Елек-елек тарым бар, көтере алсаң бәрін ал (құмырсқа және илеуі),
Ат басты, арқар мүйізді, бері кеуделі, бөкен санды (шегіртке) сияқты болып келеді.
Жұмбақтардың аса бір мол тақырыбы — еңбек-кәсіп құралдары және тұрмысқа керекті жабдықтар жайына арналады. Бұл тақырыптағы жұмбақтар үлкенді-кішілі құрал-саймандардан бастап, ыдыс-аяқ, ине-жіпке дейін қамтиды. Арба, шана, қамыт-сайман, ер-тұрман, балға, балта, қысқасы, барлық шаруа құралдары, үй жабдықтары, киім-кешек, ыдыс-аяқ, ине-жіп, т.б. жұмбақ көлеміне енеді.
Мысалы:
Өзі батыр, жасырынып жатыр (қақпан),
Тұрса түйедей, жатса қояндай (ер-тоқым),
Алдын айтар, жанын жайпар (шалғы),
Ізі бар, қадамы жоқ аяғының,
Тимейді ұшы жерге аяғының.
Қос қолды хайуанға арта салып,
Салады әуезіне баяғының,— деп арбаны суреттейді.
Суды жыланға теңейді немесе ағысымен аңғартады: Жылт-жылт еткен, жырадан өткен. Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ.
Немесе жерді ешбір дүние көлеміне көз жетпейтін кілем түрінде сипаттайды. Мысалы: Өлшеусіз піштім, жіпсіз тіктім,
Зер-зер кілем, зер кілем, көтерейін десем зор кілем.
Жер әлемін жұмбаққа енгізгенде оған жер бетіне шығатын өсімдіктерді де қосады. Бұл ретте халықтың жұмбақтарынан егін, шөп түрлері орын алады, әрқайсысының шаруашылыққа пайдасы кеп екендігін керсетеді. «Аласа терек, алпыс бұтақ, бұтақ сайын ұя, ұя сайын жұмыртқа» деп егіннің басын жұмбақтайды. Қауын-қарбызды көгенде жатып семірген лаққа теңейді. «Қырға кілем жайдым» деп, жазғы жасыл жер керінісін образды түрде бейнелейді.
Екі шеті жұдырықтай, ортасы қылдырықтай (тұтқыш),
Кішкене ғана тостаған, көтеріп мені тастаған (үзеңгі),
Бір тышқанда екі қүйрық (ине, жіп),
Кішкене ғана ақ күшік, жүгіре-жүгіре буаз болды (ұршық),
Ұзын құйрық сауысқан, бір келдің суын тауысқан (қауға),
Отыз омыртқа, қырық қабырға, биік ұстап тұрған - ауыз омыртка (отызы - уық, қырқы - кереге, ауыз омыртқасы - шаңырақ), деп жұмбақ етеді.
Қорыта айтқанда, жұмбақ – баланың ойлау жүйесін, қиялын дамытуға, талғамы мен танымын өсіруге, поэзияны сүюге тәрбиелейтін бүгінгі күн үлкендер репертуарынан балалар арасына біржола көшкен ойын өлеңнің ерекше маңызды формасы.
3.4 Жаңылтпаштардың бала тілін дамытудағы қызметі
Халықтық шығарамалар ішінде баланы тәрбиелеумен қатар дұрыс та айқын сөйлеуге үйретіп, тілін дамытатын жанр - жаңылтпаш. Жаңылтпаш - мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш мектеп оқушыларына лайық шығарма. Бөбектің тілі шығып балдырған жасына жеткен кезде сөздік қоры молая бастаған кезде қинала айтады. Мүдіремей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады.
Жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тілін ардақтау, сөз қадірін білу сезімі қалыптасып, ой-қиялы дамиды, тәлім алады.
Әдетте жаңылтпаштар айтылуы қиын жеке дыбыстар мен сөздерден тұрады. Мысалы, «р» дыбысын дұрыс айтуды.
Торта қойдым,
Орта қойдым.
Орта қойдым
Жорта қойдым, - деп жаңылтпаш арқылы үйренеді.
Сөзідерді мағынасына қарай дұрыс ажыратып айтуға баулитын:
Беріп тай, лақты,
Алдым тайлақты.
Беріп тайлақты
Алдым тайлақты - дейтін жаңылпашты жай ғана айта салмай, дауыс имтонаииясымен дұрыс, мәнерлеп айтуды кажет етеді.
Жаңылтпаштар баланы мүдірмей, шапшаң сөйлеуге үйретеді, тіл мүкістігін түсіндіреді, сөйлеу мәнеріне жаттықтырады.
Үш кіші ішік піштім.
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім? - дейтін баланы ойланғанын жұмбақ сипатындағы жаңылтпаштарда кездеседі.
Мазмұндық жағынан қарағанда тәрбиелеу мақсатынла айтылатын жаңылтпаштарда бар. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |