Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақстан республикасы



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата06.03.2017
өлшемі0,83 Mb.
#8262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірінші.  Қазақстан  Республикасы  халықаралық  деңгейде  экстремизм 

және  терроризммен  күресте  басқа  мемлекеттермен  бірге  күштерді  біріктіруге 

бағытталған  алғашқы  қадамдар  жасады.  Әрине,  Қазақстан  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ТМД қатысушы мемлекеттердің Терроризмге 

қарсы  орталығы  құрылды.  Достастық  елдерінің  қауіпсіздік  органдары  және 

арнайы  қызмет  басшыларының  кеңесі,  Ішкі  істер  министрлерінің  кеңесі, 

Қорғаныс  министрлері  кеңесінің  бірқатар  мәжілістері  өтті,  онда  терроризм 

және экстремизммен күрес жөніндегі проблемалар қарастырылды. 2000 жылы 

сәуірде  Қазақстан  Республикасы,  Қырғызстан  Республикасы,  Тәжікстан 

Республикасы,  Өзбекстан  Республикасы  арасында  «Терроризм,  саяси  және 

діни  экстремизммен,  трансұлттық  ұйымдасқан  қылмыспен  және  Тараптардың 

тұрақтылығы  мен  қауіпсіздігіне  төнген  басқа  қатерлермен  күрес  бойынша 

бірлескен  әрекеттер  туралы»  келісім-шартқа  қол  қойылды.  Ұжымдық 

қауіпсіздік туралы келісім-шартты (ҰҚК) жетілдіру, оны қауіпсіздік саласында 

көп  жақты  ынтымақтастықтағы  әрекет  ету  механизміне  айналдыру  бойынша 

жұмыстар  жүргізілді.  Аймақ  қауіпсіздігіне  төнетін  қатерлермен  күресте  

«Шанхай  форумы»  әлеуетін  пайдалану  бойынша  жұмыстар  жалғасуда. 

Аймақтағы  халықаралық  терроризм  және  экстремизммен  бірлесе  күрес 

жүргізуге  бес  мемлекеттің  бірлесуінің  үлкен  саяси  маңызы  бар,  бұл  туралы 

2000ж.  жазда  Душанбе  қаласында    өткен  мемлекет  басшыларының  кездесуі 

барысында  талқыланып  ортақ  шешімдер  қабылданды.  2000ж.  тамызда  Бішкек 

қаласында  Орталық  Азия  елдерінің  басшылары  кездесуінде  Қазақстан 

Өзбекстан мен Қырғызстанның  халықаралық терроризмге бірлесе соққы беруді 

ұйымдастыру  бойынша  бірқатар  бастамаларын  қолдады.  90-жылдардың  соңы 

мен  2000жж.  басындағы  қабылданған  базалық  келісімдер  осы  күнге  дейін 

табысты  жұмыс  істеуде.  Осыған  байланысты  ҚР    Президенті  Н.Ә. 

Назарбаевтың қосқан үлесі зор.  

Соңғы 


жылдары 

Қазақстан 

Республикасының 

алыс 


шетел 

мемлекеттермен халықаралық терроризм және экстремизм саласындағы күресте 



 

68 


халықаралық  ынтымақтастығы  елеулі  түрде  нығайды.  2008-2009  жж. 

қазақстандық  мамандар  Ұлыбритания,  Египет,  Израил,  Испания,  АҚШ  және 

Франция елдеріндегі осы саладағы тәжірибе алмасып оқып қайтты.  

Екінші.  Мемлекеттік  шекараны  жедел  қорғау  бойынша  іс-шаралар  іске 

асырылды. Мысалы, оңтүстік жақ шекараға ҰҚК Шекара қызметінің қосымша 

бөлімдері мен бөлімшелері жайғасқан, ондаған жаңа  бақылау-өткізу пункттері, 

сондай-ақ  қосымша  блок  бекеттер  ашылды.  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл, 

Қызылорда,  Маңғыстау  облыстарында  30  жаңа  кеден  пункттері  ашылды. 

Қазақстанның  мемлекеттік  шекарасын  қорғау  үшін  оңтүстік  бөлікте  Оңтүстік 

әскери  округі  құрылды.  Әскери  бөлімшелерді  байланыстың  және  әскери 

жабдықтардың  қазіргі  заманғы  түрлерімен,  радиотехникалық  барлаудың 

жаңаша аппаратурамен жабдықтау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді.  

Үшінші.  Құқық  қорғау  органдарының  жедел-іздеу  қызметі,  сондай-ақ 

терроризм және экстремизммен күрес бойынша мемлекеттік органдар жұмысы 

күшейтілді.  Осы  мақсатта  оңтүстік  облыстағы  ҰҚК  аумақтық  органдары 

нығайтылды.  ІІМ-де  терроризмге  қарсы  арнайы  бөлімшелер  жасақталды, 

шекара маңындағы аудандарда көші-қон және жол полициялары нығайтылды. 

Құқық  қорғау  органдарымен  өнеркәсіптік  кәсіпорындардың,  тіршілік 

әрекетіндегі объектілердің, көліктік коммуникациялардың, аэропорттардың, әуе 

кемелерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  іс-шаралар  жүргізілді. 

Барлық  сауықтыру  кешендері,  пансионаттар  және  демалыс  орындары  есепке 

және бақылауға алынды. Құқық қорғау органдары заңсыз түрде сақталған атыс 

қару-жарағын  анықтау  және  алу,  оның  заңсыз  айналымын  болдыртпау 

бойынша операциялар жүргізеді. 2008 ж. мемлекет халықтың атыс қаруларын 

тапсыруға амнистия жариялады, ол осы бағыттағы оң нәтижелерін берді. 

Соңғы  жылдары  Қазақстан  қалаларында  әрекет  еткен  экстремистік 

бағыттағы бірнеше заңсыз діни ұйымдар анықталды және құрықталды. Кейбір 

діни  бірлестіктердің  қызметі  заңды  түрде  тоқтатылды.  Сол  кезде  мемлекеттің 

және діни бірлестіктердің  конструкциялық  өзара  әрекеттесуін  қамтамасыз  ету 

мақсатында Республика Үкіметі жанындағы ақыл-кеңес беру органы ретіндегі 

діни бірлестіктермен  байланыс  жөніндегі  Кеңес  құрылды.  Өңірлерде,  Алматы 

және  Астана  қалаларында,  облыс  әкімдері  жанында  осыған  ұқсас  органдар 

құрылды.  

Төртінші. Төлқұжаттық және визалық бақылау, сондай-ақ  халықаралық 

қатынас көліктерінің барлық түрлерін бақылау бойынша шаралар қабылданды. 

Демек, 1999  ж. қарашада  ҚР  Үкіметі Қазақстан  Республикасы аумағына кіру-

шығу  тәртібін  реттеу  туралы  қаулы  қабылдады,  онда  Қазақстан    аумағына 

шетел  азаматтарының  келуін  ІІМ  тарапынан  бақылауды  жүзеге  асыруды 

қарастырады. Заңсыз көші-қон арнасын және есірткі тауарлары контрабандасын 

шектеу  мақсатында  Қазақстан  азаматтарын  «қатерлі  топтағы»  елдерге  оқу 

визасын  рәсімдеу  уақытша  тоқтатылды.  Бір  уақытта  еліміздегі  оқу 

орындарының  оқушылары,  студенттері  және  оқытушыларымен  халықаралық 

алмасуды  реттеу  бойынша  шаралар  қабылданды.  Заңсыз  көші-қон  арнасын  

қию  бойынша  бірнеше  туристік  фирмаларға  тексеру  жүргізілді.  Бұдан  басқа, 

теңіз,  теміржол,  автомобиль  көліктерінде  төлқұжаттық-визалық  бақылау 



 

69 


нығайтылды,  жеке  бағыттағы  Чартерлік  рейстерге  шектеу  қойылды.  2000  ж. 

басында Қазақстан Үкіметі тарапынан мәжбүрлі акция түрінде болды.  

Қазақстанның «Қазақстан – 2030» даму  Стратегиясын қабылдағанына 12 

жыл  өтті.  Жоғарыда  айтып  өткендей,  оның  алғашқы  басымдығы  ұлттық 

қауіпсіздік  болып  табылады.  Ел  Президенті  белгілеген  бес  міндеттің  көбісі 

өмірде жүзеге асырылды. Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен ғана емес, 

сонымен  бірге  алыс  шетел  мемлекеттерімен  тату  көршілік  қатынастар    жолға 

қойылған. Мемлекеттік шекараны жарақтандыру және қорғау мәселелері тиісті 

деңгейде шешімін тапқан. Қазір ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 

қызмет  бірізділікті  сипатта  өтуде  деп  айтуға  болады.  Ұлттық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  бойынша  қызмет  негізінде  жүйелі  тәсіл  жүктелген.  Ол 

қоғамның  барлық  тіршілік  әрекетінің маңызды  салаларындағы  ахуалды нақты 

бағалауды  және  барынша  қауіпті  қатерлерді  анықтау  және  оларды  жоюды 

қарастырады.  Бұл  жас  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  өзінің  даму  тарихында 

жауапты орында тұрған Қазақстан үшін тым маңызды. Бүгінгі күні атқарылған 

жұмыстардың  барлығы  біздің  он  жыл  бұрын  дамуымызды  анықтайды. 

Сондықтан  біз  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселелері  бойынша  өз 

қадамымызды  берік  және  көрегенділікпен  алдыға  қарай  басатын  боламыз, 

біздің  еліміздің  болашағына  қатысты  шараларды  прагматикалық  және  тиімді 

түрде іске асыратын боламыз.  

Сыртқы  жағдайды  талдау,  оның  өңірлерде  дамуын  болжау,  Қазақстанға 

қарсы жоғары қарқындылықтағы жанжалдарды орташа мерзімді перспективада 

ықтималдығы аз, бірақ Қазақстан Республикасы кез келген күтпеген соққылар 

мен  катаклизмге  дайын  болулары  тиіс  және  қырағылықты  әлсіретіп  алмау 

керек.    Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2030»  Стратегиясында    «қауіпсіздік  және 

тұтастық  мәселесі  бойынша,  біз  әрдайым  қырағы  болуымыз  керек.  Біздің 

қонақжайлығымыз бен жылы шырайлығымыз сақтала береді, бірақ ақкөңілдік 

пен көнгіштік синонимі бола алмайды» деді. 

Осылайша,  біздің  мемлекетіміздің  шекарасын  қорғауға  міндетті 

органдардың қызметін бағалай отырып, көбінесе ұлттық қауіпсіздікті тұтастай,  

олардың дайындығының жоғары дәрежеде екенін сенімді айта аламыз. 

 

Әдебиеттер тізімі: 



 

1. Арын Р. З. Национальные интересы и национальная безопасность  

    

Казахстана // Евразийское Сообщество. 1998. № 2.  



2. Ахметгалиев. Б. 10 лет: Казахстан и интеграция.  Алматы, 2001.  

3. Бакаев Л. Национальная безопасность Казахстана. Астана, 2000.  

4. Бжезинский З. Великая шахматная доска. М.: Международные отношения,  

    1999.  

5. Гаджиев К.С. Введение в геополитику. М.: Логос, 1998.  

6. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Послание Президента страны народу  

    

Казахстана. Алматы: Білім, 1997.  



7. Назарбаев Н.А. На пороге ХХI века. Алматы: Өнер, 1996.  

8. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы: Атамұра, 2003. 



 

70 


                                                       

Қазақстан халықаралық                                                        

                                      

және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.  

                                      

Ұжымдық қауіпсіздік  туралы  

                                      

келісім-шарт ұйымы  (ҰҚКҰ)   

                                         

және Азиядағы өзара ықпалдастық және  

                                       

сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК)  

 

Қарағанды мемлекеттік  



техникалық университетінің 

                                                                                 

«Қазақстан тарихы» 

 

кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. 

Нұғман Б.Ғ. 

  

Орталық  Азия  өңіріне  бүгінгі  күні  жақын  және  одан  географиялық 

жағынан  алшақ  орналасқан  геосаяси  ойыншылар  қызығушылық  танытуда. 

Маңызды ресурстық әлеуетке, діни идеяларды қозғау, ұлттық басымдылықтар 

және  оның  әр  түрлі  аспектілеріндегі  қауіпсіздік,  саяси  әсерлерге  негізгі 

басымдықтар  берілген.  Сондықтан  Қазақстан  және  Орта  Азияның  басқа 

елдерінің  ұлттық  қауіпсіздігі  халықаралық  құрылымдармен  ынтымақтастық 

деңгейіне  және  осы  құрылымдардың  өзара  қарым-қатынастарының  жай-

жапсарына тікелей байланысты.  

Халықаралық  қатынастарды  дамытудың  қазіргі  заманғы  жаһандық 

үрдістерін  талдау  қандай  да  бір  құрылымдағы  ынтымақтастыққа  басымдық 

беру  іс  жүзінде  мүмкін  екенін  айғақтайды.  Баламалы  жолдардың  бірі  аталған 

жағдайда стратегиялық полярлы құрылымдар арасындағы саяси диалогты ретке 

келтіру,  ол  келешекте  консенсус  және  ынтымақтастық  тарапына  қарай  әкелуі 

мүмкін.  Халықаралық  қатынастарды  жаһандандырудың  қазіргі  заманғы 

үрдісінде,  сондай-ақ  халықаралық  қауіпсіздік  қатерлері  мен  шақырулары 

стратегиялық қажеттілік болып табылады. 

Қазіргі  заманғы  кезеңде  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселесінде  әрбір 

мемлекет халықаралық қауіпсіздіктің үш жүйесіне сүйенуі мүмкін.  

Бірінші жүйе – бұл әмбебап халықаралық қауіпсіздік жүйесі, оның басы 

1945ж.  БҰҰ  Жарғысында  қабылданған  болатын,  онда  қазіргі  заманғы  және 

келешектегі  жастарды  соғыс  конфликтерінен  сақтап  қалу  тұжырымдамасы 

бекітілген.  БҰҰ  Жарғысы  халықаралық  дау-дамайларды  бейбіт  шешу,  жалпы 

және максимум қарусыздану принциптерін таңдады.  

Бұл ретте халықаралық құқықтың қалған принциптері толықтай сақталуы 

тиіс.  БҰҰ  Жарғысы  БҰҰ  Қауіпсіздік  Кеңесінің  мүмкіндіктерін  қарастырады 

және  әлемге  қауіп  төнген  жағдайда  немесе  агрессия  актілері  болған  да  БҰҰ 

мүше елдердің бірлесе әрекет етуін ұйымдастыруға міндеттейді.  

Екінші  жүйе  өңірлік  қауіпсіздік  жүйесіне  сүйенеді,  оны  құру  БҰҰ 

Жарғысында  (VIII  тарау)  қарастырылған.  Бұл  жүйедегі  негізгі  талаптар 

мынадай:  

1) оған мемлекет тек саяси-географиялық ауданынан ғана қатыса алады; 



 

71 


2) өңірлік келісімдерге байланысты іс-әрекет осы ауданның шегінен шыға 

алмайды; 

3)  бұл  іс-әрекеттер  БҰҰ  Жарғысының  мақсаттары  мен  принциптеріне, 

БҰҰ қабылдаған шараларға қарама қайшы келмеуі тиіс. 

Өңірлік  ұжымдық  қауіпсіздік  негізін  өңірлік  дау-дамайларды  бейбіт 

түрде  шешу  құралдары құрайды.  БҰҰ  Жарғысының  ұжымдық  өзін-өзі  қорғау  

туралы 51-бабына сәйкес  әскери шаралар тек тікелей агрессияны тойтару үшін 

қолданылуы  мүмкін,  олар  БҰҰ  СБ  әзірше  тиісті  нормалар  қабылдамайынша 

жалғаса беруі мүмкін. 

Үшінші  жүйе,  ол  мемлекет  қауіпсіздігінің  жеке  жүйесі.  Халықаралық 

құқықтың  негізгі  принциптерінен  туындайтын  өз  қауіпсіздігін    қамтамасыз 

етудегі  мемлекеттің  құқығы  –  мемлекеттік  егемендік  принципі  мемлекеттің 

тәуелсіздігінің жарқын көрінісінің бірі болып табылады.  

Орталық Азия мемлекеттері өз күштерін біріктіріп аймақтағы қауіпсіздік 

пен тұрақтылықты бірлесе, ішкі және сыртқы шақырулар мен қауіп-қатерлерге 

қарсы  тұруға  қабілетті  өңірлік  қауіпсіздіктің  сенімді  жүйесін  жасау  арқылы 

қолдауға  ұмтылады.  Бұл  жағдайда  өңірлік  қауіпсіздіктің  тиімді  жүйесін 

қалыптастыру өзекті міндет болып табылады.  

Орта  Азия  мемлекеттеріндегі  діни  экстремизм  және  терроризмнің 

таралуы  ұзақ  мерзімді  сипатта.  Бұл  процесс  бірқатар  ішкі  және  сыртқы  

себептерге байланысты. Бірінші категорияға кедейшілік пен жұмыссыздықтың 

өсуі,  халықтың  көп  бөлігінде  әлеуметтік-тұрмыстық  қолайсыздық,  билік 

органдары  тарапынан  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзудың 

жоғары  деңгейі,  халықтың  елеулі  бөлігіндегі  сана  мен  мінез-құлықтың 

маргиналдануын  жатқызуға  болады.  Мұның  барлығы  азаматтар  арасында 

мемлекеттің ресми саясаты қатынасына наразылықтың дамуына әкеп соғады.  

Сыртқы  факторларға  келетін  болсақ,  Орталық  Азия  өңірінің  геосаяси 

жағдайына  байланысты.  Өңір  елдері  саяси  тұрақсыздық  және  жанжалдар 

аймағының  ортасында  қалды.  Экстремизм  мен  терроризмнің  өңірде  ұзақ 

мерзімді сипат алуына әсерін тигізетін факторлардың бірі есірткі бизнесі болып 

табылады.  Қазіргі  күні  есірткінің  заңсыз  айналымы  Орталық  Азия 

мемлекеттерінің  ұлттық  қауіпсіздігіне  де,  тұтастай  өңірдегі  қауіпсіздікке  де 

төнген  негізгі  қатерлердің  бірі  болып  табылады.  Орта  Азия  Ауғанстанмен 

көршілес болуына байланысты әлемдік есірткі трафигінің эпицентріне айналды. 

Бұған  әлемдік  рынокта  есірткінің  заңсыз  саудасының  даму  процесі,  өңірдегі 

есірткі  өндірудің  тарихи  тәжірибесі,  өткен  ғасырдың  соңындағы  жаһандық 

геосаяси  өзгерістер,  Орталық  Азия  мемлекеттеріндегі  саяси  және  әлеуметтік-

экономикалық жағдайлар әсерін тигізді. 

Өңір  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  саласындағы  ынтымақтастық  -  

Қазақстанның  тәуелсіздігін  алғаннан  бергі  тұрақты  сыртқы  саяси  басымдығы. 

Біздің  еліміздің  ролі  тұрақтылықты  қолдауға  мүмкіндік  тудыруға  танылған  

барлық  өңірлік  құрылымдарда    ҰҚКҰ,  ШЫҰ,  АӨСШК  –  сақтау  бар  және 

белсенді  түрде  жүзеге  асырылуда.  Қазақстанның  өңірлік  қауіпсіздігі 

мәселесінде терең прагматикалық көзқарастарға басшылық жасайды, оның мәні 

мынада:  қазіргі  заман  жағдайында  кейбір  жеке  елдердегі  тұрақтылық  оның 



 

72 


маңайына «қауіпсіздік жолағын» құру есебінен ғана қамтамасыз етілген болуы 

мүмкін.  Сондықтан  ол  әлемдегі  бейбітшілік  пен  тұрақтылықты  қолдау 

бойынша  бірлескен  шараларды  іске  асыруға  іргелес  мемлекеттермен  өзара 

әрекет жасауға мүдделі.  

Өңірлерде  халықаралық  қауіпсіздіктің  әр  түрлі  құрылымдарында 

болғанына  қарамастан,  соның  ішінде  БҰҰ,  ЕҚЫҚ,  НАТО,  бүгінгі  күні  өзекті 

болып  табылатын  ҰҚКҰ,  АӨСШК,  яғни  бұл  құрылымдар  халықаралық 

қатынастарда  Орталық  Азия  құрылымында  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету 

саласында өз белсенділігімен барынша айқын көрінеді.  

19

92 ж. Ташкент қаласында ТМД елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі туралы 



шарт жасалды. Осы құжатқа қол қойған елдер ҰҚКҰ ұйымдары деп аталатын 

болды.  ҰҚКҰ  жарғысында  Ұйымдардың  мақсаты  бейбітшілікті,  халықаралық 

және  өңірлік  қауіпсіздікті,  тұрақтылықты  нығайту,  ұжымдық  негізде 

тәуелсіздікті,  аумақтық  тұтастықты,  мүше  мемлекеттердің  егемендігін  қорғау 

болып  табылады,  оған  жетуге  басымдық  саяси  күштерге  беріледі.  Бұл  ұйым 

басқа  мемлекеттермен  және  халықаралық  құрылымдармен  ынтымақтастық 

үшін ашық. Мысал ретінде ҰҚКҰ-ның ЕҚЫҰ бірізді даму қатынастарын  атап 

өтуге  болады.  ҰҚКҰ  мен  ЕҚЫҰ  арасындағы ынтымақтастық  терроризм және 

есірткі трафигімен күресі, Ауғанстанмен шектесетін шекараны нығайту сияқты 

іс-әрекеттерді жүзеге асыру жатыр.   

ҰҚКҰ пішімінде Қазақстан стратегиялық желіні жүргізеді, соған сәйкес 

ұйым  айрықша  қорғаныс  бағытында  болады,  қауіпсіздік  саласында  басқа 

халықаралық  бірлестіктермен  ынтымақтастық  жасауға  дайын.  ҰҚШҰ 

өзгешелігін  ескере  отырып,  ондағы  ынтымақтастықтың  басым  бағыттары 

халықаралық  терроризм,  экстремизм,  заңсыз  көші-қон,  есірткінің  заңсыз 

айналымымен  күресті  күшейту,  табиғи  және  техногенді  сипаттағы  төтенше 

жағдайлардың,  зардаптарының  алдын  алу  және  жою,  әскери-техникалық 

ынтымақтастық  саласындағы  қол  жеткізілгендерді  әрі  қарай  дамыту  және  іс 

жүзінде жүзеге асыру, қазақстандық әскери кадрларды даярлау және т.б. болып 

табылады.  

Бұл  бағыттағы  осы  жұмыстардың  нақты  нәтижесі  бар.  Ұжымдық 

қауіпсіздік  туралы  келісім-шарт  ұйымдарында  ҰҚКҰ  мүше  мемлекеттердің 

басшыларымен  ақпараттық  қауіпсіздік  жүйесін  қалыптастыру  бойынша  тиісті 

бағдарламаларды  орындау  туралы  шешімдер  қабылданды.  2005  жылы  23 

маусымда Мәскеуде ҰҚКҰ мүше мемлекеттер үшін әскери кадрларды даярлау 

туралы  келісім-шартқа  мемлекет  басшылары  қол  қойды.  Аталған  құжатта 

қарулы  күштер,  басқа  әскери  күштер  мен  әскери  құрамалар  үшін  әскери 

кадрларды даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту бойынша 

шаралар  анықталды.  2007ж.  Қазақстан  Республикасының  «Агрессия  қатері 

туындаған  немесе  агрессия  актілері  жасалған  жағдайда  Ұжымдық  қауіпсіздік 

туралы  келісім-шарт  ұйымына  мүше  мемлекеттерге  әскери-техникалық  көмек 

көрсету  механизмі  туралы  келісімді  ратификациялау  туралы»  заңы 

қабылданды. 

Халықаралық қауіпсіздік проблемаларын, Қазақстанның Азиядағы  өзара 

ықпалдастық  және    сенім    шаралары    жөніндегі  Кеңесін  құру  бастамасын 


 

73 


көтерді,  ол  келешекте  алдын  ала  сақтандыру  дипломатиясының  өңірлік 

институтына  айналуы  тиіс.  1992  жылы  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының    47-ші 

сессиясында  ҚР  Президенті    Н.  Назарбаев  алғаш  рет  Азиядағы  өзара 

ықпалдастық  және    сенім    шаралары    жөніндегі  Кеңесті  (АӨСШК)  шақыру 

идеясын ұсынды. Бастаманың мәні азиялық өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету 

бойынша тиімді және әмбебап құрылымын құру идеясынан тұрады.  

АӨСШК  құру  идеясын  алғашқы  болып  бірқатар  азиялық  мемлекеттер 

және  континентте  саяси  климатты  анықтайтын  халықаралық  ұйымдар  (БҰҰ, 

ЕҰЫҰ,  ЛАГ)  қолдады.  Бастаманы  іске  асыру  барысында  азия  елдерінің  ІІМ 

сарапшыларының  кездесулері  өткізілді,  сол  кездесу  барысында  өңірдегі 

қайшылықтар  мен  келіспеушіліктер  өңірдегі  қауіпсіздік  пен  ынтымақтастық 

проблемаларына шешуге кедергі бола алмайды деген пікірлер айтылды.  

1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және  

сенім    шаралары  жөніндегі  Кеңеске  (АӨСШК)  қатысушы    елдердің  сыртқы 

істер  министрлерінің  бірінші  кездесуі  болды.  Министрлердің  алдында 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаев  сөз  сөйледі.  Кездесу 

барысында  АӨСШК  мүше  мемлекеттердің  өзара  қатынастарын  реттейтін 

принциптер  Декларациясына  қол  қойылды.  Бұл  құжаттың  шынайы  тарихи 

мағынасы бар, өйткені азиялық қауіпсіздік жүйесін дамыту үшін заңды негізді 

қалайды.  АӨСШК  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  

континенттегі  қауіпсіздік  пен    ынтымақтастықтың    көп  жақты  механизмін 

жасау  бойынша  бастаманы  ұсынған  сәтінен  бастап  қазақстандық 

дипломатияның  ірі  жетістігі      болып  табылады.  Бұл  құжатқа  халықаралық 

қауіпсіздікті қамтамасыз етудің базалық ережелері: қатысушы мемлекеттердің 

егемендігі  мен  құқықтарын  қорғау;  аумақтық  тұтастықты  сақтау;  бір-бірінің 

ішкі  жұмыстарына  қол  сұқпау;  дау-дамайларды  бейбіт  жолда  шешу;  күш 

қолданудан  бас  тарту;  қарусыздандыру  және  қарулы  күштерді  бақылау; 

әлеуметтік, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салада ынтымақтастық; 

БҰҰ  принциптері  және  халықаралық  құқықтарға  сәйкес  адамның  негізгі 

құқықтарын құрметтеу.  

Осылайша,  азиялық  қауіпсіздік  жүйесінің  заңды  негіздері  қаланды. 

Форумда  сөз  сөйлеген  сыртқы  саяси  ведомстволардың  басшылары  Қазақстан 

Президентіне  АӨСШК  құру  бастамасын  көтергендегі  оның  дәйектілігіне 

ризашылықтарын  білдіріп,  осы  процесті  дамыту  бойынша  өз  ұсыныстарын 

енгізді.  

2002  жылы  4  маусымда  Алматыда  Н.  Назарбаевтың  бастамасымен 

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің бірінші 

саммиті  өтті.  Оған  Қазақстан,  Ресей,  Қытай,  Пәкістан,  Түркия,  Моңғолия, 

Қырғызстан,  Тәжікстан,  Ауғанстан  мемлекеттерінің  басшылары,  Әзербайжан 

мен  Үндістан  премьер-министрлері,    Иран,  Египет,  Палестина  және  Израил 

мемлекеттерінің  уәкілетті  ресми  тұлғалары,  сондай-ақ  БҰҰ,  ЕҚЫҰ,  араб 

мемлекеттерінің  Лигасы  және  8  бақылаушы  ел  қатысты.    Тарихи  құжаттар  – 

терроризмді  жою  және  өркениет  арасындағы  диалогқа  көмек  көрсету  туралы 

Алматы  актісі  және  АӨСШК  Декларациясы  қабылданды.  Алғашқы  саммит 

табысты  өткен  және  құрылтайшы  құжат  –  АӨСШК  Алматы  актісіне  қол 


 

74 


қойылғаннан  кейінгі  10  жыл  ішінде  ұйым  Азиядағы  жанжалдар  мен 

проблемаларды  реттеудің  компромисті  жолын  іздеу  мақсатында  диалог  үшін 

форумды заң жүзінде екенін көрсете білді. 

2004 жылы 22 қазанда Алматыда Сыртқы Істер министрлерінің кездесуі 

болып  өтті.  Н.Ә.Назарбаев  қабылдауға  дайындалған  Сенім  шараларының 

каталогын  ұсынды,  онда  әскери-саяси,  экономикалық,  гуманитарлық  және 

басқа салаларда шаралар кешені анықталды, кешен сенімді нығайту және келісе 

алмаушылықты  жеңуде  негізгі  құрал  болып  табылады.  Сондай-ақ  маңызды 

құжат – АӨСШК рәсімінің ережелері қабылданды.  

2006  жылы  17  маусымда  форумның  екінші  саммиті  болып  өтті.  

Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Алматыда  өткен  Азиядағы  өзара 

ықпалдастық сенім шаралары жөніндегі Кеңестің екінші саммитінің (АӨСШК) 

жұмысына қатысты. Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде АӨШСК мүше-мемлекеттердің 

барлығына  Қазақстан  бастамаларын  іске  асыруда  белсене  қатысқанына  және 

қолдағанына  алғыс  айтты,  өзге  дау-дамайларға  ұшыраған  барлық  Азия 

елдерінің келісім процесі негізінде қауіпсіздік, тұрақтылық, бәрін қамти алатын 

әлем  жетістіктерінің  жолына  түсуге  шақырды.  Саяси  құжат  екінші  саммиттің 

Декларациясы  қабылданды,  сондай-ақ  Кеңестің  практикалық  құрылымы 

бойынша негізін қалаушы құжат - АӨСШК Секретариаты туралы Келісімге қол 

қойылды.  Азияның  жетекші  көшбасшылары  1992  жылы  БҰҰ  Бас 

Ассамблеясының    47-ші  сессиясында  ҚР  Президенті  Н.  Назарбаев  алғаш  рет 

Азиядағы  өзара  ықпалдастық  және  сенім    шаралары    жөніндегі  Кеңесті 

(АӨСШК)  шақыру  идеясымен  танысқан  күнді  -  5  қазанды  АӨСШК  күні  деп 

жариялады. 

Мемлекет  басшылары  және  АӨСШК  басшылығы  Қазақстан 

Республикасының АӨСШК дамыту және диалогты нығайтуда Кеңес Төрағасы 

ретіндегі  маңызды  ролін  атап  өтті,  ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  осы 

процестерді  алға  жылжытудағы  көрегенділігі  мен  табандылығын,  сондай-ақ 

Қазақстан  Республикасы  аумағында  АӨСШК  Секретариаты  мекемесінің 

орналасуын атап өтті, ал бұл форум прогресі жолындағы негізгі кезеңі болып 

табылады.   

Кеңес қызметі және мақсаттары өткен уақыт ішінде әлемдік қауымдастық 

тарапынан  кең  қолдауға  ие  болды,  өңірдің  осындай  беделді  елдері  Таиланд 

(2004  жылы)  және  Корей  Республикасы  (2006  жылы)  сияқты  тең  құқықты 

мүшелерінің енуі осыған куә. Кейбір бақылаушы елдер сондай-ақ осы процеске 

тең құқықты қатысу туралы мәселені байыпты қарастырады. Осылайша, диалог 

үшін АӨСШК форумы Азия континентінде барынша сұранысқа ие. 

АӨСШК  Азиядағы  бейбітшілікті,  қауіпсіздік  пен  тұрақтылықты 

қамтамасыз  ету  үшін  көп  жақты  тәсілдерді  өңдеу  арқылы  ынтымақтастықты 

нығайту  мақсатында  консенсус  негізіндегі  шешімдерді  қабылдау,  шараларды 

жүзеге  асыру,  кеңес  беру,  диалог  үшін  мемлекет  аралық  форум  болып 

табылады.  2006  жылы  Кеңестің  бас  әкімшілік  органы  –  Қазақстан  аумағында 

Алматы  қаласында  АӨСШК  секретариаты  құрылды.  Бірақ  2010  жылға  қарай 

Астана қаласындағы штаб-пәтердің ғимаратын салу жоспарлануда. Форумның 

құқықтық базасы және секретариаттың қалыптасуы АӨСШК институционалдау 


 

75 


процесінің  негізгі  кезеңі  болып  табылады.  ҚР  Үкіметі  жанында  АӨСШК 

нығайту  мәселелері  бойынша  ведомство  аралық  жұмыс  тобы  жұмыс  істейді. 

Оның  маңызды  көкейкесті  міндеттерінің  бірі  АӨСШК  сенім  шараларының 

каталогын  төрт  өлшемде  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Қазақстан  адам 

өлшемдерінің  үйлестірушісі  болып  табылады.  Осыған  байланысты 

қазақстандық  сарапшылар  осы  саладағы  ынтымақтастық  бойынша  әрекет  ету 

жоспары  мен  тұжырымдамасы  жобаларын  әзірледі.  Перспективада  Кеңес 

болашақ  шақыруларға  бейімделудің  ең  жақсы  жолдарын  ұжымдық  іздеу 

алаңына  айналуы  мүмкін.  Алдағы  уақытта  Форум  шеңберінде  Азия 

субконтинентінде қарусыздандыру бойынша келісімге келу жоспарлануда.  

Қазіргі  заманның  геосаяси  және  геоэкономикалық  бейнесі  бұрынғыша 

күрделі  және  қайшылықты  болып  қалуда.  Қазіргі  әлемнің  геосаяси  жағдайы 

жаһандану  жағдайында  ұшқыр  түрде  өзгеруде.  Әлемді  мұндай  реттеу  тек  бір 

жаһандық  орталықпен  қамтамасыз  етілмейді.  Мұндай  кезде  АӨСШК    және 

ҰҚКҰ  идеясы  жаңа  белеске  көтеріледі.  Н.А.  Назарбаев:  «Қазақстан  өзінің 

тәуелсіздігі  жылдары  әлемдік  қауымдастықтың  тең  құқықты  мүшесі  болды, 

оның  бастамалары  іс  жүзінде  барлық  жерде  қолдау  тапты  және  іс  жүзінде 

жүзеге  асырылды.  Аймақтық  қауіпсіздіктің  тиімді  жүйесін  салудың  негізін  

қалаушы АӨСШК, ШЫҚ, ҰҚШҰ халықаралық бірлестіктердің, Қазақстанның 

тікелей араласуымен бастамалардың қажет екенін дәлелдеді» деп атап өтті. 

Қазіргі  кезде  біздің  еліміз  халықаралық  мойындаудың  сапалы  жаңа 

деңгейіне  шықты.  Бұған  айғақ  ретінде  Қазақстанның  2010  жылы  Еуропадағы 

қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі болып табылады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет