Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсынов атындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет217/243
Дата31.12.2022
өлшемі3,59 Mb.
#60255
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   243
Байланысты:
аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)

АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 
179
3) Арготизмдер кәсіби сөзден гөрі жал-
пыхалық тіліне көбірек тарап, қарапайым сөйлеу 
тілінде жиі қолданылады» [3, 39-б.].
«Сленг – белгілі бір кәсіп, мамандық 
немесе әлеуметтік топ адамдары қолданатын 
сөздер мен сөйлемшелер» [10, 254-б.]. 
«Сленг – ерекше тарихи түрде қалыптас-
қан және жоғары не төмен деңгейдегі сөйлеуші-
лердің барлық сатысына ортақ тілдік норманың 
нұсқасы болып табылады. 
Сленг – бұл лексикалық құбылыс. 
Сленг – бұл әдеби емес лексика, яғни 
қазіргі әдеби норманың талаптарына сай әдеби 
тілге жатпайды. 
Сленг – бұл ең алдымен ауызекі тілде 
пайда болатын және қолданылатын лексика. 
Сленг – эмоционалды бояуға ие лексика. 
Сленг – басым көпшілік сөз бен сөз тіркес-
терінің біршама айқын көрсетілген дөрекі мәнері-
мен сипатталады. 
Көптеген сленг сөздері мен сөйлемшеле-
рінің дөрекі эмоционалдық бояуы бір-бірінен өз-
геше реңктермен ерекшеленеді (әзілқой, келе-
келі, мысқылды, менсінбеген, кеміткен, елемеген, 
дөрекі және тіпті өрескел)» [11, 1.6; 8-10-б.]. 
«Арготизмдер сөйлеу тілі лексикасының 
дамуына әсер еткенімен, әдеби тілді дамытпай-
ды» [3, 62-б.]. Жаргонизмдер мен сленг сөздер 
де әдеби тілімізді дамытпайтыны, нормаға қай-
шы келетіні рас. Десек те жастардың тілінде кез-
десетін осындай айрықша қолданыстар – тіліміз-
де бар құбылыс. Сондықтан да қазіргідей ақпа-
раттану қоғамында жаргонизмдер, арготизмдер 
мен сленг сөздерді өз алдына жеке қарастыру 
бүгінгі күн талабына айналып отыр.
Көріп отырғанымыздай, жоғарыда термин-
дерге берілген анықтамалардың өзінде бірізділік 
жоқ. Сондықтан да терминдердің мән-мазмұнын 
дәл, толық беретіндей анықтамаларды бірізге 
түсіру қажет. 
«Бұрын 
топтық 
және 
кәсіби 
жаргон 
сөздердің қолданысы шектелген болса, соңғы 
жылдары мұндай сөздер қалыптасқан әдеби 
нормалармен жарыса қолданылып, филолог сту-
денттер тілінің бір элементіне айналып отыр. 
Мұндай стиль бір жағынан, жастардың бірін-бірі 
түсінуіне жағдай жасайды да, олардың басын 
біріктіреді, екінші жағынан оларды қоғамдағы 
басқа әлеуметтік топтардан ерекшелеп, оқшау-
лап тұрады» [14, 19-б.].
Төменде 13-23 жас аралығындағы жасөспі-
рімдер мен студент жастардың тілінде қолданы-
латын сленг сөздердің тізімін ұсынып отырмыз. 
«Тормозы ұстап қалды» - бір жағдайдан шешім 
таба алмай қалды, осыған синоним ретінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   243




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет