Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалар әдебиеті пәні бойынша дәріс жинағы



бет10/19
Дата21.10.2022
өлшемі174,61 Kb.
#44708
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
Балалар әдебиеті - 1-7 лекция

Көшкенде мал айдайтын сырық қылдым.
Тазша бала өтірік өлеңдерін айтқан сайын алғашқыдағыдан көрі де үдей түседі. Ханды да, халықты да қыран жапқан күлкіге баурайды. Хан тазшаның өлеңіне таң-тамаша болады, Өтіріктен мін таппай мысы құриды.
Дүниеде ауыры үрген қуық,
Жалғыз өзім көтердім аузын буып.
Үлкеніне шіркейдің арба жектім.
Ондай мықты көрмедім өзім туып.
Тазша баланың өтірік өлеңдері қиыннан қисын тауып, осылай біріне бірі жалғасып айтыла береді.
Жоқтан барды қиыстырып айту арқылы да тазша бала еңбексіздіктен ерігіп отырған хандарды, би сұлтантарды алдап, жоқтан өзгеге мәз етіп қояды. Өтірік өлеңдерді жоқтан барды құрастырып, еріккендердің уақытын алу үшін айтылатын айлалы сөздер десек те, соның өзінде тапқырлық, суырып салатын ақындық өнердің де дарындылығы барын білеміз.
Бұл ертегідегі осы өтірік өлеңдерді құрастырып айтушы кейіпкер тазша бала десек, соның өзі халық ортасынан шыққан халық өкілі. Ақыл парасатына салып, шын айтысқа, не үлкен жарысқа түскенде, үстем тап өкілдерінің қойған неше алуан қиын шарттарынан, алдына ор қазып қойған қиын бұлтарыстардан ақыл айласымен кұтылып кете береді.
Өтірік өлең дегенде бұл шын нәрсені бұрмалайтын, баланы дұрыс бағытынан тайдыратын нәрсе деп, оның байыбына бармай, оған жеңіл-желпі нәрсе деп, шошына қарауға болмайды, Өтірік өлеңдердің айтылуында да ерекше сыр-сипат бар.
Өтірік өлеңдердің тағы бір өзгешелігі — балаларды қиыннан қиыстырып келтіретін тапқырлыққа үйретеді. Сөздің реті, орнын тауып қисынды сөйлеуге шеберлендіреді. Өйткені, өтірік өлеңдерде әсерлі қисын тапқан көркем сөздер, жақсы теңеулер көп. Өтірік өлеңдердегі суреттелген көріністердің бәрі де әсерлеу, теңдестіру, бейнелеу арқылы беріледі. Түйедейді түймедей етіп көрсету арқылы оқыс көріністер жасайды. Сондай оқыс көріністер баланы мәз-мәйрам етеді.
Қорыта айтқанда, өтірік өлең – балалардың ынтыға тыңдайтын да, қызыға жаттап алатын фольклордағы ең сүйікті жанрларының бірі. Ол бала көңілін жұбатып, қызыққа кенелтетін алданыш қана емес, жас ұрпақтың қиялын ұштап, арманын асқақтататып, күлдіре отырып ойға жетелейтін, өмірдегі қарама-қайшылықтарды шендестіре отырып сырына үңілетін дәстүрлі тәрбие құралының рөлін атқарады.


3.3. Бала логикасын дамытуда жұмбақтардың тәрбиелік ролі

Жұмбақ – қай елдің фольклорында болмасын салмақты орын алатын арнайы саланьң бірі. Қазақ халық жұмбақтары да ғалымдар назарына ерте ілініп, арнайы зерттеліп келе жатыр. Оның көне жазба үлгілерін қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс Куманикус» (XIV ғасыр), М.Қашқаридің «Диуани луғат-ат түрк» сияқты кітаптарынан кезіктіреміз.


Төңкеріске дейінгі кезеңде қазақ жұмбақтарын жинауға М.Иванов, М.Ибрагимов, А.Лютш, П.М.Мелиоранский, А.Алекторов, Ә.Диваев сияқты адамдар атсалысты. Қазан қаласында жұмбақтарға арналған кітаптар ХХ ғасыр басында-ақ шыға бастады.
Қазақ жұмбақтарының толық жинағы 1959 жылы ғана жарық көрді. Жұмбақтардың қыр-сыры С.Сейфуллин, М.Әуезоз, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин еңбектерінде кеңінен сөз етіледі.
Жұмбақтарды «қазақ балалар фольклорынан үлкен орын алатын жанр» ретінде алғаш қарастырушы Ш.Ахметов те жұмбақтың танымдық, тәрбиелік мәні жөнінде бағалы пікірлер айтады. Қазақ жұмбақтарының табиғаты Ә.Марғұлан еңбегінде де терең сараланған.
Жұмбақтың балалар репертуарына қай кезден бастап көше бастағанын тап басып айту қиын. Бірақ қай елдің халық шығармашылығында болмасын жұмбақ негізінен балалар еншісіндегі ең сүйікті жанр болып саналады. Балалар еркін бағындырған жұмбақтың осы тылсым күші жөнінде толғана келіп Джании Родари: «Жұмбақты балалар соншалықты неге сүйеді?– деп сұрақ қояды да, былайша жауап береді: «Ақиқатына көшсек, басты себебі мынада: жұмбақтар жинақы, тіпті символикалық формада балалардың шынайы өмірді танудағы тәжірибесін танытады. Бала үшін әлем жұмбақ дүниелерге, түсініксіз оқиғаларға, қол жетпес нәрселерге толы. Өмірге келген балаға қадам сайын түрлі сұрақтарды көлденең тартып, құпиясын шешуді талап ететін беймәлім дүниенің бәрі жұмбақ және бұл процесс – таным процесі, ол көпшілік жағдайда тосыннан ашылып, жұмбағын кездейсоқ қызық формада шешіп отырады. Оның бар қызығы да баланың ізденуден, тосын қызық шешімнен алатын ләззатында, ойын кезінде бала соған жаттығып жатқандай».
Шынында да, жұмбақтың балаларды қызықтырғыш қасиеті, ең алдымен, олардың білуге, үйренуге деген ынтасын қанағаттандыруында жатыр. Жұмбақтағы ойындық элемент те бұған үлкен қозғаушы күш. Балалардың жұмбақты қарапайымнан, жеңіл-желпіден бастап күрделіге қарай бірте-бірте игеретіні анық. Ауыз әдебиетінде өте салмақты орын алатын жұмбақ жанрының ішінде философиялық дүниетанымды жұмбақтаған бала түсінігіне өте ауыр күрделілері де бар. Сондай-ақ бас-аяғы жұмбақ пен оның шешуінен тұратын жұмбақ айтысы да асқан шеберлікті талап ететін қазақ поэзиясының өзіндік ерекше қыры болып табылады. Ақындар, әрине, бұл шеберлікке халықтық дәстүрді жасырын сіңіріп барып жетіледі.
Тілі шығып ана тілінің нәрін түсіне бастаған балалар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет