55
ойындарын қарастырады. Қозғалыс ойындарында балалардың ойындағы
әрекеті кенет ӛзгеретін ситуациялық жағдайларда мақсатқа жетуді алдын ала
қарастыратын бейнелі мазмұн (образды сюжет) немесе ойындық тапсырмалар
негізінде ұйымдастырылады. Ойын әрекеті кешенді сипатта болады және
әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттерінің үйлесуінен тұрады (жүгіру, секіру т.б.).
Ойында қимыл-қозғалыстық дағдылар нығаяды, денелік, сондай-ақ
моральдық-еріктік қасиеттер дамиды.
Спорт аса жоғары нәтижелерге жетуге, жарыстарға қатысуға бағытталған
жүйелі түрде айналысуды қарастырады. Спорт адамның дене және рухани
күштеріне деген жоғары талаптар қояды, сондықтан оған жас шамалық
дамудың белгілі кезеңіне жеткенде ғана және тиісті әзірлігі болған жағдайда
қол жетеді.
Мектеп
жасына
дейінгі
балалар
әртүрлі
спорттық
жаттығуларды ғана (шаңғы, коньки, шана, велосипед, жүзу т.б.) пайдаланады.
Осындай әлдеқайда жеңіл спорттық жаттығулар техникасының негізін
қалыптастыра отырып, балалар дене тәрбиесінің олардың жас ерекшеліктері
ескерілетін басты міндеттерді шешеді.
Туризм (франц.-tourisme, серуендеу,
жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.
Туризм халықтың қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына
келтіру т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-
қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен ӛнердің дамуына, ел
экономикасының ӛркендеуіне ӛзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге
танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм,
шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм, саяхат мақсатына
қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар туризмі,
әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни
туризм болып бӛлінеді. 1975 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)
құрылған, ол (2006 жылғы дерек) 120-дан астам елді біріктіреді. Оған
Қазақстан 1993 жылы мүше болып кірді. Қазақ жеріндегі туризмнің тарихи
алғы шарттары б.з.б. 3-мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек
жолының дамуы болып табылады. Қазақстанда алғашқы туристік ұйым 1931
жылы құрылып, оның тӛрағасы Ә.Жангелдин болды. 1993 жылы туризмді
жетілдіру мақсатымен Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, Ұлы Жібек жолы
бойындағы тарихи орталықтырды жандандыру, түркі тілдес елдердің мәдени
құндылықтарын қорғау мен дамыту, туризм инфрақұрылымын жаңарту
мәселелері және 2030 жылға дейін туризмді дамыту жоспары белгіленді. 1998,
2000, 2001 жылдары Қазақстан Республикасының туризмге байланысты
шыққан заң жобаларында ел экономикасында туризмнің құқықтық,
экономикалық, ұйымдық негіздері қарастырылған.
Мектепке
дейінгі
ұйымдардағы
туризмде
қимыл-қозғалыстық
дағдыларды нығайтуға және дене қасиеттерін табиғи жағдайларда дамытуға
мүмкіндік береді. Жүрудің түрлі әдістері пайдаланылатын серуендер
ұйымдастырылады (жаяу, шаңғымен, велосипедпен т.б.). Жолда, аялдаған
жерлерде әртүрлі дене жаттығулары қолданылуы мүмкін (мысалы, ағаш
түбіртегінен секіру, арықтан секіру, жіппен секіру, доппен жаттығу қозғалыс
ойындары т. б.).
56
Келтірілген жіктеу жалпылама, сондықтан қазіргі кезде жаттығуларды
дене қасиеттерін дамыту үшін мәні басым белгілер бойынша (ептілік,
шапшаңдық, икемділік, күш, тӛзімділік т.б.) жіктеу қолданылып жүр.
Жаттығулар бір мерзімде дене қасиеттерінің барлығының дамуына әсерін
тигізді, бірақ кӛп дәрежеде белгілі біреуін дамытады. Мысалы, қысқа
қашықтыққа жүгіру кӛбіне, жылдамдықты, алысқа жүгіру - тӛзімділікті
дамытады. Жаттығулар құрал-жабдықтардың және заттардың пайдаланылуы
бойынша бӛлінуі мүмкін (гимнастикалық орындықта, бӛренеде, қабырғаға
қойылған сатыда атқарылатын жаттығулар, таяқтар, доптармен атқарылатын
жаттығу т.б.). Жаттығулар анатомиялық белгілер бойынша топтарға бӛлінеді
(иық, қол, аяқ, кеуде т.б. бұлшық еттеріне арналған жаттығулар). Құрылымдық
белгі бойынша құрылған жіктелу қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: