Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Назарбаев  Н.А. На пороге  ХХI века.  Алматы,  1992. 

2.

 



Вербицкая Н.  Вместе с ООН – в мировое сообщество // Казахстанская  

     


правда. 2001. 12 марта. 

3.

 



Зайцева О.Г. Международные межправительственные организации.  М.,  

     1992. 

4.

 

Елшибеков А.  Деятельность Казахстана в Организации Объединенных  



     

Наций // Евразийское сообщество. 2004. № 1. 

5.

 

Сборник документов по международному праву. Т.2. Алматы: АО «САК»,  



     1999. 

6.

 



Токаев К. Международная политика Казахстана: сотрудничество,  

     


интеграция, добрососедство // Казахстанская правда. 2001. 7 ноября. 

7.

 



Под патранажем  ООН:  по транзитным дорогам – к морю //Деловой мир.    

     


2003. № 29. 

 

 



 

 

 



 

24 


Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық 

жөніндегі ұйым  (ЕҚЫҰ) 

 

Қарағанды мемлекеттік 

 

техникалық  университеті  

«Қазақстан тарихы»  кафедрасының 

  

профессоры, 

                                                                                                          

т.ғ.к.   

Шаймұханова С.Д.  

 

Еуропадағы  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық  жөніндегі  ұйым  (ЕҚЫҰ)  – 



АҚШ-ты,  Канаданы,  практикалық  түрде  барлық  Еуропа  елдері  мен  бұрынғы 

кеңес республикаларын біріктіретін бірегей аймақтық форум.   

ЕҚЫҰ  жеке  халықаралық  ұйым  ретінде  кіріспе  тарихы  1973  жылы 

басталды,  КСРО  өзіндік  бастамасы  бойынша  Шығыс  пен  Батыс  арасындағы 

қатынастардағы шиеленісті жеңіп шығу мақсатында Еуропада қауіпсіздік және 

ынтымақтастық  жөнінде  Мәжіліс  құрылды.  Оның  жұмысына  түрлі  саяси, 

экономикалық  және  әлеуметтік  жүйелері  бар  АҚШ,  Канада  және  Еуропа 

мемлекеттерінің  көпшілігі  қатысты.  Қатысушы  елдердің  негізгі  мақсаты  – 

Еуропа континентінде халықаралық бәсеңдету мен тұрақтылықты нығайтумен, 

халықтар  арасындағы  өзара  түсіністікті  дамытумен  және  мәдениет  саласында 

халықаралық  жеке  байланыстарды  орнатумен  шектеледі.  ЕҚЫМ  Будапешт 

Саммитінде  1994  жылы  ЕҚЫМ-ды  ЕҚЫҰ-ға  өзгерту  туралы  шешім 

қабылданды.  Сонымен,  ЕҚЫҰ  ЕҚЫМ  логикалық  жалғасы  болып  табылды. 

Сондықтан  публицистика  мен  ғылыми  әдебиетте  ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ  деп 

халықаралық қатынастағы бірін-бірі органикалық түрде толықтырушы құбылыс 

ретінде жиі жазады.   

ЕҚЫҰ саяси маңыздылығы, ең алдымен, Еуропадағы басқа халықаралық 

үкіметтік  ұйымдармен  салыстырғанда  оның  бірегейлігімен  шектеледі.  Бұл 

практикалық  түрде,  ерте  ескертумен,  жанжалдарды  шешумен  және 

дағдарыстық  аймақтардағы  дағдарыстан  кейін  қалпына  келтірумен,  сондай-ақ 

сақтандырғыш  дипломатиямен,  сайлауларды  бақылаумен,  Еуропадағы 

экологиялық қауіпсіздікпен тікелей айналысатын жалғыз ғана еуропалық ұйым.    

ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ  негізін  қалаушы  құжат  –  1975  жылы  1  тамызда  КСРО, 

АҚШ,  Канада  және  33  еуропалық  мемлекеттер  қол  қойған  Хельсинки 

Қорытынды  актісі  болып  табылады.  Бұл  құжат  –Еуропа  континентінде 

қалыптасқан  «статус-кво»-ны  нығайтуға  және  Батыс  пен  Шығыс  арасындағы 

қатынастың  шиеленісуін  бәсеңдету  жолымен  одан  әрі  қозғалысын 

жалғастыруға  арналған.  Ол,  қатысушы  елдердің  өзара  қатынасы  мен 

ынтымақтастық  нормаларын  анықтайтын  базалық  принциптерден  тұрды  және 

Мәжілістің негізгі міндеттерінің сандарына сәйкестенген үш тараудан (немесе 

үш «корзинадан») құралды.  

Бірінші  «корзина»,  Еуропа  қауіпсіздігімен  байланысты  жалпы 

мәселелерге  тиісті  болды.  Екінші  «корзина»  экология  мен  қоршаған  ортаны 


 

25 


қорғау  саласында  экономикалық,  ғылыми-техникалық  ынтымақтастық  пен 

кооперация  мәселелеріне  арналды.  Үшіншісіне  гуманитарлық  мәселелер  мен 

адам құқығын қорғау мәселесі енді (VII, VIII және XI принциптері). Ол КСРО 

тарапынан ең үлкен кедергі тудырды, себебі мәселені осылай қою екі блоктар 

арасындағы  идеологиялық  жанжалды  мүлдем  басқа  кеңістікке  аударды. 

Азаматтардың  саяси  құқығы  мен  еркіндігін  қорғау  мәселесі  кеңес  жүйесінің 

«әлсіз буыны» болып табылды және Хельсинки Актісі, КСРО-да диссиденттік 

қозғалыс  пен  саяси  оппозицияның  болу  құқықтары  практикада  жүзеге 

асырылмаған  күйі  халықаралық  мойындау  болып  табылды.  Көптеген 

аналитиктердің  пікірінше,  Қорытынды  актіні  қабылдау  «бәсеңдету»  кезеңін 

символдап қана қойған жоқ, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы қарама-

қайшылықты,  адам  құқығын  сақтау  кеңестігіне  аудара  отырып, 

«идеологиясыздандыруға»  әкелді.  Алайда,  Мәжілісті  шақыруының  өзі  ескі 

тұрғыда  алаңдатушылықты  жеңуге  және  пікірлерімен,  ақпаратпен  еркін 

алмасуына,  сондай-ақ    адамдардың  еркін  орын  ауыстыруына  қатысты 

режимінің орнығуына ықпал етті. Хельсинки актісі осы ұйымның барлық келесі 

базалық құжаттарын қабылдаудың негізі болды.  

 

ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ  баршаға  ортақ  сипаты  рәсімдік  шаралармен,  атап 



айтқанда:  шешім  қабылдау  кезіндегі  консенсус  принципімен  және  қатысушы 

елдер теңдігінің принципімен қамтамасыз етілгендігі әбден айқын. Қорытынды 

Акт  екі  әскери-саяси  блоктар  (НАТО  және  ОВД)  мен  қосылмаған  елдердің 

күштерінің  қосынды  баланстарының  құжаттық  дәлелі  ретінде  қарастырылды. 

КСРО құлдырауынан кейін және Шығыс пен Батыс арасындағы идеологиялық 

қарама-қайшылық  біткеннен  кейін  бұрынғы  қарсыластар  ЕҚЫМ-ды  (кейін 

ЕҚЫҰ)  Еуропадағы  қауіпсіздікпен,  жанжалдарды  шешумен,  қарулануды 

бақылау  жөніндегі  жаңа  келісімді  дайындаумен,  тура  солай  әскери  салада 

сенімді нығайту жөніндегі шаралармен айналысатын жалпы еуропалық ұйымға 

айналдыру  әрекетін  қолданды.  Нақ  осы  уақытта  мынадай  түйінді  құжаттар  – 

жаңа  Еуропаға  арналған  Париж  Хартиясы,  Еуропадағы  қарапайым  қарулану 

туралы Келісім-шарт (ЕҚҚК), Ашық аспан жөніндегі келісім-шарт, «сенім мен 

қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралардың үшінші буыны» туралы құжаттар 

және  т.б.  келісімдер    қалыптасып,  оларға  қол  қойылды.  Сонымен,  қатысушы 

елдер ЕҚЫМ/ЕҚЫҰ-ын «суық қарулы соғыс» аяқталғаннан кейін, континентте 

қалыптасқан  жаңа реалийге «бейімдеуге» тырысты.  

 

ХХ ғасырдың аяғында ЕҚЫҰ қатысушыларының шеңберін айтарлықтай 



кеңейту  болды.  Ұйымның  құрамына  барлық  кеңестік  үкіметтен  кейінгі 

мемлекеттер,  сондай-ақ  Бұрынғы  Югославия  аумағында  қалыптасқан 

мемлекеттер  қабылданды.  Нәтижесінде  қазіргі  кезде  56  мемлекет  ЕҚЫҰ 

мүшелері болып қабылданды. Бұл ЕҚЫҰ-на анағұрлым репрезентативтік сипат 

берді және сонымен қатар, Закавказье мен Орталық Азияда пайда болған жаңа 

мемлекеттердің  әлемдік  қауымдастыққа  шоғырлануына  ықпал  етті.  Сөйтіп, 

ЕҚЫҰ аймағы географиялық түрде Еуропа шегінен алыс кетеді.  

Қазақстан Республикасы 1992 ж. қаңтарда ЕҚЫҰ мүшесі болды, ал 1995 

ж.  ЕҚЫҰ-да  Вена  қаласында  Қазақстан  Өкілеттігі  ашылды.  Осы  ұйымға  кіру 

Қазақстанның  халықаралық  қауіпсіздіктің  өзекті  мәселелерін  шешу  жөніндегі 



 

26 


жалпы  еуропалық  іс-шараларына  белсенді  араласуға  талпынысын  білдірді. 

Осыған орай, Қазақстан өз еркімен адам құқығын қорғау, экономикалық даму, 

лаңкестікпен  күрес  және  жан-жақты  ынтымақтастықтың  басқа  да  мәселелері 

саласындағы міндеттемелерді өзіне алды.   

Қазақстан  Республикасы  қысқа  мерзімде  ЕҚЫҰ-ына  енетін  елдермен 

өзара  қарым-қатынастың  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізе  білді.  Бұған,  сөзсіз, 

еліміздің табысты экономикалық дамуы, Қазақстан қоғамының қоғамдық-саяси 

өмірін ырықтандыру және оның саяси жүйесін демократиялау ықпал етті. 2004 

жылы саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы жарияланды. Осыдан 

кейін,  ЕҚЫҰ  стандарттарына  максимум    жуықтаған  жаңа  сайлау  заңы 

қабылданды.  Демократиялық  реформалардың  бағдарламаларын  жасау  мен 

нақтылау  жөніндегі  түрлі  комиссия  қызметіне  көп  көңіл  бөлінді.  ҚР 

Парламентінің  Мәжілісінде  саяси  пікірталастарға  арналған  аймақ  ретінде 

қоғамдық 

палата 

құрылды. 



Біртіндеп 

мемлекеттік 

басқарманы 

орталықсыздандыру жүзеге асырылуда, сот билігін реформалау және азаматтық 

қоғам  институттарының  одан  әрі  дамуы  жүргізілуде.  2002  жылдан  бастап 

Қазақстанда  адам  құқығы  бойынша  уәкілеттілік  институты  қызмет  етуде 

(омбудсмен).  2003  жылы  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  жөнінде 

Халықаралық  пактқа  және  адамның  әлеуметтік,  экономикалық  және  мәдени 

құқықтары туралы Халықаралық пактқа қол қойылды, сондай-ақ өлім жазасына 

мораторий  жарияланды,  бұл  Қазақстанның  демократия  принциптері  мен  адам 

құқығын  қорғауға  бұлжымастығының  куәсі.  Біздің  елімізде  біртіндеп 

жүргізілетін  демократиялық  түрлендірулердің  қорытындысы  –  мемлекеттік 

әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы мемлекеттің қолдауын пайдаланатын көп 

партиялы саяси жүйе,   6 мыңнан астам ҰСҰ болуы болып табылады.  

 

Демократиялық  түрлендірулерді  жүргізудегі  айтарлықтай  қадам  –



мемлекет  басшысының  бастамасымен  орындалған  2007  жылы  жазда 

Қазақстанды 

президенттік-парламенттік 

республикаға 

ауыстырған 

конституциялық реформалары болып табылады. Басымды түрде Парламенттің 

төменгі  палатасына  сайлаудың  мажоритарлық  жүйесі  пропорционалдыққа 

ауыстырылды,  бұл  партияның  рөлін  саясат  жүйесінде  арттырды.  Сонымен 

қатар,  үкіметті  қалыптастыру  тәртібі  өзгерді,  ол  үкіметтің  заң  шығару 

тармағының  алдында  есеп  беруші  болды.  Жергілікті  өзін-өзі  басқару  жүйесін 

жетілдіру саласында,  мемлекеттік басқарманы одан әрі орталықсыздандыруға 

және биліктің жергілікті сайлау құрылымдарына, ең алдымен аймақтық өкілетті 

органдарға  (мәслихаттарға) максимум түрде өкілеттікті беруге жол салынды.   

 

Барлық  конституциялық  өзгерістердің  негізінде  бір  сәттік  мақсаттар 



емес, елдің айқын және ұзақ мерзімді мүдделері жатқандығын атап өткен жөн. 

Қазақстан  өз  кандидатурасын  ЕҚЫҰ  Төрағалық  постына  жылжыту  ниеті 

туралы хабарлама жасады, оны ТМД қатысушы елдері қолдады. 2007 жылдың 

қарашасында  ЕҚЫҰ  қатысушы  елдерінің  Сыртқы  істер  Министрлерінің 

Кеңесінде  Қазақстанға  2010  жылы  ЕҚЫҰ  Төрағасының  постын  беру  туралы 

шешім қабылданды. Бұл мемлекеттің үлкен, әрі өнімді жұмысының логикалық 

түрде  аяқталуы  және  либералдық  нарықтық  экономикасы  бар  демократиялық 

қоғамын құруда еліміздің шынайы жетістіктерін мойындау болып табылады.  



 

27 


 

Берілген  шешім  тарихи  болып  саналады.  Бұрын  ЕҚЫҰ  төрағалары 

арасында  Батыс  Еуропа  өкілдері,  Еуроодаққа  мүшелер  немесе  кандидаттар 

басымдық алатын. Тұңғыш рет ЕҚЫҰ тарихында оны Азияда орналасқан түрік 

мемлекеті басқарады.  

Халықаралық  Еуропа  ұйымының  соншалық  жоғары  постына    сайлау 

Қазақстанның  сыртқы  саясатында  еуропалық  векторды  жандандыруда, 

қазақстанның  өзіндік  бастамаларының  одан  әрі  алға  басуы  үшін  еуропалық 

саясат талдауына күш салуға түрткі болды.   

 

Соңғы кездері қазақстан-еуропалық өзара әрекеттесу мәселелері өздеріне 



барған  сайын  еуропалық  қоғамдастықтың  да,  сондай-ақ  Қазақстан 

жұртшылығының  да  үлкен  қызығушылығын  тудырып  отыр.  Алайда  әлемдегі, 

оның ішінде  Еуропадағы геосаяси жағдай көп нұсқалы болып келе жатқанын, 

туындайтын  маңызды  ішкі  саяси,  экономикалық  факторлар  мен  бір  елдерге 

немесе нақты елдердің біріне белгілі бір сыртқы әсеріне қарай түрлі азимуттер 

бойынша  кездейсоқ  даму  жолына  түсетінін байқамауға  болмайды.  Сондықтан 

ҚР  жеке  рөлі  мен  мемлекеттің  ұлттық  мүдделерін  жалпы  еуропалық  саясат 

шеңберінде ойлануы керек.  

 

Әрине,  төрағалық  ету  кезеңінде  әрекет  ету  еркіндігі  объективті 



факторлармен  шектелген  және  бір  жыл  ішінде  көп  нәрсе  жасап  үлгеру  қиын, 

алайда  бұл  ЕҚЫҰ  қатысушы  мемлекеттер  үшін  ең  үлкен  қызығушылық 

тудыратын шұғыл мәселелерді қою құқығын жоққа шығармайды. Қазақстанның 

ЕҚЫҰ-ға  шығуға  ниеттенген  мәселелер  тақырыбы  анағұрлым  кең:  ЕҚЫҰ 

белсенділігінің  бірқалыпты  емес  географиялық  таралуында  болатын,  әсіресе, 

кеңес  үкіметінен  кейінгі  елдер  кеңістігіне  қатысты    «қосарлы  стандарттарды» 

игеру.  Қазақстан  ЕҚЫҰ-ның  ислам  әлемімен    ынтымақтастығын  кеңейту 

мүмкіндігін талқылауға ниетті. Ол  ислам елдерін 2010 жылы ЕҚЫҰ қызметінің 

күн  тәртібін  қалыптастыруда  белсенді  араласуға  шақырады  және  ОИК  пен 

ЕҚЫҰ арасындағы жалпы жанасу нүктелерін қарастыруды ұсынады, сонымен 

Еуропа  елдерінде  мұсылман  қауымының  көші-қоны  мен  шоғырлану 

мәселелерін,  тұтас  алғанда  –  Батыс  пен  мұсылман  Шығысы  арасындағы  

сұхбатты шешудің басын ашты.   

 

Сонымен қатар, Қазақстан ЕҚЫҰ алдына шешу үшін келесі мәселелерді 



қойды: ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттардың дамуы үшін жағдай 

жасау  жөнінде  әрекетті  жалғастыру;  ЕҚЫҰ  мемлекеттері  мен  еуразиялық 

трансконтиненттік  көліктік  коридорлардың  транзиттік-көліктік  әлеуетін 

дамыту;  экологиялық  мәселелерді  шешу;  Қазақстанның  бейбітшілікті, 

қауіпсіздікті  және  ядролық  қарусыздануды  қамтамасыз  етуге  қосқан  үлесін 

ескере  отырып,  сенім  мен  аймақтық  қауіпсіздік  шараларын  нығайту;  ЕҚЫҰ 

қызметіндегі  қауіпсіздіктің  әскери  емес  аспектілерін,  жеке  алғанда 

лаңкестікпен,  экстремизммен,  есірткі  заттарының  заңсыз  айналымымен, 

ұйымдастырылған  қылмыспен,  қаруды  және  адамды  саудаға  салумен  күресу 

шеңберінде  дамыту,  сондай-ақ  Ауғанстанды  -  ЕҚЫҰ  серіктес  ел  қалпына 

келтіру.  


 

28 


      

 

Сондай-ақ маңызды міндет – қауіпсіз, тұрақты және гүлденген Орталық 



Азияны  орнату,  тартымдылықты,  оның  ішінде  экономикалық,  арттыру 

барысында ЕҚЫҰ әлеуеті мен құралдарын пайдалану болып табылады. 

 

Сонымен  Қазақстанға,  ЕҚЫҰ  төрағасы  ретінде,  2010  жылы  ұйымның 



барлық  құрылымдарының  қызметтерін  үйлестіру  жөнінде  салмақты  және 

тынымсыз жұмыс атқару керек. 

 

Қазақстанды  ЕҚЫҰ  Төрағасы  етіп  сайлау  -  беделді  халықаралық 



ұйымның  өзі  үшін  де,  республиканың  өзінің  дамуы  үшін  де  маңызды.  ЕҚЫҰ 

төрағалық ҚР-на оның әлеуеті мен оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін біршама 

толығырақ  ашуға  мұрша  береді  деп  күтуге  болады.  Сондықтан  Қазақстанның 

ЕҚЫҰ  төрағалығы  кезеңіндегі  міндеттерінің  ішінде  –  Еуропа  елдерінің 

экономикалық  саясатының  Еуропа  нарығындағы  Қазақстанның  экономикалық 

мүдделерін  жүзеге  асыруға  ықпал  етуіне  талдау  жүргізу,  Қазақстан 

кәсіпкерлерін  отандық  өнімдерді  Еуропа  нарығында  алға  жылжыту  үшін 

ақпараттандыру  мақсатында,  Еуропа  елдерінде  сауда  заңдары  мен  сыртқы 

сауда  қызметінің  шарттарын  зерделеу,  Қазақстан  экспортының  құрылымын 

Еуропа елдеріне диверсиялау болып табылады.  

    

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Итоговый документ Венской встречи представителей-государств-участников  

    


СБСЕ. М.: Политиздат, 1986. 

2.

 



Гольдин Г.Г. ОБСЕ и Приднестровье: Учебное пособие. М.: Дип. Академия  

     


МИД РФ, 2000. 

3.

 



Казахстанские лейтмотивы в ОБСЕ //Деловой мир.  Астана. 2008.  № 6 (59).  

4.

 



Кортунов А.В.  Россия и Запад: модели интеграции. М., РНФ-РОПЦ, 1994.  

5.

 



Петраков М. «Учителя» и «ученики» в ОБСЕ // Международная жизнь. –  

     


2001, № 9. 

6.

 



Смутс М.  Международные организации и неравноправие государств.  

      


//Международный журнал социальных наук. 1995. 

7.

 



От Хельсинки до Будапешта: история СБСЕ/ОБСЕ в документах (1973– 

     199


4). М.: Наука, 1997. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

29 


Қазақстанның өзара әрекетттесуі және     

Солтүстік Атлантикалық келісім 

ұйымы 

                                

(НАТО) 

 

Қарағанды мемлекеттік  

Техникалық  университетінің  

«Қазақстан тарихы» кафедрасының  доценті, 

т.ғ.к.  

Даниярова А.Е. 

  

Солтүстік Атлантикалық келісім ұйымы (НАТО) – бұл 1949 ж. 4 сәуірде 

АҚШ-та  құрылған  әскери-саяси  блок.  НАТО-ның  Мемлекеттік  мүшелері: 

АҚШ,  Канада,  Исландия,  Ұлыбритания,  Франция,  Бельгия,  Нидерланды, 

Люксембург, Норвегия, Дания, Италия және Португалия болды.    

  

НАТО-ның  басты  мақсаты  –  БҰҰ  Жарғысының  принциптеріне  сәйкес 



Еуропа  мен  Солтүстік  Америкадағы  өзінің  барлық  мүшелерінің  еркіндігі  мен 

қауіпсіздігіне  кепілдік  береді.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  НАТО  өзінің  саяси 

ықпалы  мен  әскери  әлеуетін,  оның  мүше  мемлекеттеріне  кездесетін 

қауіпсіздіктің қажеттілік сипатына қарай қолданады.     

1999  ж.  жарияланған  қолданыстағы  Стратегиялық  концепция  НАТО 

бірінші дәрежедегі міндеттерін келесі түрде анықтайды:   

Еуроатлантикалық аймақтағы тұрақтылық негізі болу;   



қауіпсіздік  мәселелері  бойынша  кеңес  берулер  жүргізудің  форумы  ретінде 

қызмет ету; 

НАТО  мүше  мемлекеттердің  кез  келгеніне  қарсы  агрессияның  кез  келген 



қатерін бөгеу және одан қорғауды жүзеге асыру;  

жанжалдарды  тиімді    түрде  болдырмауға  ықпал  ету  және  дағдарыстық 



реттеуге белсенді араласу;  

Еуроатлантикалық  аймақтардың  басқа  елдерімен  жан-жақты  серіктестікті, 



ынтымақтастықты және сұхбаттасуды дамытуға ықпал ету. 

  

НАТО-ның жоғарғы саяси органы Солтүстік Атлантикалық кеңес (НАТО 



кеңесі) болып табылады, ол барлық мүше мемлекеттердің өкілдерінен құралады 

және  өзінің  отырыстарын  НАТО-ның  төрағалық  етуімен  жүргізеді.  Солтүстік 

Атлантикалық  кеңес  өз  кездесулерін  сыртқы  істер  министрлері  мен 

мемлекеттер  және  үкіметтердің  басшылары  деңгейінде  өткізеді.  Кеңес 

шешімдері  бір  ауыздан  қабылданады.  Сессиялар  арасындағы  кезеңде  НАТО 

Кеңесі  қызметін  НАТО-ның  тұрақты  Кеңесі  атқарады,  оған  блоктың  барлық 

қатысушы елдерінің  елшілер дәрежесіндегі өкілдері енеді.  

 

1966  жылдың  желтоқсанынан  бастап  Әскери  жоспарлау  комитеті 



ұйымның  жоғары  әскери-саяси  органы  болды,  ол  жылына  екі  рет,  қорғаныс 

министрлері  деңгейінде,  ал  қағаз  жүзінде  тұрақты  өкілдерден  тұратын,  өз 

сессияларына  жиналады.    Сессиялар  арасындағы  кезеңде  Әскери  жоспарлау 

комитетінің қызметін Әскери жоспарлаудың тұрақты комитеті атқарады, оның 



 

30 


құрамына блоктың барлық қатысушы елдерінің  елшілер дәрежесіндегі өкілдері 

енеді. 


НАТО-ның  жоғарғы  саяси  органы  -  НАТО  мүше  елдердің  бас 

штабтарының  бастықтары  мен  тұрақты  қарулы  күштері  жоқ  және  өз 

отырыстарына жылына кем дегенде екі рет жиналатын Исландияның азаматтық 

өкілінен  тұратын  Әскери  комитет  болып  табылады.    НАТО-ның  негізгі 

органдарына  –  әдетте  өз  отырыстарын  қорғаныс  министрлері  деңгейінде  

жылына  екі  рет,  НАТО  Кеңесінің  отырысының  алдында  өткізетін  Ядролық 

жоспарлау  тобы  да  жатады.  Исландия  Азаматтық  бақылаушының  ядролық 

жоспарлау тобында берілген.  

 

Қазақстан  Республикасы  мен  НАТО  арасындағы  ынтымақтастықтың 



басы  біздің  еліміздің  1992  жылы  Солтүстік  Атлантика  кеңесінің 

ынтымақтастығына енуі болды, ол 1997 ж. Еуроатлантикалық серіктестік кеңесі 

(ЕАСК)  болып  өзгерді.  ЕАСК  Қазақстанға  НАТО-ға  мүше  елдермен  және 

еуразиялық кеңістіктегі елдермен халықаралық қауіпсіздіктің анағұрлым өзекті 

мәселелері  бойынша  жемісті  сұхбаттасу  жүргізуге  мүмкіндік  береді. 

Ынтымақтастықтың  маңызды  құраушысы  –  Қазақстан  Республикасының 

Сыртқы  істер  және  ЕАСК  қорғаныс  министрлерінің  жыл  сайынғы 

мәжілістеріне қатысуы болып табылады.   

 

1994  жылы  қаңтарда  НАТО  әскери  ынтымақтастығының  «Бейбітшілік 



үшін  серіктестік»  бағдарламасы  құрылды.  Бағдарламаға  қатысушылар  ішінде: 

Әзербайжан,  Армения,  Австрия,  Белоруссия,  Босния  және  Герцеговина,  

Грузия,  Ирландия,  Қырғызстан,  Македония,  Мальта,  Молдова,  Ресей,  Сербия, 

Тәжікстан,  Түрікменстан,  Өзбекстан,  Украина,  Финляндия,  Черногория, 

Швеция,  Швейцария.  Қазақстан  1994  жылы  27  мамырда  НАТО-мен  саяси 

сұхбатты  тереңдету  және  әскери  ынтымақтастық  мақсатында  «Бейбітшілік 

үшін серіктестік» бағдарламасына қосылды. 

«Бейбітшілік  үшін  серіктестік»  -  НАТО-ның  ірі  масштабты  бастамасы, 

оның мақсаты - тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, серіктес мемлекеттердің 

әрқайсысы мен НАТО арасындағы нақты серіктестікке жету болып табылады.  

Бұл  бағдарлама  жаңа  заманғы  қауіпсіздік  сәулетінің  маңызды  және  бөлінбес 

бөлшегі болды.  

НАТО  және  Қазақстан  арасындағы  қатынас  бүгінгі  күні  өзара  қолайлы 

сипат алуда.  Осы ынтымақтастықтың бірнеше аспектілерін бөліп қарастыруға 

болады.  

Біріншіден, 

әскери-техникалық 

аспект. 


Қазақстан, 

НАТО 


бағдарламаларына өзінің қатысуын пайдалана отырып, қарулану партиясы мен 

әскери  техника  алу  ниеті  бар.  Осыған  ұқсас  тәсіл,  НАТО-ға  енген  кейбір 

елдерге қысқа уақыт аралығында әскери техника паркін, Солтүстік Атлантика 

блогының  стандарттарына  сәйкес,  айтарлықтай  түрлендіруге  мүмкіндік  берді. 

Мысалы,  Балтия  елдері,  өздерінің  қарулы  күштерінің  аз  санына  қарамастан, 

практикалық түрде 100 пайызға қайта қаруланудан өтті және бүгінгі күні НАТО 

стандартына толық сәйкес келеді. Бұл өз кезегінде Балтия елдеріне НАТО-ның 

түрлі іс-шараларына белсенді араласуға мүмкіндік берді.  



 

31 


Қазақстан  да  берілген  бағытта  қадамдар  жасады.  Сонымен,  НАТО-ның 

«Бейбітшілік  үшін  серіктестік»  бағдарламасы  бойынша  республика  жыл 

сайынғы  күзгі  және  көктемгі  оқуларға  теңіз  жаяу  әскерінің  америка  базасы 

аймағында да, сондай-ақ Орталық Азияда да қатыса бастады.  

Қазақстанның екінші қадамы – 2002 жылы НАТО-ның «Жоспарлау және 

талдау  процесі»  бағдарламасына  қосылуы  болды.  Берілген  бағдарлама 

шеңберіндегі  ынтымақтастық  -  республикаға  қарулы  жанжалдар  аймағында 

бейбітшілікті  қолдау  жөнінде  бітімгерлік  миссиялары  мен  іс-шараларына 

қатысу, сондай-ақ НАТО стандарттарына сәйкес әскери техника мен қару алуға 

мүмкіндік берді.  

 

Екіншіден,  ынтымақтастықтың  қаржылық  аспектісі.  Республика  НАТО 



бағдарламасына  қатыса  отырып,  қарулы  күштерге  қалай  болса,  өнеркәсіптің 

кейбір салаларына да солай бағытталған (мысалы, атомдық) қаржыландыруды 

алуға талпынуда.  

Сонымен,  НАТО-ның  Еуропалық  командованиесінің  «Инвестиция  және 

қауіпсіздік» бағдарламасына қатыса отырып, Қазақстан бағдарлама мүмкіндігін 

республиканың  түрлі  аймақтарындағы  әскери  инфрақұрылымды  жетілдіру 

үшін,  оқу-шынықтыру  орталықтарын,  байланыс  және  ақпарат  жүйелерін 

құруды енгізе отырып, пайдалануға тырысады. 

 

Басқа  мысалы  –  Қазақстан  мен  НАТО-ның  «Ғылым  бейбітшілік  үшін» 



бағдарламасы  шеңберінде  өзара  әрекеттесуі  болып  табылады.  Берілген 

жағдайда НАТО тарапынан айтарлықтай назар аудартқан - Семей, Арал теңізі 

және құбыр жүргізу мәселелері.   

Үшіншіден,  сыртқы  саясат  аспектісі.  Қазақстан,  НАТО  елдерімен 

бірлескен  іс-шараларға  қатыса  отырып,  аймақтағы  республикаларға,  күштің 

негізгі  полюстерінен  дистанциялауға  және  кідірту  мен  қарама-қарсылық 

механизмдерін  пайдалануға  негізделген  өзінің  түрлі  векторлық  саясатын 

жариялайды.  

Қазақстан мен Солтүстік Атлантикалық Ұйым ынтымақтастығы (НАТО) 

Еуроатлантикалық  серіктестік  кеңесінің  (ЕАСК)  шеңберіндегі  сұхбаттасу 

арқылы практикада  жүзеге  асырылады.    Кавказ  және  Орталық  Азия бойынша 

НАТО-ның  бас  хатшысының  арнайы  өкілі  елші  Роберт  Ф.Симмонс  Қазақстан 

басшылығымен саяси сұхбатты жоғары деңгейде қолдайды және елімізге үнемі 

келіп  тұрады,  Орталық  Азиядағы  байланыс  және  өзара  әрекеттесу  жөніндегі 

НАТО  қызметкері  мезгіл  сайын  Астанаға  барып,  үкіметпен  бірге 

ынтымақтастық мәселелерін қарастырады.   

НАТО мен Қазақстан аймақтарының бірқатарында Серіктестік әрекетінің 

жеке  жоспары  (СӘЖЖ)  арқылы  практикалық  ынтымақтастықты  дамытады, 

оны тараптар бірлесіп екі жылдық кезеңге бекітеді.     

НАТО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аймақтары – 

қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық,  қорғаныс  және  қауіпсіздік 

секторының реформасы, азаматтық төтенше жоспарлау, ғылым және қоршаған 

орта, жұртшылықты хабарландыру.    

Қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық.  Әуе-десанттық  күштері 

құрамынан  Қазақстан  бітімгершілік  батальонын  бөліп  алды,  ол  НАТО-ның 


 

32 


басшылығымен  және  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің  мандатына  сәйкес 

бейбітшілікті  қолдау  жөніндегі операцияларын  жүргізу  үшін     толық ашылуы 

мүмкін.  Бітімгершілік  батальон  бөлімшелері  НАТО  мемлекеттерімен  бірге 

әскери  оқулардың  бірқатарына  қатысты.  ПАРП  шеңберіндегі  маңызды 

жобалардың бірі – осы күштердің құрамын бригадаға дейін кеңейтуден тұрады 

(ҚАЗБРИГ) Қазақстанның берілген бағытта әрекет ету нәтижесі – қазақстандық 

жеке  батальон  құру  болды,  оны  Солтүстік  Атлантика    блогының  стандарты 

бойынша  жарақтандырды.  Сонымен  қатар,  жеке  батальон  құру  Қазақстан 

армиясы  НАТО  елдерінің  қарулануына  көшті  деуге  болмайтынын  ескерген 

жөн.     

  

Қазақстан,  өз  аумағында  оқу  дайындығы  мен  БҮС  оқуын  ұйымдастыра 



отырып,  сондай-ақ  басқа  елдерде  өткізілетін  осындай  іс-шараларға  қатыса 

отырып, белсенді рөл атқарады. НАТО-ның мүше мемлекеттерінің келісімімен 

Қазақстан БҮС аймақтық оқу орталығын құру жөнінде жұмыс жүргізеді және 

НАТО  елдерімен,  сондай-ақ  аймақтық  серіктестермен  әскери  дайындық  пен 

шет тілдеріне дайындық саласында өзара әрекеттесуді жалғастырады. 

 

Лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі Серіктестік әрекеттерінің жоспарына 



араласа  отырып,  Қазақстан  осы  күреске  өз  үлесін  қосады.  Бұл  НАТО-мен 

барланған  және  аналитикалық  дайындамалармен  алмасуды,  контртеррористік 

қызметке  қажетті  ұлттық  әлеуетті  жетілдіруді  және  шекара  қауіпсіздігін 

нығайтуды болжайды. 2006 және 2007 жж. Қазақстан өз аумағында «Степ Игл» 

(«Степной орел») ірі контртеррористік оқуын өткізді. Бұл оқулар КАЗБИРГ-тің 

және  Солтүстік  Атлантика  одағының  оперативтік  сыйымдылығын  арттыруға 

ықпал  етті.  Оқу  нәтижесінде  бөлімшелер  өрістету  мүмкіндігі  үшін    НАТО 

сертификаттауынан өтті.  

 

Қорғаныс және қауіпсіздік секторының реформасы. НАТО, Қазақстанда 



болып  жатқан  және  ИПАП  құжатында  мазмұндалған    демократиялық  және 

институционалдық  реформа  процестерін  жүзеге  асыруға  көмектеседі.  Жеке 

алғанда, қорғаныс және қауіпсіздік секторының реформасы аймағында  НАТО 

және  жеке  мүше  елдерде  Қазақстан  пайдалана  алатын  айтарлықтай  тәжірибе 

мен машықтары бар.    

 

НАТО  мүше  мемлекеттермен  кеңесе отырып,  Қазақстан қауіпсіздік  пен 



қорғаныс  секторының  реформасына  арналған  концептуалдық  шеңберді 

құрастыруды және Қорғаныс министрлігінде реформалардың негізгі жобаларын 

алға жылжытуды жалғастырады.  

 

Қазақстан қорғаныс институттарын құру жөніндегі серіктестік әрекетінің 



жоспарының  мақсатын  қабылдау  фактісі  осы  жұмысқа  жақсы  тірек  болды. 

Бағдарлама, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы түрлі органдар үшін тиімді 

соттық  қадағалау  мен    басқарудың  тиісті  механизмдерін  құрастыруға 

көмектеседі.  

 

Қазақстанның  Жоспарлау  және  талдау  процесіне  2002  жылдан  бастап 



араласуы,  еліміздің  қарулы  күштерінің  НАТО-мен  өзара  әрекеттесу  қабілетін 

дамытады.  Қазақстан,  өзінің  қарулы  күштер  бөлімшелері  мен  НАТО  елінің 

қарулы  күштері  оперативті  түрде  үйлес  болуына  талпынады.  Қазіргі  кезде 

аэромобильдік күштер мен ӘТК көңіл бөлінуде. Бітімгершілік батальонын одан 



 

33 


әрі дамытуда бірлескен жұмысы жалғасуда, ол Солтүстік Атлантика одағының 

мүше мемлекеттерімен бірге әрекет етеді.  

 

НАТО  елдері  мен  Қазақстан,  Қазақстанның  Каспий  теңізіндегі  ӘТК 



дамытуға  бағытталған    ірі  жоба  бойынша  ынтымақтастық  жүргізуде.  ӘТК 

жалпы  стратегиялық  құжаттарын  жасау  жалғасуда  және  осымен  қатар 

Қазақстанның  ӘТК  әскери  қызметкерлері  толық  көлемде  оқу  дайындығын 

НАТО стандарттары мен тәсілдеріне сәйкес өту үшін барлық қажетті шаралар 

жасалуда.  

 

Азаматтық  төтенше  жоспарлау.  НАТО-мен  ынтымақтастықта  және 



табиғи  апат  пен  зілзалаға  жауап  беру  Еуроатлантикалық  үйлестіру  орталығы 

ұйымдастыратын    іс-шараларға  қатысу  арқылы  Қазақстан  азаматтық  ТЖ  мен 

зілзала салдарларын жоюға жауап берудің ұлттық әлеуетін дамытады.  

 

Ғылым  және  қоршаған  орта.  НАТО-ның  ғылыми  бағдарламасы  НАТО 



ғылыми  комитетін  құру  кезінде  1958  ж.  негізін  қалады.  НАТО  ғылыми 

бағдарламасының 

бағыттары: 

ғылым 


мен 

техника 


саласындағы 

ынтымақтастық, ғылыми стипендиялар бөлу, зерттеу инфрақұрылымын қолдау, 

бейбітшілік үшін ғылым.  

 

«Ғылым  бейбітшілік  пен  қауіпсіздік  үшін»  бағдарламасының  желісімен 



Қазақстан ғылым мен экология саласында ынтымақтастықтың жиырмаға жуық 

жобасын  жүзеге  асыруға  грант  алды.  Жобаларға:  Орталық  Азияда 

радиологиялық  қауіпсіздікті  зерттеудегі  ынтымақтастық,  су  ресурстарын 

кешендік  басқару  және  жер  сілкінуге  тұрақты  үй  құрылысының  жаңа 

технологияларын жасауды енгізеді.  

 

Қазақстан  «Виртуалды  Жібек  жолы»  жобасына  да  қатысады,  оның 



мақсаты  –  Кавказ  бен  Орталық  Азия  елдеріндегі  жоғары  оқу  орындарының 

қызметкерлері  мен  ғылыми  қызметкерлері  үшін  спутниктік  желіні  пайдалану 

есебінен  Интернетке  қол  жеткізуді  жақсарту.  «Виртуалды  Жібек  жолы» 

жобасын  жүзеге  асыру  үшін  Қазақстанда  Қазақстанның  «Қазрена»  ғылыми-

компьютерлік желісін пайдаланушылар Қауымдастығы құрылды. Қазіргі кезде 

Алматыдағы мекемелердің көпшілігі осы желіні пайдаланады. Барлық елімізде 

басқа  қалаларда  да  қосылу  мүмкіндігін  кеңейту  үшін  дайындық  жұмыстар 

жүргізілуде.  

 

Жұртшылықты  ақпараттандыру.  Ынтымақтастықтың  тағы  бір  түйінді 



бағыты – ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту және жұртшылықтың НАТО туралы 

және  НАТО  мен  Қазақстанның  ынтымақтастығының  пайдасы  туралы 

мәліметтілігін  арттыру  болып  табылады.  Алматы  мен  Астанада  НАТО-ның 

бірнеше депозитарлық кітапханаларының құрылысы жүруде. 2007 жылы НАТО 

мен  Қазақстан  бірлескен  семинар  өткізді,  ол  БАҚ  саласының  қазақстандық 

қызметкерлерін дайындау мен жұртшылықты хабарландыруға өз үлесін қосты. 

Жұртшылықты  ақпараттандырудың  кең  стратегиясын  құру  жөнінде  бірлескен 

жұмыс атқарылуда.  

 

Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан 



бастап  өзінің  жан-жақты    және  екі  жақты  өзара  қатынастарын  кеңейтуде. 

Халықаралық 

ұйымдар 

жаңа 


егеменді 

мемлекеттің 

халықаралық 

қатынастардың  әлемдік  жүйесіне    енуі  мен  қосылуына  ықпал  етуде  және 



 

34 


бірлескен  бағдарламалар  мен  жобалар  арқылы  тиімді  қатынастар  мен  оң 

нәтижелер  беруде.  Ал  бұл,  өз  кезегінде,  Қазақстан  Республикасының, 

аймақтағы  жауапты  және  стратегиялық  серіктес  ретіндегі  имиджін 

қалыптастырудың одан әрі даму процесіне әсер етеді.  

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет