2 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларға ұйымдастырылған іс- әрекеттерінің тақырыптары «Денсаулық» білім беру саласы Дене шынықтыру Жалпы дамыту жаттығулары: қол, дене, аяқ үшін.
Жүру: жайлап, жылдам. Аяқтың ұшымен жүргізу – жіп, тақтайша, текшелерден
аттап жүру.
Жүгіру: шеңбер бойымен асықпай, шашырап жүгіру.
Негізгі қимыл қозғалыстар: бір уақытта кем дегенде үш негізгі қимылдарды
орындау ұсынылады.
Еңбектеу: затқа дейін, доға астынан, гимнастикалық орындықтан, тақтайдың
астымен.
Ӛрмелеу: биіктігі 10 см 50х50 см кӛлемде.
Лақтыру (диаметр 10-15 см) допты 50х60 см. Қашықтыққа 2 қолмен бастан
асыра және кеудеден.
Түсіру: ұсақ доптарды қашықтағы 50 см. қақпаға.
Секіру: бір орында 2 аяқпен және екі аяқпен алға қарай.
Қимылды ойындар: «Допты қуып жет», «Шарды ұста», «Күн мен түн», «Түрлі-
түсті кӛліктер», «Аю апанында», «Паравоз», «Маймылдар».
Мәдени-гигиеналық дағдылар Ойындар ұйымдастыру: «Қуыршақты жуындырайық» - жеке гигиеналық
заттармен таныстыру және оларды қолдануға үйрету. Ұсақ қол қимылдарына
арналған ойындарды ұйымдастыру: «Бәтеңкенің бауын байлаймыз», «Гүлдерді
түстеріне қарай таңдап, панноға түймелеу». «Қуыршақты ұйықтатайық» деген
ойыны тӛсек-орын және киімдерді қолдану дағдыларын дамытады.
Дербес қимыл-қозғалыс әрекет Дербес қимыл-қозғалыс әрекетін дамытуға арналған «Дыбыс арқылы тап»,
«Шарға дейін созыл», «Кедергілерден ӛт», «Затты ал», «Күн мен түн»
ойындарын ӛткізуге болады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды
тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы ҚР МЖМБС
талаптарына сай жаңа бағдарламалар кешенінің жалғасы болып табылады. Бұл
бағдарлама әлеуметтенудің бірыңғай үдерісін құрайтын – баланың ӛз
мүмкіндіктерін, қабілеттіліктері мен қажеттіліктерін түсінуі арқылы тұлғалық
даралануын қамтамасыз ете отырып, 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды жан-
жақты дамытуға, оның танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға және
потенциалдық мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы
(«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»)
арқылы жүзеге асады.
Бағдарлама мазмұны баланың тұлғалық және физиологиялық, әлеуметтік,
қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді.
«Зерек бала» бағдарламасы тӛмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып
жасалған:
69
-оқыту мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің әлеуметтік шарттарға сай болуы
мен үздіксіз жаңарып отыруы;
-тәрбиелеу мен оқыту мақсаттарының қолжетімділігі, мазмұны мен әдіс-
тәсілдерінің ӛзара байланыстылығы;
-дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы;
-стратегиялық білім беру қағидаларының жолдарын таңдау еркіндігі және оны
жүзеге асыру әдістері, түрлері және вариативтілік ұстанымы;
-балаларды әлеуметтік қорғау, педагогикалық, психологиялық үдерістерінің
мазмұны мен ұйымдастырылуының әрекеттілік, тиімділік, шығармашылық
қатынас ұстанымы;
-тәрбиелеу мен оқыту үдерісін қарым-қатынас, зерттеу-іздестіру, үлкендермен
және құрдастарымен ынтымақтастық негізінде құру ұстанымы.
«Зерек бала» бағдарламасында 3-4 жасқа дейінгі балалар үшін
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны бойынша дене
шынықтырудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тӛмендегідей жүзеге асады: