Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус



бет2/10
Дата27.09.2022
өлшемі32,9 Kb.
#40524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жазу сауат Силлабус

Оқу курсының типі: КП/ЖООК/МК
Пәннің мақсаты- студенттердің болашақ мамандықтарына сай тіл ғылымының салаларымен байланысты сауатты жазу ережелерінің бағдарламалық материалдарын оқушыларға жүйелі түрде үйрететіндей іскерліктерін шыңдау, орфографиялық, орфоэпиялық білімдерін мәтін арқылы толықтыру.
Пәннің негізгі міндеті - студенттерді емле ережелерімен таныстыру;сөз сазын келтіру қағидаларын (орфоэпиялық ) меңгерту;сөйлеу техникасы (тыныс алу, дауыс, үн реңкі,сөз сазы(интонация), екпіннің түрлері т.б.) жайында мағлұмат беру; эссе және оның түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары, шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік беру; білім алушыларды осы саладағы ғылыми еңбектердегі тұжырымдарды саралауға, зерделеуге баулу.
«6В017 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
ОН8. Ойын жүйелі, сөз мәдениетінің талаптарына сай ауызша және жазбаша түрде тұжырымдап жеткізеді, сөз саптау тәсілдері (баяндау, сипаттау, пайымдау) мен сөйлесім әрекетін меңгереді және оларды танымдық әрекеттерді белсенді меңгеруде, өзін-өзі дамытуда білімін жетілдіруге орынды қолдана отырып, өзінің игерген білімін, жеткен жетістіктеріне сыни көзқараспен бағалай алады.
ОН10 тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерді меңгереді, кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын құрастырады;
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• Әрбір аудиториялық сабаққа кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей, семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет