Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті



жүктеу 1.7 Mb.
Pdf просмотр
бет1/18
Дата03.03.2017
өлшемі1.7 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУЛЕР  ИНСТИТУТЫ
КƏМЕЛЕТКЕ ТОЛМАЄАНДАРДЫЅ ІСІ ЖƏНЕ БАЛАЛАРДЫЅ 
ЌЎЌЫЌТАРЫН ЌОРЄАУ ЖҐНІНДЕГІ КОМИССИЯ
 ХАТШЫСЫНЫЅ КҐМЕКШІ КІТАБЫ
АСТАНА қ., 2009

Хатшының көмекші кітабы
2
УДК 347.2
ББК  67.9
И 85
Рецензент - з.ғ.д., профессор С.С.Молдабаев,
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Институтының директоры
Аударма – Тұрар Шакен
Суреттер – Гүлнәр Исмұханова және «Сақшы» газеті (1сурет) 
Рецензент – д.ю.н., профессор С.С. Молдабаев,
директор Института Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
Перевод -Турар Шакен 
Фотографии - Гулнара Исмуханова и газета «Сақшы» (1 фото) 
Г.Г.  Исмұханова,  А.К.  Файзуллина (3-ші  бөлім).  Балалардың  құқықтары  мен 
мүдделерін  қорғау  саласындағы    Кәмелетке  толмағандардың    ісі  және  олардың 
құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық    комиссияның  қызметінің  негізгі 
бағыттары  (Кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау 
жөніндегі комиссия хатшысының көмекші кітабы). Әдістемелік құрал. – Астана: «Агро-
издат», 2009. – 208 б.
Г.Г.  Исмуханова,  А.К.  Файзуллина (3-я  глава).  Основные  направления  деятель-
ности Меж ведомственной комиссии по делам несовершеннолетних и защите прав 
в  сфере  охраны  прав  и  защиты  интересов  детей  (Настольная  книга  секретаря 
Комиссии по делам несовершеннолетних и защите их прав). Методическое посо-
бие. – Астана: «Агроиздат», 2009. – 208 с.
УДК 347.2
ББК  67.9
И 1203000000
       00(05)-09
Әдістемелік  құралда  түрлі  деңгейдегі  кәмелетке  толмағандар  ісі    жөніндегі    ко-
миссия  тәжірибесі  сипатталған  және  ВАК  пен  КІК  туралы  Тұрпатты  ережелерге  
сәйкес  кәмелетке  толмағандар  ісі  жөніндегі  комиссия  хатшылары  ресімдейтін  
негізгі құжаттардың  үлгілері берілген.  Әдістемелік құрал  комиссия хатшысының 
үстел  кітабы  түрінде  жазылған  және    Ақтөбе,  Алматы  және  Оңтүстік  Қазақстан  
облыстарындағы, Алматы мен Астана қалаларындағы  КІК сегіз жылдық  тәжірибесін 
зерттеудің нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралды барлық деңгейдегі КІК 
хатшыларының жұмысында, әлеуметтік педагогтардың, кәмелетке толмағандар ісі 
жөніндегі    мектеп  инспекторларының,  социологтар  мен  психологтардың    мектеп 
жасындағы балалармен жұмысы барысында қолдануға  болады.
В  методическом  пособии  описан  опыт  комиссий  по  делам  несовершеннолетних 
различных уровней и даны образцы основных документов, оформляемых секре-
тарями комиссий по делам несовершеннолетних согласно типовым положениям о 
МВК и КДН. Методическое пособие написано в форме настольной книги секретаря 
комиссии и является результатом изучения восьмилетнего опыта КДН в Актюбин-
ской, Алматинской и Южно-Казахстанской областях, в городах Алматы и Астана. 
Методическое пособие может быть использовано в работе секретарей КДН всех 
уровней, социальных педагогов, школьных инспекторов по делам несовершенно-
летних, социологов и психологов в работе с детьми школьного возраста.
ISBN 978-601-7060-59-6

М
АЗМҰНЫ
Қысқарту  
 
 
 
 
 
 
5
Алғысөз   
 
 
 
 
 
 
7
1 бөлім. Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 
мемлекеттік саясат   
 
 
 
 
 
9
1.1.  Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау инфрақұрылымы  
9
1.2. Қазақстанда ратификацияланған  балаларға қатысты халықаралық
құқықтық актілер  
 
 
 
 
 
12
1.3. Қазақстандағы балалар құқығын қорғау бойынша заңнама  
13
2 бөлім. Қазақстандағы кәмелетке толмағандардың  ісі  және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар 
 
 
15
2.1. Комиссия құрылымы: негізгі сипаттамалары 
 
 
15
2.2. Түрлі  деңгейлердегі комиссиялардың өкілеттіктері   
 
18
2.3. Материалдарды қарастыру және комиссия мәжілісін өткізу тәртібі 25
3 бөлім. Комиссия хатшыларына  көмек ретіндегі практикалық
материалдар 
 
 
 
 
 
 
31
3.1. Кәмелетке толмаған тұлғаның заңды және психологиялық
мәртебесі 
 
 
 
 
 
 
31
3.2. Кәмелетке толмағандар арасында  құқық бұзушылықтар  
 
профилактикасының халықаралық тәжірибесі   
 
 
39
3.3. Омбудсмен институты: халықаралық тәжірибе 
 
 
44
4 бөлім. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері 
 
 
 
49
4.1. Балалардың қауіпсіздігін  оқушылардың, олардың
ата-аналарының және сарапшылардың  көзімен  бағалау  
 
51
4.2. Сарапшылар тұрғысынан  балалардың құқықтарын қорғау 
бойынша  инфрақұрылымның қызметін бағалау  
 
 
55
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
56
Глоссарий 
 
 
 
 
 
 
58
№1-қосымша. ВАК мүшелерінің тізімі  
 
 
 
63
№2-қосымша. ВАК мәжілісі  туралы Баспасөз хабарламасы   64
№3-қосымша. ВАК мәжілісінің  бағдарламасы   
 
 
65
№4 қосымша. ВАК мәжілісінің  шешімі 
 
 
 
66
№5-қосымша. Облыстық және аудандық комиссиялардың қызметтерін
зерттеу бойынша жадынама 
 
 
 
 
67
№6-қосымша. Комиссия қызметтерін зерттеу  бойынша анықтама  
70
№7-қосымша. Комиссия қаулысы 
 
 
 
 
79
№8-қосымша. Ювеналдық сотқа ұсыныс 
 
 
 
81
№9-қосымша. Сотқа шағым 
 
 
 
 
83
№10-қосымша. Комиссия қорытындысы 
 
 
 
85
№11-қосымша. Сотқа берілетін сенімхат  үлгісі   
 
 
88
№12-қосымша. КТУОБОО жеке істерді қалыптастыруға арналған 
құжаттар тізімі 
 
 
 
 
 
 
89
№13-қосымша ДМБАБҰ  жеке істерді қалыптастыру үшін қажет 
құжаттар тізімі 
 
 
 
 
 
 
90
№14-қосымша. ДМБАБҰ берілетін  жеке істерді қалыптастыруға арналған 
құжаттар тізімі  (мысал Алматы қаласы) 
 
 
 
91
№15-қосымша. Девиантты мінез құлықты балаларға арналған
Қазақс тан ның арнайы білім беру ұйымдары 
 
 
 
92
№16-қосымша. Оқушы  тұлғасының психологиялық сипаттамасы  
93
№17-қосымша. Педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған  жасөспірімді 
бақылау картасы  
 
 
 
 
 
95
Мазмұны

Хатшының көмекші кітабы
4

ААҚҚ
Ата-аналарының қарауынсыз қалғандар
АБҰ  Арнаулы  білім беру ұйымы
АПБ  Аудандық полиция бөлімі
ӘБ
Әдістемелік бірлестік
ӘЗИ  Әлеуметтік зерттеулер институты
БАҚ  Бұқаралық ақпарат құралдары
ББ
Астана қаласының білім  басқармасы
ВАК
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі ведомствоаралық комиссия
ДМ
Девиантты  мінез-құлық
ДМБАБҰ
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру 
ұйымы
ЕРҰББҰ
Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымы
ЖЗҚ
Жастарды заңды қорғау
КІИ
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  инспектор
КІК
Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі комиссия
КІБ
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлім
КТУОБОО
Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау,  бейiмдеу және 
оңалту  орталығы
ҚАЖ
Қылмыстық-атқару жүйесі
ҚАЖК
Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті
ҚР ӘМ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҚР ІІМ
Қазақстан Республикасы Ішкі істер  министрлігі
ҚР МАМ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР БҒМ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ҚК
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі
ҚР ҚПК
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық кодексі
ҚР
Қазақстан Республикасы
ҚӨЖ
Қиын өмір жағдайы
ҚТЖ
Қылмыстық-түзету жүйесі
ҚІІБ
Қалалық Ішкі істер басқармасы
ММ
Мемлекеттік мекеме
ОҚО
Оңтүстік Қазақстан облысы
ПББ
Педагогикалық бетімен кеткен балалар
ПДБ
Психикалық даму бөгелісі
РФ
Ресей Федерациясы
СП
Сараптамалық пікіртерім
ШҚО
Шығыс Қазақстан облысы
ХПС
Халық пікірін сұрау
ІІД
Ішкі істер департаменті
ІІБ
Ішкі істер бөлімі 
ІІБ
Ішкі істер басқармасы (жеке аудандар бойынша)
ҮЕҰ
Үкіметтік емес ұйымдар
Қысқарту

Хатшының көмекші кітабы
6

Алєысґз 
Құрметті оқырман,
С
іздердің  назарларыңызға  Кәмелетке  толмағандардың  ісі  және 
олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  Комиссия  хатшысының 
көмекші  кітабын  ұсынып  отырмыз.  Кітаптың  негізіне  Қазақстанның  бес 
аймағындағы:  Ақтөбе,  Алматы,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  мен  Ал-
маты  және  Астана  қалаларындағы  Кәмелетке  толмағандар  ісі  және 
олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  Комиссиялар  (КІК)  қызметінің 
негізгі  бағыттары,  ҚР  БҒМ  Балалардың  құқықтарын  қорғау  Комитетінің 
тапсырмасы бойынша «Балалардың құқықтарын қорғау мен мүдделерін 
қорғау  саласындағы  Кәмелетке  толмағандардың  істері  мен  олардың 
құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссиялардың 
қызметінің  негізгі  бағыттары»  ғылыми-әдістемелік  құралдарын  әзірлеу 
мен  шығару»  жобасы  аясында  жүргізілген  зерттеу  мен  талдау  алынған. 
Комиссия жұмысының тәжірибесін зерттеу негізінде Әлеуметтік зерттеу-
лер институты (ӘЗИ) тобының Комиссия жұмысын зерттеуі нәтижесінде 
комиссия қызметін жетілдіру бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді. 
ӘЗИ  жобалау  тобы  зерттеулердің  бастапқы  кезеңінде  төмендегідей 
қызмет түрлерін жүзеге асырды:
 Қазақстанның  бес  аймағында 150 респонденттердің  қатысуымен 
сараптамалық сауалнама жүргізілді;
 жергілікті жерлерде Комиссияның негізгі құжаттары мен БАҚ материал-
дарына  контент-талдау  жүргізілді  және  бұрын  жүргізілген  зерттеулер  мен 
зерттеу  тақырыбы  бойынша  жүзеге  асырылған  жобалардың  есептеріне 
қайталама талдау жүргізілді; 
 жергілікті жерлерде түрлі деңгейдегі КІК мәжілістеріне қатысты;
 Алматы  және  Астана  қалаларында,  сондай-ақ  Ақтөбе,  Алматы  және 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстарындағы  түрлі  деңгейдегі  КІК  және  КТУОБОО 
жұмыс тәжірибесі зерттелді;
 Алматы қ. қалалық Комиссиясының Алматы қ. және Кентау қ. Девиант-
ты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарындағы 
(ДМБАБҰ) көшпелі отырыстарына қатысты; 
 еліміздің  бес  аймағындағы  КІБ  хатшыларымен  түрлі  деңгейде 
тереңдетілген сұхбат түріндегі әңгімелер өткізілді; 
 Алматы  мен  Астана  қалаларындағы,  Ақтөбе,  Алматы  және  Оңтүстік 
Қазақстан облыстарындағы КІБ басшыларымен әңгімелер өткізілді.
Бұл  кітапты  жазу  барысында  ӘЗИ  зерттеу  тобына  түрлі  ұйымдардағы 
әріптестері  тарапынан  тұрақты  қолдау  мен  көмек  көрсетілді.  Бұл 
кітапты  дайындау  барысында  Г.С.  Өміршенованың,  К.Т.  Мұртазинаның, 
А.С.  Үйсінбековтың,  А.Т.  Оралбекованың,  С.А.  Арзанбекованың,  С.М. 
Мұқановтың,  Г.  Құджақовтың,  Б.  Қабдолдановтың,  Г.Х.  Қошқарованың, 
Г.Н.  Тайгокованың,  Г.Т.  Жұмақұлованың,  М.Ж.  Өтешқалиеваның, 
А.А.  Тұрсыновтың,  О.О.  Алдабергеновтің,  С.М.  Полатовтың,  М.А. 
Алғысөз
7

Хатшының көмекші кітабы
8
Тұрысбекованың,  Р.С.  Сәрсенованың,  С.  Қалдығұлованың,  К.А. 
Айдарханованың және С. Жұмағазиналар қатысты. 
Зерттеу  тобы  Ж.К.  Жүкеновке,  Р.П.  Шерге,  Г.А.  Саймасаеваға,  М.Е. 
Бегалинаға,  Ш.Б.  Шаймұратоваға  және  М.Т.  Төлеуоваға  біздің  топтың 
жұмысының  барлық  сатыларында  ұйымдастыру  мәселелерін  шешу 
мен  ақпарат  жинау  үрдісінде  тұрақты  жәрдем  беріп  тұрғаны  үшін  ерек-
ше  алғыс  айтады.  Біз  Кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі 
комиссияның  тәжірибесін  зерттеу  мен  осы  кітап  үшін  материал  жинауда 
көмек  көрсеткендердің  барлығына  алғысымызды  білдіреміз!  Әр  адамның 
көрсеткен көмегі мен ықпалдастығы комиссия хатшысына арналған көмекші 
кітапты жазуға қосқан қомақты үлесі болып табылады. Осы көмекші кітап 
көмегімен Сіздің жұмысыңыз тиімді және жемісті болатындығына сенім ар-
тамыз.
Әлеуметтік зерттеулер институтының зерттеу тобы.

1 бөлім
9
1.1.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ 
ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ 
Т
әуелсіздікке  қол  жеткізген  жылдар  ішінде  Қазақстанда  балалар 
құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ұйымдардың  дамыған  желісі  құрылды. 
Елімізде  балалар  мүддесін  қорғаумен  тоғыз  мемлекеттік  орган  айна-
лысады:  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі 
(ҚР  БҒМ),  Қазақстан  Республикасының  Әділет  министрлігі,  Қазақстан 
Республикасының Ішкі істер министрлігі (ҚР ІІМ), Қазақстан Республикасының 
Денсаулық  сақтау  министрлігі,  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  және 
халықты  әлеуметтік  қорғау  министрлігі,  Қазақстан  Республикасының 
Спорт  және  туризм  министрлігі,  Қазақстан  Республикасының  Мәдениет 
және ақпарат министрлігі (ҚР МАМ), Қазақстан Республикасының Бас про-
куратурасы мен Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты. 
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқығы жөніндегі комитетінің 33-ші ар-
найы  сессиясының  ұсыныстары  негізінде 2006 жылдың  қаңтар  айында 
балалардың  құқықтары  мен  заңды  мүддесін  қорғауды  қамтамасыз  ету 
жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республика-
сы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау 
комитеті құрылды. 
2007 жылдың қаңтарынан бастап ғылыми-зерттеу, ақпараттық-білім беру, 
мониторингтік және талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында Балалардың 
құқықтарын қорғау департаменттері жұмыс істей бастады. Өмірде қиын 
жағдайға душар болған оқушыларға, студенттерге, ата-аналарға құқықтық, 
психологиялық  көмек  көрсету  мақсатында  балалар  құқығын  қорғау 
жөніндегі  департаменттер  негізінде  сенім  телефондары  құрылды.  Депар-
таменттер  қызметі  ата-аналармен  жұмыс  істеу,  кездесулер  өткізу,  жалпы 
мектептік ата-аналар жиналысы, ата-аналарға арналған буклеттер шығару 
және басқа да көптеген іс-шараларға ерекше назар аударады. 
2001  жылы  елдің  барлық  облыстарында  облыстық,  қалалық  және 
аудандық деңгейлерде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия 
желісі құрылған болатын, 2005 жылы Кәмелетке толмағандардың ісі және 
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (КІК немесе комиссия-
лар) болып өзгертілді. 2001 жылы 11 маусымда Үкіметі №789 «Кәмелетке 
толмағандардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  комиссия  туралы  тұрпаттық 
ережені бекіту туралы» Қаулы (ары қарай - КІК Ережесі) қабылданды. 
Ал 2007 жылдың 24 мамырында бұрын құрылған Кәмелетке толмағандар 
ісі  және  олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  комиссиялар  Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жаны-
нан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау 
жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  құру  туралы»  №415  Қаулысын 
1 бґлім
Ќазаќстандаєы балалардыѕ ќўќыќтарын ќорєау 
саласындаєы мемлекеттік саясат 

Хатшының көмекші кітабы
10
қабылдаумен  толықтырылды  (ВАК).  Осы  ереженің  негізінде  «Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  жанынан  Кәмелетке  толмағандардың  ісі  және 
олардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ведомствоаралық  комиссия  тура-
лы  ереже» (бұдан  әрі  мәтін  бойынша - ВАК  ережесі)  қабылданды.  Үкімет 
жанындағы  Кәмелетке  толмағандардың  ісі  және  олардың  құқықтарын 
қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) кәмелетке толмағандар 
арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қадағалаусыз және па-
насыз  қалуының  алдын  ала  ескерту,  балалардың  құқықтары  мен  заңды 
мүдделерін  қорғау  саласында  мемлекеттік  саясатты  жүзеге  асыруды 
қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды жасау үшін құрылды. 
ВАК құрылғанға дейін, 2004 жылы 9 шілдеде Қазақстан Республикасының 
№591-ІІ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ал-
дын  алу  мен  балалардың  қадағалаусыз  және  панасыз  қалуын  алдын  ала 
ескерту туралы» Заңы қабылданды, ол кәмелетке толмағандар арасында 
құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу  мен  балалардың  қадағалаусыз  және 
панасыз  қалуын  алдын  ала  ескерту  жөніндегі  мемлекеттік  органдарының 
қызметінің  құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік  негіздерін  анықтады. 
Мысалы, ҚР ІІМ облыстық және қалалық деңгейде бірнеше қызметкерлерден 
жиынтықталған, сондай-ақ аудандарда бір қызметкерден тұратын кәмелетке 
толмағандар ісі бойынша арнайы бөлімше (КІБ) құрылды. 
Баланың үйінен кетіп қалуы немесе оның өміріне қауіп төнген жағдайда 
отбасынан алып қойғаннан соң, ол Кәмелетке толмағандарды уақытша 
оқшаулау,  бейiмдеу  және  оңалту  орталығына  (КТУОБОО)  орналасты-
рылады.  КТУОБОО  желісі  арқылы  жыл  сайын 10000 астам  кәмелетке 
толмағандар  өтеді.  КТУОБОО  Қазақстан  Республикасының  Ішкі  істер 
министрлігінің 2004 жылғы 25 желтоқсандағы N708 бұйрығымен бекітілген, 
Қазақстан  Республикасы  Әділет  Министрлігімен 2005 жылғы 17 қаңтарда 
N 3360 тіркелген «Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу 
және  оңалту  орталықтары  туралы  Ережелер»  негізінде  жұмыс  істейді. 
КТУОБОО кәмелетке толмағандар үшін қолайлы жағдай жасалған, тәрбие 
жұмыстарының  жоспарлары  бар,  зардап  шеккен  балаларды  оңалтуға 
бағытталған  шараларды  жүзеге  асырады.  Әрбір  орталықта  балалардың 
денсаулық жағдайын тексеріп отыратын психолог және дәрігерлер қызмет 
істейді. 
Қазақстан  Республикасының  «Кәмелетке  толмағандар  арасындағы 
құқық бұзушылықтардың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және 
панасыз қалуын алдын ала ескерту туралы» Заңның 13 бабының негізінде 
арнаулы білім беру ұйымдары туралы Ереже Қазақстан Республикасының 
Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда №3510 тіркелген Қазақстан 
Республикасының  Білім  және  ғылым  министрінің  м.а. 2005 жылғы 27 
қаңтардағы  №42  бұйрығымен  бектілді.  Осы  құжатқа  сәйкес  келесі  елді 
мекендерде девиантты мінез-құлықты балаларға арналған сегіз арнаулы 
білім беру ұйымдары құрылды: Алматы қ., Атырау қ., Ақтау қ., Керней к. 
(Қарағанды  облысы),  Қызылорда  облысы,  Серебрянск  қ. (ШҚО),  Павло-
дар қ., Кентау қ. (ОҚО).
Білім  беру  органдарының  мәліметтері  бойынша,  Қазақстанда  ерек-
ше  тәртіпте  ұстауды  қажет  ететін  балалар  мен  жеткіншектерге  арналған 
қосымша 2 мектеп жұмыс істейді: Тараз қ. (Жамбыл облысы) және Белоусов-
ка а. (Шығыс Қазақстан облысы, Глубоковский ауданы). Аталған мектептер-
де 2006 жылы 89 сынып жұмыс істеді, олардың ішінде 22 қазақ тілінде және 

1 бөлім
11
67 орыс тілінде оқытатын сыныптар. Бұл сыныптарда 739 бала оқыды: 639 
ұлдар  және 100 қыздар. 2007 жылы 86 сынып  болды,  олардың 64 орыс 
тілінде және 22 қазақ тілінде білім берген. Оқыған оқушылар саны 631 бол-
ды: 524 ұлдар мен 107 қыздар. 2008 жылы 73 сынып болды, олардың 56 
орыс тілінде және 17 қазақ тілінде білім алды, оларда 551 оқушы оқыды: 
442 ұлдар мен 109 қыздар.
2007 жылғы 13 тамызда Үкіметтің селекторлық отырысында хаттамалық 
шешіміне сәйкес, кәмелетке толмағандар арасында жеке-алдын алу жұмыс 
деңгейін  көтеру  үшін  мектеп  инспекторларының  лауазымы  енгізілді.  Мек-
теп  инспекторы  қызметіне  педагогикалық,  психологиялық  және  заңгерлік 
білімі бар, алдын ала үш айлық дайындық-нұсқамадан өткен жас адамдар 
қабылданады.  Мектеп  инспекторларының  қызметі  оқушылар  арасындағы 
қылмыстылықты едәуір төмендетуге ықпал етті.
Қазақстан 
Республикасында 2001 жылдан 
бастап 
кәмелетке 
толмағандармен  жұмыс  әдісін  өзгерту  мақсатында  қылмыстық  әділ  сот 
жүйесінде  «Қазақстандағы  ювеналдық  әділет»  жобасы  бойынша  жұмыс 
жүргізіліп келеді, оның мақсаттары, міндеттері мен ұстанымдары анықталды. 
2007  жылғы 30 наурызда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
жанындағы  Құқықтық  саясат  жөніндегі  Кеңес  отырысында  Қазақстандағы 
ювеналдық  әділет  жүйелерін  құру  туралы  мәселе  қарастырылды,  онда 
жалпы  ювеналдық  әділетті  құруда  ұсынылатын  негізгі  тәсілдерге  қолдау 
көрсетілген  және  мүдделі  мемлекеттік  органдарға  мамандандырылған 
ювеналдық әділет қызметтерінің үлгілерін жасауды аяқтау ұсынылды. 
2008  жылғы 19 тамызда  Қазақстан  Республикасы  Президентінің «2009-
2011  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында  ювеналдық  әділет 
жүйелерін  дамыту  Тұжырымдамалары  туралы»  № 646 Жарлығына  қол 
қойылды.  Қазақстандағы  ювеналдық  әділет  келесі  мамандандырылған 
қызметтерден  тұрады:  ювеналдық  полиция,  ювеналдық  прокуратуралар, 
ювеналдық  соттар,  ювеналдық  адвокатуралар,  ювеналдық  қылмыстық-
атқарушы  инспекциялар,  әлеуметтік  психологтар  мен  балалар  құқығын 
қорғау бойынша аймақтық органдар. 
Ювеналдық  әділеттің  құрылымды  тұжырымдамасын,  соның  ішінде 
әлеуметтік  қызмет  мекемелерін  дамыту  арқылы  қабылдау,  қоғамдағы 
тұрақтылықты 
нығайтуға, 
кәмелетке 
толмағандар 
ортасындағы 
шиеленістерді  төмендетуге  және  қоғамда  болып  жатқан  үрдістерге 
белсенді  ықпал  етуге  мүмкіндік  береді.  ҚР  ювеналдық  әділет  жүйесін  да-
мыту  тұжырымдамасы 2008 жылы 18 қарашада  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің «2009-2011 жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасында 
ювеналдық әділет жүйесін дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру бойын-
ша шаралар Жоспарын бекіту туралы» №1067 Қаулысымен толықтырылды. 
Үкіметтік  емес  ұйымдардың  жұмысына  жасалған  талдау,  көптеген 
ҮЕҰ  жұмысы  балалар  мен  әйелдерге  көрсетілетін  зорлықтан  қорғауға 
бағытталғанын  көрсетеді.  ҮЕҰ  негізгі  жұмысы  түрлі  ақпараттық  матери-
алдарды  тарату,  шығару,  заңдық  және  психологиялық  кеңес  беру,  теле-
фон арқылы кеңес беру, түрлі тақырыптарда білім беру, тренингтік семи-
нарлар,  дөңгелек  үстелдер  ұйымдастырумен  байланысты.  ҮЕҰ  қызметін 
қаржыландыру  қызметін  тұрақты  және  көп  жылдық  қаржыландыру 
ұстанымында мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуын қайта қарастыру 
олардың кадрлық әлеуетін күшейтеді. 

Хатшының көмекші кітабы
12

Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files -> e-biblioteka
files -> Өзін- өзі тану пәні мұғалімі Асаева Дилдора Валихановна
files -> «Батыр» жазғы шатырлы лагері (Ерейментау ауданында орналасқан)
files -> Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
e-biblioteka -> Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы əңгіме
e-biblioteka -> ҚазаҚстан Республикасы білім және ғылым министРлігі балалаР ҚұҚыҚтаРын ҚоРғау комитеті
files -> Информация о мероприятиях
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау комитеті
files -> Жазғы мектеп


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет