Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011



бет26/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Дене тәрбиесі құралдары. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің негізгі
бӛлімдерінің ішінде ерекше орын алатыны - дене тәрбиесі құралдары. Дене
тәрбиесінде қолданылатын негізгі құралдар дене тәрбиесінің жаттығулары, ал
кӛмекші құрал ретінде табиғаттың (жаратылыстың) сыртқы күшінің әсері мен
гигиеналық факторлар. Дене тәрбиесі жаттығуларының жалпы ұғымы дене
тәрбиесінің тәжірибесінде екі жақты мағынаны білдіреді. Біріншісі, дене
тәрбиесінің құралы қимыл-қозғалыстың түрі болса, екіншісі әдістемелік
қағидаларды пайдалана отырып қимыл-қозғалысты бірнеше рет қайталау
процесін ұйымдастыру болып табылады. Бірінші жағдайда адамның денесіне
немен әсер етуі сӛз болса, екінші жағдайда әсер етуді қалай іске асыруға
болады. Осы ұғымдарды шатастырмау үшін бірінші жағдайды «дене
тәрбиесінің жаттығулары», екіншісін «жаттығулар тәсілі» деп атаймыз. Дене
жаттығулары адамның қимыл-қозғалысын құрайды және денені тәрбиелеудегі
міндеттерді іске асырады. Бірақ қимыл-қозғалыстардың барлығы дене
жаттығуларына жатпайды. Дене жаттығуларының белгісі оның орындалуы
белгілі бір заңдылықпен байланысты. Мысалы, жаттығу жүруді алса, оның
маңызы дене жаттығуына сәйкес болғандығында. Сол сияқты басқа да
қозғалыстар, егер жұмыс істеу себептеріне байланысты кейпін ӛзгертіп отырса
ғана дене тәрбиесі жаттығуларына айналады (жүгіру, лақтыру, күресу .т.б).
Кейбір жаттығулардың сыртқы ұқсастықтары бола тұрғанмен бұларды дене
тәрбиесі жаттығулары деп қарауға болмайды (еден жуу, еңбек сабағы, әртүрлі
қара жұмыс). Іс жүзінде қолданылып жүрген дене жаттығуларының бірнеше
түрлері бар. Олар кӛлемі мен мазмұнының әртүрлі болуына байланысты бір-



44
біріне ұқсамайды. Дене жаттығуларының мазмұны негізінен қозғалыс істеріне


кіретін қимылдар мен жаттығулар процесінің денеге тигізетін әсерімен
анықталады. Ал процестерді әртүрлі: атап айтқанда психологиялық,
физиологиялық, биохимиялық, биомеханикалық т.с.с. тұрғыдан қарауға
болады. Психологиялық кӛзқараспен қарағанда, дене жаттығулары еркін
қозғалыс болып саналады. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша бұл құбылысты
«адамның санасы мен жігері басқарады». Адам физиологиясы тұрғысынан
қарағанда, дене тәрбиесінің жаттығулары организмнің функционалды қызметі
мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. П.К.Анохин қозғалыс ерекшелігін
түсіндіре келіп ӛзінің «функционалдық жүйе» тұғырнамасын ұсынады. Бұл
тұғырнама бірінші жағдайда шартты рефлекстің негізінде пайда болып сонан
соң ӛз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе, ал Н.А.Бернштейннің айтуынша
«физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыс шын мәнінде,
рефлективтік қозғалыс» деп тұжырымдайды (сыртқы әсер арқылы пайда
болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін
жағдай, әрбір кез келген жаттығуды белсенді орындау организмнің
функционалды деңгейінің екінші түрге ауысуына әкеліп соғады. Дене
жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы
мен қозғалысты білу жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет