Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен



бет160/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

19-тақырып. Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін жоспарлау мен 
есепке алу 

1. Жұмысты жоспарлау мен есепке алудың маңызы (Жоспарлаудың түрлері:


перспективалық, күнделікті. Құжат түрлері: жылдық, апталық, күнтізбелік
жоспар. Жоспарлауға қойылатын талаптар)
2. Есепке алу түрлері
3. Балалардың дене әзірліктерін тестілеу әдістемесі
Жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдармен,
әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін
шешетінін, сондай-ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала
кӛре білу. Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізділікте дене
шынықтыру жаттығуларын қолдана отырып, кӛзделген мерзімде оқу-тәрбие
жұмыстарында мейлінше, жоғары нәтижелерге жетуге кӛмектеседі. Есепке алу 
- бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау.
Осы есепке алудың негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу
балалардың түрлі кӛрсеткіштерінің ӛзгеруін кӛруге жоспарлаудың дұрыстығын
анықтауға, оған дер кезінде кейбір ӛзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік
береді.
Жоспарлау мен есепке алу бір-бірімен байланысты. Тек дер кезінде
мұқият есепке алу және жұмысты дұрыс жоспарлау арқылы ғана денені
жетілдіруде жоғары кӛрсеткіштерге жетуге болады. Мектепке дейінгі
мекемелерде жалпы жұмыс жоспары жасалады. Әрбір топ үшін бір жылға дене
жаттығуларын белгілейтін жоспар-график, апталық күнтізбелік жоспар, дене



282
шынықтыру сабақтарының, ертеңгілік гимнастиканың, қимыл-қозғалыс


ойындарының, дене тәрбиесінің басқа да формаларының жоспар-конспектілері
талдап жасалады. Сондай-ақ, тәрбиеші әдістемелік жұмысты, ата-аналармен
ӛткізілетін шараларды да жоспарлайды.
Жалпы жұмыс жоспары (жылдық жоспар). Бұл жоспарды барлық
педагогикалық ұжымның қатысуымен мектепке дейінгі мекеменің меңгерушісі
жасайды. «Дене тәрбиесі»- бӛлімінде алдағы жылдың негізгі міндеттері
кӛрсетіліп, атқарылатын жұмыстарға дайындық, оларды ӛткізуге қажетті
шаралар алдын ала белгіленеді. Мысалы, балаларды шаңғы тебуге, жүзуге, т. б.-
ға үйрету міндеті қойылады. Осыған орай, шаңғы және шомылу костюмдерін
сатып алу, шаңғымен жүретін орындарды белгілеу, хауыздарды жабдықтау
жұмыстары да белгіленеді. Тәрбиешілерді (әдебиеттер оқу, үйрету әдістерін
талдау т. т.), балаларды (оларда қажетті дене қасиеттерін дамыту), ата-аналарды
(әдебиеттерді оқу, костюмдер сатып алу т.б.) даярлау. Жоспарда
тәрбиешілердің мамандығын арттыруды қарастыру маңызды: дене тәрбиесі
бойынша нақты мәселелерді зерттеу және оларды педагогикалық кеңестерде
талқылау, үйірмелерде, семинарларда, әдістемелік бірлестікте, балабақшаның
жұмыс тәжірибесін талдап қорыту, баяндама дайындау, педагогикалық
оқуларда сӛйлеу. Бұдан басқа қабырға газеттерін, ата-аналар бұрышын, спорт
мерекелерін пайдалана отырып дене тәрбиесін насихаттау жӛніндегі шаралар
белгіленеді. Жоспарда тәрбиешілердің, музыка жетекшілерінің, мектепке
дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің денсаулық жағдайын, дене күшінің
дамуын, дене дайындығын жақсарту жӛніндегі жұмыс формалары (спорт
секцияларындағы жалпы дене әзірлігі топтарындағы сабақтар, дене
жаттығуларымен ӛз бетінше айналысу, т.б.) кӛрсетілуі тиіс. Жұмыстың жалпы
жоспары педагогикалық кеңесте талқыланып бекітіледі. Жоспарлау кезінде
жағдайларды (бӛлменің, алаңның мӛлшері, дене тәрбиесі жабдықтарының,
ойыншықтардың,
атрибуттардың
болуы),
сондай-ақ
климаттық-
метеорологиялық факторларды ескеру қажет. Кӛктемде, жазда, күзде
құралдарды (секіру үшін құмы бар шұңқыр, жүруге арналған бӛрене, ӛрмелеуге
арналған кішкене қоршау) және үлкен кеңістікті (қашықтыққа лақтыру,
жүгірумен қозғалыс ойындары т.б.) пайдалана отырып, алаңда ӛткізуге тиімді
жаттығуларды жоспарлау қажет. Бір жасқа аяқ басқан балалар үшін шартсыз
рефлекстерді табандық-саусақтарды бүгу, жазу, шалқалап, рефлекторлы
еңбектеу, тірек реакциясы, мойынмен, етпетімен, шалқасынан, бүйіріне жату;
массаждың бірнеше түрлері (қолды, аяқты, жауырынды, ішті сипалау, аяқты,
ӛкшені, қарынды ысқылау; жауырынның, аяқтың еттерін қимылға келтіру,
жауырынды шапалақтау т. б.), сонымен қатар белсенді-енжар және енжар
жалпы дамыту жаттығуларының аттарын жазу керек. Жалпы дамыту
жаттығуларын жоспарлағанда алдымен иық белдеу мен қолдың бұлшық
еттеріне арналған жаттығуларды, содан кейін жауырынның, іштің, аяқтың
еттеріне арналған жаттығуларды жазу керек. Ӛз тобына арналған бағдарламаны
белгілеп алғаннан кейін тәрбиеші жаттығуларды әр айдың аптасына бӛледі.



283



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет