Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ РЕВОЛЮЦИЯШЫЛ ЖЫРЛАРЫ Кульбаева М. М. - практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Мақалада ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылардың шығармаларындағы қазақ халқының азаттық жолындағы күресі. Негізгі ұғымдар: Отан, ақын, тарих, қазақ поэзиясы. Қай ұлт болмасын өз елінің, өз жерінің
тәуелсіздігін қалайды. Туған Отанының бір уыс
топырағы үшін күш-жігерін аямай, сол жолда
жанын
құрбандыққа
да
шалады.
Өйткені,
тәуелсіздік киелі - еркіндік, азаттық, бостандық
деген сөздермен байланысып, ұштасып жатады.
қай елдің болмасын тарих қойнауына көз
жіберсек, өз Отаны үшін күрескен ерлерінің
ерлігін жыр етіп, оны мәңгі жадында ұстап,
ғасырлар бойы мақтан етеді.ХХ ғасыр басындағы
қазақтың азаттық жолындағы күресіне елеулі
үлес қосқан талантты ақындарының бірі - Сәкен
Сейфуллин (1894-1938) еді. Алғашқы шығарма-
шылық еңбегін демократтық, ағартушылық ба-
ғытта бастаған ол төңкеріс тұсында отаршылдық
езгі мен ұлттық қанауға қарсы батыл үн көтеріп,
ақындық қызметін халықтық күреспен тікелей
байланыстырды. Әлеуметтік төңкеріс тұсындағы
жолайырықта большевиктер партиясы сапына
қосылып, солардың қатарында күрестің азапты
жолын басынан кешірді. Содан бастап ақын ха-
лықтың азаттығы мен тәуелсіздігі мәселесін про-
летарлық
күрес
идеясымен
байланыстыра
қарады. Езілгендер мен қаналғандарға теңдік
әперіп, қатарға қосамыз, қоғамның қожасы етеміз
деген ұранға сеніп қызмет етті. Сондықтан да
өзінің саяси қоғамдық қызметімен де шығарма-
шылық еңбегімен де қазақстандағы социалистік
құрылыс ісіне берілгендік танытты және осы сая-
сатты батыл жырлаушы болды. Кеңес өкіметінің
орнығуы, коммунистік партияның езілгендер мен
қаналғандарды жақтауы елдің кедей шаруалары
тарапынан
қолдау
тапты.
Теңдік,
әділдік
ұрандары
елді
сендіре
бастады.
қазақ
қаламгерлерінің бір бөлігі осы идеяны мадақтап
жырлар туғызды. Олардың басында Омбыда