Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет8/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60
655,3 мың бала, оның ішінде жеке меншік балабақшаларға 933 бала барады.
Қазіргі уақытта 
мектепке дейінгі ұйымдар санының артуы 
негізінен, шағын 
орталықтар желісінің дамуы есебінен қамтамасыз етілген (шағын орталықтар – 
63%, балабақшалар – 36,9%). Мектепке дейінгі қызметтердің сапасын арттыру 
мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі үлгілік балабақшалар мен балалар 
күні бойы болатын, тиісінше жарақталған шағын орталықтарды дамыту есебінен 
шағын орталықтардың санын азайту жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр.
Балалар күні бойы болатын шағын орталықтардың саны – 2 197, бұл 
олардың жалпы санының 39,8%-ын құрайды.
Шағын орталықтардағы білім беру процесін одан әрі жетілдіру және оның 
сапасын арттыру үшін «Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы 
«Балалар күні бойы болатын шағын орталықтарда балаларды тәрбиелеу мен 
оқыту бағдарламасын» әзірледі. 
Балабақшалардан орын күтіп жүрген балалар санының кезегіне жүргізілген 
мониторинг 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында ғана олардың саны 51,9 
мыңға немесе 12,7 %-ға ұлғайғанын көрсетті.
Елдегі демографиялық және көші-қон процестері – республиканың 
мектепке дейінгі ұйымдарынан орын алу үшін кезектің өсуінің басты 
факторларының бірі. 
Білім беру органдарының деректері бойынша республикада балаларын 
мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру үшін ата-аналар берген 458,6 мың (2012 
жылы – 406,6 мың) өтініш тіркелген. 
Оңтүстік Қазақстан (65,2 мың), Алматы (35,3 мың), Жамбыл (32,5 мың) 
облыстары мен Алматы (48 мың), Астана (71,6 мың) қалаларында кезектің өте 
жоғары екені байқалып отыр.
Бұл өңірлерде мектепке дейінгі ұйымдардағы орындар тапшылығының 
жоғары болуы қамтудың республикалық көрсеткіштен төмен болуына негіз 
болды: Алматы (55,9%), Жамбыл (65,1%), Маңғыстау (63,9%), Оңтүстік Қазақстан 
(58%) облыстары және Астана (62,4%), Алматы (53,1%) қалалары. 


12 
Ата-аналарға 
консультативтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету, 
сондай-ақ балаларды тәрбиелеу мен оқыту процесіне ата-аналарды тарту үшін 
республикада үлгілік балабақшалардың жанынан ашылған 1046 консультациялық 
пункт жұмыс істейді.
«Мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығы «Консультациялық 
пункттер жағдайында ата-аналардың сауатын ашу бағдарламасын», «Балалар 
ойынының тілі» білім беру курсын, «Тәрбиеші-гувернер бағдарламасын» және 
басқаларын әзірледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды мектепке дейінгі 
тәрбиелеумен 100% қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Балапан» 
бағдарламасын іске асыру мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылды. 
Бүгінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің мазмұнына баса 
назар аударылып отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мектепке дейінгі 
тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты және шетел 
тілдерін оқытуды қамтитын Мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу 
жоспарлары бекітілді. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың стандарты мен оқу 
бағдарламалары мектепке дейінгі және мектепте бастауыш білім берудің 
арасындағы сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді. 
Бүгінде республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында «Балбөбек», 
«Қайнар», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» 
бағдарламалары, 90-нан астам басылымды қамтитын әдістемелік кешендері бар 
«5-6 жастағы балаларды мектеп жағдайларында және 5-7 жастағы балаларды 
балабақша жағдайларында мектепалды даярлаудың жалпы білім беру 
бағдарламасы» қолданылады. 
«Балапан» бағдарламасын іске асырудың аса маңызды міндеттерінің бірі 
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үшін мамандар даярлау болып табылады. 
Қазіргі уақытта кәсіптік және техникалық білім беретін (КжТБ) 31 оқу 
орнында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша кадрлар 
даярлау жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар үшін мамандар даярлауды 32 жоғары 
оқу орны жүзеге асырады. 
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша кәсіптік 
және техникалық білім беретін оқу орындарына оқуға қабылдаудың ұлғайғаны 
байқалып отыр

Осы мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысының жыл 
сайынғы көлемі 
240 грантты құрайды. 
Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарда 60 мыңнан астам педагог жұмыс 
істейді. 


13 
«Өрлеу» 
БЖҰО 
деректері бойынша 
2014 
– 
2020 
жылдар 
аралығында 56 795 педагог біліктілікті жоғарылатудың қысқа мерзімді 
курстарымен қамтылатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет