Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата06.10.2023
өлшемі329,17 Kb.
#112985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дастан Мәдениеттану



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А. 
Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Педагогикалық факултатет 
Педагогика және психология кафедрасы
Мәдениеттану 
Тобы: ДуПиП-22/1К
Орындаған: Әліқожаев.Д.Ш 
Караганда – 2022 


1) Тақырып. Мәдениет морфологиясы. 
Тапсырма: 
Білім алу барысындағы «мәдениет» ұғымына жан-жақты талдау 
жасау. 
Жауабы: арихи тұжырымдарға сүйенсек, мәдениеттану жеке пән ретінде XІX 
ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады. Сондықтан да оны әлі де 
болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану - 
әлеуметтік-ғылыми және гуманитарлық білімдердің тоғысында қалыптасып 
келе жатқан, ғылымның салыстырмалы жас саласы. Мәдениеттану терминін 
ғылыми қолданысқа бірінші болып АҚШ мәдени антропологы Лесли Уайт 
енгізді. Ол өзінің "Мәдениет туралы ғылым", "Мәдениет эволюциясы" және 
"Мәдениет ұғымы" атты еңбектерінде мәдениеттану басқа қоғамдық немесе 
гуманитарлық 
ғылымдардан 
жоғары 
тұрып, 
олардың 
әмбебапты 
тұжырымдамасы болады деген пікір айтты. Ол мәдениеттануды
антропологиядан бөлініп шыққан, қоғамдық ғылымдар кешеніндегі дербес 
ғылым ретінде қарастырады. 
А. Швейцер кезінде философияда мәдениеттің көп зерттелмегенін айта келе," 
мәдениетке көңіл бөлмесе, философияның өзі мәдениетсіздікке ұрынады " — 
деген екен. Бұл тұжырым мәдениеттің қоғамдағы маңыздылығын көрсетіп 
қана қоймайды, сонымен бірге заман шындығын айта отырып, болашаққа 
жол нұсқайды. Осы жерде Швейцердің сөзіне сүйеніп, мәдениеттану пәні 
дамымаса, ұлттық мәдениеттің негізін оқымаған ұрпақ қана емес, бүкіл 
қоғамның өзі өркендемейді, үнемі рухани шектеуге ұшырап отырады деп 
сеніммен тұжырым жасауға болады. 
Мәдениеттану пәні жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы 
ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа 
түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, ондағы 
басты 
мәдени 
процестерге 
ғылыми 
тұрғыдан 
талдау 
жасайды. 
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласында ғана емес, 
сонымен бірге жалпы теориялық пәндер қатарына да жатқызуға болады. 
Өйткені бұл пән адамзат баласының мәдени өміріндегі толып жатқан 
құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады. 
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, 
әлеуметтік, саяси, адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып, мәдениет 
дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және 
бір-біріне этно-әлеуметтік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және 


тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет 
түрлерінің өзара байланыстары мен, тәуелділіктерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет