Академиялық құндылықтар: пән бағдарламасы тақырыптық принцип бойынша құрылған. Әр тақырып оның мазмұнын ашатын негізгі мәселелер тізімін қамтиды, дәрістік курста жүйелі түрде баяндалады және студенттерге практикалық сабақтарда, сондай-ақ өзіндік жұмыс барысында оқытылады. Осы мәселелерді білу студентке оқу процесінде, ал оқытушыға бақылау іс-шаралары кезінде пәннің жекелеген тақырыптарын меңгеру дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.
5. Ақпараттық ресурстар: 1. Emle.kz 2016-2020
2.collegy.ucoz.ru/load/46-1-0-6813
Оқу әдебиеттері: Уәли Н.М Графика. Орфография. Орфоэпия .– Алматы, 2018. / tbi.kz.
Оразбаева Ф.,Балтабаева Ж. т.б.Қазақ тілін оқыту әдістемесі.—Қарағанды, 2016.
Бейсембайқызы З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.- Алматы:Інжу- Маржан.2012.–321 б.
Дәріс 1. «Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы» пәнінің мақсаты мен міндеттері, зерттелуі
1.Пәннің мақсаты мен міндеттері
2. Орыс тіл білімінде зерттелуі
3.Отандық ғалымдар еңбектерінде қарастырылуы
4. «Жазу сауаттылығы және сөйлеу техникасы» пәнінің тілдің басқа салаларымен байланысы