Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі а. Ж. Сисенбердиева дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі алматы, 2011


Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар



бет36/219
Дата08.12.2023
өлшемі2,16 Mb.
#135399
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219
Байланысты:
Дєріс тезистері-emirsaba.org

Кеңістіктік-уақыттық сипаттамалар. Қозғалыс жылдамдығы дененің немесе
оның мүшесінің жүріп ӛткен жолы ӛлшемінің (ұзындығының) сол жолға
жұмсалған уақытқа қатысымен анықталады. Жылдамдық м/секундпен
ӛлшенеді. Егер шапшаңдық жолдың бар нүктелерінде де тұрақты болса, онда
қозғалыс бір қалыпты, егер ол ӛзгеріп отыратын болса, ӛзгермелі деп аталады.
Жылдамдықтың белгілі бір уақыт ішінде ӛзгеруі үдеу деп аталады. Ол оң да,
теріс те болуы мүмкін. Қозғалысты орындау процесінде жылдамдық та, үдеу де
ӛзгepyi мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығы күрт ӛзгермей үдеумен орындалса,
ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды, бірден үлкен
жылдамдықпен басталатын қозғалысты - күрт қозғалыс дейді, сондай-ақ
біркелкі үдемелі және біркелкі баяулайтын немесе кілт тоқтайтын қозғалыстар
болады. Тұрақты жылдамдықты немесе тұрақты үдемелі қозғалыстар аз
кездеседі. Жақсы орындалған дене жаттығуында, әдетте, жылдамдықтың
тұтқиылдан, күрт ӛзгеруі болмайды. Дене жаттығуларын орындағанда бүкіл
дененің қозғалыс жылдамдығы және дененің жеке мүшесінің шапшаңдығы
бӛлініп алынады. Бүкіл дененің қозғалу жылдамдығы дененің жеке
мүшелерінің шапшаңдығына және басқа факторына (аяқ-қолдың ұзындығына,
сыртқы орта кедергісіне т. б.) тәуелді болады. Жылдамдықты оптималды және
максималды деп бӛледі. Жылдамдық ұлғайған сайын нәтиже де жоғары
болады, дегенмен, мейлінше жақсы нәтижеге жету үшін максималды емес
қозғалыс жылдамдығының әр адам үшін оптималды болуының маңызы зор.
Қозғалыс жылдамдығы ықтиярлы (тауға шыққанда) және ықтиярсыз (таудан
түскенде) болуы мүмкін. Дене тәрбиесі процесінде айналысушыларды
қозғалыс жылдамдығын оны ӛзгерте отырып меңгеруге үйрету ӛте маңызды
(«жылдамдықты сезінуді» дамыту, белгіленген жылдамдықты ұстану).
Уақыттық сипаттамалар. Уақыттық сипаттамаларға жаттығуды және оның
бӛлшектерін, жеке статикалық жағдайларды орындау ұзақтығы мен 
қарқыны жатады. Дене жаттығуларын орындаған кезде техниканың жеке
бӛлшектері әртүрлі ұзақтықта атқарылады (лақтыру кезінде құлаштау
лақтырудан жайырақ орындалады). Жеке статикалық жағдайларды (тік тұру)



53
және дене мүшелерінің қозғалыстарын орындауға әртүрлі уақыт бӛлінуі


мүмкін. Жаттығудың, оның жеке бӛлшектерінің ұзақтық ӛлшемін біле отырып,
түсетін салмақтың жалпы ауқымын анықтауға және оны реттеуге болады.
Қарқын - уақыт бірлігінде қозғалыс циклдерін немесе қозғалыс санын
қайталау жиілігі (жаяу жүру қарқыны минутына 120-140 адымға тең).
Қозғалыс қарқыны дененің қозғалатын бӛліктерінің массасына тәуелді
(мысалы, қолдың саусақтары секундына 8-10, ал кеуде 1-2 қозғалыс жасай
алады). Қарқынның ӛзгеруіне қарай кӛбіне, қозғалыстың барлық құрылымы
сапалық ӛзгеріске ұшырайды. Мысалы, қарқын белгілі шектен асса, жүріс
жүгіріске айналады (минутына 180-200 адым). Козғалыс қарқынының ӛзгеруі
денеге түсетін жүктің артуына немесе азаюына әкеледі. Әр адамның
қозғалысты атқаруының индивидуалды қарқыны бар. Бұл организм
ерекшеліктеріне (бой, салмақ, жүйке жүйесінің типі) тұтас алғанда жеке
адамдық қасиетке (жалпы белсенділік т. б.), сондай-ақ сол бір қозғалысты
меңгеру деңгейіне тәуелді. Дене жаттықтырумен жүйелі айналысу нәтижесінде
қозғалысты орындаудың индивидуалдық қарқынын ӛзгертуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет