Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Академик Е. А


 Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.10.2023
өлшемі329,17 Kb.
#112985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Дастан Мәдениеттану

2. Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық 
және діни құндылықтар. 
Бүгінгі күнде еліміздің үштен бір бөлігін құрайтын жастар - келешек 
қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын стартегиялық мақсаттарды 
жүзеге асырушысы екені мәлім. Сондықтан жастардың білімді, дәстүрмен 
қатар өз заманнның озық діни құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті 
болғаны абзал. Осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуімен қоса ұлттық 
құндылықтарда тәрбиеленудегі маңызы зор. Жастар 
халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және тәуелсіз еліміздің болашақ дамуы 
үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастардың мемлекет мүддесі 
мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар 
зияттылық және рухани саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында 
айқындалады.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының 
негiзгi мақсаттарының бірі ол жастардың әлеуметтiк дербестігі, дәстүрлі діни 
құндылықтарды тұлғалық қалыптасуын жүзеге асырумен қоса, құқықтық, 
экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау және нығайту 
болып табылады. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің 
әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір 
қиыншылықтарымен айқындалады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби 
даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі 
болып табылады. 
Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» 
деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі 
матариалдық байлықты үстем орынға қоятын жалаң көзқарастың жетегінде 
жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық екенін 
ұмыта бастаған сыңайлы. 
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген 
әрбір азамат мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың 
дені – жоғары атақ-мансап пен ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша 
болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге арыла алмай келе 
жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда 
салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. 
Дегенмен, «Бар байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ 
пен дәулеттің көшпелілігін, байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп 


кететін мезеттік нәрсе екенін неге ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы 
байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет