Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АКТУАЛЬНЫЕПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 193
оқып, орыс большевиктерімен тұрақты байланыс
жасап келген қазақ ақыны Сәкен Сейфуллин
болды. Төңкеріс алдында халықтың азаттығы
мен бостандығы идеясын қолдаған Сәкен
бостандық, теңдік осы жолмен келеді деп ұқты.
Халық мұңы мен азаттыққа ұмтылу арманы оны
бұл жылдары бұрынғыдан да гөрі көбірек
ойландырады. 1915 жылы жазған «Көңіл» деген
өлеңінде ол революция қарсаңындағы халық
көңіліндегі
толқуды
суреттейді.
Лирикалық
кейіпкерде іздену, жанжаққа шарқ ұрып, талпыну
бар. Ақын көңіл талабына қосылады, оның
мұратына жетуін қолдайды. «Мұң» деген өлеңде
ескі өмірден шаттық таппай күйінеді. 1916 жылғы
халықтың ұлт-азаттық көтерілісі кезінде жазған
«Толқын» атты өлең көкіректі кернеген елдің
қайғы-қасіреті толқынына толы. Ақын сұрапыл
соққан көп толқыны да, дүңкіп жарылған жер
толқыны да басылар, бірақ халық ашуының
толқыны басылмайды деген оптимистік ой
айтады.Сәкеннің табиғат жырлары өз елін оның
табиғатын сүйген ақынның шын сезімін бей-
нелейді. Ол табиғатты ел өмірімен, олардың
тіршілігімен, халықтың азаттық тілеген арман-
қиялымен байланыстырады. «Май айында»
(1917) атты өлеңдерінде ақын жаздың шығуы
мен жаңа жылдың тууын символды түрде өмірдің
жаңаруы, жаңа заманның келуі туралы ойлары-
мен ұштастырады. Күз туралы өлеңін ол «Өткен
күн» деп атаған. Ақын жазды жыл жастығы деп
атаса күзді өтіп бара жатқан ұсқынсыз заман
бейнесінде алады. 1922 жылы Орынборда
басылған «Асау тұлпар» жинағына жазылған
алғы сөзінде Сәкен оны қоғамның жас күштеріне
арнай отырып:
«Дүниенің құлдық шынжырын қиратып,
Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып,
Еркіндік, кеңдік іздеген, жастар!
Сендерге арналады бұл әндер!
Осы өлеңде ақынның сол тұста ұстаған
жолы, шығармаларының идеялық эстетикалық
мұраты айқын көрінеді. Оның күрескер жырлары
«әділдік, теңдік іздеуге» арналады. Ол халықтың
азаттығы жолындағы күреске ақын болып қана
емес, солдат болып та қатысты. 1917 жылдың
наурызында жазған Сәкеннің «Асығып тез
аттандық», «Кел, жігіттер» деген өлеңдері күрес
дәуірі тудырған қазақ әдебиетінің алғашқы сөзі,
азаматтық, саяси лириканың басы. Бұл өлеңдер-
де ақын патшаның құлауына қуаныш білдіре
отырып, «атқан таңды қарсы алуға» асығыс
жолға шыққан ерлердің ісін паш етеді.
Таңды қарсы алмаққа
Тұлпарларды таптық біз.
Айдарына қызыл шоқ
Үкілеп, сүзіп тақтық біз ...
Азаттық өзінен өзі келмейтінін түсінген
халықтың езілген, қан алған бөлігінен «топ»
құрып, оларды күреске үндеуі де осыдан. Бұл
жырлардың бұған дейін жазылып келген жалпы
халықтық, бостандық, азаттық деген ұғымдардан
елеулі
айырмашылықтары
бар
еді.
Сәкен
халықты
жалпы
алмайды,
оның
езілген,
қаналған, кедей тобына іші бұра қарайды.
Азаттық
солар
үшін
деп
түсінеді.
Отаршылдықтан азат бола отырып, бұқара
халықты ұлттық езгіден босатуды қалайды. Ақын
өлеңдерінің кейіпкері де осы бағыттағы күрескер.
Бұл - Сәкеннің қоғамдық шындыққа тап тартысы
тұрғысынан қарай бастағанының белгісі болатын.
Осы
дәуірден
басталған
Сәкеннің
революцияшыл жырлары ұлттық әдебиетімізге
азаттық жолындағы күрес рухын кіргізді.Оның
«жүген-құрық тимеген, алты жасар асуды»
революцияның бейнесінде алып, «кең даланы
күңірентіп, қатты айғайлап ән салуы» да жаңа
дәуірдің үнін танытады. Ол оқырман алдына
үлкен талап - заман талабын қоя сөйлейді.
«Талай ерлер қасірет, жапа шегіп, жалпы әлемге
бақыт іздеп құрбан болған» тәуекел, күрес
жолына
үндейді
[1,112].Осы
өлеңдерден
Сәкеннің өз басынан өткен күрес жолының
шындығын да тануға әбден болады. Патшаның
құлауы мен азаттық жолындағы күреске ол
жоғарыдағы
өлеңдерімен
үн
қосса,
«Адасқандарға»,
«Қамаудан»,
«Тұлпарым»,
«Сағындым» тәрізді өлеңдерін контрреволюция
күштерінің қолында тұтқын болып жүргенде
жазған. «Түрмеден қашып шыққанда», «қамыққан
көңілге», «Бабаларыма», т.б. өлеңдерінде ақын
тұтқыннан қашып шыққан күрескер азаматтың
көңіл-күйін
бейнелейді.
Ал
«Жас
қазақ
марсельезасы», «Шөлде», «қашқынның ауылы» -
жауынгер ақынның күрес жолына аттанған
кездегі үні. Бұл өлеңдерінде халықтың азаттығы
ісіне басын тіккен, шын күрескердің жалынды
бейнесі жасалады. Лирикалық қаҺарманның
бостандық сүйгіш көңілі жау қолында да
жасымайды,
қайта
күрес
қиындығы
оны
ширатып, жігерлендіре түседі. Ол тұлпарына
мініп, жауға аттанар күнді аңсайды.
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен
Қанатты тағы тұлпарым,
Арқырап келші кермеден.
Ақын
қандай
жағдайда
жүріп,қандай
қиыншылықты бастан кешсе де,езілген халық
тілегенде екенін білдіреді. Осы өлеңдерде айқын
танылатын азаттық идеясы Сәкеннің күресшіл
поэзиясын орыстың классикалық әдебиетінің
озық үлгілерімен туыстырады. Түрмеде жазылған
«Қамаудан» атты өлең Сәкенді сезімтал, ойшыл
лирик ақын есебінде танытады.
Отырмын күзет қамауда
Дұшпаннан тәнім жеңілді.
Жеңе алмас бірақ, еш пенде
Асау
еркін
көңілді,
-
деген
өлең
жолдарында
лирикалық
қаҺарманның
табиғатпен тілдесіп, «шын ғашығы - бостандық
екенін айтады. Ақынның ендігі бір топ өлеңдері
оның күрес жолына қайта аттанып, елді