Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі балалардың ҚҰҚЫҚЫҚтарын қОРҒау комитеті



Pdf көрінісі
бет4/18
Дата03.03.2017
өлшемі1,7 Mb.
#6586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Ж
ЕТКІНШЕК
 
ЖАСЫНЫҢ
  
ДАМУЫНЫҢ
 
ӘЛЕУМЕТТІК
 
ЖАҒДАЯТЫ
 
Д
амудың  әлеуметтік  жағдаяты  тәуелді  балалық  шақтан  дербес  және 
жауапты ересек өміріне өту кезеңін білдіреді. Жеткіншек балалық шақ 
пен  ересектілік  арасындағы  аралықты  алады.  Жеткіншек – сәби  емес, 
бірақ әлі де ересек емес. Бұл аралық ұстаным бірқатар келеңсіздіктерге 
әкеліп  соғады.  Жеткіншек  кезеңіндегі  дамудың  әлеуметтік  жағдаяты 
алдыңғы  кезеңдегі  жетекші  оқу  қызметі  ересектер  әлеміндегі  және 
қоғамдық  қатынастар  құрылымындағы  өз  орнын  анықтауға,  әлеуметтік 
өзін-өзі анықтауына бағытталған қызметпен ауыстырылады.
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ЖАСЫНЫҢ
  
НЕГІЗГІ
 
ОРТАЛЫҚ
  
ЖАҢА
 
ТҮЗІЛІМДЕРІ
 
Өзін-өзі қалыптастыру қажеттілігі.
Өзіндік сана-сезімді дамыту.
«Біз» -тұжырымдамасының қалыптасуы.
Референттік топты қалыптастыру.
Ересектік сезімі. 
Ата-аналарынан эмансипация. 
Оқуға деген жаңа қатынас. 
Құндылықтарды қайта бағалау. 
Автономды мораль.
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ТҰЛҒАСЫНЫҢ
 
БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
 

Ізгілік  бағыттылығы – жеткіншектің  өзіне  және  қоғамға  деген 
қатынасы жағымды.
 Өзімшілдік бағыттылығы – қоғамға қарағанда оның өзі неғұрлым 
мәнді болып табылады.
Торығушылық бағыттылығы – ол өзі үшін ешқандай құны жоқ. Оның 
қоғамға деген қатынасын шартты жағымды деп атауға болады. 
Өзіне-өзі қол жұмсаушылық бағыттылығы – қоғам да, өз тұлғасы да 
өзі үшін ешқандай құндылыққа ие емес [19].
Жеткіншектік жаста түрлі қызығушылықтар пайда болады. Неғұрлым 
айқын көрінгендері доминанталар деп аталады: 
 «менмендік  доминантасы» – жеткіншектің  өз  тұлғасына  деген 
қызығушылығы; 

Хатшының көмекші кітабы
34
«қашықтық доминантасы» – жеткіншектің өзі үшін жақын, ағымдағы, 
бүгінгіге қарағанда, неғұрлым субъективті жарамды, кең, үлкен ауқымды 
белгілеуі; 
«жігер доминантасы» – кей кездері қырсықтық, бұзықтық, тәрбиелік 
беделге  қарсы  күрес  түрінде  көрінетін,  жеткіншектің  қарсылыққа,  жеңіп 
шығуға, жігерлілікке деген қызығушылығы; 
«қиялшылдық доминантасы» – белгісіздікке, тәуекелділікке, қы зық-
ты оқиғаларға, батырлыққа деген қызығушылығы [19.]. 
А
ТА
-
АНАЛАРМЕН
 
ҚАТЫНАСТАР
 
Е
сею кезеңіндегі ата-аналарымен өзара қарым-қатынас аясы маңызды 
болып қалады және тұлғаның қалыптасуына күшті ықпал етеді. Ере-
сек  жеткіншектер  алғаш  рет  «ата-аналарына  басқа  қырынан  таниды» 
және оларға тым жоғары талаптар қоя бастайды. 
Жеткіншектер  ата-аналарын  өздерінің  қазіргі  күні  мен  болашағын 
қамтамасыз  етуші  адамдар  ретінде  қабылдайды.  Осыған  байланысты 
жеткіншектер  өздерінің  ата-аналарына  деген  қарым-қатынастарына, 
әкесінің әлеуметтік мәртбесі мен анасымен өзара түсіністігіне өте эмоци-
оналды  және  қызығушылықпен  қарайды.  Алайда  өзара  қарым-қатынас 
үрдісі бір жақты бағыттылыққа ие – жеткіншектер ата-аналарының көңіл 
аударуын, түсіністікпен қарауын, ынталандыруды талап етеді. Ата-аналар 
жеке  мәселелерін  «өздері  шешсін»,  жеткіншек  мұндай  шешімдердің 
табыстылығын  ғана  бағалайды.  Ата-аналарын  түсінуге,  бірдеңе  бе-
руге, «өзімен  ой  бөлісуге»  деген  дайындығы  жоқ.  Көп  жағдайларда,  өз 
белсенділігін  түсіре  отырып,  тек  ата-анадан  «алу»  ғана  емес, «беру» 
бағдары да болады. 
 Жеткіншектік жасында отбасына, жалпы, ата-аналарына деген қарым-
қатынас келесі бағыттарда өзгереді: 
1. Ересектердің әрекет түрлеріне және бағдарларына, құндылықтарына 
қарсы ықпал мен сын, күдік көрініс табады. 
2. Отбасымен эмоционалдық байланыстар әлсірейді.
3. Бағдар алу мен сәйкестену үлгісі ретіндегі ата-аналары екінші орынға 
түседі. 
4.  Жалпы  алғанда  отбасы  ықпалы  төмендейді,  бірақ  та,  негізінен,  ол 
маңызды референттік топ болып қалады. 
Жеткіншектердің ересектерге теріс қарым-қатынасының түрлері. 
Кіші  жеткіншектік  жаста  ересектермен  қарым-қатынас  жүйесіндегі  өз 
орнына  қанағаттанбаушылықтың  орнын  толтыру  жолдары  мынадай: 
қалаған  қарым-қатынас  құндылықтарын  төмендетуге  деген  талпыныс; 
орнын ауыстыратын қызметке деген талпыныс; қиял-ғажайып бейнелер 
әлеміне ену; агрессия немесе қарым-қатынастан бұлтару түріндегі фру-
страция. 
Ересек  жеткіншектер  үшін  ересектерге  деген  теріс  қатынастарының 
келесі оппозиция реакциясы (жағымсыз сипаттағы көрнекі әрекеттер), бас 
тарту реакциясы (талаптарға бағынбау), оқшаулау реакциясы (жағымсыз 
байланыстардан қашуға талпыныс) секілді түрлері тән.

3 бөлім
35
Қ
ҰРДАСТАРЫМЕН
 
ҚАРЫМ
 
ҚАТЫНАСТАР
 
Ж
еткіншектің  жалпы  уәждемесі  қарым-қатынаспен  араласады. 
Мұнда  даулар  туындайды,  құндылықтарды  қайта  бағалау  жүзеге 
асырылады,  өзін-өзі  қалыптастыруға  деген  ұмтылысты  мойындау 
қанағаттандырылады. Қарым-қатынастағы доминантты қажеттілік келесі 
түрде  тұжырымдалады: «Қарым-қатынас  жасауға  үйрену», «бір  бірін 
жақсы түсінуге үйрену». Құрдастары қауіпсіздік пен қолдау көзі ретінде 
қарастырылады. 
Құрдастармен  қарым-қатынас  уәждемелерінің  келесі  динамикасы 
байқалады: 
12-13  жаста  жеткіншек  құрдастарының  ортасында  белгілі  бір  орын-
ды алғаны маңызды. Жас жеткіншектердің қарым-қатынастары оқу мен 
мінез-құлық  үрдістері  айналасына  шоғырланады - жақсы  оқитын  және 
өзін дұрыс ұстайтын жеткіншек құрбылары арасындағы көшбасшы болып 
табылады, жағымды бейне жетекші болып саналады. 
14-15 жаста ұжымдағы автономияға ұмтылыс және құрдастарының көз 
алдында жеке тұлғасының құндылықтарын тану ізденісі басым болады. 
Қарым-қатынас мазмұны тұлғалық қарым-қатынасқа, жеке тұлғалылыққа 
бағытталады – «қызықты», «күшті», «ерекше» тұлға неғұрлым тартымды 
болады. Көптеген жеткіншектерде өз ортасында елеулі болудың фрустра-
циялы қажеттілігі болады [15.].
Ж
АСӨСПІРІМ
 
ЖАСЫ
 (15-18 
ЖАС
)
Ж
АСӨСПІРІМ
 
ЖАСЫНЫҢ
 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
С
оңғы жеткіншек кезеңі мен жасөспірім шақ жыныстық жетілумен си-
патталады. Бұл кезеңде ағзаның қарқынды гормонды қайта құрылуы 
байқалады, екінші жыныстық белгілері мен жыныстық кемелденудің ерек-
ше белгілері көріне бастайды.  
Д
АМУДЫҢ
 
ӘЛЕУМЕТТІК
 
ЖАҒДАЯТЫ
 
Д
амудың  әлеуметтік  жағдаяты,  бірінші  кезекте,  жоғары  сынып 
оқушысының  дербес  өмір  табалдырығына  аяқ  басу  алдында 
тұруымен сипатталады. Оның алдында еңбек қызметі жолына шығу және 
өмірдегі өз орнын табу мүмкіндігі күтіп тұр. Осыған байланысты жоғары 
сынып оқушысына қойылатын талаптар мен олардың жеке тұлға ретінде 
қалыптасуы жүзеге асатын жағдайлар өзгереді: ол еңбек етуге; отбасылық 
өмірге; азаматтық міндеттерін орындауға дайын болуы тиіс [15]. 
Жоғары  сынып  оқушыларының  психологиялық  дамуының  негізінде 
кәсіби өзін-өзі тануы тұрады. 
Жасөспірім кезеңі мәні білім беру жүйесі мен есею жүйесінің ажырауы, 
алшақтауы болып табылатын дағдарыстың болуымен сипатталады. 
Жеткіншек жасымен салыстырғанда жасөспірім жасы өзін-өзі бақылау 
мен  өзіндік  реттеу  деңгейінің  артуымен  сипатталады.  Сондай-ақ,  бұл 
кезеңге  өсіп  келе  жатқан  адамға  шексіз  көңіл  көтеруден  мұңаюға  дейін 
өзгеретін көңіл-күдің өзгергіштігі және кезекпен болатын кереғар сапалар 
қатарының үйлесімділігі тән [44.]. 

Хатшының көмекші кітабы
36
О
РТАЛЫҚ
 
ЖАҢА
 
ТҮЗІЛІМДЕР
 [32]
кәсіби өзін-өзі анықтау; 
жеке сәйкестікті, жеке өзіндік теңдік сезімін қалыптастыру (Э. Эриксон);
дүниетанымның қалыптасуы; 
өмірлік жоспарларын қалыптастыру.
Жастың жағымсыз факторларының бірі оның жасына тән емес мінез-
құлықта  көрінетін  инфантильдік  болып  табылады.  Бұл - қатерлі  фак-
тор  болып  табылатын  өте  аңқау  және  балаға  тән  мінез-құлық.  Кейде 
ата-аналар  баласын  әлі  есейіп  үлгереді,  әзірше  балалық  шақта  бола 
тұрсын деп те ойлайды. Ал адам болса есейе келе, жауапкершілікті өзі 
арқаламай, оны басқаларға жүктей отырып, өмірге қадам басады [30]. 
Е
РЕСЕКТЕРМЕН
 
ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСТАР
 
Е
ресектермен  қарым-қатынас  аса  күрделі  қалыптасады.  Жоғары  сы-
нып  оқушылары  ересектермен,  ата-аналарымен  қарым-қатынасты 
өздері үшін маңызды деп есептейді. 
Олармен 
қарым-қатынастағы 
қалаулы 
тақырыптар: 
болашақ 
мамандықты  таңдау;  қоршаған  ортамен  қарым-қатынас;  оқу  істері;  мо-
раль мәселелері; өзі туралы және өзінің өткені, қазіргі кезі және болашағы 
туралы (өзін-өзі билеудің түрлі аспектілері).
Бұл  жастағы  ересектермен,  соның  ішінде  мұғаліммен  сенімді  қарым-
қатынастың болмауы - жоғары сынып оқушыларының басынан кешіретін 
алаңдаушылықтың  басты  себептерінің  бірі  болып  табылады.  Олар 
өздерінің жеке істеріне араласқанды, әсіресе мәжбүрлегенді ұнатпайды, 
бірақ көмек әдепті түрде болса, оған риза болады. 
Аталмыш  жастағы  алаңдаушылықтың  негізі  болып  табылатын 
жағдайлардың үш түрі белгілі: 
1) мектеппен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа байланысты жағдайлар;
2) өзі туралы ұғымды өзектілендіретін жағдайлар;
3) қарым-қатынас жағдайлары [15].
Осылайша,  тәуелсіздікке  деген  ашық  ұмтылыста  ата-аналарымен 
терең байланыс және олардың тарапынан психологиялық қолдауға де-
ген қажеттілік сақталады. 
Қ
ҰРДАСТАРЫМЕН
 
ҚАРЫМ
-
ҚАТЫНАСТАР
 
А
дам  үшін  жасөспірім  шақта  қарым-қатынасқа  деген  келесі  қа жет-
тіліктер тән: 
 қарқынды дене және ақыл дамуы әлемге деген қызығушылықтың 
кеңеюіне әкеледі; 
 жаңа тәжірибеге, танымға және қорғалушылыққа деген қажеттілік 
өседі:  адамдармен  жайлы  қарым-қатынас,  қабылдау  және  мойындау 
қажеттілігі. 
Жоғары  сынып  оқушыларының  өмірінде  қарым-қатынас  маңызды 
орынға  ғана  ие  болып  қоймай,  олар  үшін  дербес  құндылық  болып  та 
табылады. Қарым-қатынас уақыты жұмыс күндері 3-4 сағатқа, демалыс 

3 бөлім
37
және  мереке  күндері 7-9 сағатқа  артады.  Географиясы  мен  әлеуметтік 
ауқымы  кеңейеді:  жоғары  сынып  оқушыларының  жақын  достары  ара-
сында  басқа  мектептің  оқушылары,  студенттер,  әскери  қызметкерлер, 
жұмыс істейтін адамдар болады.
Ж
ЕТКІНШЕК
 
ЖАСЫНЫҢ
 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
(http://www.clean-no ya brsk.ru/Rodit001.htm)
 
1.  Жеткіншек  жасының  қарама-қайшылығы,  баланың  ересектердің 
жауапкершіліктерін  мойындарына  алмай,  ересек  мәртебесі  мен 
ересектердің мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне ұмтылуынан көрінеді. 
2.  Жеткіншек  ата-анасының  бағасы  мен  өмірлік  тәжірибесінің 
дұрыстығын түсініп тұрса да, оны жиі қабылдаудан бас тартады. Ол өзінің 
жеке бірегей және қайталанбас тәжірибесін алып, өз қатесін жіберіп, осы 
жіберген қатесі арқылы үйренгісі келеді. 
3.  Аталған  жас  үшін  өзінің  жеткіншектер  ортасындағы  жеке  еңбегін 
мойындауға ұмтылысы сипатты. 
4. Жеткіншек жеке басының мәселесінің және уайымының бірегейлігіне 
нық сенеді, бұл жалғыздық пен жабырқаулық сезімін тудырады.
5. Жеке басының жалғыздығымен күресе отырып, мәселенің күрделілігін 
сезінген жеткіншек өзі сияқтыларды іздей бастайды. Осылайша, жастар 
жиыны  құрылады  және  ересектер  әлеміне  пара-пар  жеткіншектердің 
субмәдениеті қалыптасады. 
6.  Жастар  ортасындағы  жеткіншекте  «Біз-тұжырымдамасы»  қалып-
тасады. Бір жағынан, бұл топты жұмылдыратын нәрсе: ортақ мақсаттар, 
мүдделер,  міндеттер.  Екінші  жағынан,  айналасындағы  әлем  «өзіміздікі» 
мен  «басқалардікіне»  бөлінеді,  ал  бұл  топтар  арасындағы  қарым-
қатынастар кейде тым қарама-қайшылықты болады. 
7. Жеткіншектің «Біз-тұжырымдамасының» қалыптасуы жеткіншек өмі-
рінде референттік топтың немесе топтардың пайда болуына көпір болып 
табылады. (Жеткіншек қабылдайтын және түсінетін және ол үшін маңызды 
болып табылатын пікірді бөлісетін топ референттік топ деп аталады). 
8.  Оқу  қызметі  мен  мектеп  басты  және  ең  маңызды  міндет  болудан 
қалады.  Құрдастарымен  интимдік-тұлғалық  қарым-қатынас  жетекші 
қызметке айналады. 
9.  Жеткіншек  жасында  нақты  ойлау  логикалылықпен  ауыс ты-
рылатындықтан, ақыл-ой жұмысының өнімділігі төмендейді.
 10. Жеткіншек үшін логикалық ойлау механизмі сыншылдықтың өсуімен 
түсіндіріледі.  Ол  ересектердің  қағидатын  сеніммен  қабылдамайды,  ол 
дәлелдер мен негіздемелерді талап етеді. 
11. Сыншылдықтың өсуі толық негативизмге әкеледі. Көбіне бұл нега-
тивизм жеткіншек үшін даулы, стрессті және эмоционалды жағдайларда 
қолданылады. Тек 20% жеткіншектерде ғана негативизмнің дағдарысты 
көріністері толығымен жоқ. 
12. Жеткіншектік жасы үшін жеке тұлғаны іздеуге, өзін-өзі зерттеу және 
өзін-өзі  талдау  бағыты  сипатты  болады.  Жеткіншек  өз  ойын  білдіргісі 
келеді, тіпті өзіне өзі білдірсе де (күнделіктер). 

Хатшының көмекші кітабы
38
13. Бұл кезеңде басқалар мен өзін-өзі терең түсінуге мүмкіндік беретін, 
әлеуметтік  қатынастардың  іштей  игерілген  тәжірибесі  ретінде  өзіндік 
сана-сезімнің өсуі жүзеге асады. 
14. Есеюдің бастамасы сыртқы механизм (еліктеу механизмі) бойынша 
жүзеге асырылады. Мен ересек секілді боламын – ойын – ересектердің 
сыртқы қасиеттерін, мәнерін, әдеттерін, мінез-құлық мәнерін, яғни есеюдің 
сыртқы  атрибутикаларын  көшіру.  Бұл  мағынада  оған  идеал  болатын 
тұлға ерекше мәнге ие болады. Ол үшін ата-ана емес, басқа маңызды 
ересек идеал болатынын ата-аналарға ескерткім келеді. 
15.  Жеткіншек  жастардың  қосалқы  мәдениетінде  қабылданған  сәнге 
және идеалдарға ілесуге ұмтылады: салмақ, бой, бұлшық еттер және т.б. 
Олардың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдары орасан зор әсер 
етеді. 
16. Бала мәні бойынша емес, түрі бойынша нәпсіліктің ересек таптау-
рынына еліктейді, сол себепті де, қыздар арасында «Еліктіру өнері» не-
месе «Қалай батыл әйел болуға болады» секілді әдебиеттер кең тараған. 
Қыздар  үшін  еліктеу  үлгісі  отбасында  қалыптасатын  құндылықтар 
жүйесіне  байланысты.  Мұның  «сұлу»  болуы  міндетті  емес,  бұл  ерлер 
таптаурынына  неғұрлым  жақын  «бизнес  вумэн»  стилі  болуы  да  мүмкін. 
Ол  әрқашанда  тамаша,  естен  тандырарлықтай  көрінеді,  оның  «мұндай 
ақымақтықтармен» ісі жоқ. 
17. Ерлердің идеалы көбіне күшті насихаттайтын, төзімді, батыл, нағыз 
достық құндылығын уағыздайтын супер батыр болады, яғни қазіргі заман 
батыры. 
18.  Егер  мәнді  ересек  жеткіншекті  өзінің  басты  көмекшісі  ретінде 
бағаласа, бұл оның өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады.

3 бөлім
39
3.2. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ТӘЖІРИБЕСІ
Қ
азіргі таңда барлық дамыған елдерде балалық шақ мәселесі басты 
назарда болып отыр. Бізді аумақтық және әлеуметтік-құқықтық, гео-
саяси және тілдік шекаралар бөліп жатыр. Әйтсе де балаларға қатысты 
саясат бірдей болуы тиіс. Жер шарының кез келген жерінде балалардың 
бақытты балалық шағы мен құқықтарының қорғалуына құқықтары бар. 
Теріс, құқыққа қарсы мінез-құлық мәселесінің де шегі жоқ. Және де бұл 
мәселе жаһандық-құрлықтық болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген 
елдерде заңға қайшы проблемалары бар жеткіншектер және балалармен 
жұмыс  бойынша  мол  тәжірибе  жинақталған.  Ювеналдық  әділет  жүйесі, 
сынау қызметі, қатерлі топтың балаларымен жұмыс бойынша комиссия-
лар,  балалар  мен  жеткіншектерді  қайта  әлеуметтендіру  бойынша  коми-
теттер және т.б. 
Бұл тәжірибе қажетті және пайдалы. Біздің пікірімізше, қоғамның негізгі 
міндеті – бұл балалар м ен жеткіншектер арасында құқық бұзушылықтардың 
алдын  алу. «Емдегеннен»  гөрі  «алдын  алған»  әрдайым  тиімдірек  емес 
пе. Өмірде қиын жағдайға душар болғандар; қатерлі топтар; теріс мінез-
құлықты (девиантты) балалармен алдын алу, диагностикалық және түзету 
шараларын жүргізу жүйесін жасау қажет. Дамыған елдердің тәжірибесінде 
бізді  көбіне  аталған  топ  балаларымен  және  жеткіншектерімен  жұмыс 
істейтін мамандардың кәсіби құралдары қызықтырады.
ФРАНЦИЯ
1945 ж. – Ордонанс (әділ соттың ювеналдық жүйесі) қабылданды. 1958 
ж. 23 желтоқсанда – Декрет қабылданды. 1974 ж. – кәмелетке толу жасы 
21 жастан 18 жасқа дейін түсірілді.
О
РДОНАНСТЫҢ
 
НЕГІЗГІ
 
ҰСТАНЫМДАРЫ
:
(1) Жазалау шараларынан бұрын тәрбиелеу шараларына артықшылық 
беру ұстанымы. (2) Бұл – кәмелетке толмаған құқық бұзушының психо-
логиясымен, тұлғасымен жете танысу. (3) Тек кәмелетке толмағандардың 
істерімен ғана айналысуы тиіс соттардың мамандануы.
1958 ж. қабылданған Декреттің негізінде қарастырылды: 
(1)  егер  де  мүмкін  болған  жағдайда,  баланы  отбасында,  ата-
анасымен  немесе  әжесі  және  атасымен  қалдыру  қажеттілігі; (2) 
тағайындалған  жазаға  отбасының  келісімін  алу  қажеттігі.  Осы 
мақсатта ата-аналарды судьяның ресми қабылдауына шақыру жүзеге 
асырылады; (3) баланың қалыпты тұрғылықты орнын айыру қажеттігі 
туындаған  жағдайда,  судья  оның  тәрбиесін  сеніп  тапсыра  алады; (4) 
отбасының  басқа  мүшесіне  немесе  сенім  білдіруге  тұрарлық  үшінші 
тұлғаға; (5) дәрігерлік  немесе  тәрбиелік  сипаттағы,  әдеттегі  немесе 
мамандандырылған  қызметке  немесе  мекемеге; (6) балалық  шаққа 
әлеуметтік көмек көрсету қызметіне.

Хатшының көмекші кітабы
40
Францияда  Әділет  министрлігі  басқармаларының  бірі  болып  табыла-
тын, жастарды заңды қорғау – ЖЗҚ басқармасы әрекет етеді. ЖЗҚ басты 
міндеті – құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың 
тәрбиесі мен жаңа құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу. Бұл 
құрылым  құқық  бұзушылықты  жасаған  немесе  қауіп  төнген  кәмелетке 
толмағандарды,  сондай-ақ  әлеуметтік  проблемалары  бар 21 жасқа 
толмаған кәмелетке толғандарды тәрбиелеу және оқыту мәселелерімен 
айналысады. Сонымен қатар ЖЗҚ жастардың заңды қорғау қызметтерінің 
әкімшілік, қаржылық және педагогикалық қызметтерін бақылау функция-
сын жүзеге асырады. 
ЖЗҚ 
ҚЫЗМЕТІНІҢ
 
ҚҰРЫЛЫМЫ
 
 Сот  жанындағы  тәрбие  қызметтері.  Олар  сотта  орналасады. 
Осы  қызметтің  тәрбиешілері  кәмелетке  толмағандармен,  олардың  от-
басымен  кездеседі,  кәмелетке  толмағандардың  жағдайын  зерттеумен 
айналысады,  тәрбие  бағдарларын  анықтау  бойынша  жұмыс  жүргізеді 
және  бас  бостандығынан  айыруға  балама  шаралар  ұсынады.  Егер 
бас  бостандығынан  айыру  туралы  жаза  шығарылса,  бұл  қызметтің 
тәрбиешілері 
пенитенциар 
мекемелердің 
әлеуметтік-тәрбиелік 
қызметтерімен  ынтымақтастықта  жұмыс  істейді.  Бұл  қызмет  кәмелетке 
толмағанға  қолданылатын  шартты  жазалау,  заңды  бақылау,  қоғамдық 
жұмыстар,  түзету  жұмыстары  секілді  шараларды  атқарады  және  ашық 
қоғамда тәрбиелеу секілді шараны сирек атқарады. 
 Тәрбие жұмысының орталығы (панажай, жатақхана). Соттың шешімі 
бойынша отбасында бола алмайтын, құқық бұзушылық жасаған немесе ба-
сына қауіп төнген кәмелетке толмағандарды қабылдайды. Тәрбиешілер тобы 
баланы  тәрбиелеу  мен  дамытуға  бағытталған  жеке  бағдарлама  жасайды, 
оған қажетті сабақтар жасалады. Бұл орталықтар қала ішінде орналасады. 
Мектептермен, әлеуметтік-тәрбиелеу қызметтерімен бірлесіп жұмыс істейді. 
 Күндізгі орталықтар кәмелетке толмағандарға білім беру және олар-
дың кәсіби дайындығымен айналысады. Оқу орындарымен, психологтармен 
және әлеуметтік қызметкерлермен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 
 Ашық қоғамдағы тәрбие қызметі.  Бұл қызметтің тәрбиешілерінің 
негізгі  міндеті – өз  отбасында  өмір  сүретін  (яғни  ажыратылмаған) 
кәмелетке толмағандардың түрлі қызметінде, оның мектепте білім алуы-
на, кәсіби қызметіне, мәдени дамуы мен спортта және т.б., яғни күнделікті 
өміріне көмек көрсету. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың отба-
сымен жұмыс жүргізілетінін де атап өту керек. Ашық қоғам тәрбиешілері 
әлеуметтік  сауалнама  жасаумен  де  айналысуы  мүмкін,  сондай-ақ  олар 
шартты жазалау, заңды бақылау, қоғамдық жұмыс және қалпына келтіру 
жұмыстары секілді шараларды жүзеге асырады. 
 Жабық  түрдегі  тәрбие  орталығы.  Күрделі  проблемалары  бар 
кәмелетке  толмағандарды  бірнеше  айға  қабылдайды.  Тәрбиешілері 
кәмелетке  толмағандармен  тұрақты  түрде  бірге  тұрады  және  олардың 
мінез-құлқына  ұдайы  бақылау  жасайды.  Алдыңғы  аталып  өткен 
қызметтердің функцияларына ұқсас түрлі тәрбие жұмыстары да жүзеге 

3 бөлім
41
асырылады,  бірақ  бұл  орталықтардың  негізгі  міндеті – жеткіншектер 
өміріндегі қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге, қоғамдық ережелерді 
құрметтеуді үйренуге, басқаларды құрметтеуді үйренуге мүмкіндік беру. 
 Дереу  орналастыру  орталықтары.  Кәмелетке  толмағандарды 3 
айдан 4 айға  дейінгі  кезеңге  қабылдайды.  Бірден  орналастырады  және 
кәмелетке  толмағандарды  қоғамнан  оқшаулауы  тиіс.  Неғұрлым  ұзақ 
мерзімге есептелген тәрбие жұмысы жүргізіледі.
ШВЕЦИЯ
Швециядағы  әлеуметтік  қызметкердің  негізгі  мақсаты – кәмелетке 
толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу мен болдырмау. Шве-
цияда кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен әлеуметтік жұмыс келесі 
ерекшеліктерге ие: (1) кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен жұмыс 
істейтін  әлеуметтік  қызметке  жоғары  өкілеттіктер  жүктелген  және  қоғам 
алдында  зор  жауапкершілікке  ие; (2) әлеуметтік  қызметкердің  ресми 
мәртебесі өте жоғары, ал кәсібі беделді; (3)Швецияда әлеуметтік қызмет 
муниципальді  болып  табылады.  Бұл  мамандардың  нақты  жеткіншекке 
оның тұрғылықты орнында әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуіне 
мүмкіндік береді. Бұл болса кәмелетке толмағанға көрсетілген әлеуметтік 
көмекті  уақытылы,  мекен  жайында  және  неғұрлым  тиімді  етеді,  себебі 
жеткіншектің  жеке  ерекшеліктері  мен  оның  отбасының  ерекшеліктері 
ескеріледі; (4) әлеуметтік  қызмет  полицияға  немесе  сотқа  тәуелсіз  бо-
лып табылады (тығыз ынтымақтастыққа қарамастан). Аталған контексте 
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдігі ту-
ралы айтуға болады. Мұндай тәуелсіздік жеткіншек тарапынан әлеуметтік 
қызметкерге сенім білдірудің жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет