ұғымын талдауды көне заманнан бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап
көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-
баптаумен тығыз байланысты болды. Демек, «мәдениет» ұғымы жерді
жырту, бау-бақшаны өңдеу, яғни өсімдіктер және жануарлар дүниесімен,
дәлірек айтқанда, егіншілік пен ауыл шаруашылығымен тығыз байланыста
қарастырылды. Оған қоса бізге үйреншікті болып кеткен «мәдениет»
ұғымының тәрбие мен біліммен байланыстылығының тамыры да сонау көне
заманда жатыр. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола
алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің
қайнар бұлағы болып табылады. Сонымен бірге мәдениет сөзі «құрмет тұту,
сыйлау, құрметтеу, табынушылық» деген мағыналарға да осылардың
ішіндегі ең бастысы — дінге табынушылық. Көне замандағы адамдар әр
уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан тәңірі берік
орын алды
Достарыңызбен бөлісу: