Дәріс №6 Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы қазақ балалар әдебиеті Мақсаты



бет1/5
Дата11.10.2023
өлшемі31,88 Kb.
#113548
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7


Дәріс - № 6
Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы қазақ балалар әдебиеті


Мақсаты:
ХХ ғасырдың басындағы балалар тәрбиесінде маңызды орын алатын ұлы тұлғалардың өмірі мен шығармаларымен таныстыру. С. Торайғыровтың "Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне күн болмағанда кім болам" деген өлен жолдарын алға тарта отырып, студенттерді отан алдындағы борышын, батыл ойы мен шын ықыласының көрінісін ашу; рухани көзқарасын дамыту; даналарымыздың шығармашылығын бағалай отырып, болашағын болжай алатын келешегінің кемелденуіне кәміл сенетін, үмітінің үзілуіне жол бермейтін жаңашылдық пен даралықты талап ететін жас ұрпақты тәрбиелеуге және тәрбиелей алуға үйрету.


Жоспар:

  1. С.Көбеевтің әңгімелерінің манызы, тәрбиелік мәні.

  2. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

  3. М.Дулатов шығармаларының мазмұны.

  4. С.Торайғыров шығармаларындағы жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны.

  5. Ж.Аймауытовтың балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

  6. М.Жұмабаев шығармашылығы.



1. С.Көбеев. Ы.Алтынсариннің шәкірті, жазушы әрі педагог. 1901 жылдан бастап өмірінің соңғы күндеріне дейін халық мұғалімі болған. Қазақ балаларына арнап ашқан мектептеріне хрестоматиялық құрал ретінде «Үлгілі тәржіме»(1910), «Үлгілі бала»(1912) сияқты аударма, өлең-әңгімелер жинағын қоса бастырған. Алғашқы еңбегінде С.Көбеев Крыловтың 44 мысалын қазақ тіліне аударған. 1951 жылы «Орындалған арман» мемуарлық повесі басылды.
Қазақ балалар әдебиетінің тарихында С.Көбеевтің көрнекті орны бар. Өмірінің соңына дейін оқытушылық қызметпен айналысқан С.Көбеев өз білімін, қажыр-қайратын туған халқына жұмсады. Оның ұстаздық, ағартушылық қызметі қазақ қоғамының артта қалған мешеулік жағдайында басталды. Ауыл адамдары арасында жаңалық таратушы болды. А.С.Пушкиннің «Дубровскийі», Н.В.Гогольдің «Өлі жандары», И.А.Крыловтың мысалдары мен А.П.Чеховтың әңгімелері С.Көбеевтің ауызша әңгімелеуі негізінде ел ішіне тарады. Қызылжардағы орыс-қазақ мектебінде оқып жүрген кезінде өзінің И.А.Крыловтан аударған мысалдарын жинап баспаға жіберді. 1910 жылы «Үлгілі тәржіме» деген атпен Қазанда басылып шықты. Крыловтан 40-тан аса мысал-өлең аударды. Мысал-өлеңдерінің бірсыпырасы мыналар: «Өтірікші», «Емен мен тал шыбық», «Қасқыр мен тырна», «Маймыл мен айна», «Шымшық пен көгершін», «Маймыл мен көзілдірік», «Аққу, шортан һәм шаян», «Ағаштың тамырлары мен жапырақтары», «Көлбақалар», «Қомағай ит» т.б. Замандастары бойындағы тоғышарлықты, надандықты, зұлымдық пен мақтаншақтықты, көрсеқызарлық пен өзімшілдікті мысал тілімен тұспалдап әшкереледі.
Ы.Алтынсарин үлгісімен 1912 жылы «Үлгілі бала» оқу кітабын шығарады.Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Оқу кітабын құрастыруда С.Көбеев К.Ушинскийдің «Родное слово» кітабын басшылыққа алған. Бірқатар материалдарды содан еркін аударып пайдаланған. Кітап балаларға мектеп, оқытушы, адам(бала) тіршілігі жөнінде түсінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден басталады. 60-қа жуық әңгіме, ертегі, мысал, өлеңдер бар. Көпшілігін орыс тіліндегі түрлі оқу кітаптарынан алып, қазақ балаларының ұғымына лайықтап жазған.
«Үлгілі балаға» Спандиярдың бірқатар төл шығармалары да кірген. Олар қоғамдық теңсіздікті, жетім-жесірдің аянышты тұрмысын көрсететін өлеңдер мен әңгімелер. Кітапқа енген шығармалар арқылы балаларды өнер-білімге, мәдениетке шақырды, іскерлікке, қиындыққа төзімді болуға, қайырымдылыққа шақырды. Ыбырай үлгісіндегі педагог жазушы С.Көбеев те балалардың теңсіздіктегі өмірін аяушылықпен суреттейді. «Жетім» атты өлеңінде ол жетім баланың қысқы аязда тоңған, әрі аш кейпін суреттей отырып, оны аяп үйіне әкеп тамақ берген, жылы төсекке ұйықтатқан кемпірдің ықыласына ризалық білдіреді. «Қайыршы» өлеңінде автор елден жинаған тиын-тебенін ғарыптерге, ақсақ, соқырларға үлестіріп берген қайыршының қайырымдылығын жазады. С.Көбеевтің халық арасында кең тараған шығармасы – «Жетімнің өлеңі». Онда жазушы жетім баланың аянышты халін суреттеп, феодалдық ортаның мораліне қарсы қояды. Өлең идеясы жалпы қазақтық қасиеттер туралы ойлармен, арманмен ұласады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет