Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі abai University силлабус пән туралы ақпарат


Курстың академиялық презентациясы



бет3/4
Дата21.10.2022
өлшемі25,87 Kb.
#44527
түріБағдарламасы
1   2   3   4
3. Курстың академиялық презентациясы.
Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: педагогикалық эксперимент жүргізудің әдістемесін меңгерту және оның нәтижелерін өңдеуде математикалық әдістерді қолдана білуге оқытып- үйрету.
Пәннің негізгі міндеті «7М01501-Математика» ББ (ОП) бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру:
ОН1: педагогикалық экспериментті жүргізудің әдістемесі және оның нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері туралы білім және түсінік қалыптастыру;
ОН2: эксперименттті жүргізу әдістемесі туралы ғылыми пайымдауларын қалыптастыру;
ОН3: пән бойынша алған білімдері мен түсінігін эксперимент нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдеулер жасауда қолдана білу;
ОН4: магистранттардың диссертацияның тәжірибелік бөлімін орындаумен байланысты біліктерін қалыптастыру.


4.Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері:
• сабаққа қатысу міндетті, кешігуге болмайды;
• сабаққа кешігу немесе сабақта болмау 0 баллмен бағаланады;
• әрбір практикалық сабаққа силлабуста келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалу керек;
• тапсырмаларды орындау және емтиханды тапсыру мерзімдері қатаң сақталады;
• тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады;
• әрбір практикалық сабақтарда МӨЖ тапсырмалары топпен жобаларды қорғау түрінде тексеріліп, бағаланады;
• тапсырманы дайындау ол талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• МӨЖ семестр бойы беріліп отырады;
• оқу жетістіктерін бағалау пән силлабусында келтірілген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Академиялық құндылықтар:
Академиялық адалдық және тұтастық; барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлерінде көшіріп алу және оқытушыны алдауды болдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттерге e-mail бойынша кеңес алуға мүмкіндік туғызу.
5. Ақпараттық ресурстар:
Оқу әдебиеті:
1. Қосанов Б.М. Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері.-А.,2021.
2. Қосанов Б.М. Педагогикалық зерттеулердегі статистикалық-математикалық әдістер.-А.,2011.
3. Қосанов Б.М. Педагогика мен психологиядағы математикалық әдістер.-А.,2012.
4. О.Ю.Ермолаев-Томин. Математические методы в психологии.-М.,2014.
5. Шелехова Л.В.Математические методы в педагогике. -Майкоп, 2015.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет