Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Об утверждении Положения о Полномочном представителе Республики  

     


Казахстан в Постоянном Совете при Организации Договора о коллективной  

     


безопасности. Указ Президента РК // Казахстанская правда. 2005. 29 октября. 

2.

 



Внешняя политика: главные приоритеты //Казахстанская правда. 2008. 9  

     


декабря. 

3.

 



Лаумулин М. Судьба казахстанского проекта. СВМДА в новых    

     


геополитических реалиях/ ИМЭП. Алматы, 2008. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

76 


                                   

Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық                                                     

                                  

ұйымына (ШЫҰ) қатысуы  

  

 

Қарағанды мемлекеттік  

техникалық университетінің 

                                                                                 

«Қазақстан тарихы» 

                                                                              

кафедрасының аға оқытушысы 

Тілеуғабылова Қ.С.  

 

 

Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  –  субаймақтық  халықаралық 



ұйым, оған 6 мемлекет енеді: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан 

және  Өзбекстан.  ШЫҰ  енетін  мемлекеттердің  жалпы  аумағы  Еуразия 

аумағының  61%  құрайды,  оның  жиынтықты  демографиялық  әлеуеті  –  Жер 

шарындағы халықтың төртінші бөлігі, ал экономикалық әлеуеті АҚШ-тан кейін 

ең  қуатты  Қытай  экономикасын  құрайды.  Ресми  жұмыс  тілдері  –  орыс  және 

қытай. Штаб-пәтері  Пекинде.  

ШЫҰ  символикасы  ұйымның  елтаңбасының  ортасына  салынған  ақ  туды 

білдіреді. Елтаңбаның екі жағында лавр гүлтәжі, ортасында – Жер құрлығының, 

Жердің оңтүстік жарты шарының символикалық кескіні бейнеленген, жоғарғы 

және астыңғы жағында қытай және орыс тілдерінде «Шанхай ынтымақтастық 

ұйымы» деп жазылған.  

ШЫҰ негізін салушылар «Шанхай бестігі» (Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, 

Қытай  және  Тәжікстан)  деп  аталады,  шекара  аудандарындағы  әскери  салада 

сенімді  нығайту туралы Келісімге (1996) және мемлекет басшылары  шекара 

аудандарында  қарулы күштерді  өзара  қысқарту туралы  бес жақты Келісімге 

(1997)  қол  қою  нәтижесінде  пайда  болды.  Бұл  мемлекеттердің  жақындасуына 

ең  бірінші  кезекте  Орта  Азиядағы  тұрақсыздықтың  басты  ошағы  және 

Солтүстік  коалиция  мен  Талибан  қозғалысы  әскерлері  арасындағы  азаматтық 

соғыс  жүріп  жатқан  –  Ауғанстан  тарапынан  шекаралас  аумақтардағы 

қауіпсіздік  қатерінің  алдын  алу  мәжбүрледі.  Осы  екі  келісімнің  алғашқысына  

Шанхайда  қол  қойылды,  сондықтан  «Шанхай  бестігі»  терминінің  пайда 

болуына негіз салды. Алматы (1998), Бішкек (1999), Душанбе (2000) саммиттері 

«Шанхай  рухы»  деп  аталатын  –  өзара  сенім  ахуалын  қалыптастыру,  алғашқы 

өзара кеңес беру тәжірибесі арқылы консенсусқа жету механизмі, келісімде қол 

жеткізілген  ережелерді  ерікті  түрде  орындау  келісіміне  келу  мүмкіндіктерін 

берді.  Мәселелер  шеңбері  біртіндеп  сыртқы  саясат,  экономика,  қоршаған 

ортаны  қорғау,  су  ресурстарын,  мәдениетті  және  т.б.  пайдалану  салаларына 

дейін кеңейді. Мұның барлығы жаңадан өңірлік бірлестіктерде саммиттер және 

кеңестер жүйесін ресімдеу қажеттілігіне әкелді.  

2001  жылы  14-15  маусымда  Шанхайда  алты  мемлекет  -  Ресей,  Қытай, 

Қазақстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Өзбекстан  басшыларының  кездесуі 

болып өтті, онда ШЫҰ құру туралы пікірлер айтылды. Саммитте қабылданған  



 

77 


Декларацияда негізгі мақсаттар ретінде Орта Азиядағы бейбітшілік, қауіпсіздік 

пен  тұрақтылықты  қолдау  және  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ  саяси,  сауда-

экономикалық,  ғылыми-техникалық,  мәдени,  білім,  энергетикалық,  көлік, 

экологиялық  және  басқа  салаларда  ынтымақтастықты  дамыту  қабылданды. 

Маңызды тағы да бір құжат – халықаралық деңгейде алғашқы рет терроризм,  

сепаратизм  және  экстремизммен  күрес  туралы  Конвенция  қабылданды.  Оған 

қол  қою  Орта  Азияға  жақын  шекараларда  тұратын  ұйғыр  және  түркі  тілдес 

мұсылмандардың  сепаратистік  ұйымдарының  пайда  болуы  себепті  Қытайдың 

алаңдаушылығына байланысты болды. Орта Азиядағы барлық мемлекеттердің 

ішінен  ең  көп  халқы  бар  және  өңірде  ислам  халифатын  қалпына  келтіруде 

радикалды    күйдегі  жақтастары  тарапынан  сепаратизмнің  пайда  болуынан  ең 

үлкен дәрежеде зақымданған Өзбекстан осы құжатқа барынша мүдделі болды. 

2001жылы  Конвенция  негізінде  терроризм,  сепаратизм,  экстремизммен 

және есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен, сондай-ақ заңсыз көші-

қонмен  күресте  өзара  әрекеттесуді  жақсарту  мақсатында  2002  жылы  ШЫҰ  

тұрақты  қолданыстағы  орган  мәртебесін  алған  Аймақтық  терроризмге  қарсы 

құрылым (АЛҚҚ) құрылды. Оның функциясына ШЫҰ құқық қорғау органдары 

және арнайы қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестіру жатады.  

2002  жылы  маусымда  Санкт-Петербургте  ШЫҰ  мүше  мемлекеттердің 

басшыларының  екінші  кездесуі  болып  өтті,  онда  үш  құжат  –  Шанхай 

ынтымақтастығы ұйымының Хартиясы, Аймақтық терроризмге қарсы құрылым   

туралы  ШЫҰ  мүше  мемлекеттер  арасындағы  келісім  және  ШЫҰ  мүше 

мемлекеттердің басшыларының Декларациясы қабылданды. Хартияда бұрынғы 

жылдары айтылғандар және Декларацияда ШЫҰ даму бағыттары заңды түрде 

белгіленді. Бұл жарғы «алтылыққа» халықаралық ұйым мәртебесін берді және 

ынтымақтастықтың  негізгі  бағыттарымен  қатар,  ішкі  құрылымын,  жалпы 

курсты  қалыптастыру  механизмін,  басқа  елдермен  және  ұйымдармен  өзара 

қарым-қатынас жасауды анықтайтын базалық құжат болып табылады.  

2003 жылы мамырда Мәскеуде ШЫҰ тарихында жоғары деңгейде үшінші 

түйінді кездесу болып өтті. Онда ШЫҰ негізгі органдарының жұмыс тәртібін, 

бюджетті  қалыптастыру  механизмі  және  ШЫҰ  әр  түрлі  бөлімшелерінің 

ағымдық  жұмыстарымен  байланысты  басқа  мәселелерді  анықтайтын 

құжаттарға  қол  қойылды.  Ұйымның  елтаңбасы  мен  туы  қабылданды.  ШЫҰ 

бірінші атқарушы хатшысы ҚХР Ресейдегі елшісі Чжан Дэгуан тағайындалды.  

Хартия  мақсаттары  мен  міндеттерін  орындау  үшін  ШЫҰ  шеңберінде 

келесі  органдар  құрылтайшы  болды:  Мемлекет  басшыларының  кеңесі  (МБК); 

Үкімет  басшыларының  кеңесі  (ҮБК);  Сыртқы  істер  министрлерінің  кеңесі 

(СІМК);  Министрліктер  мен  ведомстволар  басшыларының  кеңесі;  Ұлттық 

үйлестірушілер кеңесі (ҰҮК); Аймақтық терроризмге қарсы құрылым (АЛҚҚ); 

Секретариат — Бас хатшы басқаратын тұрақты қолданыстағы әкімшілік орган 

(2007 ж. бастап — Қазақстан өкілі Б. К. Нұрғалиев).   

Жоғарыда баяндалғандай, ШЫҰ алғашқы қызметі Орта Азияда терроризм 

актілерін,  сондай-ақ  сепаратизм  және  экстремизмнің  жолын  кесу  бойынша 

өзара өңірлік әрекеттер саласында басталады.  



 

78 


 

2001  жылы  11  қыркүйекте  Нью-Йорктегі  терактіге  байланысты  алты 

мемлекеттің  үкімет  басшылары  терроризммен  тоқтаусыз  күресті  әлемдік 

қауымдастықтармен бірге күрес жүргізу туралы шешім қабылдады. 2002 жылы 

23  мамырда  Астанада  ШЫҰ  мүше  мемлекеттердің  арнайы  қызметтері  және 

құқық  қорғау  ведомстволар  басшыларының  кезекті  мәжілісі  өтті,  онда 

«Аймақтық  терроризмге  қарсы  құрылым  туралы  Шанхай  ынтымақтастығы  

ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Келісім жобасы туралы шешімге» қол 

қойылды.  Сондай-ақ  соның  негізінде  ең  қысқа  мерзімде  терроризмге  қарсы 

құрылым  жұмыс  істеу  үшін  басқа  тиісті  құжаттарды  әзірлеуді  жеделдету 

ұсынылды.  Сол  жылдың  7  маусымында  Санкт-Петербургте  Шанхай 

ынтымақтастығы    ұйымына  мүше  мемлекеттер  басшыларының  кездесуінде 

Аймақтық  терроризмге  қарсы  құрылым  туралы  Келісімге  қол  қойылды.  2006 

жылы  21  сәуірде  ШЫҰ  әлемдегі  терроризмнің  қаржылық  тірегі  ретінде 

халықаралық  есірткі  мафиясымен  күрес  жоспары  анықталды.  2007  жылы  1 

қарашада  ШЫҰ  бас  хатшысы  Болат  Нұрғалиев  ұйымға  мүше  мемлекеттерді 

ауған бағытындағы есірткі экспансиясымен күреске баса назар аударып, есірткі 

құралдарының заңсыз айналымымен күресте ынтымақтастыққа шақырды. 

Ұйымға мүше мемлекеттермен бірге құрылғаннан бері бірнеше бірлескен 

террористік  жаттығулар  өткізілді.  Жаттығулардың  біріншісі  2003  жылы 

тамызда болды. Жаттығулардың алғашқы легі Қазақстанда, екіншісі – Қытайда 

өткізілді.  

ШЫҰ  бастапқыда  көршілес  мемлекеттердің  шекараларын  бірлесе  қорғау 

мақсатында  құрылған  болса  да,  оның  қызметі  бірден  экономикалық  бағытты 

таңдап  алды.  ШЫҰ  жұмысы  басталғанынан  бірнеше  айдан  кейін  Алматыда 

алғашқы  кездесуде  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымына  мүше  мемлекеттер 

басшылары  аймақтық  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты,  ШЫҰ  дамыту 

және 


т.б. 

проблемаларды 

талқылады, 

аймақтық 

экономикалық 

ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары, сауда және инвестиция 

саласында  қолайлы  жағдайлар  жасау  туралы  Шанхай  ынтымақтастығы  

ұйымына  мүше  мемлекеттердің  үкіметтері  арасындағы  Меморандумға  қол 

қойылды. 

2002  жылы  мамырда  Шанхайда  ШЫҰ  мүше  мемлекеттердің  экономика 

және  сауда  министрлерінің  алғашқы  кездесуі  өтті.  Тараптар  экономика  және 

сауда  министрлерінің  алғашқы  кездесуін  өткізу  және  сауда  мен  инвестиция 

саласында  қолайлы  жағдайлар  жасау  механизмдерін  ресми  түрде  іске  қосты. 

Кеңестің қорытындысы бойынша аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың 

негізгі  мақсаттары  мен  бағыттары,  сауда  мен  инвестиция  саласында  қолайлы 

жағдайлар жасау  бойынша процестерді іске қосу, сыртқы экономикалық және 

сыртқы сауда қызметіне жауап беретін Сыртқы істер министрлерінің алғашқы 

кездесуінің  қорытындысы  бойынша  бірлескен  өтініш  туралы  Шанхай 

ынтымақтастығы  ұйымына  мүше  мемлекеттердің  үкіметтері  арасындағы 

Меморандум хаттамасына қол қойылды. 

2003  жылы  23  қыркүйекте  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымына  мүше 

мемлекеттердің  үкімет  басшылары  20  жылға  арналған  Көп  жақты  сауда-

экономикалық  ынтымақтастық  бағдарламасына  қол  қойды.  Осы  бағдарламаға 


 

79 


сәйкес ұзақ мерзімді мақсаттар ретінде ШЫҰ еркін сауда аймағын жасау, ал ең 

қысқа  мерзімде  -  өңірдегі  тауар  айналымын  ұлғайту  қарастырылды. 

Ынтымақтастық  энергетика,  көлік,  ауыл  шаруашылығы,  телекоммуникация, 

қоршаған  ортаны  қорғау  және  т.б.  салаларды  қамтуы  тиіс.  2004  жылы  23 

қыркүйекте  ынтымақтастықты  дамыту  бойынша  әрекет  ету  жоспарына  қол 

қойылды. 

2005 жылы 26 қазанда ШЫҰ Мәскеу саммитінде Ұйымның Бас хатшысы 

Чжан  Дэгуан  ШЫҰ  бірлескен  энергетикалық  жобаларға,  әсіресе  мұнай-газ 

секторын  дамыту,  көмірсутегі  қорларын  барлау,  су  ресурстарын  бірлесе 

пайдалануға басты назар аудару керек деп мәлімдеді. Осы саммитте сондай-ақ 

келесі жобаларды қаржыландыру мақсатында ШЫҰ банк аралық бірлестіктерін 

құру туралы келісімге келді. 2006 жылы 21-22 ақпанда Пекинде ШЫҰ алғашқы 

кездесуі өтті.  2007 жылы шілдеде Астанада ШЫҰ саммитінде Президент Н.Ә. 

Назарбаев  «түрлі-түсті»  революциялар  бойынша  өз  пікірлерін  білдірді.  Ол: 

«Егер «түрлі-түсті» революцияларды байқап отырсақ, біз билікке келгендердің 

экономиканы  қайта  бөлуге,  қайта  жекешелендіруге  және  өзін  қамтуға 

тырысатынын  байқаймыз.  Егер  осылай  жалғаса  беретін  болса,  халықтың  әл-

ауқаты,  оның  жағдайы  туралы  қамқорлық  болашақта  та  болмайды»  -деп  атап 

көрсетті.  

2008  жылы  Н.Ә.  Назарбаев  ШЫҰ  Атқарушы  хатшысына  хат  жіберді,  ол 

хатта  Қазақстанның  Шанхай ынтымақтастығы  ұйымына үлкен  маңыз беретіні 

атап өтілген. ҚР Президенті беделді халықаралық ұйым ретінде ШЫҰ жылдам 

қалыптасуы  Қазақстан  Республикасының  сыртқы  саяси  бағытындағы  басым 

стратегиялық  бағыты  болып  табылады.  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымына 

мүше  барлық  мемлекеттердің  белсенді  құрушы  жұмысы  аймақтық  және 

жаһандық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде,  көп  жақты  сауда-экономикалық 

ынтымақтастықты дамытуда салмақты фактор болуы тиіс. 

Қазақстан Президенті ШЫҰ басты перспективалы міндеттерінің бірі БҰҰ 

арнайы  комитеттерімен,  басқа  аймақтық  және  субаймақтық  ұйымдармен 

іскерлік  байланыстарын  кеңейтулері  тиіс.  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымы 

БҰҰ  Контртеррорлық  Комитетінің  мәжілісінде  ұсынылған,  АСЕАН  және 

ЕҚЫҰ байланыс жасайды, ал бұл аймақтық ынтымақтастықтың жаңа жүйесін 

қалыптастыру  және  теңдік  пен  өзара  мүдделілік  негізінде  аймақтарда 

мемлекеттердің  тығыз  әрекет  жасауларын  қалыптастыру  үшін  қолайлы 

жағдайлар жасайды.  

2007  жылы  қазанда  Мәскеуде  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымына  мүше 

мемлекеттер кеңесінің мәжілісі өтті. Онда Қазақстанның экс-премьер-министрі  

Даниал  Ахметов  2007  жылы  жазда  Астанада  өткен  саммитте  жасалған 

келісімдерді  табысты  орындау  үстінде  екенін  атап  өтті.  Оны  табысты  іске 

асырудың кепілі тұрақты экономикалық өсім және мемлекет аралық аймақтық 

ынтымақтастық  болуы  тиіс.  Қазақстан  Республикасының  Үкімет  басшысы 

«ШЫҰ аймақтағы тұрақтылықты, экономика және сауда салаларында маңызды 

қадамдарды орындауды қамтамасыз етеді -  деп атап көрсетті. Біз ұзақ мерзімді 

бағдарламаны жоғары бағалаймыз. Сол кезде оны қабылдаған уақыттан бастап 

оның  алға  жылжуы  байқалмайды.  Аталған  министрліктер  мен 


 

80 


ведомостволардың әлеуеті толықтай пайдаланылмайды». Кездесу барысында әр 

түрлі  деңгейдегі  ұйым  шеңберінде  көлік,  көлік  тасымалы,  халықаралық  көлік 

коридорын  құру  салаларында  ынтымақтастық  мәселелері  бірнеше  рет 

талқыланды.  Алайда  нақты  құжаттар  толықтай  әлі  іске  асырылған  жоқ. 

Сондықтан,  Қазақстанның  Премьер-министрі  Ташкенттегі  ШЫҰ  мүше 

мемлекеттердің көлік министрлерінің кездесуінде бірыңғай ортақ шешімге келу 

қажет  деді.  Қазақстан  Үкіметінің  басшысы  сондай-ақ  ШЫҰ  дамыту  қорын  

және  банк  аралық  бірлестіктерді  құру  мәселелеріне  тоқталды,  арнайы  жұмыс 

топтары  мен  сарапшылардың  жұмыс  нәтижелерін  талқылау  қажеттілігін  атап 

өтті. 


2009 ж. 15-16 маусымда Екатеринбургте (Ресей) Шанхай ынтымақтастығы  

ұйымының кезекті саммитінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев радикалды 

жаңару  деп  аталатын  жоспарды  іске  асыру  үшін  ЕурАзЭҚ,  ШЫҰ  және 

Еуроодақтарының  бірігуін  ұсынды.  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  осындай 

одақ  құруға  деген  талпынысты  қолдайды.  Келесі  жылдан  бастап  республика 

ЕҚЫҰ  төрағалық  етеді.  ҚР  Президенті  халықаралық  ұйымдар  шеңберінде  өз 

саясатының  негізгі  басымдықтарын  атап  өтті:  ең  бірінші,  Қазақстан  Еуразия 

арқылы  көлік  коридорының  жобасын  іске  асыруға  ұмтылады,  ал  екіншіден, 

ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде  Қазақстан  НАТО  және  ШЫҰ,  ЕҚЫҰ  және  АӨСШК 

араларындағы қауіпсіздік саласында диалогты орнына келтіруге мүдделі. Бұдан 

басқа  Қазақстан  Президенті  валюталы-қаржылық  бірлестіктердің  мәселелерін 

талқылауды  ұсынды.  «Қазір  ЕурАзЭҚ  елдерінде  ШЫҰ  сияқты  гендік  ақаулы 

әлемдік  валютаның  біздің  еліміздің  экономикасына  дағдарысты  жүктемесін 

барынша азайту үшін барлық негіздер бар  - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. – 

Біз  валюталы-қаржылық  интеграциялық  бірігуді  құруға  іс  жүзінде  кірісуіміз 

керек. Оның ішіне өзінің меншікті бірыңғай мемлекет аралық ұлттық ақшасыз 

есеп айырысудың тұрақты есептік төлем бірлігі енгізілуі мүмкін». 

Н.Ә.  Назарбаев  «Постиндустриалды  қоғамды  қалыптастыру  стратегиясы 

және  өркениеттер  серіктестігі»  атты  соңғы  кітаптарының  бірінде  ШЫҰ 

қызметін және ондағы Қазақстанның ролін талдайды. Президент халықаралық 

қауіпсіздікті,  терроризммен,    сепаратизм  және  экстремизммен  күресті 

қамтамасыз  етудегі  ұйымның  маңызын  ерекше  атап  көрсетеді,  сондай-ақ 

өндірістік  циклі  бар  ұлтаралық  кластер  құру  және  тұтас  аймақтық-көліктік 

жүйе  құрудың  жаңа  мүмкіндіктерін  көрсетеді.  Қазақстанның  көшбасшысы 

ШЫҰ  ислам,  христиан  және  конфуциялық  өркениетті  өзара  байытуға 

мүмкіндік беретініне сенімді.  

Осылайша,  Қазақстанның  Шанхай  ынтымақтастығы    ұйымына  қатысуы 

қазіргі кезде неғұрлым жемісті түрде іске асуда. ШЫҰ біздің еліміздің сыртқы 

саясатында  маңызды  орын  алды.  Бұл  Қазақстан  басшылығы  қазіргі  кезде 

Қазақстанның  әлемдік  аренада  маңызды  ролін  сезініп,  Еуропа  мен  Азия 

арасындағы  және  энергетика  саласында  да,  геосаясатында  да  өзгеше  көпір 

болып табылатындығына байланысты.  

Қазақстан  өзара  сенім,  өзара  пайда,  теңдік,  өзара  кеңестер,  көп  түрлі 

мәдениетті  құрметтеу,  бірлесе  дамуға  ұмтылу  сияқты  «Шанхай  рухы» 

принциптеріне  негізделген  Еуразия  кеңістігін  бейбітшілік,  тұрақтылық  және 


 

81 


жайлылық  аймағына  айналдыру  перспективалары,  жаңа  үндеулер  ретінде 

сәйкес  келетін  немесе  жақын  түсінісе  алуға  негізделген  аймақтық 

интеграцияның бірізділікті жақтастарының бірі болып табылады.  

 

Әдебиеттер тізімі: 



 

1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы, 1999. 

2. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие.  Алматы, 2003. 

3. Назарбаев Н.А. На пороге XXI века. Алматы, 1996. 

4. Назарбаев Н.А. Идейная консолидация общества как условие прогресса  

    


Казахстана. Алматы, 1993. 

5. Назарбаев Н. А. Казахстан – 2030. Послание Президента страны народу     

    

Казахстана. 1997. 



6. Далаева Т.Т. Из истории международных связей Казахстана  // История  

    


Казахстана в школе и в вузах. Астана, 2002. № 4.  

7. Арыстанбекова А. Десять лет в ООН // Международная жизнь.  2002. № 5.  

8. Сарсекеев М. Национальные интересы и внешняя политика Казахстана //  

    


Евразийское сообщество. Алматы, 2002. № 1.  

9. Шаймаков Г. Внешнеполитическая деятельность Республики Казахстан в  

    

международных организациях. Алматы, 2002.  



10.Токаев К. Казахстанско-российские отношения в контексте  

     


внешнеполитического курса Казахстана // Казахстанско-российские  

     


отношения в 1991-1995 гг. Алматы-Москва, 1996. 

11. Токаев К. Под стягом независимости: очерки о внешней политике  

      

Казахстана.  Алматы, 1997.   



12. Внешняя политика Казахстана: Сборник статей. Алматы, 1995. 

13. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана.  М., 1998. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

82 


Қазақстан Республикасының  

халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны мен ролі  

 

Қарағанды мемлекеттік  



техникалық университетінің 

                                                      

«Қазақстан тарихы» 

                                                                                

кафедрасының аға оқытушысы 

Тілеуғабылова Қ.С.  

   

Халықаралық  қатынастар  факторы  және  тең  құқықты  субъект  болып 

қалыптасқан  тәуелсіз  жас  Қазақстан  Республикасы  үшін  сыртқы  саясатты 

жүргізуі  өте  маңызды,  халықаралық  жүйелерді  қоршаған  үндеулерге  дер 

кезінде  еліміздің  ұлттық  мүдделерін  алдыға  тартып  сенімді  түрде  жауап  бере 

алады. Қазіргі кезде де «Саясат реалистік тұрғыда болуы тиіс» деген принцип 

өзекті  болып  отыр.  Сыртқы  саясатты  жүргізу  қоршаған  ортаның 

заңдылықтарын  білуді,  әлемдік  дамудағы  және  халықаралық  қатынастардағы 

үрдістерді  білуді талап етеді.  Халықаралық ортаның перипетиясын ескеретін 

сыртқы  саяси  курс  бірінші  қажеттілікте  біздің  мемлекетімізді  «турбулентті 

халықаралық  қатынастардың» кез келген жағдайына бейімдей алуы мүмкін.  

Мемлекет  егемендікті  жариялағаннан  кейін  ел  басшылығы  алдында, 

бәрінен  бұрын,  халықаралық  аренадағы  жаңа  мемлекетті  БҰҰ  және  басқа 

әмбебап халықаралық ұйымдар қатарына енуі арқылы конструкциялау міндеті, 

сондай-ақ  Орталық  Азияда  үлкен  Қытаймен  шекаралас  өңір  ретінде  және 

экономикалық,  саяси  және  мәдени  жағынан  тығыз  байланысты  Ресеймен 

көршілес  күрделі  өңірде  геосаяси  және  экономикалық  реалия  есебінен  және 

мазасыз  ислам  әлемінің  бірі  бөлігі  болып  табылатын  Қазақстанның 

халықаралық  қатынастары  жүйесіндегі  орнын  анықтау  міндеті  тұрды.  Бұдан 

басқа,  бұрынғы  Қазақ  КСР  аумағында  болған  кеңестік  ядролық  потенциал 

сияқты күрделі проблеманың шешімін табу қажет болды.  

Республиканың  геосаяси  жағдайы,  экономикалық  және  әскери-саяси  

мүдделері өзара қауіпсіздікті, егемендікті және аумақтық тұтастықты құрметтеу 

принциптеріне  негізделген  шекаралас  елдерде  тату  көршіліктің  өзара 

қатынастарын  құруға  мүдделі  мемлекет  ретінде  Қазақстанның  халықаралық 

қатынастары жүйесіндегі орнын анықтады. 

Қазақстанның тәуелсіздіктің алғашқы таңында пайда болған  көп векторлы 

сыртқы саясаты егемендік пен мемлекеттілікті нығайтуға, елімізді халықаралық 

қатынастары және әлемдік шаруашылықты байланыстарға шығуына алғышарт 

бола білді. Қазіргі күні ол республикамызға әлемдік қауымдастықтар қолдауы 

мен мадақтауында көрінетін дивидендтер әкелуде.  

Қазақстан  соңғы  жылдары  оның  сыртқы  саясатында  болып  жатқан 

өзгерістерге,  әсіресе  2006  жылдың  аяғы  мен  2007  жылдың  басында  айқын 

көрінген  өзгерістерімен  өзіне  назар  аудартуда.  Сыртқы  саяси  курстың  «көп 

векторлығы»  осыдан  ондаған  жылдар  бұрын  ресми  жарияланған 

мәлімдемелерін  Орталық  Азия  өңірінде  және  жаңа  дербес  субъект  - 



 

83 


посткеңестік  кеңістіктің  барлығында  пайда  болған  құбылыстарды  растайтын 

тәуелсіз  және  балансталған  саясатты  шебер  жүргізетін  нақты  мазмұнмен 

толықтырылды.  

Қазақстан өзінің тәуелсіз мемлекет ретіндегі жылдары ішінде халықаралық 

қатынастар  жүйесіне  берік  енді,  меншікті  сыртқы  саясатты  өңдеді,  сыртқы 

саяси  доктринаны  тұжырымдады.  Елбасымыз  1990-жылдардың  алғашқы 

жартысында  «Еуразиялық  көпір»  тұжырымдамасын  ұсынды,  Қазақстанның 

Еуропаға  да  Азияға  да  географиялық,  мәдени,  тарихи  және  өркениетті 

құрамына енуді белгіледі. Әрі қарай, 1990-жылдардың екінші жартысында бұл 

тұжырымдама  Орталық  Азия,  ТМД,  Еуропа,  Азия-Тынық  мұхиты  өңірлерін, 

мұсылман  әлемін  және  индустриялды  державаларды  қоса  алғанда  республика 

үшін  барынша  маңызды  барлық  бағыттарда  сыртқы  саясатты  жүргізуде  өз 

мақсатын  қоя  білген  «көп  векторлы  дипломатия»  доктринасында 

тұжырымдалды. 

Бұл  күні  Қазақстан  үшін  түйінді  аспект  өңірлік  және  халықаралық 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Республикамыз осы саладағы өз 

қызметін  тек  екі  жақты  емес,  сонымен  бірге  көп  жақты  деңгейде  де  -  ШЫҰ, 

БҰҰ, ЕҚЫҰ және НАТО сияқты ұйымдар шеңберінде жүргізеді. 

Қазақстан үшін  аймақтық халықаралық  жүйе  бірнеше өңірлік бағыныңқы 

жүйелерді  біріктіруді  білдіреді.  Бұл  жағдайда  Орталық  Азия  өңірі  субөңірлік 

жүйе  ретінде  енеді.  Қазақстанның  посткеңестік  (еуразиялық)  аймақтық 

кеңістікке қатыстылығы басты маңызы бар. Сондай-ақ еліміз біртіндеп азиялық 

макроөңірлік  жүйеге  кірігеді.  Қазақстан  Республикасының  өркениетті 

параметрлері  бойынша  түркілік  мезоөңірге  және  ислам  макроөңірге  жатады. 

Республиканың  өңірлік  саясатын  іске  асыру  кезінде  осы  кластерлік  ескерілуі 

тиіс,  Қазақстанның  қатысуымен  интеграциялық  процестердің  алдыға  қарай 

жылжуы мүддесінде тең бағыттары арасында басымдылықтарды тура анықтау 

керек. 


 

Өңірлік  Қазақстан  сияқты  жаңа  субъектілерге  халықаралық  қатынастар 

береді,  әлемдік  процестер  елеусіз  қалмайды,  халықаралық  жаңалықтардың 

қалың  ортасына  қарай  тартылу  керек.  Қазақстан  мұнай-газ  ресурстары  үшін 

әлемдік  геоэкономикалық  бәсекелестік  объектісіне  айналған  Каспий 

маңындағы геоэкономикалық өңірде   орталық орынды алады. ТМД және ОАР 

шеңберінде  нақты  экономикалық  интеграция  қатысушы  мемлекеттерге 

ресурстар  үшін  геоэкономикалық  соғыс  құрбаны  болмаудың,  әлемдік 

экономикаға өз «шикізат салымдары» үшін дивидендтер және әлемдік табыстан 

өз үлесін алу мүмкіндігін береді.  

Біздің  республикамыздың  халықаралық  байланыстарының  географиясы  

барлық  континенттерді  қамтиды.  Қазақстанда  Ресеймен  берік  және  сенімді 

қатынастар орнады, ал бұл ҚР және РФ Президенттерінің жеке қатынастарына 

мүмкіндік береді. Ресей посткеңестік кеңістіктегі (ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ) және екі 

жақты қатынастарда ынтымақтастық құрылымдарындағы Қазақстанның жалғыз 

әріптесі. Қазақстан және Ресей халықаралық аренада бірге мәлімдеме жасайды, 

ең күрделі мәселелерді бірге шеше алатынын іс жүзінде көрсетуде. Қазақстан 

және  Ресей  күшімен  «Каспий  проблемасының»  шешімін  табуға  мүмкіндік 



 

84 


берді.  Қазақстан  Ресеймен  отын-энергетикалық  кешенде,  ғарышта,  әскери-

техникалық  салада,  ғылымда,  жоғары  технологиялар  салаларында 

ынтымақтастық жасайды.  

Қазақстан  Еуропа  және  АҚШ-пен  тұрақты  және  жан-жақты  қатынастар  

жасайды.  Қазақстан  –  батыс  экономикалық  және  саяси  салаларда  тең 

дәрежедегі әріптес ретінде қабылдайтын Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. 

Республикада  шетел  инвесторларының  жұмыстары  сенімді  жағдайлармен 

қамтамасыз етілген, халықаралық ұйымдармен, ең бірінші кезекте БҰҰ, ЕҚЫҰ-

мен  жан-жақты  қатынастар  қалыптасқан.  Қазақстан  Қытаймен  қалыпты 

қатынастар  орнатты.  Мемлекеттер  арасында  шекаралық  мәселелер  шешімін 

тапқан,  экономикалық  байланыстар  қалыпты  дамуда.  Бұдан  басқа,  Қазақстан 

мен  Қытай  -  өңірлік  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  серіктестер.  Қазақстан 

ШЫҰ  белсене  қатысуда,  ҚХР  «үш  күл»  (сепаратизм,  экстремизм,  терроризм) 

қатынасындағы саясатты қолдайды. Қазақстанның оңтүстік бағыттағы жағдайы 

көбінесе  аймақта  тұрақтылықты  қамтамасыз  етумен  байланысты.  Республика 

дәстүрлі  түрде  көршілес  Өзбекстан,  Қырғызстан,  Тәжікстан,  Түрікменстанмен 

тату  қатынасты  ұстайды.  Сонымен  қатар,  Қазақстан  Ауғанстанның  жаңа 

үкіметіне  қолдау  көрсетеді,  Иранмен  арадағы  қатынастарды  дамытады. 

Қазақстанның  Орталық  Азиядағы  орналасу  жағдайы  және  посткеңестік 

кеңістіктегі  ерекше  орны,  саяси  және  экономикалық  өмір  тұрақтылығы, 

халықаралық  экстремизммен  күрес  көбінесе  Ресеймен,  Батыс  әлемімен, 

Қытаймен, Оңтүстік Еуразия елдерімен қатынастарындағы көп векторлы жүйе 

құрудағы  табыстарына  байланысты.  Қазақстан  өз  тұрақтылығын  және 

халықаралық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  арқылы  Орталық  Азиядағы  саяси 

процесте түйінді орын алатын мемлекет болып табылады және Еуразияның осы 

бөлігіндегі негізгі ойыншылардың мүдделерінің медиаторы болып қалады. 

Осылайша,  Қазақстанның  халықаралық  қатынастар  жүйесінде  орны  мен 

роліне  баға  бере  отырып  Қазақстан  Республикасының  көп  векторлық 

доктринасына негізделген сыртқы саясатын белгілеуге болады. Мемлекетімізге  

әлемдік қауымдастыққа жылдам енуге және әсер ететін аймақтық көшбасшыға  

айналуына мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстанға саясаттағы «шалғайлықты» 

болдырмауға және дүниежүзілік сыртқы саяси бастамалар деңгейіне көтерілуге, 

ірі  әлемдік  державалар,  сондай-ақ  халықаралық  және  өңірлік  ұйымдар 

тараптарынан мойындауға мүмкіндік туды.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет