Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.10.2023
өлшемі329,17 Kb.
#112985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4) Тақырып. Мәдениет анатомиясы. 
Тапсырма: 
Мәдениет кеңістігін зерттеу бойынша қорытынды жасау. 


Мәдениет – рухани құндылықтар жүйесі, қоғамдық сананың, ұлттың 
даралығын қалыптастыратын негізгі институттардың бірі, Қазақстан 
халқының рухани мұрасы мен мүмкіндіктерінің маңызды бөлігі. 
Әлемдік мәдени кеңістікке ену дегеніміз – мәдени жетістіктердің шетелге 
танылуы, қазақстандық және әлемдік мәдениеттердің мақсат-мүдделерінің 
тоғысуы, 
мәдени 
тәжірибелермен, 
ғылыми 
жобалармен 
және 
бағдарламалармен бөлісу. 
6-Тақырып. Арғытүркілердің мәдени мұрасы. 
Тапсырмалар: Келесі өркениеттік даму мәдениетіне – сақ, ғұн, 
үйсін қысқаша сипаттама беріңіз. 
Сақтар (сақалар) – б.з.б І мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс 
Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа.Олар қуатты тайпалық одақтары 
массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл 
халық өзін өзі сака, сақа деп атаған, (аккадша: ashkuza; қыт. 

— Sai, көне 
қытайша: *sәk). Оларды көне юнандар скифтер (гр. skythai) деп атаған. Ол 
туралы юнан тарихшысы Геродот өзінің «Тарих» деген еңбегінде, 5 томында, 
жағрапияшы Страбон «Жағрапиясында» жазып қалдырған. 
Ғұн- Ежелгі заманда Орталық Азия аумағын мекендеген ең ірі ру-тайпалар 
бірлестігі көшпенді хунну — ғұн тайпасы болды. Ғұндар тарихының 
басталуы қытай дереккөздері бойынша Шань-Гуй-фан, Чжоу-Хянь-Юнь және 
Хань-Хун-Ну әулеттері тұсындағы Яо дәуіріне (б.з.д. 2356 — 2256 жж.) 
қатысты. Ғұндарды шань-жун-таулық жундар деп атаған. Ол замандарда 
ғұндар Қытайдан солтүстікке және солтүстік-батысқа қарайғы өңірде өмір 
сүрген. Қытайдың олар туралы ең ежелгі аңыздары Шу-цзин деп аталады 
Үйсін мемлекеті - (б.з.д. VIIIғ - б.з. V ғасырда) Қазақстанды мекендеген 
тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың 
этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Қазақ мемлекеттігінің тағы бір 
қайнар көзі үйсіндер мемлекеті болып есептеледі. Үйсіндерде ежелгі 
өркениетке тән дамудың барлық белгілері байқалды. Бұл қалыпты даму 
белгілеріне мемлекеттік билік жүйесін, жазудың болғандығын, тұрақты 
әскерді, елшілік жоралғыларын және т.б. жатқызуға болады. Сақ дәуірінде 
болған малға, еңбек құралдарына және тұрмыс бұйымдарына деген жеке 
меншік үйсіндерде де кең қанат жайды. Қоғамның билеуші және бағынышты 
топтарға бөлінуі мейлінше айқын байқалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет