Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет215/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
177
Бірақ нағыз адамды бейнелеуде оларды жеке 
алып қарағанда айырмашылықтары көрінеді (әсі-
ресе тәрбиелеу ықпалы тұрғысынан алғанда). 
Мысалы, адамгершілік идеалы деп қоғам 
қалыптастырған моральды қағидалар мен норма-
лардың жиынтығын индивид мінез-құлқына енді-
рушіні тани аламыз. Осы тұрғыдан алғанда адам-
гершілік идеалы формасы жағынан абстрактілі, 
себебі моральды нормалар мен қағидалар баға-
лауыш пікірлерге қызмет ететін ұғым мен қатего-
рияның формасы ретінде қызмет етеді. Ал 
эстетикалық идеал осындай жоғарғы абстракция 
формасы бола тұрса да, әрқашан нақты-сезімді 
бейнесін жоғалтпайды. Ол сан мың жылдар бойы 
қабаттасып байытылып келе жатқан эстетикалық 
қабылдаулар мен сезімдер мен көркемік бейне-
лер, бағалауыш әсерлер көмегімен интеграция-
ланады. Адамгершілік идеалды түпкі негізі –
адамгершілік формасы мен моральды қағидалар. 
Ал эстетикалық идеалдың түпкі негізі – нақты-
сезімдік эстетикалық қабылдау – баға мен 
көркемік бейне. Осындай әртүрлі бейнелеу 
формалары 
тұлғаны 
тәрбиелеудің 
кешенді 
ісіндегі адамгершілік және эстетикалық идеал-
дардың өзара ықпалын талдау барысында үлкен 
рөл атқарады. 
Одан әрі қарай айтатын болсақ, адамгер-
шілік идеалы тек тұлғаға ғана тән деп есепте-
леді. Бұл таным –тұлғаны тарихи дамуындағы 
адамгершілік қатынастарының жетілгені туралы 
ұғымдық түсінік болып саналады. Эстетикалық 
идеал –бұл әрқашан белгілі бір ғажап қоғамдағы 
белгілі бір ғажап адамның нақты –сезімдік 
бейнесі. Бұл жерде тұлға ортамен ажырамас 
байланыста 
қарастырылады. 
Эстетикалық 
идеалды тұлғаның дара бостандығы, еркіндігі 
деп тануға болады. Эстетикалық идеалға жету 
үшін қоғамдағы еркіндік шыңына қол жеткізу деп 
тануға болады. 
Қорыта 
айтатын 
болсақ, 
эстетикалық 
идеал адамзат өміріндегі еркіндіктің жоғарғы дең-
гейін көрсететін нақты-сезімдік бейне, ал адам-
гершілік идеал – бұл адамның тек адамгершілік 
аспектісіндегі ең жоғарғы еркіндік деңгейін та-
нытатын жеке ұғымдық бейне. Осылайша қоғам-
ның адамгершілік және эстетикалық идеалдары 
тұлғаның зияткерлік даму деңгейін жан-жақты, 
үйлесімді толықтырады. Адамгершілік идеалы 
жүйелі түрде, теориялық негізде адамның не 
істеу, не істемеу керектігін көрсетіп отырады. 
Немесе адамдармен, ұжыммен тіпті қоғаммен 
қарым-қатынас жасағанда қандай қағидаларды 
басшылыққа алу қажеттілігі туралы бағыт беріп 
отырады. Эстетикалық идеал көпқырлы, сондық-
тан ол дамыған тұлғаның қоғаммен, шынайы 
өмірлік жағдаяттармен байланысын нақты-сезім-
дік қабылдаулар негізінде танытады. 
Сонымен, жоғарыда қарастырылған оқушы 
тұлғасының эстетикалық және адамгершілік тәр-
биелерінің тиімділігі маманға тән мәдениетті 
қалыптастырудың бір ғана, бірақ ең маңызды 
элементі болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет