Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Кәсіптік және техникалық білім беру (КжТБ)



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Кәсіптік және техникалық білім беру (КжТБ) 
 
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің алдына стратегиялық мақсат 
– қоғамның сұранысына және экономиканы индустриялық-инновациялық 
дамытуға, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялануға сәйкес КжТБ жүйесін 
жаңғырту мақсаты қойылған. 
Осыған сәйкес КжТБ құрылымы мен мазмұнын жаңғырту жөніндегі жұмыс 
жалғасуда. 


15 
2011 жылы «Кәсіпқор» холдингі» ҰАҚ құрылуы КжТБ дамытудың маңызды 
аспектілерінің бірі болды. КжТБ жүйесіне корпоративтік басқару тетіктері мен 
инновациялық технологияларды енгізумен қатар холдингке әлемдік деңгейдегі 
колледждер желісін құру арқылы жаңа инфрақұрылымды қалыптастыру 
жүктелген. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кадрлар даярлауда оқытудың 
дуальды жүйесінің қағидаттарын енгізу жөнінде шаралар қабылданды.


16 
2012 жылдан бері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 9 компаниясы КжТБ 29 оқу 
мекемесімен оқытудың дуальды нысаны бойынша келісімдерге қол қойды. 2013 
жылдан бастап ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, металлургия және машина 
жасау, мұнай-газ өндірісі және т.б. сияқты салаларда КжТБ 174 ұйымында 50 
мамандық бойынша кадрлар даярлаудың аталған нысанын жүйелі түрде енгізу 
жүзеге асырылуда. 
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру (КжТБ) жүйесінде
849 (2012 ж. – 854) оқу орны, оның ішінде 472 (2012 ж. – 476) мемлекеттік 
(56,2%), 377 (2012 ж. – 378) жеке меншік (43,8%) оқу орын жұмыс істейді, оларда 
561,9 (2012 ж. – 553,3) мың адам білім алуда, 280 мыңнан астамы қыздар мен 
әйелдер.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес барлық 
адамдардың сапалы білім алу құқығының теңдігі білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаты болып табылады. 
2013-2014 оқу жылында КжТБ оқу орындарына 151 499 (2012 ж. – 152 294) 
мың адам қабылданды. Мемлекеттік білім беру тапсырысы (мемлекеттік 
тапсырыс) бойынша – 88 804 (2012 ж. – 86 172) мың адам, ақылы негізде – 62 695 
(2012 ж. – 66 122* мың адам). 
Жастардың техникалық және технологиялық кәсіптер бойынша техникалық 
және кәсіптік білім алуға қолжетімділігін арттыру үшін 2013-2014 оқу жылында 
республикалық бюджет есебінен КжТБ-да кадрлар даярлауға мемлекеттік 
тапсырыс көлемі 10%-ға немесе 9 353 бірлікке ұлғайды. 
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқып жатқандар 
заңнамалық негізде «студенттерге» жатқызылып, кәсіптік лицейлер колледждерге 
ауыстырылды.
Студенттер 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендия (12 188 теңге) және 
жол жүру үшін өтемақы (4 АЕК) алады.
Студенттерді стипендиямен қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, 
Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2013 жылға республикалық 
бюджеттен 8 671,5 млн. теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер 
көзделген. Бұдан басқа, студенттердің бәріне жеңілдікпен жол жүруге өтемақы 
төлеу түрінде қолдау көрсетілді, бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен – 
583, 6 млн. теңге бөлінді.
01.02.2013 жылғы жағдай бойынша 59 430 адам немесе студенттердің 
жалпы контингетінің (99 095 адам) 60%-ы ыстық тамақпен қамтамасыз етілді
оның ішінде: 
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
олардың тамақтануға жұмсалатын шығыстары толық қамтамасыз етіледі (100 % 
мөлшерінде) – 4 550 адам; 
- көп балалы, табысы аз отбасылардың және қамқоршылықтағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет