін орны
Балалардың саны (ұлдар және қыздар)
Балалардың киімі және аяқкиімі
Дене шынықтыру құралдары, ойыншықтар, атрибуттар
Қимыл-қозғалыс ойындарындағы шешілетін міндеттер
Ойынның жүргізілу әдістемесі мен мазмұны мына формада жазылады:

Ойынға
кіретін


қозғалыстар
Қарқын Мӛлшерлеу Ұйымдастыру-
әдістемелік нұсқау
Ескертулер

Қимыл-қозғалыс ойындарында ең бастысы қозғалыс дағдысы қалыптасады,


сондықтан міндетті: «Белгілі бір бағытқа лақтыру дағдысын қалыптастыру» деп
жазу керек. Ойын процесінде балалардың дене қасиеттері дамиды және бұл
«Kӛз мӛлшерін дамыту» міндетіне де кіреді.
«Oйынға кіретін қозғалыстар» бағанында осы ойында, осы жүйелілікте
бірінші рет және одан кейінгі барлық ойындарда қалай орындалса, солай
қайталанатын барлық қозғалыстар жазылады.
«Mӛлшерлеу» бағанында әр қозғалыстың қанша рет орындалатыны
кӛрсетіледі.
«Қарқын» бағанында әр қозғалыстың орындалу жылдамдығы (баяу, тез,
т.б.) белгіленеді.



288
«Ұйымдастыру-әдістемелік нұсқаулар» бағанында ойынның бүкіл


барысы мен балаларды ұйымдастыру жазылады. Серуеннің, сергіту
минутының, шынықтыру процедурасының, дене тәрбиесі мерекелерінің және
мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін дене тәрбиесінінің басқа да
түрлерінің жоспар-конспектісін осындай үлгіде құруға болады. Әдістемелік
жұмысты жоспарлай отырып, тәрбиеші әдебиеттерді оқу, ашық сабақтар
ӛткізу, педагогикалық кеңесте сӛйлеу, қабырға газетіне, ата-аналар мүйісіне
мақалалар беру, үйірмелер мен семинарларға, әдістемелік бірлестіктерге
қатысуды белгілейді. Бұдан басқа ашық сабаққа дайындалу, оны ӛткізу, ӛз
жұмысының, басқа тәрбиешілер жұмысының тәжірибесін қорытындылау,
педагогикалық оқуларда баяндама дайындап, сӛйлеу маңызды.
Ӛз басының дене дайындығын жетілдірудің міндеттерін анықтаудың
маңызы да бұдан кем емес: оларды шешуге арналған құралдарды іріктеу ӛз
басының дене дайындығын жетілдірудің барлық формаларын жоспарлау
(спорт секцияларында айналысу т.б.). Ата-аналармен істелетін жұмыс та
жоспарлануға тиіс. Тәрбиеші ата-аналар жиналыстарының, баяндамалардың,
жеке және топтық әңгімелесулердің, кеңес берулердің тақырыбын анықтайды.
Оның үстіне, тәрбиеші ата-аналар үшін дәрістерді, баяндамаларды, ашық
сабақтарды, ата-аналар мүйісін, фотоальбомдарды безендіруді және
балалардың үйлеріне баруды белгілейді. Тәрбиешінің жоспарында балалар
емханасындағы емдік жаттығулар жӛніндегі кабинеттерімен, балабақша
балаларды дене жаттығуларымен айналысатын мәдени парктермен,
хауыздармен, балалардың спорт мектептерімен байланысы ӛз кӛрінісін табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет