Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Жалимбетова Р. Труд в Казахстане: Проблемы. Факты. Комментарии. 2003.  

     


№ 3. 

2.

 



Исмаилова А.С. ЕврАзЭС - итоги социально-экономического развития в  

     


условиях интеграции: Общественно-политическая литература // АльПари.   

     2004.  

№ 4. 

3.

 



Куанышева А. Дальнейшие перспективы ЕврАзЭС : Научное издание //  

     


Қазақстан жоғары мектебі // Высшая школа Казахстана. 2005. № 4. 

4.

 



Султанов Б. Казахстан и институты международного сотрудничества :  

     


Научное издание // Евразийское сообщество. 2006. № 4. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

60 


                          

Еуразиялылық  идея және Қазақстан 

 

 



Қарағанды мемлекеттік  

техникалық университетінің 

                                                                                 

«Қазақстан тарихы» 

                                                                              

кафедрасының аға оқытушысы 

Ошанов Н.З.  

   

 

 



Қазіргі  кезде  еуразиялық  жаңа  ғасырдың  қоғамдық  қозғалыстарының 

және барынша перспективалы интеллектуалдық ағымдарының бірі деп аталады. 

Қазіргі заманғы ірі еуразиялық тұлғалар арасында Қазақстан Республикасының  

Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  та  бар.  Н.Ә.  Назарбаев  Еуразия  ұлттық 

университетінде  оқыған  дәрісінде  «Еуразиялылық    идея  теория  ретінде  өткен 

ғасырда пайда болған. Бірақ, Еуразиялылық  идея,  жаңа өмірді ұйымдастыру 

практикасы  ретінде  осы  ғасырда  іске  асатын  болады.  Еуразиялық    XXI 

ғасырдың  басты  идеяларының  бірі.  Еуразиялылық    идеяның  үш  киті, 

Қазақстанның  бастамасымен  нақты  түрде  іске  асырылған  –  бұл    ЕурАзЭҚ, 

АӨСШК  және  ШЫҰ.  Мұның  барлығы  –  бір  орталық,  яғни  Бірыңғай 

Еуразиялылық  идеяның әртүрлі үш практикалық көрінісі» деп атап өтті.  

Жаһанданған  қазіргі  заманғы  әлемде  тұрмыс  пен  тәртіпті  жаңаша 

реттеудің  іргетасы  ретінде  жалпы  өркениетті  құндылықтарды  күшейту  үрдісі 

өтуде.  Еуразиялылық    идея  жаһандану  идеясынан  принципті  түрде 

ерекшеленеді, коммуникациялар масштабы кеңейеді, бірыңғай әлемдік кеңістік 

құрылады, бірақ бұл ретте ұлттық әр түрліліктер басылып біраз уақыттан кейін 

бұзылуы  мүмкін.  Ал  бұл  тек  жекелеген  ұлттардың  мәдениетіне  төнген  қауіп-

қатер  ғана  емес,  сонымен  бірге  тұтас  әлемдік  жүйеге  төнген  үлкен  қатер. 

Мұндай  перспективаға  қарағанда,  еуразиялық  мәдениет  пен  ұлттық 

сәйкестіктерді  сақтай  отырып,  қоғамның  экономикалық  дамуына  және 

жаңаруына жол ашады. Еуразиялықтың әлеуеті бай, ол экономикада, саясатта, 

мәдениетте,  ғылымда  және  білімде  мемлекет  аралық  интеграциялаудың  әр 

түрлі нысандарында материалданады.  

Қазіргі заманғы жағдайда Еуразиялылық  идея одан әрі өзектене түсуде. 

Ол  әлемнің бір полярлық  жаққа  қарай дамуын  көрсететін қатерлердің  жалғыз 

баламасы  болып  табылады.  Қазақстан  еуразиялық  бірлікті  нығайтуды,  көп 

полярлыққа  қарай  жылжуды  қолдайды.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  әлемді  құрудың  бір  полярлы  жүйесінен  көп  полярлы  жүйесіне 

ауыстыру  туралы  тезисті ұсынады,  онда  аймақтандыру  процесі күшейеді.  Бұл 

әлемдегі  Достастық  елдерінің  ұстанымдарын  нығайтудың  және  посткеңестік 

кеңістіктегі интеграциялық процестерді қарқындатудың қуатты факторы болар 

еді.  


Н.Ә.Назарбаев  аймақтық  бірігу  туралы  идеяны  алға  тарта  отырып, 

бірігудің  аймақтық  нысандары,  егер  ХХI  ғасырдағы  экономикалық  және 



 

61 


әлеуметтік  даму  заңдылықтарына,  сондай-ақ  қуатты  өркениетті  факторларға 

сүйенетін болса мызғымайтын болады деп атап көрсетті. Өткен кезең тарихына 

жататын  мұндай  факторлар    біздің  еліміз  үшін  өркениетті  және  еуразиялық 

кеңістікке  қатысы  бар  болып  табылады.  Тек  біздің  еліміз  бен 

халықтарымыздың  мәдени-тарихи  дәстүрлерін  біріктіріп  қана  қоймайды, 

сонымен қатар жаңа ғасырдағы қазіргі заманғы геосаяси ортаның жаңаша әсер 

етуін қалыптастыру мүмкіндігін анықтайды.   

Еуразиялық  идея  елдердің  бір-біріне  тең  және  құрмет  қатынасын 

қалыптастырады, өйткені ол бастапқы орында Еуразия кеңістігінде орналасқан 

халықтардың  толық  сәйкестігін  мойындайды.  Практикалық  еуразиялылықтың 

бай  әлеуеті  жаһандық  өзара  байланыстырды  күшейту  мен    әлемнің  көп 

полярлығы арасындағы жаһандандырудың ішкі қайшылықтарын  тең құқықтық 

және  бірін-бірі  құрметтеудің  принциптік  жаңа  негіздерінде  аймақтық 

бірлестіктерді құру арқылы шешеді.   

 

Интеграция қажеттілігінің маңызды бірі бөлігіне тоқтала кету керек. Бұл 



біздің  республикамыздың  қауіпсіздігі  мен  тұрақтылығын,  әлемнің  жетекші 

елдеріндегі  және  жақын  мемлекеттердегі  қауіпсіздіктің  өзара  байланысын 

көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет  басшысы Н.Ә. Назарбаев «Сындарлы он жыл» 

кітабында:  «Қазақстанның  Ұлттық  Қауіпсіздігі  Орталық  Азия  өңірінің 

қауіпсіздігімен  тығыз  байланысты.

 

Орталық  Азия  өңірінің  қауіпсіздігін 



Орталық Еуразияның құрамдас қауіпсіздігі ретінде  қарау ұсынылады. Орталық 

Еуразия  өңірі  қауіпсіздіктің  жаһандық  жүйесінің  бір  бөлігі  болып  табылатын  

Еуразия қауіпсіздігінің бірі бөлігі болуы тиіс».  

Н.Ә.  Назарбаевтың  пікірі  бойынша,  еуразиялылық  идея  практикалық 

толықтыруларға  ие  болып  келеді.  Бүгінгі  күні  ол  Еуразиялық  экономикалық 

қауымдастықты (ЕурАзЭҚ), Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ШЫҰ), сондай-

ақ    Азияда  Өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  бойынша  кеңесті 

интеграциялау  арқылы  іске асырылуы  мүмкін.  «Мен  осы бірлестіктер бірігеді 

деп ойлаймын және армандаймын. Түбінде үлкен еуразиялық идея,  еуразиялық 

контингент бірлігі міндетті түрде жеңеді». Еуразиялық идеяны біртіндеп жүзеге 

асыру  бүгінгі  күні,  Еуразия  кеңістігіндегі  қазіргі  заманғы  елдер  Еуразия 

негіздеріне өз қатынастарын айқын анықтауын талап етеді.   

 

Еуразиялық интеграция идеясын тізбектен өткізеді және  полиэтникалық 



мемлекетте  этностарды  интеграциялау  идеясы    еуразиялылық  идеологиясына 

қол  жеткізу  мен  іске  асыруда  айтарлықтай  тірек  және  жігерлендіру  болып 

табылады.  Қазақстанда  түрік  және  славян,  әрі  қарай  басқа  этностармен 

үйлесімдегі  этноәлеуметтік  топтардың  алғашқы  синтезіне  негізделген  бірегей 

полиэтникалық  қоғам  қалыптасты.  Бұл  жерде    еуразиялық  қоғамның  негізін 

қалаушы  сәттерінің  бірі  байқалады,  еуразиялылықтың  негізін  салушылар 

осыған  –  бір  аумақта  бірлесіп  өмір  сүретін    халықтардың  көп  түрлілігіне 

сүйенді.   

 

Біздің 


республикамыздың 

Тұңғыш 


Президентінің 

геосаяси 

көрегенділігіне тиісті баға беру керек, осының арқасында Қазақстан егемендігін 

алысымен,  саяси,  діни  басымдықтар  және  ұлттық  белгілерге  қарамастан 

аймақтық  интеграцияны  өзгеріссіз  және  табанды  түрде  жақтайды.    Ел 


 

62 


Президентінің  еуразиялылық  мәселе  жөнінде  айтқан  пікірлеріне  орай,    осы 

принциптердің субъектісі –  ерекше өмір салты мен менталитет тән еуразиялық 

қауымдастық бар екенін атап өткен жөн.   

Еуразиялылық  идеялар  университеттер  ынтымақтастығының  сенімді 

және  құнарлы  негіздері  ретінде,  қазіргі  кезде  98  университетті,  оның  ішінде 

ТМД  елдерінің  43  жетекші  университеттерін  біріктіріп  отырған 

Университеттердің  еуразиялық  қауымдастығы  қызметінде  толық  көлемде 

байқалды.  Президент  Н.Ә.  Назарбаевтың  бастамасымен  Еуразия  ұлттық 

университетіне, этногенез дамуында пассионарлықтың ролі туралы теорияның 

авторы,  еуразиялылық  идеяның  ғылыми  негіздемесіне  маңызды  үлес  қосқан 

көрнекті этнолог-тарихшы Лев Николаевич Гумилёв аты берілді.  

Н.Ә.  Назарбаевтың  еуразиялық  идеяларымен  Қазақстанның  жаңа 

астанасының  пайда  болуын  байланыстыруға  болады.  Президенттің  іске  асқан 

ойы  арқасында  еліміздің  жүрегі  -  Астана  стратегиялық  тұрғыда  қолайлы, 

қауіпсіз және маңызды жерде орналасқан және өркендеу үстінде. Л.Н.Гумилев 

атындағы  ЕҰУ  студенттерімен  кездесуінде,  еуразиялық  идеяға  «рухани, 

ғылыми база қажет, ал осы ғылыми база Еуразиялық университет болуы тиіс. 

Еуразияның жүрегі біздің астанамыз – Астана қаласы болуы мүмкін» - деп атап 

көрсетті. 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев еуразиялық стратегияны іс жүзіне  асыруы 

оның Еуразиялық Одақ құру туралы идеясынан да көрінеді. Ол,    еуразиялық 

кеңістікте  бізді  тарих,  ортақ  стратегиялық  мүдделер  мен  халықтар  бірлігі 

жақындастырады  дегенді  бірнеше  рет  атап  өтті.  Бұл  халықтардың  тарихи 

бірігуі және бүгінгі күні Еуразиялық Одақ құру үшін қажетті алғышарт болып 

табылады.  Оның  ойынша  Еуразиялық  Одақ  посткеңестік  кеңістіктегі 

әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртуды,  тұрақтылықты  және  қауіпсіздікті 

нығайту  мақсатында  егеменді  мемлекеттерді  интеграциялау  нысаны  болып 

табылады.    Тәуелсіз  мемлекеттерді  жақындастырудың  негізі  экономикалық 

мүдделер болып табылады.  

Еуразиялық  Одақ  құру  кезіндегі  негізгі  принциптер  және  механизмдер 

тепе-теңдік,  бір-бірінің  ішкі  жұмыстарына  қол  сұқпау,  егемендікті  құрметтеу,  

аумақтық  тұтастықты  сақтау  және  мемлекеттік  шекараларға  қол  сұқпау, 

адамдар  және  капиталдың  еркін  жылжуы  және  ортақ  рыноктың  болу 

принциптері болып табылады. 

Еуразиялық  Одақ  құру  тұжырымдамасы  әлемдік  практикада  интеграция 

түріндегі  басқа  аналогы  болмаған  мүлдем  жаңа  болса  да  сол  кездегі  әлемдік 

тәжірибені,  әсіресе  КСРО  бұрынғы  республикаларының  тарихи  даму 

ерекшеліктерін  ескереді.  Ол  посткеңестік  кеңістіктегі  интеграцияның 

стратегиялық  мақсатын  айқын  анықтады  және  оны  жүзеге  асыру  үшін  әрекет 

ету  механизмін  іске  қосты.  Еуразиялық  Одақ  идеясының  жобасын  алға  тарту 

тек таза экономикалық дәлелдерге ғана бола мәжбүрлемейді. Ол бәрінен бұрын, 

«өркениеттің белгілері бойынша посткеңестік кеңістіктегі күйреуді болдырмау» 

үшін қажет.   

Еуразиялық  Одақ  құру  идеясы,  тұтас  алғанда,  посткеңестік  кеңістікте  

интеграцияның  барынша  перспективалы  жобалары  болып  табылады.  Оның 


 

63 


көптеген 

ережелері 

интеграцияның 

нақты 


механизмдерін 

құруда 


пайдаланылды.  Мемлекеттер  арасындағы  теңдік,  тәуелсіздік  және  егемендік 

принциптеріне  интеграцияны  ұсына  отырып,  Еуразиялық  Одақ  құру 

тұжырымдамасы  принципті  жаңа  негіздерді  сол  бойынша  интеграциялауды 

ұсынады,  яғни  қазіргі  өмір  шындығына,  қазіргі  заманғы  саяси  процестер 

шеңберінде  мемлекеттік  және  мемлекет  аралық  қатынастарды  дамыту 

логикасына жауап береді.  



 

Әдебиеттер тізімі: 

 

1.

 



Новый Казахстан в новом мире. Послание Президента Республики Казахстан  

     


Н.А.Назарбаева народу Казахстана от 28 февраля 2007 г. // Казахстанская  

     


правда. 2007. 1 марта.  

2.

 



Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы, 1999. 

3.

 



Назарбаев Н.А. Евразийский союз: идеи, практика, перспективы. 1994-1997.  

     


Москва, 1997. 

4.

 



Вавилов А.Н. Геополитические доминанты национальной безопасности  

 

     



России в XXI веке и евразийская интеграция» // http://www.e-journal.ru/besop-                                                                             

     st4-20.htm

 

5.

 



Дутбаев Н. Региональная

 

безопасность // Мысль. 2003. № 6.



  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

64 


                                   

Қазақстан және ұлттық  

                                   

қауіпсіздік  мәселелері  

 

 

Қарағанды мемлекеттік  

техникалық университетінің 

                                                                                 

«Қазақстан тарихы» 

 

кафедрасының аға оқытушысы 

Мақалақов Т.Ж. 

   

  

Ұлттық  қауіпсіздік  мемлекет  саясатының  негізі  болып  табылады. 

Сондықтан  кез  келген  мемлекеттің  басты  құндылықтарының  бірі  ұлттық 

егемендік, тәуелсіздік және аумақтық тұтастықты қорғау болып табылады. Осы 

мағынада  Қазақстан  Республикасының  негізгі  мақсаттары  да  осылар  болып 

табылады. 

Ұлттық  қауіпсіздік  мәселелері  қазіргі  күні  өзекті  тақырып  болып 

табылады.  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін 

және халықаралық құқық субъектілігінен туындайтын барлық өкілеттіліктерін 

мойындағаннан  кейін,  жаңа  тәуелсіз  мемлекет  алдында  ұлттық  қауіпсіздікті  

қамтамасыз ету проблемасы тұрды. Бұл проблеманы шешу негізгі стратегиялық 

басымдықтар  ретінде  мойындалған.  Осыған  байланысты  республикада  қазіргі 

заманғы халықаралық-құқықтық қатынастар да өздерінің ұлттық мүдделерімен 

анықталуы тиіс. Мұндай жағдайда Қазақстанға уақыттың саяси және құқықтық 

талаптарына  аз  жауап  беретін  бұрынғы  КСРО  құрылған  қауіпсіздік  жүйесіне 

сүйену  қажет  еді  немесе  қолданыстағы  халықаралық  тәжірибені  пайдалану 

қажет  немесе  оның  геосаяси  жағдайының  ерекшелігіне  байланысты  мүлдем 

жаңа  тәсілдер  пайдалану  қажет  болды.  Қазіргі  күні  қалған  екі  элементті 

пайдалана  отырып,  көрегенділікпен  үшінші  жол  таңдап  алынды  деп  айқын 

атауға  болады.  Бұл  Қазақстан  халықаралық  қауіпсіздіктің  барлық  жүйесін 

қамти  алатын  ажырамас  бөлігі  ретінде  өзін  тани  білді,  бірақ  осы  жүйе 

шеңберінде  басқа  мемлекеттерге  залал  келтірмей  саяси,  экономикалық, 

әлеуметтік  және  басқа  меншікті  қажеттіліктер  жиынтығын  іске  асыратын 

егеменді мемлекет ретінде екендігін куәландырады. 

Қазақстан  тәуелсіздік  жылдарында  еліміздің  қауіпсіздік  жүйесін 

қамтамасыз ету жүйесін құру бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Қазақстандық 

дипломатияның күшімен Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігіне негіз бола білген 

көп  векторлы  сыртқы  саясаты  белгіленді.  Бұл  саладағы  біздің  негізгі 

активтеріміз  -  ядролық  державалардан  Қазақстанның  қауіпсіздігіне  кепілдік 

және  ядросыз  мәртебені  жариялау,  «Шанхай»  келісім-шарты,  Қытаймен 

шекараны  межелеу,  Каспий  теңізі  бойынша  Ресеймен  келісім,  АӨСШК 

идеясын  практикалық  іске  асырудың  басталуы,  көршілес  және  әлемнің  басқа 

елдерімен  достық  пен  конструкциялық  қатынастарды  дамыту.  Қазақстанда 

әскери және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұлттық қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  күштері  құрылды:  қарулы  күштер,  құқық  қорғау  органдары, 


 

65 


арнайы  қызмет.  Еліміздің  ішінде  ішкі  саяси  тұрақтылық,  этникааралық 

түсіністік  сақталған.  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

проблемаларының  бірі  тиісті  құқықтық  негіздерді  құру  болып  табылады.  Бұл 

мағынада  арнайы  заңнамалық  базаны  әзірлеу  және  қабылдау,  республиканың 

халықаралық  келісім-шарттарға  қатысуы,  жеке  түрде  де  және  оның  ұлттық 

қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы аспектілерін қамтамасыз етуге тиесілі кешенді 

түрде  реттелуі  тиіс.  Ұлттық  мүдделерді  және  ұлттық  қауіпсіздіктің  мүмкін 

қатерлерін анық танып-білмей, нақты сыртқы саясат құра алмаймыз. 

Осы  жылдар  ішінде  «Ұлттық  қауіпсіздік  туралы»  Заңға  негізделген 

қауіпсіздікті қамтамасыз  ету  үшін құқықтық база, басқа маңызды  заңды  және 

нормативтік актілер құрылды. Ұлттық қауіпсіздік үшін 1997 жылы «Қазақстан 

– 

2030» Стратегиясының қабылдануы ең үлкен маңызға ие болды. Бұл құжатта 



ұлттық  қауіпсіздік  еліміздің  ұзақ  мерзімді  дамуының  ең  алғашқы  басым 

бағыттары  жарияланды.  1999  жылы  Қазақстанда  ең  алғаш  рет  1999-2005жж. 

арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілді. Осы құжатты әзірлеу және 

қабылдау келесі маңызды сәттерге сүйенді.   

Біріншіден,  алдымыздағы  жылдары  еліміздің  қауіпсіздігін  және 

тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс тәжірибесін байыту қажет және 

осы негізде «Қазақстан – 2030» Стратегиясының бірінші басымдығының негізгі 

ережелері нақтыланды.  

Екіншіден,  қауіпсіздік  мәселелері  бойынша  стратегиялық  құжатты 

әзірлеу аймақтағы күрделенген ахуалға байланысты. Бұл ретте осы үндеулерге 

қарама  қарсы  тұру  үшін  құралдар  мен  күштерді  тиімді  бөлу  үшін  барынша 

өзекті  жағдайларды  атап  өту  қажет.  Ұлттық  қауіпсіздік  Стратегиясы 

қабылданғаннан  бергі  уақыт  ішінде  мемлекеттің  қажетті  ресурстарын  қазіргі 

жағдайда  барынша  қауіпті  бағыттарға,  мысалы,  терроризмге,  экстремизмге, 

нашақорлықты таратуға қарсы тұруға шоғырландыратын ықпалды  шараларды 

қабылдау қажет.  

Үшіншіден,  әлем  қауіпсіздіктің  жаңа,  неғұрлым  масштабты 

шақыруларына іліккен жағдайда Қазақстан алдында қазіргі заманғы әлемде өзін 

жаңа  сәйкестендіру  міндеті,  өз  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  жаңа  тәсілдер 

өндіру  міндеті  тұр.  Жекелеген  елдер  мен  әлемнің  дамуы  өзінің  қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету ұғымы қаншалықты маңызды күрделі екенін тұтастай көрнекті 

түрде  көрсетті.  Бұл  қарапайым  әскери-саяси  категория  емес.  Қазіргі  күні 

экономикалық әлеуетке, әлеуметтік дамуға, ақпараттық кеңістікке, экологияға, 

жеке елдердің басқа салалары және мемлекеттің тұтас топтарына мақсатты әсер 

етуге  байланысты  қауіпсіздікке  төнетін  қатерлер  кездеседі.  Сондықтан  ҚР  

Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  2000  ж.  басында  айтылған  ұжымдық 

халықаралық қауіпсіздік туралы пікірлері бұрынғыша өзекті болып қалуда. 

Осылайша,  қазіргі  заманғы  жағдайда  ұлттық  қауіпсіздік  геосаяси  және 

аймақтық,  экономикалық-саяси,  этникалық,  мәдени,  ақпараттық  және 

экологиялық,  сондай-ақ  басқа  өлшемдері  бар  бірқатар  тұтас  факторларға 

байланысты  екенін  көрсетеді.  Демек,  қауіпсіздік  проблемасын  шешу  қазіргі 

күні сол немесе басқа елдердің әскери және қорғаныс әлеуетін ұлғайтудан ғана 

тұрмайды.  Бәрінен  бұрын,  ұлттық  қауіпсіздік  қауіпсіздіктің  әлемдік  және 


 

66 


аймақтық  жүйелерінде  еліміздің  нақты  интеграциялау  процестерінен, 

экономикалық  даму  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету,  ішкі  саяси  процестер 

тұрақтылығын сақтау, ақпараттық салалардағы қатерлерге қарсы тұру және т.б. 

байланысты.  Өңірлік  және  еліміздегі  қауіпсіздік  жүйесінің  тұрақтылығы 

тұтастай алғанда көптеген факторларға байланысты. 

Мұның  барлығы  1999-2005жж.  кезеңіндегі  Қазақстанның  Ұлттық 

қауіпсіздік Стратегиясында көрініс тапқан. Бұл құжатта болуы мүмкін қатерлер 

талданған  және  олардың  барынша  маңызды  алты  сала  –  сыртқы,  әскери, 

экономикалық,  әлеуметтік-саяси,  экологиялық  және  ақпараттық  қауіпсіздік 

бойынша  алдын  алу  шаралары  қарастырылған.  Еліміздің  қауіпсіздігін 

қамтамасыз  ету  мәселесіне  мұндай  тұтас  кешенді  түрде  келу  осы  саладағы 

мемлекеттік  органдардың  қызметіне  жүйелі  және  бірізді  сипат  беруге 

мүмкіндік береді. Ұлттық қауіпсіздік Стратегиясын қабылдау ХХ ғасырдың 90-

жылдары  аяғындағы  Қазақстанның  ұлттық  қауіпсіздігін  нығайтуда  жаңа 

кезеңнің  нүктесін  қабылдау  болып  табылады.  Қазіргі  күні  қойылған 

басымдықтардың дұрыстығы туралы сенімді түрде айтуға болады. 

Бұл  бағытта  келесі қадам 2000  жылы Қазақстан  Республикасының жаңа 

Әскери  Доктринасын  әзірлеу  мен  қабылдау  болып  табылады.  Қазақстанның 

алғашқы  Әскери  Доктринасы,  негізінен,  1993  жылы  қабылданды.  Сол 

жағдайлар  кезінде  егеменді  мемлекетті  қалыптастыру  кезеңінде  әскери 

қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қалыптастыруға бағытталған. Басқа заңнамалық 

және  нормативтік-құқықтық  актілермен  қатар  Қарулы  Күштерді  құруда  және 

еліміздің  әскери-саяси  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде  өзінің  оң  үлесін  қосты. 

Еліміздің  ұлттық  қауіпсіздік  жүйесін  әрі  қарай  дамыту  және  жетілдіру  үшін 

жаңа әскери доктринаны құру қажет. Оның басты міндеттері мыналар: 

1.  Соңғы  жылдары  әлемде  болған  әскери  әрекеттердің  әдістері  мен 

сипатындағы,  құралдарындағы  ұтқыр  өзгерістерді  талдау.  Қазақстанға  тек 

әлемдік өзгерістерді талдау ғана емес және соған бейімделу қажет. 

2. 

Геосаяси сипаттағы жаһандық өзгерістер есебі. Бұл, ең бірінші кезекте, 

әлем бойынша жергілікті дау-дамайлардың өскенін байқатады. Кейбір қарулы  

жанжалдар біздің шекарамыздан тікелей жақын жерде орын алуы ерекше қауіп 

төндіреді.  Әлемде,  Қазақстан  шекарасына  жақын  жерлерде  жаппай  қыратын 

қару-жарақтардың  таратылуы  бойынша  әлемдік  қауымдастықтың  күшіне 

қарамастан, әрекет етудің алыс радиусын жеткізу құралдарын меңгерген жаңа 

ядролық мемлекеттер пайда болды. Мұның барлығын жаңа Әскери доктринада 

ескеру қажет және еліміздің қолданыстағы күштерінің әрекет етулерінің анық 

тактикасын әзірлеу қажет. 

3. 

Мемлекеттердің  әскер  ұйымдарының  жаңа  нарықтық  жағдайларға 

бейімделуі аталған құрылымдағы өзгерістерге де әсер етті.  

Көрсетілген  жайлар  1999-2005жж.  Әскери  Доктринасын  әзірлеу  кезінде 

ескерілуі  керек.  Бұл  ретте  шетел  мемлекеттерінің  әскери  құрылысындағы 

тәжірибесі  жан-жақты  талқыланып,  әрі  пайдаланылды.  Әскери  доктринада 

нақты  әскери  қатерлер  сипаты  бар  Қарулы  Күштерді  дамыту  әскери  өнердегі 

негізгі  үрдістерге  және  мемлекеттік  экономикалық  мүмкіндіктердің 

қажеттілігіне  байланысты.  2000  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасы  ірі 


 

67 


масштабты, командалық-штабтық және әскери жаттығулар өткізді, онда басқа 

күштік  ведомстволармен  бірге  заңсыз  әскери  құрамдармен  күрес  мәселелері 

айқындалды.  Соңғы  кезде  басқа  елдермен  бірлескен  әскери  жаттығулар 

жүргізіледі. 

2001  ж.  бастап  еліміздің  қорғанысы  үшін  бөлінетін  бюджет  қаражаты 

маңызды  түрде  ұлғайды.  Бұл  Әскери  доктринаны  іске  асыруға,  қазақстандық 

әскердің  әскери  әлеуетін  маңызды  түрде  нығайтуға  бағытталған  қажетті 

түрлендірулерді  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  күні  елімізді  техникалық 

жарақтандыру әлемдік аналогқа жол берілмейді, бірқатар аспектілер бойынша 

көршілес мемлекеттерді басып озады. 

Экстремизм  және  терроризмнің  алдын  алу  бойынша  бірыңғай 

мемлекеттік  саясаттың  жүргізілуі  Қазақстан  Республикасы  Қауіпсіздік 

Кеңесінің  арнайы  Ведомстволық  комиссиясы  шеңберінде  үйлестіріледі. 

Елімізде,  тұтастай  алғанда,  осы  қауіп-қатерлерге  қарсы  тұруға  бағытталған 

шаралар  кешені  іске  асырылған.  Бұл  кешенді  төрт  тармаққа  шартты  түрде 

бөлуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет