Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет236/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
194
азаттыққа шақырған жаңа үнін бейнелейді. Оның 
«Жас қазақ марсельезасы», «Жолдастар» өлеңі 
сол кездегі қазақ ауылдарында революция 
гимінің қызметін атқарады. Бүкіл дүниежүзіндегі 
революциялық күрестің гимні «Марсельеза» мен 
«Интернационалдың» әсерімен туған екі өлең 
мазмұны жағынан да солармен үндес. Ақын 
мұнда кедейлерді қол ұстасып, теңдік ұранын 
салуға, қызыл тудың астында бірігіп күреске 
шығуға шақырды. Патшаның әділетсіз болғанын
ұлықтардың 
парақорлығын, 
байлардың 
мейірімсіздігін әшкерелеп, теңдікті майданда алу 
керектігіне назар аударды.
Азамат жүнжіме жүрме бос!
Қол үстас, бірігіп, тізе қос!
Ту ұстап дұшпанға барайық!
Күн туды - біз теңдік алайық!- деп 
басталатын «Жас қазақ марсельезасы» шақыру, 
ұран стилінде жазылған. Күрескерлер бейнесі 
Сәкеннің тек азаттық үшін арпалыстың от-
жалынында туған өлеңдерінде ғана емес, кейін 
жазылған шығармаларында да кең орын алады. 
Оның «Біз», «қызыл ерлер» атты өлеңдері де 
күрес адамының характерін нақты іс-әрекет 
үстінде бейнелеуге құрылған. Жаңа заман 
адамының өсу жолын ақын «Біздің ұлан да» қара 
баланың бейнесі арқылы ашады. Әбілқайыр 
Досовтың өмірін негізге алып жазған бұл өлеңнің 
қаҺарманы «жалба-жұлба қойшы» - қара бала 
«құстай түлеп ұшып», «Жер күңірентіп ұран 
салады», революция жеңісін қорғауға қатысады 
[2, 56]. Жаңа туған қоғамды, заманды Сәкен 
әділет пен теңдік заманы деп ұқты. Ескі тәртіпті 
қиратып, 
жаңа 
социалистік 
принциптерді 
қалыптастыру жолындағы өкімет шараларын да 
ол қолдады [3, 35]. Сондықтан оның кеңес 
тұсындағы жырларында жаңа тәртіпті, қоғамның 
даму беталысын бұрынғы қазақ өмірінің мешеу 
көріністеріне қарсы қоя суреттеу анық байқа-
лады. Жаңа өмірдің қарқынды өзгерістерін, нақты 
образдар арқылы бейнелеуге ұмтылады. 
Қазақ поэзиясындағы тәуелсіздік тақырыбы 
жаңа зерттеулерді қажет ететін, қазақ әдебиетіне 
үлкен тәлім-тәрбиелік маңызы зор тақырыптар-
дың бірі.Келешек ұрпақтың рухани байлығы- 
туған жері, еліне деген ұлттық рухта тәрбиелеп, 
ғасырлар бойы аңсаған бабамыздың арманы- 
тәуелсіздікті қадір тұту мақсатында, поэзиядағы 
ерекшелігін көрсету тақырыптың зәрулігі осыдан 
көрінеді. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері 
Кеңес үкіметі кезінде көптеген бұрмаланған тари-
хи фактілер жаңа көзқараста зерттеле бастады. 
Тәуелсіздік поэзияның басты тақырыбы – халық 
бостандығы жолындағы күрес, оның қозғаушы 
күші – езілген шаруа, бұқара халық. Азаттық 
тақырыбын халық ақындары биік идеал етіп, өз 
туындыларында жырлап өткен. Тәуелсіздік тақы-
рыбы жайлы поэзияның соңғы кезеңіне 90 жыл-
дардағы тәуелсіздік жайлы өлеңдері жатады. Бұл 
кезеңнің ақындары егемендігін алған еліміздің 
тәуелсіз өмірін,қайта жаңғырған рухани байлық-
тарымыз жайлы жыр етеді. Еліміз егемендігін 
алып, бар әлемге өз тәуелсіздігін жариялаған 
кезде ғасырлар бойы аңсаған халқамыздың ар-
манын ақындарымыз поэзияда шабытпен жырла-
ды. Ол арман - азаттықтың таңы, тәуелсіздік! 
Өшкені тіріліп, ұмытылғаны қайта жаңғырып, 
ұлтымыздың өміріне елеулі өзгерістер ене 
бастады.Салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып, 
халықтың 
мұрасын жырға қосқан ақындардың қатары 
көбейді.Солардың 
ішінде 
Қазыбек 
Исаның 
«Ақиқаттың 
дауысы»,Аманжол 
Шәмкеновтың 
«Менің үнім», Ақылбек Шаяхметтің «Бақыт 
жұлдызы» атты өлеңдерді ерекше атап өтуге 
болады. 
Қазақ поэзиясының қай дәуірін алсақ та 
тәуелсіздік тақырыбы ерекше орын алатынын 
ақын-жыраулардың шығармаларынан көреміз. 
Тәуелсіздік тақырыбының ең басты маңызы, 
ерекшелігі қандай ғасырды алсақ та алдымен 
бұл тақырыптың тәрбиелік мәні-бірлікке шақыру, 
Отанды сүю,азаттықтың қадір-қасиетін ұғыну 
болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет