Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі alikhan bokeikhan university



Дата05.12.2022
өлшемі22,31 Kb.
#55023

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY

СӨЖ
Тақырыбы: Ғылыми қоғамдардың пайда болуы

Орындаған: Қуанышбекова.Н.Ш


Тексерген: Канапьянова.Г.М.

Семей, 2022


Қазіргі ғылым философиясы ғылыми танымды əлеуметтік-мəдени феномен ретінде қарастырады. Ғылым - ол білімді өңдеу, жаңа ғалымдарды даярлау, білімді қолдану түрінде коллективтік іс-əрекет. Өзінің іс-əрекетінің əлеуметтік табиғаты бойынша ғылым əлеуметтік институт ретінде қалыптасады.
Əлеуметтік институт - ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, адамдардың əлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын əлеуметтік байланыс пен нормалар, əдет пен дəстүрлердің тұрақты жүйесі. Əлеуметтік институттар іс-əрекеттің негізгі аумақтарын ретке келтіреді.
Əлеуметтік ұжымның ішінде жаңа білім өндіру, ұжымдық таным процесті меңгеру, білімді жүйелеу, жас зертеушілер ұрпақтарына жеткізу т.б. іс- əрекетпен айналысатын ғалым топтарынан тұрады.
Ғылымның институционалды дамуы - дегеніміз жаңа білімді өндіру, тарату жəне қоғамда қолдану түрінде өткізілетін ғалымдардың ұжымдық іс- əрекеті жəне ғалымдардың жас ұрпақтарын даярлау. Ғылыми іс-əрекеттің институционалды түрлерінің тарихи дамуы антикада философиялық-ғылыми мектептерден бастама алды (пифагоршылдықтар, Платон, Аристотель мектептері т.б.). Ол мектептердің ерекшелігі абыздар емес, зиялы адамдар білімді шығарып сақтаған, сол себепте сакралдық қасиетіне ие болмаған.
Əртүрлі пікірлер сынау пікір таластан өтеді, оған арнайы қабілеті бар жастарды оқытқан, үйреткен. Осы арқылы нақты тарихи уақытта көп ғылымдардың негізі қалыптасты (математика, физика, биология, əлеуметтану, психология т.б.). Осы ғылымдар ерекше Аристотель мектебінде ғылыми пəн деңгейіне айналды, олардың шеңберінде жүйеленген ізденістер өткізіліп, мəтін саны көбейіп, ғылыми кезек дайындалып тұрды.
Орта ғасыр кезеңінің басында білімді сақтау орталығына монастырлер жəне шіркеудегі мектептер болған. Олардың ішінде пұтқа табынушылықты жою жəне христиан құңдылықтарды насихаттау мақсаттары қойылған. Бірақ ғылым туралы айтуға əлі болмайды, көп монастырлық мектептер мен скрипторийлерде кітаптарды көшірумен айналысқан жəне сол жерде кітапханалар орналасқан. Оларда да оқу процесінде жеткізілетін ғылымның пəндік құрылымы қалыптасқан. Ол «жеті еркін өнерлер» - тривиум жəне квадривиум. Тривиум грамматика, логика мен диалектикадан тұрады; квадриум - арифметика, геометрия, астрономия жəне музыкадан тұрады. Орта ғасыр мəдениетінің өркендеу кезінде, ХІІ-ХІІІ ғғ. екі қызметін - жоғары білім беру жəне ғылыми жұмысты қамсыздандыру - университеттер атқарған.
Томас Кунның тұжырымдамасында негізгі ұғым парадигма емес, ғылым ұжымы болып табылады. «Қалыпты ғылымның табиғаты» атты шығармасында ол ғылыми ұжымның іс-əрекетінің өзгешелігін парадигма шеңберінде, яғни, қалыпты ғылымның табиғатын сипаттайды. Осы ғылыми ұжым деген ұғымның Т. Кунмен енгізуі шынайы деп санаймыз. Оған теориясы негізделеді. Ғылыми ұжым оның теориясының шеңберінде ғылыми іс-əрекеттің логикалық субъектісі болып ұсынылған. Т. Кунның тұжырымдамасы бойынша, ғалым ғылыми ұжыммен қабылданған, білім жиынтығымен сипатталатын жəне ғылыми мəселелерді шешумен ерекше байқалатын, нақты парадигманы ұстанатын, тек ғылыми ұжымға қатысты болса ғана ғалым деп аталады.
Сөйтіп, Томас Кун ғылым тарихнамасында, ғылым тарихы - ол идея тарихы деп санайтын интерналистік немесе имманентік бағытқа қарсы шығып, ғылыми ұжым атты ұғым арқылы өз адам тұжырымдамасын ұсынды. Ол оған ғылымның дамуын таза имманенттік талдаудан тыс шығып, ғылым дамуының механизімін түсінуге жаңа мүмкіндік берді.
Парадигма, ғылыми ұжым жəне қалыпты ғылым деген ұғымдарға назар аударсақ, біз түсінеміз, оның тұжырымдамасы 40-50 жылдар бұрын пайда болуы мүмкін емес. Ол тек «үлкен ғылымның» дамуымен, қызметтің ұжымдық түрімен, еңбектің бөлінуімен, яғни, ғалым нақты қызмет атқарады т.б. Осы мағынада Т. Кунның тұжырымдамасы өзіне қазіргі қоғамның таңбасын бастырған, ол объективті түрде əлеуметтік шарттардың тек ғылымның дамуы немесе тоқтауына əсер етпей, сонымен қатар, теорияның ішкі, логикалық құрылымына да ықпал жасайды.
Əлеуметтену динамикалық сипатта болғандықтан, тұлға - бұл əрқашан да үдеріс, бұл үнемі қалыптасу. Тұлғаның құлдырауы индивидтің өзге ерікке толығымен бағынып жəне оның əрекеті алдын - бағдарланып қойылған жағдайда, яғни əрекет пен таңдау еркіндігіне орын қалмаған жағдайда да кездеседі. Адамды қоғамнан жəне қарым-қатынастан бездіру əрдайым ең қатал жазалардың бірі болып саналады, өйткені ұдайы оқшаулану мен жалғыздық тұлғаның өз мəніне қайшы келеді. Тұлғаның тағы бір маңызды сипаттамасы - оның адамгершілік - рухани мəні. Тұлға мазмұнының жəне бағалануының маңызды компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік жəне жауапкершілік денгейімен сипатталатын тұлғалық бағдарлары көрінеді.
Ғылым тарихы ғылым тарихын оның пайда болған уақытынан бастап қазіргі заманға дейін зерттейді. Ол ғылыми дамудың заңдылығын негізінен тарих ғылымының деректеріне сүйеніп, ғылымның дамуындағы жекелеген құбылыстар мен оқиғаларды сараптап, сондай-ақ ғылымды зерттейтін басқа пәндердің — ғылым логикасы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы, ғылым социологиясы, ғылым экономикасы жөне тағы басқалардың жетістіктерін пайдалана отырып ашады. Ғылым тарихы бойынша жазылған Джон Берналдың «Қоғам тарихындағы ғылым» еңбегі осы ойымыздың жақсы мысалы бола алады және бұл еңбектің жазылғанына жарты ғасыр уақыт өтсе де, әлі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Ғылым тарихында ғылыми ойдың дамуының барлық байлығы жинақталған, сондықтан да оны зерттеу аса қажетті. Ғылым тарихының мақсаты тарихи-ғылыми оқиғаларды хронологиялық жағынан тізбелеп сипаттап қою емес. Оның мақсаты — ғылым мен техниканың даму заңдылықтарын ашуға ықпал ету. Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға бағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстурге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.
Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисципли-нарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.
Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.
Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағы-нада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадиг-маларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.
Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бер-месе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады: 1) матема-тикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар; 2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері; 3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.
Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарасты-руға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалып-тасып үлгермеген) және гылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).
Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жагдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған. Ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен методтарын қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі — ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне-көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты — «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-ма-териалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдай-ында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми рево-люция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдарыдң аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының» авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы — осы ғылым ғимаратының, оның теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылым-ның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет