Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А


) Тақырып. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата06.10.2023
өлшемі329,17 Kb.
#112985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
12) Тақырып. Қазіргі әлемдік үдерістер аясындағы қазақ 
мәдениеті. 
Сұрақтар: 
1. Заманауи қазақ өнерінің негізгі жанрлары: әдебиет, кескіндеме, 
театр, сәулет өнері, музыка, кино, телеведение. 
Қазақ мәдениеті - сан ғасырлық тарихы бар бізің құнды қазынамыз. Қазақ 
өнерінің тарихы сонау ғасырлар бұрын қазақ әлі мемлекет болып 
қалыптаспай тұрып түркі дәуірінен бастау алады. Ал бүгінгі таңда, елдігіміз 
дүркіреген шақта халқымыздың өнерінің кемелденген, өркендеген бейнесі 
қалыптасты десем артық айтқаным емес. Заманауи қазақ өнері бүгінгі таңда 
көптеген аспекттерді біріктірген. Олар: әдебиет, музыка, кино, 
тетатр, 
телевидение
, сәулет өнері және т.б.Қазақ әдебиеті жайлы сөз 
қозғалғанда ойға еріксіз Абай, Мұхтар Әуезов,
Сұлтанмахмұт Торайғыров

Ілияс Жансүгіров сынды көрнекті тұрғалар оралады. Аталмыш тұлғалар 
біздің санамызға сіңіп, ұмытылмастай болды. Осы кісілердің жолын 
жалғастырып келе жатқан заманауи ақын жазушыларды да әрбір қазақ білуі 


керек. Себебі, олар біздің болашақ әдебиетімізді жасаушылар деп білемін. 
Заманауи ақын-жазушылар: Карина Сәрсенбаева, 
Аян Құдайқұлова
, Саят 
Әбенов, Сабыр Қайырханов, Ғалымжан Құрманғалиев және т.б. 
Қазіргі таңда қазақ киносы 
жоғары деңгейге көтеріліп
, қуантарлықтаң 
жетістіктерге жетуде. Ақан Сатаевтың "Жау жүрек мың бала", "Томирис"
Рүстем Абдрашевтың "Алмаз семсер" сынды фильмдер қазіргі таңда 
көрермендердің жоғары бағасына ие болып, тарихымыздан, мәдениетімізден 
ерекше сыр шертеді.
Қазақ драма театры дәстүрі кинематография мен кәсіби музыкалық білім 
секілді кеңес өкіметінің келуінен бастау алады. Ол кезде театрдың басты рөлі 
мәдени-саяси үгіт-насихат жүргізу болды. Ал қазіргі таңда театрлар нағызы 
мәдениет ордасына айналып отыр. Қазақстанда актерлік шеберлік Алматы 
қаласындағы Асанәлі Әшімов пен Есмұхан Обаевтың "бесігінде" 
шыңдалады. Астана қаласында да актерлерді өнердің жілік майын шағуды 
үйрететін жерлер бар – ол қазақ "Қыз Жібегі" 
Меруерт Өтекешова
, халық 
әртісі Гүлжан Аспетова, сахна шебері А. Омар, Лейлә Бекназар, Сергей және 
Наталья Матвеевтер "ұстаханасы". Қазақ театрының 
сахнасынан керемет 
туындылар
, дәлірек айтсақ Оралхан Бөкейдің "Қар қызы", "Мұқағалимен 
сырласу", "Қызыл орамалдағы шынарым", "Ұлы мен ұры" сынды 
қойылымдарды тамашалай аламыз.
Уақыт ізін айшықтауға келгенде сәулет өнерінен асқан құдіретті дүние жоқ. 
Қара жерге қазық болып қағылып, тау боп төселген ғимараттар салынған 
дәуірінің тыныш-тіршілігі мен арман-мұратынан, қилы тағдырынан сыр мен 
шежіре шертер нағыз дерек. Сол 
дәуірдің ғимаратына қарап-ақ
, уақыт лебі 
мен тарих желісін, өркениет мәнін түсінуге болады.
Архитектуралық нысандар Қазақстанда негізі Кеңес одағы кезінде көптеп 
салынды. Алматы қаласы ұзақ жылдар Кеңес Одағы құрамындағы 
Қазақстанның ең ірі әрі ең әсем қаласы болды. Ел тарихындағы күрделі кезең 
саналатын тоқсаншы жылдардың өзінде де Алматы күрт өсіп, кемелдене 
түсті.
Қазіргі қазақстандық архитектураның да ерекшелігі сол – заманауи сәулет 
ғимараттарына ұлттық нышан мен нақыштың келбетін беруге назар аударуы. 
Алайда бұл ерекшелік құрылыс пен архитектурада басқа да басым бағыттар 
жоқ дегенді білдірмейді. Қазір негізгі басымдық архитектура ісіне 
инновациялық шешімдердің, жаңа технологиялардың көптеп енуіне беріліп 
отыр. Мәселен, 
Хан Шатыр
, Бейбітшілік пен Келісім сарайы, Бәйтерек 
монументі ерекше көз тартады. Қазақтың заманаум сәулетшілері: Шоқан 
Матайбеков, 
Тоқтар Ералиев
, Ақмырза Рүстембеков, Сағындық Жанболатов 
және т.б. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет