Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет11/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Балалар әдебиеті - 1-7 лекция

Қардай аппақ, Балдай тәтті-ақ. (Қант) деген сияқты өз ұғымына жақын жұмбақтарды жаттай бастайды. Сөйте, сөйте:
Ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?
Түбіне жетіп бұл судың,
Қанып ішкен бар ма екен? (Оқу) деген тәрізді көлемі де, мазмұны да күрделі жұмбақтарды игереді. Бала есейген сайын оның айналаны тануы мен өмірлік көзқарасының да жетіліп отыратыны сияқты олар жаттайтын жұмбақтардың ішкі құрылымы мен шешімі де күрделене береді. Тіпті, балалар өздері де жұмбақ құрастырады.
Халық жұмбақтарының тақырыптық ауқымы өте кең. Профессор М.Ғабдуллин «Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы»,– деп келіп, олардың тақырыптық жіктерін мысалдар келтіре отырып айқындайды.
Жұмбақ белгілі зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін шебер жинақтап, адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес. Ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа да үйретеді.
Жұмбақ өз ойын жинақтап, аз сөзбен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Ал жұмбақтың өлең оралымдары, ұқсастықтары, айшықты сөз қолданыстары, оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен шебер қиыстыратын суреттеу кұралдары арқылы балаларға берер эстетикалық нәрі аз емес.


Төбелбайдың төрт ұлы
Төбелесіп келеді.
Ерубайдың екі ұлы
Ерегісіп келеді.
Алдындағы Аңғарбай –
Шөпшек теріп келеді.
Артындағы Артықбай
Шыбын қағып келеді. (Түйе) деген тәрізді жұмбақтар оның халық кәсібімен, күнделікті тұрмысымен де етене байланысып жаткандығын танытады. Бұл жұмбақты түйенің тайраңдаған төрт аяғы мен ербиген екі өркешін, «шөпшек» терген аузы мен «шыбын қаққан» құйрығын көз алдында елестеткен қазақ баласы ғана шеше алады. Әрине, бертінде халықтың көне кәсібі мен ескі ұғым түсінігіне байланысты көне жұмбақтар балалар репертуарынан ысырылып барады.
Ат басты,
Арқар мүйізді.
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды. (Шегіртке) тәрізді кілең бейнелі өлеңге негізделіп құрылған тамаша жұмбақты бүгінгі балалар ұғына бермейді. Өйткені олар көз алдына арқардың мүйізін, бөрінің кеудесін де, бөкеннің санын да елестете алмайды. Оның есесіне балалар репертуарында:
Шыр-шыр етеді.
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң,
Сөйлеп кетеді. (Телефон)
Апам үшін қам жеген.
Тозаң жұтып, шаң жеген,
Жатыр үйде айдаһар,
Ондай мешкей кайда екен? (Шаң сорғыш) деген сияқты жаңа жұмбақтар көп.
Жұмбақ – оқушы балалар мен жастарға білім берерлік, тәрбиелік мәні бар құралдың бірі. Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек-кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болумен қатар, мазмұны да болады. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ көлемінеенгнде, әрқайсысы жалпылама түрде алынбай, бөлшектене, жекелене алынады.
Аталған тақырыптағы жұмбақтардың қайсысы қай кезде туғандығын көрсету, толық хронологиясын беру қиын нәрсе. Дегенмен кейбір тақырыптағы жұмбақтардың қашан туғандығын белгілеуге болады. Мәселен, өнер-білім, техника жайында шығарылған жұмбақтар бергі кезде, XIX ғасырдың ішінде туа бастағанын байқаймыз.
Аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді (хат),
Өзі жаңа, өзі тесік (елеуіш),
Өмірді өлшейді, ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды, тетігін бұрамай (сағат) дейтін жұмбақтардың ерте заманда тууы мүмкін емес. Өйткені ертедегі адамдарға хат, елеуіш, сағат дегендердің өзі түсініксіз болатын. Сондықтан бұл тектсс жұмбақтарды бергі кездің шығармасы деп қарау керек.
Жұмбақтардың мол тақырыбының бірі адам баласының жаратылыс дүниесін тану әрекетіне байланысты туған деуге болады. Бұл тақырыптағы жұмбақтардан адамдардың дүние танудағы ой-өрісі, түсінігі, табиғат құбылыстары жайындағы ұғымдары да көрініп отырады. Олар Ай мен Күнді, Жер мен көкті, от пен суды, қыс пен жазды, қар мен жаңбырды, жел мен құйынды, т.б. жұмбақ еткенде, өздерінің ұғым-түсінігіне жақын нәрселерге салыстырады.
Аспан әлемі жұмбақ көлеміне енгенде көз жетпейтін дария, үлкен көк шатыр, кең сарай бейнесінде алынады. Кейде сол аспан әлемін мекендеушілер кімдер екенін жұмбаққа қосады. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет