Пәннің атауы__Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы
Кредит саны__4_______________
Курс, семестр__2 курс, 3 семестр
Мамандықтың шифры және атауы 6В01701-қазақ тілі мен әдебиеті
Институт____Филология
Кафедра___Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі Балтабаева Ж.Қ., п.ғ.д., профессор
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai)+77081078980 Baltabaevazhanalik@mail.ru 2.Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Критериалды бағалау: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікір таластарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалдыпайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды. Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,6 +Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы Пәнді оқыту барысында білім алушыларға орфографиялық заңдылықтарды жете меңгерту, сол арқылы жазу сауаттылығына баулу,сөйлеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру арқылы алған теориялық білімдерін іс жүзінде дұрыс қолдана білу іскерлігі мен практикалық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мәтіндермен жүйелі жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың сөздік қорларын байытып, сөйлеу тілдерін дамыту қажет. Интонация туралы жалпы түсінік. Фразалық және логикалық екпін. Кідіріс. Сөйлеу ырғағы және қарқын. Сөйлеу техникасы.
Құзыреттіліктері: қазақ тілінің құрылымы мен жүйесін, функционалдық бірліктердің ерекшеліктерін біледі, оларды коммуникативті мақсатқа жету үшін әлеуметтік жағдайларда пайдаланады.